Түркі тайпаларының дүниетанымы мен наным-сенімдері: тәңіршілдік және сыртқы діндердің ықпалы


Slide 1

Түркі тайпаларының дүниетанымы мен наным-сенімдері.

Орындаған: Құрақбаев Мақсат

Slide 2

Тәңіршілдік - түркі халықтарының исламға дейінгі негізгі діни нанымы. Табынудың басты объектісі - Тәңір. Тәңірі (көне түркі тілінде - мықты, ер, құдіретті) - көне түркілердің діни наным-сенімдеріндегі тұлғаланбаған, шексіздік күйі есебіндегі аспанмен теңестірілген басты Құдай бейнесі. Дін тарихын зерттеуші француз ғалымы Жан Поль Рудың пікірінше, көне түркілердің арғы ата-бабалары Көк тәңіріне табынған. Қытай тарихшылары Тәңірге табынудың пайда болуын б. з. б. III ғасырға жатқызады.

Slide 3

Түркілерде Тәңірмен бірге отбасы және балалардың қамқоршысы Ұмай ана саналды. Тәңірі және Жер-Сумен бірге түркілер сиынатын құдайларының қатарына Ұмай ана да енді. Бұл Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіштен анық байқалады. Онда сәтті жорықтардың бірін сипаттаған кезде: «Көк тәңірі, Ұмай Ана, қасиетті Жер-Су, міне, осылар бізге жеңіс сыйлады!» - деп жазылған.

Slide 4

Құрбандық шалудың ерекше түрі - тасаттық беру. Бұл жұт жылдары, қар мен жаңбыр аз жауып, жер мен шөптің ырысы кетіп, мал жұтағанда жасалады. Ауыл адамдары өзен-көл, тоған басына барып Тәңірден жақсылық тілеп бата жасап бір малды құрбандыққа шалады

Slide 5

Қорқыт ата түркілерде халықты Тәңірмен жалғастырушы болып есептелді. Түркілер Қорқыт атаның ауруды емдеп, бақытсыздықтан сақтайтындығына, балаларды түрлі сырқаттардан қорғайтындығына сенді. Қорқыт атаның айтуынша, адам үшін ең жағымсыз қасиет - адамгершіліктің жоғалуы.

Slide 6

Неміс ғалымы

Г. Дерфердің пікірінше, тәңіршілдік - адамзаттың бір құдайға табынушылық діндерінің бірі. Тәңіршілдік басқа әлемдік діндерге әсерін тигізіп, оларды жетілдірді. Қыпшақ тайпалары Тәңірге табыну дәстүрін ұзақ уақыт сақтап келді.

Slide 7

Тәңірлік дін генезисі жағынан шығыстық діни жүйелерге ұқсас болғанымен, типологиясы, типтік ерекшеліктері тұрғысынан олардан өзгеше. Құрманғазы Қараманұлы «Тәңірге тағзым» еңбегінде тәңірілік діннің төмендегідей ерекшеліктерін атап көрсетеді:

1. Тәңір діні - халқымыздың қалыпты дүниетаны-мынан туған, табиғатқа табыну, Аспанды - ата, Жерді - ана деп ардақтау және аруаққа сыйыну, рухы күшті адамдардың өмірін өнеге тұту салтынан өрбіген ұлттық дін.

2. Тәңір (көк) - күллі әлемді жаратқан бейтарап құдіретті күш. Ізіңді аңдып, аузыңды бағып, ойыңды тіктеп әуреге салмайды, яғни күнделікті тіршілік ағымына араласпайды.

3. Сондықтан бұл дінде құдайға жағыну, жақсы атты көріну мақсатымен ертеңнен қара кешке дейін құлшылық ету рәсімі жоқ. Дінді ұстаушылар тек басына күн туғанда ғана Тәңірге тілек айтып, әруаққа сиынады.

4. Діннің өз жора-салттары бар. Олар - Тәңірдің құдіретіне тәубе етіп, құбандық шалу, ата-баба аруағына арнап ас беру, т. б. Сол сияқты таңертең тұрғанда, күншығысқа қарап бас иіп, тағзым ету шарт.

5. Тәңір дінін ұстағандардың өз мерекелері (наурыз, қымызмұрындық, сабан той, соғым басы, т. б. ), христиан дініндегі көгершін секілді символдық киелі құстары, (аққу, қарлығаш), ислам дініндегі - жұма, яхуда дініндегі - сенбі, христиан дініндегі - жексенбі секілді сыйлы күн (сәрсенбі), өзіне тән ырымдары бар.

6. Мұнда құдай лебізін жеткізеді делінетін періштелер мен пайғамбарлар «жаратқан осылай жасауға әмір етті» делінетін ережелер «күнә», «тозақ», «жазмыш» т. б. жөніндегі жаттанды қағидалар жоқ.

7. Жұртты жинап, құдайға құлшылық ету рәсімдерін ұйымдастыратын шіркеу, мешіт, монастырь секілді орындарға да мұқтаж емес. Тәңір - әркімнің өз жүрегінде. Оған тілек айту, жалбарыну жорасы әркімнің көңіл қалауы бойынша жасалады.

8. Мұнда діни фанатизм жоқ, өйткені «Тәңір Көк әлем халықтарының бәріне ортақ, ал әр халық өз ата-бабасын ардақ тұтады» дейтін қағиданы ұстанады. Адамдар кемел ойы мен кісілігіне қарап бағаланады.

9. Тәңір діні адамгершілікті насихаттайды.

10. Тәңір дінін ұстанатындарға үш қарызды орындау міндет. Олар - Тәңір алдындағы, ата-баба алдындағы және ұрпақ алдындағы қарыздар.

Slide 8

Буддизм. Соғдылар Орталық Азияның біраз елдерінде будда ілімін таратты. Будда ілімі осы аумақта қоныстанған халықтардың материалдық және рухани мәдениетін байытты. ІІ-VІII ғасырдың басында Жетісу мен Орта Азияда жүзге жуық монастырь жұмыс істеп, мыңдаған монахтар болған. Будда ілімінің бұл аймақта тарағаны жөнінде осы өңірден табылған қолжазбалар куә бола алады. Түркілер бұл діннің негізгі қағидаларын аударған. Будда мәтіндерінде жергілікті түркі дүниетанымының әсері байқалады.

Slide 9

Манихейлік және зороастризм. Түркілер арасында манихейлік дін де тарады. Бұл діннің негізі III ғасырдың соңында ежелгі Иран жерінде қаланды. Алайда манихейлік дін бейнелеу өнері мен музыканы дамытуда үлкен рөл атқарды. Олардың ғұрыптарында бұл өнер түрлеріне үлкен мән берілді. Манихейлік кейін барлық жерде жойылғанымен, бұл ілім бірқатар халықтардың діни және мәдени өміріне айтарлықтай ықпал етті.


Ұқсас жұмыстар
Тәңіршілдік мәдениеті: ежелгі түркі дүниетанымы мен наным-сенімдері
Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалардың наным-сенімдері мен мәдениеті
Ежелгі қазақтардың діни наным-сенімдері: қалыптасуы, түрлері және өзара байланысы
Кәріс ұлтының тарихы мен этнографиясы: наным-сенімдері, дәстүрлері және тағам мәдениеті
Қазақстандағы ежелгі тайпалардың мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері және наным-сенімдері
Ортағасырдағы Қазақ даласындағы түркі мәдениеті және оның Еуропа мен Ислам мәдениеттеріне ықпалы
Түркі мәдениеті мен өркениеті: Ұлы Жібек жолының мәдени-өркениеттік ықпалы
Тәңіршілдік: шығу тегі, сенім жүйесі және тарихи-мәдени рөлі
Түркі мәдениеті мен өркениетінің Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдени-өркениеттік дамуына ықпалы
Арғы түркілер мен Қазақстан аумағындағы ежелгі түркі мәдениетінің мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz