Әдебиет - өнер, көп өнердің ішінде сөз өнері




Презентация қосу
ОҚМПУ
Орындаған:Тұрсымбаева Айтгул
Тобы:170110
Қабылдаған:Сапарбаева Қ.Ж.
Пәні:Әдебиеттануға кіріспе
Тақырыбы:Әдебиеттану ғылымындағы
көркемдік-эстетика және оның
салалары
• «Әдебиет» деген сөздің түп төркіні арапша
атаудан шыққан, «сөз, асыл сөз» деген
мағынасы бар. Әдебиет – өнер, көп өнердің
ішінде сөз өнері. Мүсіншінің құралы – саз-
балшық, суретшінің құралы – бояу, әншінің
құралы – үн, бишінің құралы – қимыл
болса, әдебиетшінің құралы – тіл.
• Әдебиеттің таным тарапындағы мәні де, тәрбие
саласындағы мәні де орасан күрделі әрі шешуші
сыры – эстетикалық мәніне негізделген.
Әдебиеттің күллі қоғамдық-өзгертушілік қасиетін
түсіну үшін, оның эстетикалық табиғатын қажет.
• Жан тебірентер, адамды баурап алар әсем әсер
жоқ жерде шын мағынасындағы өнер туындысы
да болмайды. Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-
қиялын, сыр-мінезін түгел баурайды: қуантады,
сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады,
күлдіреді... қысұасы, адамның көңіл-күйінде сан-
сапа құбылыстар туғызып, із қалдырады. Бұл –
әдеби шығарманың эстетикалық әсері.
• Әдебиеттің қоғамдық мәнін айтқанда ең
алдымен оның таным тарапындағы
маңызын атау шарт. Қандай бір көркем
шығарма болмасын, ол оқырманға бұрын
бей-мәлім өмірді, шындықты, бейтаныс
заманды, адамды танытады. Әр кітап
оқырман үшін бұрын-соңды беймәлім
дұниенің есігі секілді. Сол есікті ашып
кіргенде ғана адам өзіне белгісіз құпиялар
сырына тереңдеп, танымын байытпақ.
• Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық
пен өсемдікті дұрыс қабылдасауды және эстетикалық сезім
мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты
жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Адамдардық эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор
рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның
рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең
жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның
әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және
ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне
байланысты, оның саналы тәртібі мен
мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның
әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы
керек екендігі шығады.
• Қоғамдық өмірде әдебиет қозғамайтын мәселе, назар
аудармайтын жағдайлар аз-ақ, жоқтың қасы. Алайда
әдебиет алдымен адамның тұтас тұлғалы бейнесін
көрсететін болғандықтан, қоғамдық өмірдегі қай
мәселеге болсын эстетикалық қатынас тұрғысынан
қарап, оны шығармадағы көрсетілетін нақтылы өмірлік
жағдайларға орай бейнелейді. Көркем шығармада өмір
құбылысы, оның әр түрлі ерекшеліктері тұтас
көрсетілсе де, ненің маңызды, мәнді екені айқын
ажыратылып, дәл танылады. Уақиғалардың, адам
бейнесінің әдебиетте нақтылы сереттеледі,
оқырманға өмірдің өзін көріп отырғандай әсер беріп,
шығарманың ой-сана күшті ықпал етуіне мүмкіндік
береді.
• А.С. Пушкин: «Ең арғы жағы геометрияға да
шабыт керек».
• Станиславский: «Нағыз шалқар шабыт,
творчестволық құлшыну мен құштарлық
суреткердің өнердегі өзін сүюінен емес, өзіндегі
өнерді сүюінен туады».
• Суреткер бітімін, талант табиғатын
байыптағанда оның жеке басының дара
қасиетін, оның рухани жан дүниесін, әлеуметтік
кейпі мен моральдық кескінің, дүниетанымы
мен қоғамдық қызметін, білімі мен мәдениетін
де ескеру қажет.
• Суреткердің қоғамдық қызметін пайымдау оған тән
дүниетаным, күрделі және әр қилы көзқарас мәселесін
қоса қозғау болып табылады. Суреткердің дүниетанымы
мен әлеуметтік көзқарасы – эстетиканың ең негізгі
мәселелерінің бірі.
• Адам баласы дүниені ғылым арқылы танып-біледі.
Табиғат пен қоғам құбылыстарының заңын ашатын, мәнін
түсіндіретін – ғылым, теория. Алайда адамға өмір мен
күрес үшін ойлы бас қана емес, ерік, құштарлық, сезім де
керек. Осы арада шындықты дәлелдейтін ғылыммен
қатар оны көзге көрсететін көркем әдебиет те өзінің
қоғамдық рөлін ойнай бастайды.
• Әдебиеттің қоғамдық мәнін айтқанда, ең алдымен, оның
таным тарапындағы маңызын атау шарт. Кез-келген
көркем шығарма оқырманға бұрын беймәлім өмірді,
шындықты, бейтаныс заманды, адамды танытады.
• Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі –
көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен бірлігі бола тұра
өзгешелігі де мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға
бірдей жетімді деу қиын: сөз – бояу немесе дыбыс емес, барлық
халыққа бірдей және бірден түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өз
тілі бар және әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Бұл жағдай –
көркем әдебиеттің халықаралық өрісіне біраз бөгеу, тіпті тұсау
екені рас. Бірақ, есесіне, әдебиеттің тілі музыка тілінен гөрі нақты,
театр тілінен гөрі затты. Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері затты,
нақты болғанымен жансыз, қимылсыз, ал әдебиет кез келген
шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете
алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін - бар өнердің басы,
өнер атаулының ең қиыны және күрделісі, ең жоғары түрі деуге
болады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ

Ұқсас жұмыстар
КӨСЕМСӨЗ МҰРАСЫ
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛАЛАРЫ
КЛАССИЦИЗМ ӨНЕРІНІҢ ТУЫП ҚАЛЫПТАСУЫ
Өнер психологиясы
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕР ТҮРЛЕРІНІҢ ШЫҒУ ТЕГІ
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ. АУЫЗДАН- АУЫЗҒА ТАРАП, ХАЛЫҚ ЖАДЫНДА САҚТАЛҒАН ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ МАҒЫНАСЫ ДА, МАҢЫЗЫ ДА, ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР
Аристотельдің өнер философиясы
ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ШАҒЫН ЖАНРЛАР ПОЭТИКАСЫ
Қазақ халқының өнер философиясы
Өнердің түрлері
Пәндер