ҰСАҚ МАСШТАБТЫ КАРТАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ




Презентация қосу
ҰСАҚ МАСШТАБТЫ КАРТАЛАРДЫҢ
ҚОЛДАНЫЛУЫ

Орындаған: Жарылқасын А
Картометрия жəне морфометрия -
ұсақ масштабты карталарды пайдаланып ірі
масштабты карталардағы əдіс бойынша
картометриялық жəне морфометриялық
есептер шығаруға болады. Оларға кез-келген
пішіндегі сызықтардың ұзындығы мен
арақашықтығын, нүктелердің географиялық
координатын, абсолют жəне салыстырмалы
биіктіктері мен тереңдіктерін, қалыңдықтарын,
ауданын есептеп шығару жатады
Ұсақ масштабты карталардан қажетті
нысанның географиялық координаттарын
анықтаудың екі тəсілі бар.

Екінші тəсілде жақын
Бірінші дəл емес тəсілді орналасқан көршілес
қолданғанда нүкте арқылы параллельдер мен
картаның градустық меридиандар торын
бұрыштамаларын қиып таңдауға негізделіп
өтетін меридиан мен нүктенің географиялық
параллель жүргізеді координаттары
анықталады.
Ұсақ масштабты карталардан қисық сызықтардың
ұзындықтарын анықтау

Өзен, жол, шекара сияқты қисық сызықтардың ұзындықтардын төменде
көрсетілген бірнеше əдістердің көмегімен анықталады:

1. Сызықтың екі жағында курвиметрдің немесе арақашықтығы ауысып
отыратын микроциркульдың көмегімен өлшеп орташа нəтижесін алу.
Курвиметрмен немесе штангециркульмен қисық сызықтардың ұзындығын үш
рет өлшеп алып шыққан сандарды бір-біріне қосып жиынтығын үшке бөледі.

2. Ұзындығы 15-20 см-ден аспайтын салыстырмалы түрде қысқа қисық
сызықтарды өлшеудің тиімді əдісі циркульды аттатқан сайын қисық сызықтың
арақашықтықтары өлшенетін бөліктерінің аралықтарын біртіндеп арттырып
отыру қажет. Бұл əдісте циркульдің аяқтарын аттатқанда жəне есептегенде
қателіктер кетпейді.
3. Қисық сызықтар желісін есептегенде мөлдір калька қағазына 2-4мм
тең бұрышты торлар жүргізілген шаршылы полеткалар қолданылады.
Полетка картаға бір рет қойылып шаршының тік жəне көлденең
сызықтары қанша рет қилысатын саны жылдам есептелінеді. Екінші рет
өлшеу полетканы 45° бұрғанда шаршының тік жəне көлденең
сызықтарының қилысы п1 қайта есептелінеді. Формула бойынша
қисық сызықтар желісі төмендегі формула бойынша есептелінеді.
Карта жасау - мынадай жұмыстар түрлерін қамтиды. Карта жасау үшін
негіз дайындау;
бастапқы картографиялық материалдардан бейнені негізге көшіру;
бейнені генерализациялау;
генерализацияланған бейнені бекіту.
Негізді дайындау оған беттің жақтаушасын, координаталық торды және
тірек пункттерін салудан тұрады. Бұл элементтерді салу кателігі 0,1 мм-
ден аспайтын координатографты пайдаланып жасалады.
Бастапқы материалдан бейнені негізге көшіру, әдетте,
фоторепродукциялық аппараттың немесе
фототрансформатордың көмегімен
фотомеханикалық әдіспен жүргізіледі. Аспап көшіру
кезінде атқарылатын түрлендіру сипатымен
анықталады. Түрлендіру кезінде көбіне
фоторепродукциялық аппарат, ал неғұрлым күрделі
түрлендіруде фототрансформаторлар пайдаланылады.
Ұсақ масштабтағы карталарды жасағанда жиі кездесетін
екінші қатардағы және жоғары түрлендірулерді орындау
қажет болғанда саңылаулы фототрансформаторлар
қолданылады.
Қазіргі кезеңде картаны жасаудың негізгі екі
əдісі бар. Біріншісіне картаны қағазда құрып
жасайтын дəстүрлі əдіс, екіншісі не электронды
карталар құратын компьютерлік технология
жатады
Картаны жасаудың дəстүрлі технологиясының
өндірістік тізбектері саралау-дайындау,
картаны құру, баспаға дайындау жəне картаны
басып шығару кезеңдерінен тұрады

Ұқсас жұмыстар
Карта және жобаларды графикалық безендіру
Шартты белгілер
ТОПОГРАФИЯЛЫҚ КАРТА ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР
Көне әлемдегі карталар
Карта план жайлы жалпы түсінік
Цилиндрлік проекция
ҰЗЫНДЫҚ БҰРМАЛАНУ
Топографиялық карталар - шкала картасы
Карталардың разграфкасы және номенклатурасы
Карталарды құру көздері
Пәндер