КАРДАНДЫ БЕРІЛІС БАСТЫ БЕРІЛІС ДИФФЕРЕНЦИАЛ




Презентация қосу
КАРДАНДЫ БЕРІЛІС БАСТЫ БЕРІЛІС
ДИФФЕРЕНЦИАЛ.
• Карданды берілістердің негізгі қызметі осьтері бір түзудің бойында
жатпайтын екі тораптың аралығында айналдыру моментін жеткізу
болып табылады. Автомобильде ондай жағдайлар өте көп болады.
Мысалы беріліс қорабынан басты беріліске немесе басты берілістен
жетекші дөңгелекке айналдыру моментін жеткізу үшін карданды
берілістер қолданылады.

• Карданды қызмет атқаратын берілістер үш түрлі болады: серпімді
беріліс, бұрыштық жылдамдығы айналмалы карданды беріліс және
бұрыштық жылдамдығы тұрақты карданды беріліс.
• Серпімді берілістердің негізгі элементі серпімді бөлшек болып табылады.
Айналыс моменті берілетін екі біліктің аралығындағы ось алшақтықтары
осы серпімді бөлшектің майысу есебінен іске асады. Серпімді бөлшектер
үшін көбінесе резиналы элементтер қолданылады. Бірақ мұндай
берілістер, екі ось аралығындағы бұрыш онша көп емес болса ғана пай-
даланыла алады. Себебі серпімді элементтердің майласулары оте көп
болса, олар тез істен шығады. Мұндай берілісті көбінесе жеңіл
машиналарда қолданылады.
• Карданды берілістердің айналыс момент беретін бұрышы (ү) үнемі
өзгеріп отырады. Оған жол бедері себепші болады. Ал сол бұрыштың
өзгеруі карданды біліктің жалпы ұзындыгына да әсерін тигізеді.
Сондықтанда арнаулы жалғастыратын буын қарастырылады.
• Бұрыштық жылдамдығы айнымалы карданды берілістерді көбінесе
айналыс моменті алыс қашықтықта беруге қолданады. Мысалы жүк
машиналарында қозғалтқыш мен беріліс қорабы машинаның алдыңғы
жағында, ал жетекші дөңгелектер артқы жағында орналасады және
олардың базалық ұзындықтары едәуір үлкен болады. Міне осындай
жағдайларда бұрыштық жылдамдығы айнымалы карданды берілісті
пайдалану тиімдірек болады. Ал беріліс қорабы мен жетекші дөңгелектер
жақын орналасса (мысалы алдыңғы дөңгелектері жетекші болатын
машиналарда), онда бұрыштық жылдамдығы тұрақты карданды берілісті
қолданады.
• Әртүрлі карданды берілістердің
жұмыс схемалары:

• а-екі буынды; 1,4,6-топсалы
буындар; 2,5-біліктер; 3-тірек; 7-
шлицалы (тісті) жалғас; б-бір
буынды; 1,2-біліктер; 3,5-
ашалар; 4-крестови- на; в-тең
жылдамдіқты; 1,2-біліктер; 3,4-
ашалар.
• Басты беріліс берілген бұрылу моментін көбейтіп, оны дефференциал
арқылы автомобильдің жартылай осьтеріне жеткізу үшін
қолданылады. Құрылысы жағынан басты беріліс тісті және иірек
( зубчатый, червячный) редуктордан тұрады.

• Автомобильдерде көбінесе тісті басты беріліс қолданылады және
сыңар берілісті, қос берілісті болып бөлінеді. Олардың беріліс саны
айналу жылдамдығына, қозғалтқыштың қуатына, автомобильді
пайдалануға және салмағына байланысты болады.

• Беріліс саны негізінен басты берілісте жүк автомобильдерде 6,5 –
9,0 , ал жеңіл автомобильдерде 3,5 – 5,5 аралығында болады.

• Сыңар басты беріліс иректелген бір жұпты конусты тісті дөңгелектен
тұрады.
• Мұндай берілісте бұрылу моменті айқартопсалы берілістен конусты жетекші тістегерішке,
одан жетектегі дөңгелекке беріліп, арнайы механизм (дифференциал) мен жартылай осьтар
арқылы автомобильдің жетекші дөңгелегіне беріледі. Сыңар берілістің тісті дөңгелегінің
осьтары қиылысып немесе араласып орнатылады, оны гипоидты беріліс деп аталады.

• Басты берілістің, гипоидты тісті дөңгелегінің айқарьопсалы беріліспен жалғасуы шанақтың
еденін төмен орнатуға мүмкін болып, автомобильдің ортаңғы тартылыс күшін азайтып, оның
орнықтылығын арттырады. Сонымен қатар гипоидты берілісте тістері көп мөлшерде
жалғанады, сондықтан тісті дөңгелек өте сенімді , жайлы, және дыбыссыз жұмыс істейді.

• Қосарлы басты беріліс құрылысы бойынша бір картерде – орталықты немесе жекелеп
бөлектелген болады. Ол екі жекеленген механизмнен : артқы белдіке орнатылған сыңарлы
конусты тісті берілістен, цилиндрлі тісті берілістен – дөңгелек редукторынан тұрады.

• Қосарлы орталық берілісконусты және цилиндрлі тістегеріштер жұбынан тұрады.

• Бұралу моменті жетекші конусты тістегеріштерден бір білікке орнатылған жетекші
дөңгелекке, одан цилиндрлі тістегерішке беріледі. Қос берілістер механикалық төзімділігі
және беріліс санын көбейтуге мүмкіндігі, сыңар беріліске қарағанда жоғары болады.
• Дифференциал.Автомобиль бұрылғанда ішкі доңғалақтар кіші радиуспен,
ал сыртқыcы үлкен радиуспен айналады, сондықтан доңғалақтар
сырғанамауы үшін сыртқысының ішкі доңғалаққа қарағанда жылдамдығы
артық болуы керек. Олардың бұрылыстарда сырғанауы шиналардың
тозуына, автомобильді басқаруды қиындатады, жанармай шығынына да
әсер етеді. Доңғалақтарды бұрылыс кезінде әртүрлі жылдамдықпен
айналуы үшін, оларды жекеленген жарты осьтарға бекітеді, басты
берілістен берілген бұралу моментін жарты остарға аралық доңғалақ
дифференциал арқылы жеткізіледі.

• Дифференциал бұралу моментін жетекші доңғалақтарға таратып, оң және
сол жағындағы доңғалақтардың, автомобильдің бұрылыс кезінде әртүрлі
айналу жиілігінде қозғалуы үшін қолданылады.

• Автомобильдерде доңғалақ аралық конусты симметриялы, доңғалақ
аралық конусты, жұдырықшалы дифференциалдар қолданылады.
• Конусты симмериялы дифференциал басты беріліске орнатылған
тістергішті механизм.

• Басты берілістің жетекші тістегерішінен бұралу моменті жетектегі дөңгелек
пен дифференциал қорабына, онымен бірге айналатын шабақ пен
тістегеріш – сателлиттерге және жарты осьтар арқылы жетекші
дөңгелектерге беріледі.

• Ось аралық конусты дифференциал жоғары өткіштегі доңғалақ формуласы
6х4, 6х6 жетекті белдікті, жолдың әртүрлі жағдайында жұмыс істей алатын
автомобильдерде қолданылады. Мұндай дифференциал құрылысына:
флянец, картер, қорап, жетекші және жетектегі дөңгелектер, крестовина,
сателлиттер, артқы белдік жетегінің тісті дөңгелегі, аралық белдіктің тісті
дөңгелегі, жетекші тістегеріш, тісті муфта мен блоктау муфтасы жатады.
НАЗАРЛАРЫНЫЗҒА РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Автомобильдің беріліс қорабы
Автомобильдің басты берілісі, дифференциалы және құрылысы
Кардандық берілісті бөлшектеу және жинау
Автокөлік - механизмдермен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина
Кардандық берілісті шешу және бөлшектеу
ТРАКТОР ТРАНСМИССИЯСЫ
Тежеу жүйесі
Фрикциялық берілістердің артықшылықтары
Беріліс қорабының сұлбасы
Электрондық басқару блогының функциялары
Пәндер