Педагогика - тәрбие және оқыту туралы ғылым




Презентация қосу
Педагогика-тәрбие және оқыту туралы ғылым
AGS

Нұр-Сұлтан 2020
Мазмұны

1. Педагогика және оның тарихы
2. Педагогика пәні, салалары және мақсаты
3. Педагогика ғылымының зерттеу әдістері
4. Педагогика -тәрбие және оқыту туралы ғылым
5. Қорытынды
Педагогика және оның тарихы

Педагогика (гр. 'παῖς', paіda — бала, гр. 'ἄγω', gogos — жетектеуші) —
жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған
жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және
оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.
Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша
оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі
педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды.

Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде,
саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. 12 ғасырдың басында
жеке ғылым болып бөлініп шықты. Ф.Бэконның, Я.Коменскийдің
еңбектерінде Педагогиканың дербестігі беки түсті. Олардың ізінше Джон
Локк, Жан Жак Руссо, И.Песталоцци, И.Гербард, А.Дистерверг еңбектері
жарық көрді. Орта ғасырларда жастарға білім және тәрбие беру ісі діни
орындардың қолында болды. Мешіт жанынан медреселер, шіркеу жанынан
приходтық, соборлық, монастырлық мектептер ашылды. Олардың бәрінде
дерлік құдай заңы, төрт амалды есеп, таза жазу, еңбекке үйрету пәндері
оқытылды. Кейіннен өндіріс пен сауда-саттықтың өркендеуіне орай
гильдейлік мектептер ашылды, онда тауартану, заттың өзіндік құны мен
сапасын анықтау, геодезия, топография сабақтары енгізілді.
Педагогика пәні, салалары

19 ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-
техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке
пәндер бөлініп шықты. Олар:
Педагогика
пәндері

сурдотифло
сәбилер мен және
жалпы мектеп жеке пән Педагогика
мектепалды олигофрено
педагогика педагогикасы әдістері тарихы
педагогикасы
педагогикасы

мектептану
әскери педагогика
отбасы тәрбиесінің
Жаңадан қалыптасып жатқан педагогикасы Дербес педагогикалық пән жоғары мектеп
педагогика салалары да бар ретінде педагогикасы
ішкі істер
педагогикасы кәсіби-техникалық
білім беру
педагогикасы
басқару
педагогикасы
Педагогика мақсаты

Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей
отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы
мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория
идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады.
Сондай-ақ Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам
тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік,
дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін,
мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидакт. теориясын,
адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен
тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі
қарастырады.
Педагогика-тәрбие және оқыту туралы ғылымы

Педагогика өзінің даму кезедінде тәрбие мен білім беру жайлы жалпы
ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, оларға педагогиканың
жалпы негіздері, тәрбие теориясы, оқыту және білім беру теориясы —
дидактика т. б. жатады.

Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика
ғылымының түрлі салалары: мектепке дейінгі педагогика, мектеп
педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндерді оқыту
әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп
педагогикасы, әскери педагогика, мәдени-ағарту қызметкерлерінің
педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы пайда болды.

Педагогика тарихы – педагогиканың өз бетінше жеке бір саласы.
Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын
зерттейді. Сондықтан біздің заманымыздағы педагогикалық теория мен
практиканы дамыту үшін өткен кезеңдерден педагогикалық бай
мұраларды терең зерттеп, шығармашылықпен қолданудың маңызы өте
зор. Міне, осы жағдайда болашақ ұстаздар оқыту мен тәрбие мәселелерін
озат педагогтардың мұраларымен байланыстыра шешетін болады.
Педагогика-тәрбие және оқыту туралы ғылым

Дефектология – педагогика ғылымының арнаулы сайысы.
Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл – ойында табиғи
кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттеп
жетілдіреді. Дефектология төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика –
саңырау, мылқау және керең балаларға, тифлопедагогика – соқыр
балаларға, олигофренопедагогика – ақыл – ой кеміс балаларға, логопедия
– тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын
зерттейді.

Дидактика оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол
«нені оқыту керек», «қалай оқыту керек», «не үшін оқыту керек», деген
сұрақтарға жауап беруі тиіс. Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері – бұл
оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұны анықтауу,
оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру,
жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дүниеге көзқарасы мен
қабілетін дамыту, дүниеге көзқарасын қалыптастыру, оларды өмір
практикасын дайындау проблемаларын зерттеп шешу.

Педагогикалық ғылымдар жүйесінде пайда болған жоғары оқу
орындарының педагогикасы. Жоғары мектептерде жастарды оқыту
және тәрбиелеу проблемасы жайында ғылыми енбектер, оқу құралдары
Педагогика-тәрбие және оқыту туралы ғылым

Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланыстыра дамиды.
Өйткені, адамды жан – жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу
проблемасын шешу үшін педагогика басқа ғылымдардың нақты
мағлұматтарына сүйенеді. Олардың бірі – философия ғылымы.

Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі
мәселелерін зерттейді», өмір шындығын танып білу жөніндегі көзқарастың
негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшіті идеялық сенімге, айқын
түсіне білушілікке тәрбиелейді.

Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды
терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа
ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра
отырып, тәрбие және оқыту мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуге
көмектеседі. Мысалы, құлықтық және эстетикалық тәрбиеге байланысты
мәселелер зерттелгенде, педагогика, этика мен эстетикаға, ал оқыту мен
білім беру проблемаларын зерттегенде таным теориясына сүйенеді.

Педагогика мен психология ғылымдарынын зерттейтін объектісі —
адам. Бірақ, зерттеу екі бағытта жүргізіледі де, бір нәтижені көздейді.
Мысалы, психология адамның мінез-құлқындағы түрлі ерекшеліктерінің
Педагогика-тәрбие және оқыту туралы ғылым

Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және
археологиялық деректерді пайдаланады. Этнография ғылымы белгілі бір
халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын
зерттейді. Археология — өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы
халықтардың әдет-ғұрпын, мәдениетін зерттейді. Әрбір қоғамдық-
экономикалық формация оқу мен тәрбиенің мақсатын, міндеттерін және
мазмұнын анықтау үшін педагогика сол формациядағы халықтардың мол
ниеті, дәстүрі мен экономикасы жайындағы белгілі ғылыми еңбектер мен
құжаттарды басшылыққа алады.

Соңғы кезде педагогика ғылымында кибернетика жетістіктері де
пайдалана бастады. Кибернетика — грек сөзі, бұл басқар өнері деген
мағына береді. Кибернетика жас ғылым, ол XX ғасырдың 40-жылдарының
аяғында қалыптаса бастады. Кибернетика — күрделі машиналардағы, тірі
организмдегі және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылықтарын
зерттеп басқаратын, олардағы ақпараттарды беретін ғылым.
Кибернетиканың негізгі салалары: ақпарат теориясы, автоматтар
теориясы, бағдарламалау теориясы.
Қорытынды

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының
ажырамас саласы болып табылады. Бұл ғылыми əдіс əмбебап əдіс, оны
ғылымда, оқу процесінде жəне де қоғамдық басқа құбылыстарға да
қолдануға болады.
Педагогика негізделген жаңа технологияларды оқу – тəрбие жəне
ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру, бақылау, басқару үшін жəне бiлiмнің,
əлеуметтік сфераның барлық салаларында тиімді пайдалануға
болатындығын көрдік.

Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәні. Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері
Педагогика ғылымның әдіснамасы
Теория негізі
Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие
Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі рөлі
Педагогика ғылымының салалары
Тұлғаның қалыптасуы
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы
Педагогика - Тәрбие туралы ғылым
Педагогика пәні, салалары
Пәндер