Басқару психологисы тарихы, пәні


Slide 1

«Заманауи басқару психологиясы: ғылым мен тәжірибе»

Нұр-Сұлтан 2020

AGS

Орындаған: Абдрахман Ғалымжан Сырлыханұлы

Slide 2

Мазмұны

Басқару психологисы тарихы, пәні

Басқару стилінің тиімділігі

Өмірлік цикл теориясы

Басқару ғылым мен өнер ретінде

Қорытынды

Slide 3

Басқару психологиясы

Басқару психологиясы ғылым ретінде еңбек ұжымының іс-әрекетін басқару мәселесін шешуде қолданылатын психологиялық білімді зерттейді. Басқару психологиясының ерекшелігі оның объектісі ретінде адамдардың ұйымдасқан іс-әрекетін зерттеу болып табылады. Ұйымның ережелері, нормалары және талаптары тек ұйымдағы адамдардың арасындағы ерекше психологиялық қатынастарды қалыптастырады - бұл адамдардың басқарушылық қатынастары. Әлеуметтік-психологиялық қатынастар - мақсат, міндет және біріккен іс-әрекеттің құндылықтарымен байланысқан адамдардың өзара қатынастары.

Slide 4

Басқару психологиясы пәні

Басқару психологиясының пәні туралы пікірлер әртүрлі. Психологтар Е. Е. Вендров және Л. И. Уманский басқару психологиясы пәнінің келесі аспектілерін ұсынды.

Slide 5

Басқару стилінің тиімділігі

Басқару стилінің тиімділігін ең алғаш Курт Левин зерттеді. К. Левин зерттеуі бойынша, авторитарлы басқару демократиялық стильге қарағанда жұмысты ауқымды көлемде орындайды. Бірақ авторитарлы басқаруда төменгі мотивация, топ бірігушілігінің, топтық ойлаудың болмауы және агрессивтілік байқалды. Лайкерт өз зерттеулерінің негізінде, басқару стилі міндетті түрде жұмысқа немесе адамға бағдарланатынын көрсеткен. Осы екі саланы бірдей және жоғарғы деңгейде бірде-бір басшы көрсете алмаған. Сонымен қатар, нәтиже көрсеткіші бойынша, адамға бағытталған басқару стилі барлық жағдайда еңбек тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді Фидлердің моделі теорияның ары қарай дамуына үлкен үлес қосты. Ол модель жағдайға көп көңіл бөліп, басшының тәртібіне әсер ететін факторды айқындап берген. Фидлердің пікірінше, адамзаттық қатынастарға бағдарланған басқару стильдері басшы үшін бірқалыпты жағымды жағдайларда тиімді болып табылады. Мұндай жағдайларда, басшының бағыныштыларының толық бірігушілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті билігі жоқ. Адамзаттық қатынастарға бағдарланған басқару стилі басшының ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді

Курт Левин

неміс және америка психологы

Slide 6

Өмірлік цикл теориясы

Пол Херси және Кен Бланшар лидерліктің жағдайлық моделін құрды және оны «өмірлік цикл теориясы» деп атады. Бұл теория бойынша, ең тиімді лидерлік стильдері орындаушылардың «кемелденуіне» байланысты. Пол Херси және Кер Бланшардың өмірлік циклының моделі басқарудың бейімделгіш, иілгіш стилін ұсынды. Бірақ сын бойынша, бұл модельде стильдің бөлінуі қысқартылған және іс жүзінде басшылардың модель бойынша әрекет етуі қиынға соғатыны дәлелденген. Қазіргі заманда ең тиімді стиль бейімделуші немесе Арджирис атағандай, шындыққа бағдарланған стиль болып табылады.

Пол Херси

Кен Бланшар

Slide 7

Басқару ғылым мен өнер ретінде

Басқару біруақытта өнер мен жаңа ғылым болып саналады. Ғылым ретінде, басқару өз кезегінде білімдердің жинақталған жиынтығы мен олардың әдістерінің болуын талап етеді. Басқару психологиясы адамдардың басқа адамдарға әсер ету табиғатын, топ және жалпы қоғамды түсіну мен олардың механизмдерінің әсер етуі мен оларды жетілдіру құралдарын қамтамасыз етеді.

Басқару психологиясының тек өзіне тән зерттеу пәні бар, ол - басқарушылық процесті ұйымдастыру заңдылықтарын және осы процесс кезіндегі адамдар арасындағы пайда болған қатынастарды зерттеп, басқару процесінің әдістемелік негізін анықтайды. Сонымен қатар зерттеу обьектісінің спецификасына сәйкес басқару обьектісіне белсенді әсер ету әдісі мен жүйесін құрастырады, және зерттелініп отырған болжауларды анықтайды.

Басқару психологиясының ғылым ретіндегі негізгі міндеті- психологиялық құбылыстарды анықтап, оларды жүйеге келтіру, заңдылықтарын ашып, олардың арасындағы байланыс себептерін тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды жасауды анықтау. Сонымен қатар, психология ғылым ретінде, басқару жүйесінің жұмыс сапасын тиімді етіп көтеру мақсатында басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдайды.

Slide 8

Басқару ғылым мен өнер ретінде

Басқару психологиясы жетекшінің тұлғалық ерекшеліктерін: оның басқарушылық қажеттіліктері мен қабілеттерін, басқарушылық ойлары мен миссиялырның енуін, индивидуалды басқарушылық концепциясын, сонымен қатар, оның өз ішінде қабылдаған басқару ережелері мен принциптерін зерттейді.

Slide 9

Басқару ғылым мен өнер ретінде

Бір ғана басқару көп жағдайда тек дедуктивті және эксперименталды тану әдісіне сүйене алмайды, себебі, зерттелініп отырған құбылысты көпшілік факторлардың әсерінен шектеуге болмайды. Басқару тағыда бір ерекше - интуиция құралын алады. Әрине, интуиция зерттелініп отырған құбылыстың эмперикалық және теориялық білімінің негізінде жатыр, бірақ та интуиция механизімдері бейсаналы түрде ойша процестердің аяқастылық жағдайларын дұрыс шешімге келуін және оның нақты әдістермен байланысын куәләндырады. Жақсы жетекші яғни дұрыс шешім қабылдау кезінде немесе дұрыс жүріс-тұрысты анықтауда рационалды шешім қабылдау қиын жағдайда дұрыс жауап беретіндей басқарушылық сезімді иеленеді. Барлығын басқарып отырған адам, әр уақытта өзгеріп отырған әлеуметтік ортаның және әртүрлі адамдармен тығыз контактіде бола отырып, нақты жағдайларды есепке алып міндетті түрде шешім қабылдар алдында, өзінің тәжірибесі мен интуициясына сүйену керек.

Slide 10

Басқару ғылым мен өнер ретінде

Г. Кунц және С. О. Доннел сияқты зерттеушілердің пікірінше, басқару бұл ең алдымен өнер болып табылады. Олардың тұжырымдарына сәйкес: «барлық шынайы ситуацияда бұл ғылымды қолдану мәні болатын, басқару процесі өнер болып табылады». Дегенмен, бұл өнер мынадай ғылымға сүйенеді, яғни: «Басқару бойынша іс-әрекет өнер болғанымен де, оларды иегертін адамдар, бұл өнер ғылымының негізінде жатқандарды түсініп және қолданса ғана, жақсы нәтижеге жетеді». Егер барлық қоғамдағы топтық серіктестік тиімді әрі маңызды нәтижені көрсетсе, онда басқару - барлық өнерден де маңызды екендігін батыл айтуға болады.

Тәжірибелік тұрғыда барлық адамдар іс-әрекетінің сферасында ғылым мен өнер бірін бірі толықтырып тұрады. Басқаруда, жекелей адамдардың ұсыныстарының жауабы, топтық іс-әрекетте барлық нәтижелердің шешімдері варианттарынан ерекшеленсе, және саналы компромиссті таба білсе, ол басқарушы өнерінің көрінісі болып табылады. Бұл өнерді кімде-кім иегере алмайтындығына қарамастан, оның негізгі басқару өнерін білу, маңызды принциптері мен әдістерін қабылдай білуге ұмтылу - барлық деңгейдегі мамандар мен жетекшілердің міндеті .

Slide 11

Басқару ғылым мен өнер ретінде

Жетекші көндіру, сендіру, диалог, қарым-қатынас өнерінің мастері, ащы біркелкі емес ойлайтын және барлық білім сферасын жан-жақты білетін тұлға болу керек. Дегенмен, ол ең алдымен адамдармен жұмыс жасайтын болғандықтан, адами инженерияның барлық қыр-сырын біліп, кең ауқымды гуманитарлық және психологиялық білімді игеру керек.

Slide 12

Басқару ғылым мен өнер ретінде

Кең мағынада «өнер» термині барлық жұмыстар ебімен, шеберлі, эстетикалық және технологиялық мағынада істелінген жағдайда, яғни барлық адамша іс-әрекет орнағанда қолданылады.

Өнер импровицазияға деген қабілет ретінде көрінеді, яғни жеке білімдер элементтері мен жаңа интуицияларды жоғары ақыл-оймен біріктіретін, бұрынғы белгісіз комбинациялар. Біруақытта, ол шығармашылық қиялды дамытып, тұлғаның өзіндік санасы мен өнегелі өзіндік анықтауларына себеп болып, эстетикалық дәмдері мен идеалдарын қалыптастырады. Егерде өнер бізді қоршап отырған әлемді моделдеп және зерттеуге бағытталған іс-әрекет болса, онда өнерді басқару мынадай принциптерге жауап беру керек, яғни жетекші шынай пайда болған жағдайларды күнделікті зерттеп, басқарушылық шешімде қолданылатын варианттарды шығармашылық түрде моделдеу керек.


Ұқсас жұмыстар
Заманауи басқару психологиясы
Менеджмент психологиясына кіріспе
Қалдықтарды басқару пәніне кіріспе
Басқару психологиясының даму бағыттары
Материалдық және рухани мәдениет
Педагогика - тәрбие және оқыту туралы ғылым
Жерге меншік құқығы
әкімшілік құқықтық қатынастар субиектілері мен сипаттамалары
Бюрократияның түсінігі және ерекшеліктері
Басқару психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz