Психологиялық сұраныстар журналы




Презентация қосу
Білім беру ұйымдарындағы
психологтың кәсіби қызметі
Психологиялық қызмет - адамдарға
мамандандырылған деңгейде
психологиялық көмек көрсету үшін
мекемелер мен ұйымдарда құрылған
арнайы қызмет жүйесі.
Көпшілікке психологиялық қызмет
көрсету ХVIII ғасырда кезінде Батыс
Еуропа елдерінде аяқ ала бастады.
ХIХ ғасырда психологиялық
зерттеулерге қызығушылық кеңінен
тарағандықтан АҚШ, Германия,
Франция т.б. елдерде әлеуметтік-
психологиялық зертханалар ашылып,
талапкердің психофизиологиялық
ерекшеліктерін бағалап беруге
мүмкіндік туды.
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

• Мектепке дейінгі ұйымдар
• Орта білім беру ұйымдары

• Мамандандырылған білім беру ұйымдары
• Арнайы білім беру ұйымдары
• Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру
ұйымдары
• Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары

• Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары
• Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
• Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары
Психологиялық қызметтің мақсаты - білім беру
ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын
сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және
білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау
көрсету.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі
тәрбиелеу мен өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуына олардың табысты
әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу
негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал етуді қамтамасыз ету;
психологиялық диагностиканы жүргізу, оның ішінде суицидтік қауіптерді
анықтау мақсатында, сондай-ақ білім алушылардың шығармашылық әлеуетін
дамыту;
психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын
шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
білім алушылардың психикалық денсаулығын қорғау;
психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының
қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық
көмек көрсету;
білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық
құзыреттілігін көтеру.
Психологиялық
қызмет
жұмысының
негізгі бағыттары
Психологтың негізгі құжаттарының түрлері

Нормалы (қағидалы) құжаттар
Бала құкығы туралы халықаралық конвенция
«Білім туралы» ҚР заңы
«Білім» мемлекеттік бағдарлама
Психологиялық қызмет ережесінің жобасы
Білім мекемесіндегі педагог-психологтың статусының жобасы
ҚР білімінің даму концепциясы
Психологтың этикалық кодексі
Концептуалды құжаттар
Қызметтік және есептік кұжаттар

Мекеме басшысымен бекітілген бір жылға арналған
күнтізбелік жоспары
Психологиялық қызмет бағыттарын көрсететін жалпы жұмыс
жоспары
Күндік, апталық, айлық жоспар
Циклограмма
Жылдық есеп
Жеке іс – шаралар:
Психологтың жұмыс мазмұнының көрінісі (жабық
құжат)

Жылдық аналитикалық анықтама, мәлімет, есеп
Статистикалық есеп (айлық, тоқсандық, жылдық мәтіндік есептер)
Педагогикалық — психологиялық сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша
талдау жеке топтық жұмыстардың аналитикалық анықтамалары
Психологиялық кеңес беру бағытының журналы
Жеке түзету-дамыту сабағын есепке алу журналы
Топтық түзету-дамыту сабағын есепке алу журналы
Сұранысты тіркеу журналы
Психологиялық сұраныстар журналы
Психологтың атқарған жұмыстарын тіркеу журналы
Психодиагностикалар (акт, карта, психологиялық портреттер, зерттеудің хаттамалары,
қорытулар, салыстырмалы кестелер, кеңестер)
Педагогикалық ұжымды
зерттеудегі диагностиканың
маңызы
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік жөне кәсіптік бірлестігі ретінде
ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде
педагогикалық ұжымға жинақылық, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және
ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық жене кәсіптік сипаттар тән.
Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі
болып есептеледі.
Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігі оның кәсіптік қызметіне
байланысты, нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен тэрбиелеуде.
Педагогикалық ұжымның көсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің
педагогикалық мөдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен,
ұжымдық жөне дербес жауапкершілікті сезінуімен, ұйымшылдық,
ынтымақтастық деңгейімен анықталады. Өзінің мәні педагогикалық, тәрбиелік
болып табылатын оку орындарының ұжымы оқушыларға үлкендердің ұжымы,
олардың өзара қатынасы, бірлесе әрекет етуі туралы алғашқы түсініктерді
қалыптастырады. Бұл жағдай педагогикалық ұжымды өзін-өзі ұйымдастыруға,
үнемі өздігінен жетілуге ынталандырады.
Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В. А.
Сухомлинскийдің педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс
тапты. Ол әрбір педагогикалық ұжымның езіңдік ерекшелігі
болатындығын атап көрсетті.
Соңғы жылдары педагогикалық ұжымның дамуы мен қызметінің
ішкі механизмін ашуға арналған /Н. С. Дежиннова, В. А.
Кераковский, Л. И. Новикова, Р. X. Жакуров жөне т.б./ еңбектер
жарияланды.
Білім беру ұйымындағы психологиялық ахуал – ұжымның
әлеуметтік- психикалық көңіл-күйі, оның мүшелері арасындағы
моральдық талаптары мен қызығушылықтарының деңгейі,
іскерлігі және жеке бір-біріне деген қарым-қатынасы.
Педагогикалық диагностика – бұл педагогикалық іс-әрекет
саласындағы құбылыстардың мәнін жан-жақты зерттеу,
педагогикалық факторлардың кешенді әрекетінің нақты
көрінісін анықтау. Оның мақсаты - мұғалім мен мекеме
басшысына педагогикалық ұжым ішіндегі мәселелер туралы
жедел және сенімді ақпарат беру, оқу процесінің барлық
компоненттеріне талдау жасау.
Мұғалімнің іс-әрекеті мен жеке басын зерттеу - әдістемелік
жұмыстың сапасы мен тиімділігін арттырудың қажетті шарты.
Әдістемелік жұмыс мұғалімге балаларды оқытуда жоғары
нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. Бұл міндет тек әрі
қарай жетілдіру міндеттерін ғана емес, сонымен бірге әр
мұғалімнің нақты мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырады.
Диагностикалық жұмыс көмектеседі:
- педагогикалық шеберлікті дамытудың барлық салаларында мұғалімнің қажеттіліктерін нақты ескеруге;
- аралық және қорытынды нәтижелерді объективті бағалауға;
- шығармашылық белсенділікті дамыту үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау, перспективаларын анықтауға;
- бүкіл ұжымның тәрбие жұмысын жақсарту арқылы әр мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің өсу бағдарламасын жасауға;
- әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда, кәсіби білімді игеруде өзара көмек көрсету проблемасын ғана емес, сонымен қатар
алдыңғы қатарлы мектеп құрудағы психологиялық үйлесімділіктің аспектілерін ескеруге;
- әдістемелік жұмыстың мұғалімдердің тәрбиесімен тығыз байланысын, олардың жалпы мәдени көзқарасын арттыра отырып
қамтамасыз етуге;
- жалпы білім беруді басқару жүйесінің функциясы және ажырамас элементі болып табылатын халықтық білім берудегі
әдістемелік жұмысты оңтайлы жоспарлауды қамтамасыз етуге;
- мектеп мекемелерінің барлық жұмыстарын жүйелеуге.
Осылайша, диагностика басқару жүйесін оңтайландырады және мұғалімнің жеке басын, оның кәсіби сұраныстары мен
қажеттіліктерін бірінші орынға қояды.
Оларды зерттеу үшін диагностиканың әртүрлі әдістерін қолдануға болады.
Педагогический коллектив

1. Тест для определения характера взаимодействия воспитателя с детьми
2. Тест для определения эмоционального благополучия воспитателя в
детском саду
3. Анкета «Климат»
4. «Определение групповой сплоченности Сишора»
5. «Психологический микроклимат в трудовом коллективе» Шатыло
6. «Психологический климат в коллективе»
7. «Социометрия» Морено.
Тесты
Тест «Удовлетворённость работой»
Тест на оценку уровня творческого потенциала личности
Тест «Взаимодействие педагога с ребёнком»
Тест А.Ассингера (позволяет определить достаточно ли
педагог корректен в отношениях со своими коллегами и
детьми, легко ли им общаться с ним).
Опросники
Модифицированный опросник оценки уровня готовности педагогов к инновационной деятельности Т.С.Соловьевой.
«Опросник для оценки уровня социально-психологической адаптации педагога»

«Опросник Баса – Дарки»

«Способность педагога к эмпатии»

«Изучения межличностных отношений»

«Опросник Айзенка»

«Самооценка профессиональных качеств педагога»

«Опросник креативности Джонсона»

«Степень педагогического общения»
Методики
Методика диагностики мотивационной среды
Диагностическая карта "Оценка готовности учителя к участию в инновационной деятельности"
Экспресс-методика по изучению социально-психологического климата в коллективе.
Методика разработана О.С. Михалюк и А.Ю. Шалыто
Общий уровень общительности, разработан В.Ф.Ряховским
Методика изучения удовлетворённости педагогов жизнедеятельностью в образовательном учреждении
(разработана Е.Н.Степановым)
Диагностическая проективная методика «Древо желаний» В.С. Юркевич
Диагностика степени психосоциальной зрелости (тестовая беседа)
Диагностика уровня «эмоционального выгорания»
Шкала мотивации достижения.
Шкала профессионального стресса
Шкала проявления тревожности Дж. Тейлор
Шкала мотивации достижения
Самотест «Эмпатия»
Оценка уровня инновационного потенциала педагогического коллектива Позняк Л.В.

Ұқсас жұмыстар
Сұраныстар конструкторының терезесі
5- сынып оқушыларын пәндік оқуға бейімдеу
Саясат жайлы
Мәліметтер қорымен жұмыс
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру шарты ретінде
Мәліметтер қорын басқару жүйесі
Студенттің психологиялық сипаттамасы
Төртінші курс - жақында
Психологиялық қызметтің мақсаты психологиялық көмек көрсету
Психолог және мұғалімдер ұжымы
Пәндер