Генеральды жинау дезинфекция жинау




Презентация қосу
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы

Презентация
Тақырыбы: Санитарлық – эпидемияға қарсы режим.

Орындаған: Шоханқызы А.
Тобы: В-ЖМҚА-10-19
Қабылдаған: Абдукаримова Ж.М.
Шымкент 2020ж
Жоспар:
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
Санитарлық – эпидемияға қарсы тәртібтер.
Дезинфекция
Қорытынды:
Қолданылған әдебиетер:
Санитарлы эпидемияға қарсы тәртіп

Санитарлы және эпидемияға қарсы тәртіп – бұл ұйымдық
кешен, гигиеналық және эпидемияға қарсы, ауруханаішілік
инфекцияларды алдын алуға арналған санитарлық
эпидемиялық іс – шараның кешені. Инфекциялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ЕАМ–гі негізгі
тапсырманың бірі деконтаминация- қорғау және жою
мақсатындағы микроорганизмдерді құрту және жою үдерісі.
Ауруханалар үнемі емдеуге және анықталған аурулары бар (мысалы, хирургиялық,
терапиялық, инфекциялық, психотерапиялық және т.б) пациенттерді күтуге арналған.
Стационар аурухананың негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Стационарда
заманауи, диагностиканың күрделі тәсілдерін және емдеуді қажет ететін пациенттерді
қабылдайды және емдейді, күту және басқа да мәдени-тұрмыстық қызметтерді көрсетеді.
Кез келген салалы стационардың құрылымы пациенттерді орналастыруға арналған
палаталардан, шаруашылық бөлмесінен санитаралы бөлмелерден, арнайы бөлмелерден
(емшара, емдеу-диагностикалық), сонымен қатар мейірбике бөлмесі, бөлімше
меңгерушінің бөлмесінен тұрады.
Палатарлардағы құрал-жабдықтар бөлімшенің саласына және санитарлы нормаға сәйкес
келеді. Палаталар бір орынды немесе бірнеше орынды болып бөлінеді. Палаталарда төсектер
(қалыпты немесе фукциональды), төсек маңында тумбочкалар және орындық немесе үстел,
пациенттің киімін ілетін шкаф, мұздатқыш, жуынатын орын бар. Төсектердің бас жағын
қабырғаға жақындатады, төсектердің бір-бірінен ара-қашықтығы бір метрдей шамасында
болады, себебі науқасты күтуге және оны каталкадан төсекке немесе төсектен каталкаға
ауыстыру кезінде ыңғайлы болу үшін. Пациентпен бекеттегі мейірбикенің арасындағы
байланыс сөйлесу құрылымы арқылы немесе жарықты сигнализацияның көмегімен жүзеге
асады. Стационардың арнайы бөлімшелерінде әр бір төсек орталықтандырылған оттегі
беруге және басқа да медициналық аппараттармен жабдықтаумен қамтамасыз етілген.
Палаталардың жарығы санитарлы нормаларға сай. Күндізгі уақыттағы жарық
коэффиценті терезе аумағының еден аумағы қатынысына тең 1:5—1:6 сәйкес.
Кешкі уақытта палата жарығы люминесцентті шамдармен жарықтанады.
Жалпы жарықтанудан басқа жекелеген жарықтану да бар. Түнгі уақытта
палата есіктің қасында еденнен 0,3 метр биіктікте орналасқан түнгі жарық
шаммен жарықтанады.
Палата ішіндегі ауада көмір қышқыл газының концентрациясы 0, 1% -тен
аспау керек, салыстырмалы ылғалдылығы 30—45%.
Ересек адамдардың палатасындағы ауа температурасы 20°С-ден аспайды, ал
балалар палатасында - 22°С.
Бөлімшеде пациенттердің 50% -тін бірден тамақтандыратын ас тарату бөлмесі
және асхана бар.
Бөлімшедегі дәліз каталка, зембілдердің еркін қозғалуы үшін кең болуы
керек.Ол стационардағы қосымша ауа қоры болып табылады және табиғи
және жасанда жарықтан тұрады.
Санитарлы бөлме арнайы жабдықтандырылған және пациенттің жеке гигиенасын жүзеге
асыруға арналған (шомылу бөлмесі, жуыну бөлмесі), кір жаймаларды сұраптауға, таза
жаймаларды сақтауға арналған және дезинфекция, зәр қабылдағыштарды сақтауға
арналған, жинау инвентарларын және персоналды қамтамасыз ететін арнай киімдерді
қоятын бірнеше бөлек бөлмелерден тұрады.
Аурухананың инфекциялық бөлімшелері бокстерден, жартылай бокстерден, жай
палаталардан және карантин жарияланған кезде бөлімшенің қызметін қамтамасыз ететін
бірнеше бөлек секциялардан құралады.
Әрбір бөлімшеде персоналға және пациентке арналған, пациенттерге емдеу-қорғаныш
режимін: ұйықтау және дем алуды, диетамен тамақтануды, оларды жүйелі түрде бақылау
және күтуді, емшараларды орындауды қаматамасыз ететін бөлімшенің ішкі күн тәртібі бар.
Терапиялық бөлімшедегі ішкі тәртіптің үлгісі.

6—7 сағат Ұйқыдан тұру, дене қызуын өлшеу.
7 — 8 сағат Таңертеңгі жуыну.
8 — 10 сағат Таңғы ас
10 — 12 сағат Дәрігерлердің шолуы
12 — 14 сағат Дәрігерлердің тағайындауын орындау
14 — 15 сағат Түскі ас
15— 17 сағат Тыныштық сағаты (дем алу)
17— 18 сағат Серуендеу, туыстарының келуі
18— 19 сағат Дене қызуын өлшеу
19 — 20 сағат Кешкі ас
20 — 22 сағат Бос уақыт
22 сағат Түнгі ұйқы
Емдеу мекемесінің мейірбикесі әр уақытта таза және ұқыпты болу керек.
Жұмыс киімі үстіндегі киімін толығымен жауып тұру қажет. Шашы
толығымен қалпақтың ішіне салынады. Екінші аяқ киімі
дезинфекциялауға ыңғайлы, тығыз материалдан тігілу керек. Босандыру
бөлімшесінде, инфекциялық бөлімшеде, операциялық блокта емдеу
мекемесінен тыс жерлерде жұмыс киімімен және екінші аяқ киіммен
жүру үшін арнайы екінші киім қажет.
Қорғану киімдерін қолдану ережелері.
Халаттар, алжапқыштар – науқасты күту, инфекцияның таралуын
алдын-алу үшін қолданады және оларды науқастың үстіндегі киімі
немесе астындағы төсек жаймасы сияқты әрбір емшараны аяқтаған
соң ауыстырып отырады.
Қолғаптар –таза және стерильді түрде қолданылады.
Оларды киеді
Кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқан кезде (қанмен, шәует немесе
қынап сұйықтығымен, мұрынның шырышты қабатындағы бөліністермен, сілекей
және жас сұйықтығымен, сонымен қатар зәр, нәжіспен, жұлын сұйықтығымен,
экссудатпен және т.б.)
Пациенттің, сол сияқты медицина қызметкерлерінің терісінің бүтіндігі бұзылған
жағдайда
Қанмен немесе басқа да биологиялық сұйықтықтармен былғанған материалдармен
жұмыс істегенде.
Маска ауа-тамшылы жолмен жұғатын микроорганизмдерден минимальді қорғануды
қамтамасыз етеді (шамамен 10%). Төрт қабатты дәкеден жасалған,
микроорганизмдерді жақсы сүзетін бетперделер қолданылады, бірақ олар бетке
тығыз түрда жабылмаса олардың қорғаныш қасиеті жоғалады.
Бетпердені кию қажет, бірақ екі сағаттан артық емес. Егер батперде дем алған ауамен
ылғалданса оны ауыстыру қажет.
Аяқ киім және медициналық аяқ киімдер инфекциядан қорғамайды.
Көзілдіріктер және щиттер көзге, мұрынға, құлаққа қан және биологиялық
сұйықтықтардың шашырауынан қорғайды.
Жүзеге асыру және алдын алу мақсаттары

Емдеу-алдын-алу мекемелерде аурухана ішілік инфекцияның
алдын-алу сұрақтары бойынша басты рөл орта және кіші медицина
қызметкерлеріне тиесілі.
Санитарлық – эпидемияға қарсы режимге қойылатын негізгі
талаптар бұйрықтары және нұсқауларымен, санитарлық нормамен
немесе ережелермен реттелінеді. Эпидемиолог санитарлық–
гигиена және эпидемияға қарсы тәртіптің зерттемесін жасайды,
санитарлық-алдын-алу іс-шараның орындалу жауапкершілігі бас
медбикеге, бөлімнің аға медбикелеріне артылады.
Емдеу-алдын-алу мекемесіндегі тазалау түрлері
Емдеу-алдын-алу мекемесіндегі тазалау
түрлері

Жинаудың мына түрлері бар

Қорытынды
Дымқыл
Генеральды жинау дезинфекция
жинау
Емдеу-алдын-алу мекемесіндегі тазалау түрлері

Дымқыл жинау палатаға (еден, жиҺаз, құрылғылар, терезенің алды,
есіктер) тәулігіне 2 рет жүргізіледі (терезенің жақтаулары, жиҺаздар
дымқыл шүберекпен сүртіледі, еден жуылады)
Қорытынды жинау кезінде бөлменің төбесі, қабырғалар, кереуеттер,
тумбалар, үстел және ас жиҺаздарды сүртуге болады
Қорытынды дезинфекция – науқас шыққан соң, ауыстырылған соң,
өлімінен кейін бос қалған палатада қорытынды типті дезинфекция
жасалады.
Жинауға арналған құрал-жабдықтардың
зарарсыздандырылуы
Дезинфекциялық заттың Концентрациясы Экспозициясы
атауы
Хлорамин Б 1%, 3% 120 мин. 60 мин.
Дезактин 0,2 % 60 мин
Хлорлы әк 3% 1 % 60 мин. 120 мин
Су тегінің асқын тотығымен 6% 0,5% 60 мин
жууға арналған затпен

Жинаудың соңында дезинфекциялық ерітіндімен едендер жуылады, содан кейін кварц жарығы қосылады,
соңында бөлме желдетіледі. Дымқыл жинастыруды аяқтаған кезде қолданылған жууға арналған маталар
дезинфекциялық ерітіндіде зарарсыздан-дырылады, ағынды сумен дезинфекциялық заттың иісі кеткенге дейін
тазартылып жуылады және кептіріледі.
Дезинфекция
Дезинфекция (залалсыздандыру)– қоршаған ортадағы
адам үшін бактериалды споралардан басқа патогенді
микроорганизмдерді жою үдерісі; бұл термин жансыз
нәрселерге негізделген, биологиялық тіндер үшін
«антисептика» термині қолданылады.
Дезинфекцияның түрлері:

алдын-алу (профилактикалық)

ошақты: ағымды және қорытынды
Алдын-алу дезинфекция және ошақты залалсыздандыру

Алдын-алу дезинфекция – анықталған инфекция көздері болмаған
жағдайда жүргізіледі. Алдын-алу дезинфекциясының мақсаты –
пациенттің қолданған құралдарын жүйелі түре залалсыздандыру
жолымен басқа адамдарға жұғу қаупін азайту
Ошақты залалсыздандыру – ауырған адам мен малдың қасында
болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп
отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан
жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп
қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден
өткізу
Дезинфекция әдістері

механикалық физикалық химиялық

комбинирленген немесе аралас
Дезинфекцияның физикалық әдісі
Күн сәулелері .Күн спектрінің тікелей сәулелері патогенді микроағзаларға жойқынды әсер етеді.
Қайнату. Қайнату -кез-келген жағдайларда пайдалануға келетін, зарарсыздандырудың ең ыңғайлы
және сенімді түрі болып табылады
Пастеризация. 60 минутта 60 °C-қа дейін, немесе 30 минутта 70—80 °C-қа дейін жиі сұйық заттарды
бір реттік өңдеу әдісі.
Кептіру.Көптеген патогенді микроағзалар ұзақ уақытты кептіру әдісіне төтеп бере алмайды
Үтіктеу.Төсек-жабдық, киім, көйлектерді үтіктеуді де дезинфекциялау әдісі ретінде қарастыруға
болады
Өртеу. Зарарсыздандырудың бұл әдісіне құнсыз, қоздырғышарға қаныққан заттарда (қағаз, сүлгі,
қоқыс, балалар ойыншықтары және т.б.) өртеу жатады.
Күйдіру мен тесу. Бұл әдісті лабораториялық инелер, мақта пробкалары, пробиркаларды және т.б.
зарарсыздандыру үшін қолданады.
Су буы.Су буы өңделуші заттардың тереңіне енуі арқасында ең нәтижелі дезинфекциялық құрал
болып табылады
Ультракүлгіндік сәулелендіру Сәулелендіру салдарынан ауадағы патогенді микроағзалар жойылып,
басқа микроағзалардың туындауы 80-90%-ға төмендейді.
Дезинфекцияның химиялық әдісі
Дезинфекциялық ерітінділердің жіктелуі(химиялық құрылымына байланысты)
Йод, бром негізінде галлоидтан тұратын препараттар:хлордан тұратын: хлор
ерітіндісі, кальций гипохлориді, хлорамин Б, диохлор, пантоцид; йод негізінде: спиртті
йод ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, йодинол, йодокам, йодоформ, йодонат; бром
негізінде: аквабор.
Көмірқышқыл газынан тұратын:калий перманганаты, сутегі асқын тотығы
ерітіндісі. Улылығы аз, табиғи орта үшін қауіпсіз, арнайы иісі жоқ.
Құрамында спирт бар заттар:70% этил спирті, изопропанол, пропанол, октенисепт,
изосепт, предез, инцидинликвид, микроцид және т.б.
Фенолды: амоцид, резорцин, трикрезол, ферозол, резорцин, бензонафтол, ваготил
және т.б. Бактериоцидті, спорацидті және фунгицидті әсер көрсетеді
Дезинфекциялық заттарға қойылатын негізгі талаптар

жоғары бактерицидтілік;
адамдарға зиянсыз болуы;
өңделуші заттардың құртылуын болдырмауы;
суда еруі;
сақтаудағы тұрақтылығы;
қолданудағы ыңғайлылығы;
органикалық заттардың қатысуымен бактерицидті әсерінің сақталуы;
өндірісінің арзандылығы.
Қорытынды:

Ауруханалар үнемі емдеуге және анықталған аурулары бар (мысалы,
хирургиялық, терапиялық, инфекциялық, психотерапиялық және т.б)
пациенттерді күтуге арналған.
Стационар аурухананың негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады.
Стационарда заманауи, диагностиканың күрделі тәсілдерін және емдеуді қажет
ететін пациенттерді қабылдайды және емдейді, күту және басқа да мәдени-
тұрмыстық қызметтерді көрсетеді.
Кез келген салалы стационардың құрылымы пациенттерді орналастыруға
арналған палаталардан, шаруашылық бөлмесінен санитаралы бөлмелерден,
арнайы бөлмелерден (емшара, емдеу-диагностикалық), сонымен қатар
мейірбике бөлмесі, бөлімше меңгерушінің бөлмесінен тұрады.
Қолданылған әдебиетер:

Молотов-Лучанский В.Б., Туймебаева А.Т., Туймебаев А.А.

м.ғ.к., доцент Кенжина З.З., м.ғ.к., доцент Мулдаева Г.М., м.ғ.к., доцент
А.А.Тамен

google

Ұқсас жұмыстар
Қолды өңдеу
Аурухана ішіндегі инфекция мәселелері
Дезинфекцияның түрлері
Көп көлемде суды және жуғыш заттарды пайдаланып тазалау
Медициналық қалдықтар
Дезинфекциялық ерітінділер
Жолаушылар поездарының вагондарына қойылатын гигиеналық талаптар
Медициналық құрал жабдықтарды зарарсыздандыру
Заттарды өңдеуге арналған құралдар
Ауруханаішілік инфекцияның алдын алу шаралары
Пәндер