Бактерия клеткасының құрылысы


Slide 1

Қазақ Инновациялық Гуманитарлық -заң университеті

Қолданбалы биология кафедрасы

Презентация

Тақырыбы:Микроорганизмдердің морфологиясы мен жіктелуі. Микроорганизмдердің систематикасы, классификациясы мен номенклатурасы.

Орындаған: Сағынбай Рахима

Қабылдаған: Байгазинов Ж. А

Топ:423- "Б"

Семей-2020

Slide 2

Микроорганизмдердің морфологиясы

Бактериялар, олардың пішіні және көлемі

Бактерия клеткасының құрылысы.

Капсуланың маңызы және рөлі

Бактерия клетка қабырғасының құрылысы және рөлі

Генетикалық ақпараттың тасымалдаушылар

Бактериялардың қозғалуы

Таяқша бактериялардың спора түзуі

Бактериялардың көбеюі және өсуі.

Әдеттегі емес микроорганизмдер

Slide 3

Микроорганизмдер- көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көрінбейтін тірі организмдер. Олар миллиметрдің мыңнан бірлігі- микронмен өлшененді. Бұлардың құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 400-500 есе үлкен арнаулы аспап-микроскоп қолданылады. Қазір 800-1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микроскопты пайдаланады. Микроорганизмдердің басым көпшілігі - бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды да зерттейді.

Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты. Микробиология - микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды өзгертудегі олардың негізгі ролі қарастырылады.

Микроорганизмдер тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері-ашу процесі. Күнделікті көріп жүрген сыра мен түрлі шараптар, тағамдардың шіріп, бүлінуі және көгеруі бәрі де осы микроорганизмдердің әсерінен болады

Slide 4

Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Голландия әуесқойы Антон ван Левенгуктің (1632-1723) есімімен тікелей байланысты. Жас кезінен шыныларды құрастырумен көп айналысқан ол, заттарды 160-300есеге дейін үлкейте алатын алғашқы микроскопты құрастырған. Орыс оқымыстысы И. И. Мечниковтың 1845-1916 еңбегі зор. Ол микробиологияда бір қатар жаңалықтар ашты. Соның ішінде, әсіресе иммунитет және бактериология жайындағы еңбектері өте бағалы. И. И. Мечников фагоцитоз және оның иммунитетттегі ролі туралы тыңғылықтық ілім жасады.

Slide 5

Бактериялар-бір клеткалы ағзалар, хлорифилі жоқ, өсімдіктердің бір түрі. Олар көптеген инфекцияның ауру қоздырғыштарынан тұрады. Олардың өте үлкен және ұсақ, орташа түрлері болады. Ең ірі бактериялар сібір жарасы, гангрена қоздырғыштары.

Бактериялардың негізгі 3 түрлі формалары бар:шар тәрізді коккалар, таяқша тәрізді бактериялар, бациллалар және клостидиялар және спирал тәрізді спирилла және виброндар.

Slide 6

Шар тәрізділер түрлері форма-коккалар сыртқы пішіні шар тәрізді строфилкоккалар, ст. рептоктар. Көптеген коккалар-сапрофиттер, олар спора түзбейді. Қозғалмайды, табиғатта кең таралған. Коккалар жеке-жеке бір-бірмен қосылмаған-микрококктар деп аталады Диплококктардан адам ағзасында ауру туғызатын қоздырғыштар, гонореия, минингит қоздырғыштары.

Таяқша пішінді түрлері- спора түзушілер және спора түзбейтін түрлері болады. Пішініне қарай ірі, орташа ұсақ таяқша түрлері, цилиндр, овал формалары түрлері кездеседі.

Спирал пішінді түрлері-табиғатта кең таралған. Оларға споралар және виброндар жатады. Споралар тығын тәрізді спирал формалы болып келеді. a) стрептококкалар, (b) диплококкалар, (c) тетракоккалар, (d) сарциналар, (e) стафилококкалар

Slide 7

Спирохиттер-штопр тәрізді иілген формалы бактериялар және қарапайымдардың аралық формасы. Көлемі, ені-0, 3-1, 5м, ұзындығы-7-500м. Клетка қабықшасы жоқ, ядросы болмайды. Спирохиттер қозғалғыш. Бөліну арқылы көбейеді. Бүктелу және қозғалғыш қасиеті орталық жіпше арқылы жүзеге асады. Саңырауқұлақтар-хлорофилсіз өсімдік әлеміне жатады. Дифферециялық ядросы бар, спора арқылы көбейеді. 5 классқа жіктеледі.

Slide 8

1. Архилициттер класы (archimycetes) -жыныссыз жолмен көбейетін қарапайым саңырауқұлақтар. Жоғары сатылы өсімдіктердің паразиттері.

2. Фикомициттер класы(Phycomycetes) -жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жұқа бұтақша пішінді саңырауқұлақтар. Бұл классқа мукор үлпілдек мақта тәрізді плесень түзіледі. Мукор мақтасы жынысты жолмен де көбейеді. Адамда өкпе, құлақ қалқандарын ауруға ұшыратады.

3. Аскомициттер класы(ascomycetes) -тағамдарда, қанның бетінде кездеседі. Адамдарда тыныс жолдарын, көз, құлақты зақымдайды

4. Пенициллин(penicillium) -көп клеткалы, пенициллин алады.

5. Акомицитез класы- ашытқы саңырауқұлақтар. Нан өсімдіктерде, шарап өндіруде қолданады.

Slide 9

Қарапайымдылар бактерияларға қарағанда күрделі дамыған. 4 классқа жіктеледі:70 мың түрлері бар.

1. Саркодиналар класы-тынымсыз қозғалады, қабықшасы болмайды, дене пішіні тұрақсыз, бөліну арқылы көбейеді.

2. Спорофиттер(Sporozoa) - жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді, арнайы қозғалу органы жоқ.

3. Жгутиктілер(Flogollata) -овал және шар тәрізді, белсенді қозғалады. Бөліну арқылы көбейеді.

4. Талшықтар(Infusoria) -инфузориялар кірпікшелер арқылы қозғалады, адамда ішек инфузориясы кездеседі.

Slide 10

1. Микроорганизмдердің жіктелуі (топтастыру) ;

2. Protozoa жіктелу принципі;

3. Саңырауқұлақтардың жіктелу принципі;

4. Вирустардың жіктелу принципі.

Slide 11

Микроорганизмдердің жіктелуі (топтастыру) . Микроорганизмдер - дегеніміз олардың кішкентай өлшемдеріне байланысты жай көзге көрінбейтін организмдер. Бұл оларды біріктіретін жалғыз шарт болып табылады. Қазіргі топтастыруға сәйкес микроорганизмдер дүниесі үшке бөлінеді:

1. Vira - оларға вирустар жатады;

2. Eucariotae - оларға қарапайымдылар және саңырауқұлақтар жатады;

3. Procariotae - оларға нағыз бактериялар, риккетсия, хламидия, микоплазмалар, спирохеталар, актиномицеттер жатады.

Сонымен қатар өсімдіктерге және жануарларға арналған микроорганизмдердің атына сәйкес бинарлық номенклатура, яғни тұқымдық және түр атауына байланысты, қолданылады, бірақ егер түр-тұқым атауын зерттеушілер анықтай алмай тек тұқымдық белгісі ғана белгілі болса, онда "species" термині қолданылады. Микроорганизмнің сәйкес тұқымдық аты әдетте морфологиялық белгісіне (мысалы, Staphylococcus, Vibrio, Mycobacterium) немесе осы қоздырушыны негізін қалап зерттеген автор тегінің туындысына байланысты болуы мүмкін (мысалы, Neisseria, Shigella, Escherichia, Rickettsia, Gardnerella) .

Сонымен қоса, орыс тіліндегі медициналық әдебиетте бактериялардың сәйкес атының орнына орысталынған түрі қолданылуы мүмкін (мысалы, Staphylococcus epidermidis орнына - эпидермалдық стафилококк; Staphylococcus aureus орнына - алтын тәрізді стафилококк және т. б. ) .

Slide 12

Прокариот дүиесі өзіне цианобактерия, эубактериялар бөлімдерін қосады және өз кезегінде мына қатарларға бөлінеді:

1. Меншік бактериялары ( Gracilicutes, Firmicutes, Tenericutes, Mendosicutes бөлімдері) ;

2. Актиномицеттер;

3. Спирохеталар;

4. Риккетсиялар;

5. Хламидиялар.

Slide 13

Бактериялар штамдарын осы немесе басқа топқа жатқызуға мүмкіндік беретін негізгі таксономиялық белгілер келесідей бөлінеді:

1. Микроб клеткаларының морфологиясы (коктар, шыбықтар, бүгілмелілер) ;

2. Грамм - тинкториальды қасиеті бойынша бояуға көңіл бөлу (грамжарамды және грамжарамсыз) ;

3. Биологиялық тотығудың түрлері - аэробтар, факультативті анаэробтар, облигатты анаэробтар;

4. Спораның пайда болу қабілеттілігі.

Негізгі таксономиялық категориялар болып табылатын тұқымдас, тұқым және түрлер бойынша топтардың келесі дифференциациясы биохимиялық қасиеттердің зерттеулері негізінде өткізіледі. Бұл принцип арнайы нұсқауларға, яғни бактерияларды анықтауыштарға келтіріліп, бактериялардың жіктелуіне негіз болды.

Түр - дегеніміз бірыңғай генотипі бар стандартты шарттарда ұқсас морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық белгілермен айқындалатын эволюциялық қалыптасқан жиынтық

Slide 14

Бактериялардың түр ішіндегі саралаудың нұсқалары болады:

1. Биологиялық қасиеттермен (биоварлар немесе биотиптер) ;

2. Биохимиялық белсенділікпен (ферментауарлар) ;

3. Антигендік құрылыммен (сероварлар немесе серотиптер) ;

4. Бактериогфагтарға сезімталдығымен (фаговарлар немесе фаготиптер) ;

5. Антибиотиктерге тұрақтылығымен (резистентауарлары) .

Slide 15

Микробиологияда дақылдар, штамм және клон сияқты арнайы терминдер кең қолданады.

Дақылдар - бұл көзге көрінетін нәрлі орталардағы бактериялар жиынтығы. Дақылдар таза (бактерияның дара түрінің жиынтығы) және аралас (бактериялардың екі немесе одан да көп түрлерінің жиынтығы) түрінде болады.

Штамм - бұл әр түрлі қайнар көздерінен немесе әр түрлі уақытта бір қайнар көзінен бөлінген бактерияның бір түрінің жиынтығы. Штамдар түр мінездемесінің шегінен шықпайтын кейбір белгілеріне қарап ерекшелінеді.

Клон - бұл бір клетканың тұқымы болатын бактериялардың жиынтығы.

Slide 16

Protozoa жіктелу принциптері. Қарапайымдылар - дара клеткалы эукариотты жануарлар организмдері, бактерияларға қарағанда жоғары дамыған. Оларда цитоплазма, дифференцияциаланған ядро, қабық және жабайы органоидтар болады.

Қарапайымдылардың топтастырылуы қозғалыс тәсілдеріне, көбеюге және даму цикліне негізделген. Бұл организмнің 3-ға жуық түрі болады және 4 класқа бөлінеді:

1. Талшықтылар (Flagellata) ;

2. Тамыраяқтылар (Sarcodina) ;

3. Споровиктер (Sporozoa) ;

4. Инфузория немесе кірпікшелілер (Infusoria) .

Slide 17

Саңырауқұлақтардың жіктелу принциптері. Барлық саңырауқұлақтар шартты түрде төмен және жоғары сатыларға бөлінеді. Саңырауқұлақтардың жүйелі түрде орналасуы олардың жыныстық ұрық көтергіштігіне байланысты: төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда - жыныс процесінің пішіні, жылжымалы сатысындағы талшықтар саны; жоғары сатыдағы саңырауқұлақтарда - ұрықтардың пайда болу мінез-құлығы, пішіні және құрылысы. Сонымен қатар жүйелі белгілерге саңырауқұлақтардың қоректену түрі, жіпшумақтың (мицелий) құрылысы ( пердешелі және пердешелі емес ) және т. б. жатады.

Slide 18

Қазіргі кезде барлық саңырауқұлақтар 7 негізгі кластарға бөлінеді:

1. Хитридиомицеттер - Chytridiomycetes;

2. Оомисеттер - Oomycetes;

3. Зигомицеттер - Zygomycetes;

4. Аскомицеттер немесе қалталылар - Ascomycetes;

5. Базидиомицеттер - Basidiomycetes;

6. Дейтеромицеттер немесе кемеліне жетпеген саңырауқұлақтар - Deuteromycetes;

7. Трихомицеттер - Trichomycetes.

Slide 19

Вирустардың жіктелу принциптері. Қазіргі кездегі вирустардың жіктелуі омыртқалы және омыртқалы емес жануарлар мен өсімдіктер вирустарына әмбебап болып келеді. Барлық вирустардың ішінен жануарлар мен адам вирустарының жіктелу саны 45-ке жетеді және олар өзара 19 тұқымдасқа таралып, олардың 7-і - ДНҚ ұстаушылар және 12 - і - РНҚ ұстаушылар. Негізі болып келесі белгілер саналады:

Slide 20

Негізі болып келесі белгілер саналады:

1. Нуклеин қышқылының түрі (ДНҚ немесе РНҚ), оның құрылысы ( жіптер саны ) ;

2. Липопротеидті қабықшасының болуы;

3. Вирион мөлшері мен морфологиясы, симметрия түрі, капсомер саны;

4. Генетикалық әрекеттесу түрі;

5. Түсінгіш иелерлерінің шеңбері;

6. Зардаптылық (патогендік) ;

7. Географиялық таралуы;

8. Беру әдісі;

9. Антигендік қасиеті.

Slide 21

Штамм - бірдей немесе әртүрлі табиғи қоректік орталардан, әртүрлі уақыт аралығында бөлініп алынған, бір түрге жататын микроорганизмдердің таза культурасы. Бір түрдің штаммдары ортақ қасиетке ие. Культуралды ашытқылар штаммы -

Раса деп аталады. Мысалы тағам өндірісінің көптеген салалаларында (нан, спирт, сыра, квас және т. б) қолданылатын Saccharomyces cerevisiae түріне жататын ашытқылар расасы бір-бірінен көмірсуларды пайдалану жылдамдығы, ашыту белсенділігі, түзетін жанама өнімдердің көлемі бойынша өзгешеленеді.

Клон - бiр клеткадан алынған дақыл немесе культура. Қәзiргi кезде микрооорганизмдердi анықтау, ажырату үшiн 1 984 жылы қабылданған Бергийдiң «Бактериялар анықтамасы» пайдаланылады.

Slide 22

Микроорганизмдердің номенклатурасы

Микроорганизмдерді топтастыру кезінде екі әдіс қолданылады: табиғи (филогенетикалық) және жасанды классификация. Қазіргі кезде микроорганизмдердің классификациясының барлығы жасанды классификация болып табылады. Номенклатура-микроорганизмді толығымен зерттеген соң, белгілі бір атау берілуі. Микроорганизмдерді атау үшін, ХVIII ғасырда К. Линней ұсынған бинарлық номенклатураны (екі латын сөзінен тұратын атау) қолданады. Бірінші сөз- түр атауы. Бұл зат есім, бас әріппен басталады, әдетте морфологиялық, физиологиялық немесе ерекше бір қасиетін, мысалы: тіршілік ету ортасын сипаттайды. Екінші сөз- бұл сын есім және кіші әріппен жазылады, түрдің белгілі бір ерекшелігін сипаттайды. Мысалы: Streptococcus lactis микроорганизмінің атауы. Streptococcus-түр атауы. Бұл түрге сфералық пішінді (коккалар), әдетте тізбектеліп орналасатын (морфологиялық қасиет) бактериялар жатады. Екінші сөз тіршілік ету ортасын көрсетеді - сүтқышқылды стрептокок. Микроорганизмдерді атау микроорганизмдер номенклатурасының Халықаралық Кодексі ережелеріне сәйкес жүргізіледі және ол дүниежүзі елдерінде бірдей.

Slide 23

Микроорганизмдердің клеткалық құрылымының типтері :

Микроорганизмдердің клеткалық құрылымының ең қарапайым типі - бір клеткалы. Бір клеткалы микроорганизмдер көлемі өте шағын. Бактериялар, қарапайымдар, ашытқылар арасында бір клеткалылар жиі кездеседі.

Көпклеткалы - клеткалық құрылымның күрделі типі. Көпклеткалы организмдер бір клеткадан түзіледі, бірақ ересек күйінде көп клеткадан тұрады және орналасу реті әртүрлі болады. Жануарлар, өсімдіктер және кейбір микроорганизмдер көпклеткалы құрылымға ие.

Кейбір микроорганизмдердің биологиялық құрылымы көпядролы құрылымды болып келеді. Ондай микроорганизмдер ценоциттілер деп аталады. Олар өсу кезінде клеткалары бөлінбейді. Ондай ағзаларға көбінесе балдырлар және саңырауқұлақтар жатады.

Клеткалардың екі типі бар: бірклеткалы, көпклеткалы және ценоцитті құрылымға ие эукариоттар және прокариоттар (негізінен бірклеткалылар) .

Slide 24

Прокариотты (бактериалды) клетканың құрылымы.

Прокариоттардың негізгі ерекшелігі клеткаішілік мембраналық жүйесінің болмауы.

Клетка қабырғасы клеткаға пішін береді, сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғайды, клетка ішіне артық мөлшерде ылғал кіруін болдырмайды.

Бактериалды клетканың құрылыс схемасы

Цитоплазмалық мембрана

Клетка қабырғасы

Тилокоид

Цитоплазма

Slide 25

Прокариотты (бактериалды) клетканың құрылымы


Ұқсас жұмыстар
БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ КӨБЕЮІ
РИККЕТСИЯ ХЛАМИДИЯ
Микроб
Микроорганизмдердің өсу кезеңдері
Таяқша бактериялар
Электронды микроскоппен зерттеу
Микроорганизмдердің адам өміріндегі маңызы
Микроорганизмдердің қоректенуі
Микроорганизм клеткасының органикалық заттары
Генетикалық инженерия негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz