Дәрілік өнімнің сапасын басқару, терминдер мен - Дәрілік түрлер технологиясының міндеттері


Slide 1

Орындаған: Палуан К

Тобы: 403 ФӨТ

Қабылдаған: Умирзакова У.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

ТАКЫРЫБЫ: «ДҚ өндірісін мемлекеттік нормалау, сапаны басқару. »

Slide 2

Жоспар

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлімі:

-Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері;

-Дәрілік түрлер технологиясының міндеттері;

-Дәрілік препараттардың дәріханалық және өндірістік

технологиясы:

-Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудың негізгі

бағыттары;

-МФ және басқа нормативті құжаттардың құрылысы және қолдану

ережелері.

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлімі:

-Дәрілік өнімнің сапасын басқару, терминдер мен анықтамалар

- Дәрі -дәрмек өндірісін мемлекеттік нормалау

- Фармацевтикалық өнімдердің өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Slide 3

Кіріспе

Фармация (грек. pharmakeіa - дәрі, дәріні қолдану) - денсаулық сақтау ісінің халыққа дәрімен көмек көрсетуді іске асыратын бір саласы. Фармацияның теориялық негізіне дәрілік заттарды анықтау, іздеу, оларды зерттеу, дайындау, қалыптау және шығару, сұрыптау, стандарттау, сақтау, тарату және фармациялық қызметті ұйымдастыру жатады.

Slide 4

Алғашқы кезде емдейтін адам өсімдік, жануар және минералдық заттардан алынатын дәрілерді өзі дайындап, науқасқа өзі тағайындады. Сондықтан да мұндай емдеулер көп жағдайда әр түрлі әдет-ғұрып және ырым-жоралармен жасалды. Біртіндеп дәрілік шикізаттарды жинайтын, олардан әр түрлі дәрілер жасап, дұрыс сақтап, сататын адамдар шыға бастады. Ежелгі Мысырда оларды фармаки (аурудан жазатын, қауіпсіздік сыйлайтын адам) деп атады.

Slide 5

Фармация өсімдік пен жануардан алынатын шикізаттар, оларды алғаш рет өңдеу кезінде алынатын өнімдер туралы ғылым - фармакогнозиядан және дәрінің әсер ету дәрежесінің дәрі формасына, оны әзірлеу технологиясына қаншалықты тәуелді екенін зерттейтін ғылыми бағыт - биофармациядан тұрады. Ал дәрілік заттардың сапасын нормаға келтіріп, стандарттау жиынтығы фармакопея (грек. pharmakon - дәрі және poіeo - жасаймын) деп аталады.

Slide 6

Фармацевтік технологияның қазіргі заманда дамуы базалық және шектес пәндермен байланысты

химия (бейорганикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық, фармацевтикалық)

фармация ісін ұйымдастыру және басқару

фармакогнозия

фармакология

гигиена

микробиология

биофизика, физика

дәрілер технологиясы

Slide 7

2016 - 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылы Қазақстан Республикасының 2010 - 2014 жылдарға арналған фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламасының жалғасы ретінде бекітіліп, бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі халықты отандық өндірістегі медикаменттермен қамтамасыз ету мәселелерін, дәрілік заттардың қолжетімділігін, сапасы мен қауіпсіздігін, тиімді қолданылуын қамтамасыз ету сияқты негізгі міндеттерді жүзеге асыру үшін іс-шаралар кешенінің тиімділігін әзірлеу, орындау және мониторинг жасауды алдын-ала қарастыратын дәрілік қамтамасыз ету және Денсаулық сақтау жүйесін дәрімен қамтамасыз етудің Ұлттық саясатын жүзеге асыру болып табылады

Slide 8

Қазақстан Республикасы фармацевтика өнеркәсібінің жағдайын талдау және шамамен 30 жергілікті өндірушідің пікірін сұрау құн есептеу тізбегіндегі бірнеше негізгі қиындықтарды анықтауға мүмкіндік берді.

Әлсіз жақтары Шетелдік ойыншылармен бәсеке

Жергілікті фармацевтикалық компаниялардың көпшілігі шетелдік ойыншылармен бәсекелестік жайында, әсіресе әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қауіп білдіреді. Өндірушілер ішкі нарыққа шығарылатын көптеген дәрілік заттар бойынша уақытша бағалық шектеулер енгізуге мәжбүр болды, бұл олардың рентабельділігі мен инвестициялау қабілетіне теріс әсер етті.

Slide 9

Күшті жақтары

2014 жылдың соңына дейін қазақстандық фармацевтика өнімдері экспортының негізгі бағыты ТМД елдерінің нарықтары, сондай-ақ құрылымы жағынан ұқсас кейбір басқа нарықтар, мысалы, Монғолия нарығы болады. «ViOrtis» консалтингілік компаниясының 2008 жылғы деректері бойынша экспорттың 81%-ы құны бойынша және 91%-ты көлемі бойынша Қырғызстанға, Өзбекстанға және Тәжікстанға жөнелтілді.

Slide 10

Дәрiлер технологиясы екi бағытта дамиды:

дәрiлердi дәрiханада дайындау

дәрiлердi өндiрiсте өндіру

Дәрілер технологиясының екі бағыты - дәріханалық және өндірістік бірін-бір толықтырады, сондықтан олардың дамуы және жетілдірілуі паралелльді жүргізілуі тиіс.

Жұмыстың табысты жүруі үшін кез келген ғылыми, техникалық және өндірістік салаларда пайдалынатын терминдерді дұрыс түсіну және қолдану тиімді.

Slide 11

Фармацевтік ғылымдар мен тәжірибелердің дамуы үшін, фармацевтік технология аса маңызды міндеттерді шешуі қажет:

дәрiлiк түрлердi дайындаудың дәстүрлі әдiстерiне теориялық дәйектемелер беру;

дәрiлiк түрлердi дайындаудың дәстүрлі тәсiлдерiн жетiлдiру және шектес ғылымдардың жетiстiктерiн пайдалану негiзiнде, жаңа тәсiлдерiн зерттеп жасау;

емдiк әсерi барынша жоғары, ал жанама әсерi төмен, қолдануға ыңғайлы жаңа дәрiлiк түрлердi зерттеп жасау.

дәрiлiк түрлердi дайындаудың дәстүрлі әдiстерiне теориялық дәйектемелер беру;

дәрiлiк түрлердi дайындаудың дәстүрлі тәсiлдерiн жетiлдiру және шектес ғылымдардың жетiстiктерiн пайдалану негiзiнде, жаңа тәсiлдерiн зерттеп жасау;

емдiк әсерi барынша жоғары, ал жанама әсерi төмен, қолдануға ыңғайлы жаңа дәрiлiк түрлердi зерттеп жасау.

Slide 12

Дәрiлердiң дәрiханалық өндiрiсi - дәрiлiк құралдарды дәрiгердiң рецепттi және емдеу-профилактикалық мекемелерiнiң талабы бойынша дайындаумен, сонымен бiрге, шикiзаттар мен материалдарды алу, сапасын бағалау және оларды таратумен анықталады.

Дәрiлердi өндiрiс жағдайында дайындау - дәрiлiк құралдарды сериялы өндiрiп шығару, шикiзаттарды, материалдарды және жартылай фабрикаттарды алу, технологиялық процестердi, орамдауды, сапасын бағалауды, тiркеудi, сақтауды, таратуды және дайын дәрiлiк өнiмдi тасымалдауды ұйымдастыру және iске асыру жұмыстарын қарастырады.

Slide 13

Негізгі түсініктер мен терминдер

Дәрілік заттар - аурулардың алдын алуға, оларды диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ ағзасының күйі мен функцияларының өзгеруіне арналған фармакологиялық белсенді заттарды білдіретін немесе олардан тұратын құралдар: дәрілік зат, дәрілік субстанция, табиғи текті дәрілік шикізат, дәрілік ангро - және балк өнімдері, дәрілік препараттар, иммунобиологиялық медициналық препараттар.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Дәрілер технологиясы ғылым ретінде
Сапаны басқаруды дамыту кезеңдері
Бейсу еріткіштер
Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды өндіру
Жай ұнтақтар технологиясы
Дәрілер технологиясының міндеттері
Органолептикалық бақылау
Дәрілік препараттар жазбасының құрамын нормалау
Тұнба және қайнатпалар түсінігі
Узнать ответ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz