Аудиовизуалды құжаттардың құндылығына сараптама жүргізген кезде


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ АЛМАТЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ «КМҚК» КФФҒТҚ құндылығына сараптама жүргізу және оның нәтижелерін ресімдеу тәртібі

Орындаған: ІЖ-311Қ топ білім алушысы Өлмесова Ақжібек

Қабылдаған: арнайы пән оқытушысы Жумакова Г. С.

Slide 2

Аудиовизуалды құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу кезінде мынадай қосымша арнайы өлшемшарттар:

1) аудиовизуалды құжаттардың көркемдік құндылығы;

2) аудиовизуалды құжаттардың композициялық-сюжеттік тұтастығы;

3) аудиовизуалды құжаттардың айқындылығы мен түпнұсқалығы;

4) ақпаратты жеткізгіштің өзіндік ерекшелігі, ақпаратты жазу және оны шығару тәсілі, аудиовизуалды құжаттардың техникалық жай-күйі қолданылады.

Slide 3

Ғылыми-техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу кезінде қосымша мынадай арнайы өлшемшарттар:

1) тұтастай мемлекеттің нақты салалары мен экономикасын дамыту үшін құжаттарда көрсетілген проблеманың (технологияның) немесе объектінің (жобаның, модельдің, конструкцияның, технологияның) енгізілген кездегі маңыздылығы;

2) проблеманы шешудің, конструкцияның, технологияның, жобаның қағидаттық жаңашылдығы, ерекшелігі, бірегейлігі;

3) ғылыми-техникалық құжаттаманың ғылыми зерттеу кезеңдеріне (техникалық әзірлеудің сатылығы) сәйкестігі қолданылады .

Slide 4

Құжаттардың құндылығына сараптаманы жоспарлы түрде жыл сайын ұйым архивінің жұмыскері жүргізеді. Мемлекеттік архивтің жинақталу көзі болатын ұйымда құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу тиісті мемлекеттік архивтің, Қазақстан Республикасының Президенті архивінің әдістемелік басшылығымен және консультациялық көмегімен жүзеге асырылады. Ұйым қайта ұйымдастырылған (таратылған) кезде құндылыққа жоспардан тыс сараптама жүргізіледі. Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу істің құжаттарын парақтап қарап шығу жолымен жүргізіледі (аудиовизуалды құжаттар монтаждау үстелінде немесе экранда көрсетіледі, ал аудиоқұжаттар тыңдалады) .

Slide 5

Сараптама жүргізу барысында:

1) құжаттарды аталған іске жатқызудың негізділігі;

2) құжаттың заңды күші (деректемелердің бар-жоғы) ;

3) іс мұқабасы деректемелерінің дұрыс ресімделуі және бар-жоғы;

4) істер парақтарының дұрыс нөмірленуі;

5) құжаттың физикалық-химиялық және техникалық жай-күйі тексеріледі.

Slide 6

Ғылыми-зерттеу және патенттік-лицензиялық құжаттамалар үшін Тізбе жасалмайды. Істердің, құжаттардың тізімдемелері: жобалау, конструкторлық және технологиялық, ғылыми-зерттеу және патенттік-лицензиялық ғылыми-техникалық құжаттаманың әр түріне жеке жасалады және ғылыми-техникалық құжаттаманың түрін айқындайтын цифрлы индексі бар дербес нөмірі болады. Аудиовизуалды құжаттардың құндылығына сараптама жүргізген кезде аудиовизуалды құжат кешенінің толықтығы мен сақталу дәрежесі, мәтіндік ілеспе құжаттаманың бар-жоғы және оның сапасы, ғылыми және практикалық пайдалану мүмкіндігі, аудиовизуалды құжаттың дублеттілігі, игерілуі және нұсқалылығы ескеріледі. Құндылыққа сараптама жүргізу процесінде қандай да бір бүлінген тұстары бар аудиовизуалды құжаттар анықталады. Ақау, әсіресе химия-биологиялық сипаттағы (сарғаю, көгеру, эмульсияның қабыршақтануы) ақау табылған кезде сол өндіріс жылындағы, сақталу жағдайлары бірдей барлық аудиовизуалды жазу құжаттарына бақылау жүргізіледі. Ақауы бар аудиовизуалды құжаттарға реставрация-профилактикалық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. 1922 жылды қоса алғанға дейінгі кезеңде жасақталған аудиовизуалды құжаттар жоюға бөлінбейді. 1922 жылдан 1945 жылды қоса алғанға дейінгі кезеңде қалыптасқан аудиовизуалды құжаттарды жою уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылады.

Slide 7

Тапсырмалар

Slide 8

Сұрақтарға жауап бер:

Құжаттардың құндылығына сараптама қалай іске асады?

Құндылыққа жоспардан тыс сараптама қай кезде жүргізіледі?

Аудиовизуалды құжаттарға сараптама қалай жүргізіледі?

Slide 9

Тест сұрақтары:

Құжаттардың құндылығына сараптаманы жоспарлы түрде жыл сайын ұйым архивінің жүргізеді.

А) басшысы Ә) жұмыскері Б) арнайы келген тексеру

В) сараптау комиссиясы

2. Анықталған кемшіліктерді ұйым архивінің жұмыскері. . . . . . . . .

А) жояды Ә) қалпына келтіреді

Б) кемшілік бар деп хабарлайды

В) дәл сол күйінде қалдырады

3. Дұрыс ақпаратты тап.

А) 1922 жылды қоса алғанға дейінгі кезеңде жасақталған аудиовизуалды құжаттар жоюға бөлінеді.

Ә) Ұйым қайта ұйымдастырылған (таратылған) кезде құндылыққа жоспардан тыс сараптама жүргізілмейді. Б) Ақауы бар аудиовизуалды құжаттарға реставрация-профилактикалық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

В) Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу істің құжаттарын көшірмеден өткізу жүргізіледі

4. Аудиовизуалды құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу кезінде мынадай қосымша арнайы өлшемшарттар қолданылады.

А) аудиовизуалды құжаттардың айқындылығы мен түпнұсқалығы; Ә) істер парақтарының дұрыс нөмірленуі; Б) ғылыми-техникалық құжаттаманың ғылыми зерттеу кезеңдеріне сәйкестігі;

В) құжаттың заңды күші;

5. Аудиовизуалды құжаттардың құндылығына сараптама жүргізген кезде . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ескеріледі.

А) химия-биологиялық сипаттағы (сарғаю, көгеру, эмульсияның қабыршақтануы) ақау

Ә) жобалау, конструкторлық және технологиялық дәрежесі Б) ғылыми-техникалық құжаттаманың түрін айқындалуы

В) құжат кешенінің толықтығы мен сақталу дәрежесі


Ұқсас жұмыстар
Мұрағаттық құжаттың құндылығын сараптау жұмыстары және оның маңызы
Сотқа дейінгі тергеп тексеру органы
Қарап тексеру
МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА
Жауап алу
Құжаттарды талдау
ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Пациенттер мен мейірбике қызметкерлерін оқыту
Азық - түлік қауіпсіздігі жүйесінің компоненттері
ҚЫЗМЕТТЕРДІ СЕРТИФИКАТТАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz