Өнер мен әдебиеттегі мәдени дамудың маңызды бағыттары


Slide 1

XX ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениет пен қоғамдық ойдың дамуы

Slide 2

Бүгінгі сабақта:

- Қоғамның мәдени өмірінің дамуы;

- Өнер мен әдебиеттегі мәдени дамудың маңызды бағыттары;

- Жаңа концепциялар және ғылыми жаңалықтар;

- Мистиканың, оккультизмнің таралуы, эзотерикалық, соның ішінде шығыстық, діндердің танымдалдағы туралы білеміз

Slide 3

Техникалық прогресс және қоғамдық ой-сана

ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. Басында Еуропа мен Америка елдерінде елеулі өзгерістер болып өтті. Өзгерістер жаңа дүниелерді ұғынуға итермеледі. Сол заманның философиялық пікірлері бір-біріне қарсы болды. Американдық прагматизм, абстрактілік философияға қарсы болып, адамдарды шынайы өмірдегі практикалық мәселелерді шешумен айналысуға шақырды. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қоғамды зерттейтін ілім әлеуметтану дами бастады.

Slide 4 Slide 5

Неоромантизм

Өнер мен әдебиеттің көптеген қайраткерлері өз шығармаларында өнердегі жаңа бір бағытты, идеялық жаңашылдықты іздей бастайды. Осылайша, ХХ ғ басында неоромантизм, яғни адамзаттың өткен мәдени мұрасын қайта пайымдап, жаңамен сәйкестендіруге тырысқан бағыт пайда болады. Неоромантизм дәуірі барысында әдеби символизм дамыды. Символ - көркем шығармашылықты танып білудің басты құралы деп есептелінді. Бұл шығармашылық өкілдер: В. С. Соловьев, А. А. Блок, В. Я. Брюсов, А. Белый, Л. Н. Андреев.

Модерн стилі

Модерн дегеніміз - жаңа, заманауи. Модерн стилі пластикалық өнердің түрлі формаларын біріктірді, әмбебап декоративтік және эстетикалық үлгілердің түрлерін қамтыды. Модерн стилі архитектурада айқын көрініс тапты. Театр өнерінде ерекше шығармашылық назарды сахналық бейнеге ену жағына аударды: көркемсурет, декорация, айрықша эскиздер, хореография және т. б. ХХ ғ. Басында кинематография саласыс дамыды. Кино жұлдыздары М. Линдер, Ч. Чаплин, А. Дид әлемге танылды. «Ұлы мылқау» фильмі ымдаудың, бет қимылының, қимыл-қозғалыстың, арнайы әзілдер мен тапқыр белгілердің көрсетуімен ұтымдылығын талап етті.

Slide 6

Өнердегі жаңа шығармашылық ағымдар

Slide 7

Әдебиет дамуының ерекшеліктері. Сыни реализм

ХХ ғ. Басында өнер мен әдебиет қайраткерлерін шығармашылық мәселелерімен қатар, әлеуметтік теңсіздік сияқты қиындықтар алаңдатты. Көптеген әдебиетшілердің көңіл-күйін пессимизм мен торығу сезімі жайлады. Бұл олардың шығармаларында көрініс тапты. Жазушылар мен драматургтер осы кезде сыни реализмнің әлеуметтік әдебиеттерінің тамаша үлгілерін дүниеге әкелді. Фрнцуз жазушысы Р. Роллан атақты суретшілер мен музыканттар туралы «Ерлікке толы өмір» атты биографиялық шығармаларын жазып шығады. Тағы бір француз жазушысы А. Франс өзінің романына зорлықты, соғысты, діни фанатизмді, екіжүзділікті айыптады. Драматургия саласындағы жаңашылдардың бірі Г. Ибсен мен орыс жазушысы А. П. Чехов болды. Неміс жазушысы Т. Манн, ағылшын жазушысы Г. Уэллс, американдық жазушылар Ф. Норрис, Дж. Лондон, Т. Драйзер сыни реализмнің әлеуметтік әдебиеттерінің тамаша үлгілерін дүниеге әкелді.

Slide 8

1-тапсырма. Миға шабуыл

1) Абстракциялы ойлау дегенімізді қалай түсінесіз?

2) Рационализмге қарсы болған ғалымдар?

3) Модерн дегеніміз нені білдіреді?

4) Авангард дегеніміз кімдер?

Slide 9

1-тапсырма. Жауаптары

1) Құбылысты сырттай тану, ішкі мән-мағынасына назар аудармау

2) Артур Шопенгауэр және Фридрих Ницше

3) Модерн- жаңашылдық, заманауилық

4) Жаңа бағытты қолдаушылар

Slide 10

2-тапсырма. «Сұраққа жетіп ал»

Slide 11

Оқу тапсырмасы

1. Глосарий

Неоромантизм-

Модерн-

Реализм-

Авангардизм -

Әлеуметтік дарвинизм-

Slide 12

2-тапсырма. Кестені толтырыңыз

Мәдениет пен қоғамдық ойдың салалары

Авторлар мен олардың ашқан жаңалықтары

Жаңалықтарының сипаттамасы

Нәтижелері мен мәні


Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттанудағы ағымдар - бағыттар, әдебиет теориясының зерттелуі
Қазіргі қазақ әдебиетінің ерекшеліктері
Модернизм және авангард
Абайдың әдеби ортасы мен нәр алған рухани көздері
ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕК НЕГІЗІНДЕ БАЛАБАҚША ЖОБАСЫН ФИРМАЛЫҚ СТИЛЬДЕ ӘЗІРЛЕУ
Майлы бояулар - бай түстері мен ұзаққа сақталу ерекшелігімен танымал
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ (1902-1985)
Қазақ халық әншісі
Мемлекеттік мұрағатынан 482 құжат
Жаһандану ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz