Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өндірісті ұйымдық жобалау



СӨЖ
Орындаған: Байдул М.
Тобы: ФӨТ18-009-02
Қабылдаған: Омаркулова Н.
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өндірісті ұйымдық жобалау»
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Алматы 2020ж

Жоспар
Кіріспе
Қазақстанның фармацевтикалық нарығы
Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасында фармацевтикалық өндірісті зерттеудің міндеттері
Жобалау
Өндірістік кәсіпорынның жобасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Фармацевтикалық нарық әлемдік экономиканың жоғары табысты және тез дамитын маңызды секторларының бірі және ел экономикасы мен әлеуметтік дамуының көрсеткішін, халықтың әл-ауқат деңейін көрсетеді. Фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуы мемлекет экономиканың жоғары инновациялық дамығандығының көрсеткіші ретінде көрініс табады. көрініс табады.
IMS Health Consulting халықаралық аналитикалық компанияның бағалауы бойынша 2020 жылы дүниежүзілік фармацевтикалық нарық $1, 5 трлн. дейін өсімі болжанады.

Қазіргі таңдағы отандық фармацевтикалық өнеркәсіп - ол, бір жағынан, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын, тұрғындардың әл-ауқатын қамтамасыз ететін, екінші жағынан, елдің қауіпсіздігін сақтауға бағытталған стратегиялық маңызды сала болып саналады.
Отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына сай жүргізіледі.

Қазақстан Республикасында фармацевтикалық өндірісті зерттеудің негізгі міндеттері:
ақпараттық ізденіс негізінде дүниежүзілік және қазақстандық фармацевтикалық өнеркәсіптің заманауи жағдайы мен беталысын анықтау;
фармацевтикалық өндірісті ұйымдық жобалаудың ғылыми-әдістемелік амалын жасау;
фармацевтикалық өндірістегі инновациялық жобалардың тартымдылығы мен тиімділігін бағалау жүйесін қалыптастыру;
Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық инжинирингтің ғылыми-әдістемелік амалын жасау.

Жобалау
Жобалау - техникалық құжаттардың немесе мағлұматтардың жиынтығы, яғни өндіріс аумағын жабдықтау. Жобалау термині жоспар, негізгі мақсат деген мағынаны білдіреді. Жобалауға: түсіндірмелі хаттамалар, сызбалар, барлық жабдықтаудағы шығындар, өнімнің өзіндік құны туралы мәліметтер, шикізатты қолдану және өндіріс қалдықтарын жою мәліметтері, процесті бақылау әдістемелері, құрылғыны монтаждау және барлық өндірістік аумақтардың байланысы кіреді.

Өндірістік кәсіпорынның жобасы дегеніміз
Принципиалды негіздемелері, есептеулері, сызбалары, жасауға, даярлауға немесе қайта жасақталынуға тисіті құрылымдардың, қондырғылар, машиналар, аппараттар және т. б. арналған макеттердің техникалық құжаттарының кешені.

Өндірістік кәсіпорынның жобалауға тапсырмасы
Кәсіпорынның аты; жобалау үшін негіздеме, аудан, пункт және құрылыс алаңы; өнімнің номенклатурасы және оның негізгі түрлері бойынша толықтай дамуы мен бірінші кезеңдегі өндірістің қуаты; кәсіпорынның жұмыс істеу режимі және меңзелінген мамандандырылуы; кәсіпорынның құрылысын жүргізу және оны пайдалану (эксплуатациялау) кезінде шикізатпен, сумен, жылумен, газбен және электр энергиясымен қамтамасыз етудің негізгі көздері; ; бас жобалаушы ұйымның аты; бас мердігердің құрылыс мекемесінің аты т. с. с.

Өндірістік кәсіпорынның жобасы негізгі үш бөлімнен құралады:
1. Халық шаруашылығының белгілі бір немесе аралас салаларында ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктеріне негізделінген өнімді даярлауға арналған қондырғылардың жүйесі секілді өндіріс технологиясы;
2. Тиімді технологиялық үдерісті оның үздіксіз дамуын, экономды инженерлік құрылыстық шешімдердің қарапайымдылығы мен әмбебаптығын, жұмысшы қызметкерлерге еңбектік және тұрмыстық ыңғайлылықпен жайлылықты, құрылымның кескінің көркемдік-идеялық сәнділігін және оның бөлек бөлшектерінің әдемілілігін қамтамасыз ететін көлемдік-жоспарлық шешемдер;
3. Технологиялық үдерісті ұйымдастыруды ең жақсы шарттармен және оның уақыт өте дамуын қамтамасыз етуді және құрылыстық өндірістің механизацияланған шарттарына сай келетін және құрылымдар мен кешендердің көлемдік-жоспарлық құрылыстарының үйлесімді негізі болатын тиімді құрылыстық құрылымдармен инженерлік қондырғылар.

Өндіріс ауданы таңдалынып алынғаннан кейін келесі факторларды ескере отырып, құрылыс алаңын таңдау жұмыстары жүргізіледі:
алаңның көлемінің жеткіліктілігі және оның келешекте кеңейтілу мүмкіндігі;
жер телімінің конфигурациясының ыңғайлылығы;
жер телімінің және оған іргелес жерлердің алаңдарын ғимараттар мен көліктік жолдарға арнап осы жерлерде жасалынатын жұмыстарға жұмсалатын шығынның минималды болуына ықпал ететін топографиялық шарттары;
құны қымбатқа түсетін жасанды іргелер мен терең фундаменттерді қолданбай-ақ құрылысты жүргізуді қамтамасыз ететін қанағаттанарлық деңгейдегі геологиялық және гидрогеологиялық шарттар;
магистральді байланыс жолдарына (темір жол, су және автокөлік) тиімді жанасу мүмкіндіктері;
алаңның су көзіне, тастанды суларды шығару жерлеріне, энергия көздеріне және халық қоныстанған жерлерге қатысты тиімді орналасуы.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz