Дінтану курсын оқытуға қойылатын талаптар



Дінтану курсын оқытуға қойылатын талаптар
Тексерген: Мамырбаев Д.
Орындаған: Бақытбекқызы А.
Тобы: 301 - топ тарих - дінтану

«Дінтану курсын» оқытудың мақсаты:
оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтардың негізінде білім жүйесін және гуманистік дүниетаным қалыптастыруға ықпал ету. Білім алушылардың діннің тарихы және қазіргі замандағы оның рөлі туралы жүйелі білім беру; оқушыларға діннің танымдық, мәдени және дүниетанымдық мәнін ұғындыру; толеранттылыққа тәрбелеу; діни әдебиеттерді, ақпарат көздерінің материалдарын сыни тұрғыда бағалай білуге тәрбиелеу; Қазақстандағы ұлтаралық, конфессияаралық келісім саясаты негізінде азаматтық ұстаным мен жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу; экстремизм, терроризм, діни радикализм идеологиялары мен тәжірибелерінің адам үшін, қоғам және мемлекет үшін қауіптілігін ұғындыру және оларды қабылдамауға тәрбиелеу; құқықтық сауаттылыққа, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу.

Басты міндеті:
«Дінтану негіздері» курсы бағдарламасының басты міндеті діндер жайлы жалпы мағлұматтар бере отырып, дін туралы толық түсініктерін қалыптастыру. Оқу материалы 9-сынып оқушысының оқу-танымдық мүмкіндіктеріне бейімделген жүйеленген ғылыми әдебиеттерден жинақталған. «Дінтану негіздері» курсы бағдарламаларының материалдарын оқып білуде «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Қазақ әдебиеті», «Өнер», «Өзін-өзі тану» сияқты пәндерімен және «Абайтану» курсымен пәнаралық байланыс пен сабақтастық қарастырылған.

«Дінтану» курсын оқыту нәтижесінде оқушылар біледі:
Әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Яссауидің, Абайдың, Шәкәрімнің Ыбырай Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын. Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың конфессияаралық келісімді, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты сақтау жөніндегі саясатын; дәстүрлі діндер идеологиясы мен тәжірбиесін экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ұйымдардан айыра білуді.
Ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды; әлемдік және дәстүрлі діндер тарихын; мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынас мәнін; Қазақстан Республикасы Ата Заңының ар-ождан еркіндігі туралы ережелерін және Қазақстан Республикасының «Дін туралы» Заңын;

Дін зерттейді:
Теологоя
Дінтану
Атеизм

Ислам діні - дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы - Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін. Ислам діні - дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы - Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер келері боуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды. Сонымен бірге, Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып саналатын. Меккенің орталығындағы Зәмзәм су сөзі, оның жанындағы Әулиелі қагатас Қаабы Храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны болды. Бұлкезде әрбір рудың өздерінің рулық құдайы болды.

Қорытынды
«Дінтану негіздері» пәнінің тек мектеп бағдарламасына емес, сонымен бірге еліміздің барлық оқу орындарының жоспарына енетін болса, қоғамымыздың мәдени және әлеуметтік өміріндегі тәрбиесінің айнымас негізі қаланар еді. «Дінтану» пәнін оқыту азаматтарға діни құндылықтардың маңыздылығын үйретіп қана қоймай, оларға құрметпен қарауға, қоғамымыздың мәдени әрі әлеуметтік көріністеріне түсіністік таныту сана-сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептерде, басқа да оқу орындарында жастарға толерантылық тәрбие беру, діни экстремизмнің алдын-алу, түрлі секталардан сақтандыру іс-шараларының жүргізілуі және «Дінтану» пәнін оқыту арқылы діни идеялар мұхитында өз жолын адаспай таба білетін азамат тәрбиеленеді. Қазақстанда халықаралық, дінаралық келісім, өзара татулық пен сыйластық ежелден қалыптасқан үрдіс. Аллаға сансыз шүкір, бұл құдай тағаланың Қазақстан Халқына нәсіп еткен ұлы сыйы, нығметі, әрі біздің ата-бабамыздан қалған құнды мұра. Осындай үлкен қазынаның қадіріне жетіп, оны сақтап, молайту - перзенттік борышымыз.

Пайдаланылған әдебиеттер
Н. Назарбаев. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. Астана. 2008ж, 31 бет.
Әбсаттар Қажы Дербісәлі. Ислам және заман. Алматы. 2003ж.
Н. Назарбаев. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана. 2007 ж.
Байтенова Н, Затов Қ, Рысбекова Ш, Бейсенов Б, Борбасова Қ, Құрманалиева А, Мейрбаев Б. Қазақстандағы діндер. Алматы. 2008 ж.

Назарларыңызға Рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz