Антибиотиктердің қосымша әсерлері
Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы
Тақырыбы: Антибиотиктер.
Орындаған: Шоханқызы А.
Тобы: В-ЖМҚА-10-19
Қабылдаған: Рысымбетова
Ж.К.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
►Антибиотик туралы жалпы мәлімет
►Антибиотиктің шығу тегі
►Антибиотиктің әсер ету механизмі
►Иммундық жүйеге әсері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Антибиотик туралы жалпы мәлімет
Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік)
— микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе
тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен
жануарлар клеткасынан алынатын органикалық
зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және
жануарлармен микроағзаларды және
ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар.
Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына
көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин
тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.
Антибиотиктердің әсер ету нәтижелігі дәрілік заттың
физикалық химиялық қасиетіне, мөлшеріне, пішініне, егу
жолдарына және басқа да жағдайларға байланысты екендігін
анықтап береді. Әртүрлі антибиотиктер әртүрлі
микроорганизмдерге әртүрлі әсер етеді.
Антибиотиктердің шығу тегі
Антибиотиктер - қатерлі ісіктердің дамуын және
микроорганизмдердің өсуін тежейтін, микроорганизмдерден,
жануарлар мен өсімдіктер клеткасынан өндірілетін химиятерапевтік
заттар мен олардың туындылары.
Бірінші антибиотикті 1929 ж. ағылшын бактериологы А.Флеминг
ашты. Ол көгергіш саңырауқұлағы Пенициллиум контатумды
зерттеу кезінде бактериялық культураның өсуіне кедергі жасайтын
затты анықтап, оны пенициллин деп атады.
1940 ж. Г.Флори және Э.Чейн пенициллинді алды. 1945 ж. А.
Флеминг, Г.Флори және Э.Чейн Нобель лауреаты атағын алды.
Антибиотиктердің жіктелуі
Пенициллин, цефалоспорин т.б.
Β-лактамдар
Эритромицин, олеандомицин т.б.
Макролиттер
Стрептомицин,канамицин,гентамицин, амикацин
Амингликозидтер
Окситетрациклин, метациклин т.б.
Тетрациклиндер
Полимиксин т,б.
Полирептидтер
Нистатин, амфотерицин В, фумагиллин
Полиендер
Рифампиицин т.б.
Анаамициндар
Антибиотиктердің алыну типтері
Алыну кезіне байланысты антибиотиктерді 4 топқа ажыратады.
● Саңырауқұлақтардан алынатын антибиотиктер, мысалы׃
Пенициллиум (пенициллин, гриаеофульвин), цефалоспориум (цефалоспорин),
фузидум (фузудин) және т.б.
● Актиномициттерден алынатын антибиотиктер, бұл топқа
антибиотиктердің 80% енеді. Актиномициттердің арасында ең негізгі
стрептомицин, эритромицин, левомицетин, нистатин және басқа антибиотиктерді
өндіретін стрептомицес өкілдері.
● Бактериалардан алынатын антибиотиктер. Бұл мақсатта жиі
қолданылатын Бацииус және Pseudomonos өкілдері. Бұл топқа мысал ретінде
полимиксинді айтуға болады
● Жануарлардан алынатын антибиотиктер. Оларға пияздан,
сарымсақтан, басқа өсімдіктерден алынатын фитонцидтерді жатқызуға болады.
Олар өте тұрақсыз қосылыстар болғандықтан таза күйінде алынбаған. Көптеген
өсімдіктердің антимикробтық қасиеті бар. Мысалы, ромашка, шалфей, календула.
Антибиотиктердің алынуы
Антибиотиктерді алудың 3 тәсілі бар.
● Биологиялық синтез.
Бұл тәсілмен антибиотиктерді алу үшін, микроорганизмдердің жоғарғы өнімді
штамдарын және оларды өсіретін арнайы қоректік ортаны пайдаланады.
Мысалы, бұл тәсілмен пенициллинді алады.
● Химиялық синтез.
Кейбір антибиотиктердің құрылымын білгеннен кейін, оларды химиялық
синтездеу тәсілімен алу мүмкіндігі туады. Мысалы, бұл тәсілмен алынған
алғашқы антибиотиктердің бірі- левомицетин.
● Комбинирленген тәсіл.
Бұл тәсіл алдыңғы екі тәсілдің ұштасуы болып табылады. Биологиялық синтез
жолымен антибиотиктің ядросын алса ( мысалы, пенициллиннен β-
аминопенциллен қышқылы) ал, химиялық синтез жолымен оған әртүрлі
радикалдарды қосады. Осы тәсілмен алынған антибиотиктерді жартылай
синтетикалық деп атайды. Мысалы: жартылай синтетикалық цефалоспорин,
тетрациклин антибиотиктері кеңінен қолданыс тапқан. Жартылай синтетикалық
антибиотиктердің ерекшелігі олардың табиғи антибиотиктерге тұрақты
микроорганизмдердің сезімталдығы болып табылады. Бұл әдіс антибиотиктер
өндірісінде кеңінен қолданылады.
Антибиотиктің әсер ету механизмі
• Антибиотиктерді әсер ету механизміне микроорганизмдеріне
байланысты бірнеше топқа бөледі. Бұлардың әрқайсысы кең спектрлік
және кең емес спектрлік болып 2 топқа ажыратылады.
• Антибактериялық антибиотиктер- препараттардың ең көп санды
тобы. Соның ішінде бактериалардың барлық өкілдеріне әсер ететін
кең спектрлі әсер етушілер басым. Кең спектрлі әсері бар
антибиотиктерге аминогликозидтер, тетрациклиндер және т.б.
жатады. Тар спектрлі антибиотиктер бактериалардың кейбір
өкілдеріне ғана әсер етеді. Мысалы: полимиксин тек грам теріс, ал
ванкомицин тек грам оң бактериаларға әсер етеді.
Антибиотиктің әсер ету механизмі
• Ісікке қарсы антибиотиктер- көп санды препараттар. Олардың
цитатоксикалық әсері бар. Олардың көбісі ісіктерде
қолданылады, мысалы: рубомицин, митомицин.
• Антибиотиктердің антибактериялық әсері бактериялардың
өлуіне әкелетін бактерицидтік болуы мүмкін.
Бактериостатикалық антибиотиктердің дозасын көбейтсе, ол
да бактериалардың өлуіне әкеледі. Саңырауқұлаққа қарсы
антибиотиктердің де осыған ұқсас әсері болады. Көбінесе ауыр
ауруларға бактериоцидтік және фунгицидтік антибиотиктерді
қолданады. Микроорганизмдерге антибиотиктердің әсері
олардың микроб клеткасындағы биохимиялық реацияларды
тежеумен байланысты.
Антибиотиктің әсер ету механизмі
• Саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктер. Құрамына
препараттардың аз мөлшері ғана кіреді.Кең спектрлі
антибиотикке, мысалы, бластомикоз, кандидоз, аспергилез
кезінде эффектілік көрсететін амфотерацин В-ны жатқызуға
болады.
• Антипротозоиттық антибиотиктер – аз санды препараттар.
Мысалы амебиаза кезінде тар спектрлі антибиотик-фумагим
пайдаланылады. Антивирусты антибиотиктердің қазіргі
уақытта бірде-бір өкілі алынған жоқ.
Антибиотиктің әсер ету механизмі
• Антибиотиктерді әсер ету механизміне байланысты 4 топқа
бөледі.
1. клетка қабырғасының синтезін бұзатын антибиотиктер.
Бұл топқа
мысалы, в-лактамды жатқызымыз.
2. клетка мембранасының синтезін және молекулалық
ұжымын
бұзатын антибиотиктер. Мысалы, полимиксин, полиендер.
3. белок синтезін бұзатын антибиотиктер. Бұл топтың
өкілдері:
аминогликозидтер, тетрациклиндер, микролидтер,
левомицетин.
4. НҚ синтезін тоқтататын антибиотиктер
Бұл топқа мысалы, ісікке қарсы антибиотиктер -
актиномициндер (РНҚ синтезін тежейтін) және ДНҚ
синтезін тежейтін- рубомицин жатады.
Антибиотиктердің қосымша әсерлері
Алынған 6000 антибиотиктерден клиникалық практикада тек
50-100 препаратты ғана қолданады. Бұның себебі көптеген
антибиотиктер антимикробтық қасиет көрсеткенімен,
организмге кері әсерін тигізеді. Сондықтан олар ауруларды
емдеуге қолданылмайды. Клиникада қолданылып жүрген
антибиотиктердің өзі де организмге кері қосымша әсері бар.
Осы шектен тыс қолданылған антибиотиктердің әсерінен
организмде түрлі реакциялар беруі мүмкін.
Иммундық жүйеге әсер ету
• Антибиотиктерді қолдану аллергиялық реацияларды
туғызуы мүмкін. Олардың пайда болуы препараттың
қасиеттеріне (ең күшті аллергендерге пенициллин және
цефалоспорин жатады), енгізу әдістеріне және адамның
өзіндік сезгіштігіне тәуелді болады.
• Аллергиялық реакциялар 10% жағдайда кездеседі. Бұл
жағдайда бөртпе, қышыма, т.б. пайда болуы мүмкін өте
сирек анафилактикалық шок деген қатты асқыну
кездеседі. Бұл аурулардың алдын алу үшін антибиотикке
аурудың жеке сезімталдығын біле отырып-белгілеу керек
және антибиотикті енгізген соң міндетті, тиянақты түрде
бақылап отыру қажет. Аллергиялық реакциялар
байқалғанда антибиотиктерді қолдануға болмайды.
Иммундық жүйеге әсер ету
• Антибиотиктер иммунодепрессивті әсерге ие болады.
Антибиотикотерапия кезінде басқа иммундық жауап
формаларына негативті әсерлер байқалуы мүмкін. Мысалы,
левомицетин антиденелердің түзілуін тежейді. Ақырғы
жылдарда мүшелер мен ұлпалар ауыстыру операциялар
кезінде олардың бөлінуіне кедергі жасайтын циклоспорин
қолданылады. Бұл препарат саңырауқұлаққа қарсы
антибиотик ретінде алынған, бірақ оның Т-жүйеге
иммунодепрессивті әсері антимикробтық қасиетінен жоғары
бағаланады. Антибиотиктерді енгізгенде немесе бергенде өте
мұқият болу қажет, себебі антибиотиктер иммундық жүйенің
әртүрлі бөліктеріне кері әсерін тигізеді.
Иммундық жүйеге әсер ету
• Антибиотиктердің иммундық жүйеге әсер етуінен басқа,
иммунитеттің пайда болуы кезінде микроорганизмдердің
антигендік әсерінің жетіспеушілігінің себебі болуы мүмкін,
антибиотиктерді қабылданғаннан кейін микроорганизмдер
антигендік функциясын атқармастан өліп қалады. Осының
салдарынан жеткілікті иммунитет пайда болмайды да, ол
аурудың созылмалы түрге көшуіне себеп болады,
реинфекция мен рецидивтің пайда болуы байқалады. Осыған
ұқсас эффект скарлатина, іш сүзегі және басқа ауруларда
байқалады. Осындай асқынуды сақтандыру мақсатында
иммуноантибиотикотерапияны қолданады ( антибиотиктер
мен вакциналарды қолдану). Антибиотиктің әсерінен
аурудың қоздырғышы жойылады, ал вакцинаның әсерінен
иммунитет пайда болады.
Қорытынды
Қорыта келе,біз антибиотик жайлы көп ақпарат алдық.
Қолданып жүрген антибиотиктеріміз ағзамызға әр түрлі әсер
етіп жатқанында білдік. Антибиотик ағзамызға жақсы әсер
етсе, бір жағынан жаман жағы да бар. Сол үшін
антибиотиктерді көп қолдана беруге болмайды.
Антибиотиктерді тезірек сауығу үшін шамадан тыс қолданатын
болсақ, өліп кету қаупі туады.Онымен қатар ғалымдардың
зерттеуі бойынша антибиотиктерді кішкентайынан көп
қолданған бала өсе келе, осының салдарынан дене салмағы
ұлғайып, май басуға ұшырайтындығын дәлелдеп отыр. Қандай
дәрі болмасын дұрыс мөлшерде,дәрігердің нұсқауымен
пайдаланайық!
Қолданылған әдебиеттер
•Б.Д. Айтжанов, Н.А. Заманбеков, Э.М.Өтенов, М.А.Молдағұлов.
Фармакология, Алматы 2011ж.
•Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология,
иммунология и вирусология. 1998г.
•Покровский В. И. Медицинская микробиология // С-Петербург:
Специальная литература 1998г. 1184с.
•Егоров Н.С. Основы учения об антибиотиках // М. Высшая школа, 1979.
•http://www.kuban.su/medicine/shtm/baza/lek/klfhtm/part15/15-106.htm
•http://www.softlist.ru/cgi-bin/program.cgi?579
•http://www.horizonpress.com/gateway/micro.html
•http://lenta.ru/health/2001/11/06/antibiotic/
•Смирнов В.В. Антибиотики и/или пробиотики: размышления и факты //
Медицинская картотека МиР'а, 1998. - №8.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz