Қазақстандағы сталиндік репрессия және шаруаларды жер аудару: 1930-1933 жж.


Slide 1

Сталиндік режимнің шаруаларды қудалау саясаты

Орындаған:

Тексерген:

Slide 2

Әлеуметтік-таптық геноцид

Slide 3

Жер аудару жалғасын тапты

Жер аудару 1930 және 1931 жылдарда одан әрі жалғасты.

ОГПУ ГУЛАГ-ының Арнайы қоныс аудару жөніндегі бөлімінің деректері бойынша тек Қазақстан аумағына осы кезеңде 6765 отбасы бала-шағасымен жер аударылды.

1931 жылы Қазақстаннан 5500 отбасы жер аударылған.

1930 және 1931 жылдарда Қазақстанда 12 265 шаруашылық тәркіленді, яғни кем дегенде 60-70 мың адам, оның ішінде қарт адамдар, балалар мен әйелдер, азапты қуғын-сүргінге ұшырағанын байқаймыз.

Тәркілеу 1932 жылға дейін және одан да әрі - «колхоз құрылысының жеңісіне» дейін жалғасты, өйткені ол ұжымдастырудың заңды бөлігі, оның үдемелі дамуын ынталандырушы, қоқыныш пен сақтықтың қорғанысы» ретінде қарастырылды.

1933 жылдың басында ОГПУ Саяси бюроға Қазақстанға 1 млн адам көшіру жөнінде ұсыныс жасады, олардың қатарына тек тәркіленгендерді ғана емес, төлқұжат тәртібін бұзғандарды, қалаға қашқан шаруаларды және т. б. қосу ойластырылды.

M. B. Копейкинаның естелігінен: «Мен 1925 жылы Тамбов облысынын Рассказовск ауданының Родник селосында дүниеге келдім . . . Родники деревнясында кедей өмір сүрдік. Менің әкем отбасында өзінің ағасымен бірге тұрды. Екеуі де қарулы, бойшаң болатын. Ал әкемнің ата-анасы мен ағалары 1921 жылғы аштықтан қайтыс болыпты. Әкем ағам екеуі алдымен ұста дүкенін, кейін диірмен құрап алды. Сөйтіп аштық нәубетінен кейін еңселерін көтере бастады. Еңсесін көтере бастады дегеннің не екенін айтайын. Аштан өліп қалмау, жалаңаш жүрмеу үшін жанталастық. Жер жырттык, егін ектік, астық бастырдық . . .

Slide 4

Ұжымдастырудың басталуы

Slide 5

Қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялылары

Slide 6

Қазақстан мен Орта Азия территориясында орналасқан сталиндік 32 лагерьде жазасын өтеген жазықсыз жандар əр түрлі өнеркəсіп салаларында жұмыс істеді

Ақтөбе лагері. Сотталғандар құрылыс жұмыстарымен, оның ішінде химия зауытын салумен айналысады.

Алжир - Отанын сатқандардың əйелдерінің Акмолалық лагері

Алматы лагері. Құрылыс жұмыстары.

Андижан лагері (Өзбекстан) . Құрылыс материалдары.

Ашхабад лагері (Түркіменстан) . Цемент карьері.

Балқаш лагері. Мыс өндіру жəне құрылыс жұмыстары.

Жамбыл лагері. Гипс жəне цемент өндіру.

Жезқазған лагері. Марганец пен мыс өндіру. Құрылыс жұмыстары.

Ырғыз лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.

Қазалы лагері. Кірпіш зауытында жұмыс.

Камышинск арнайы лагері.

Карлаг. Лагерь басшылары Долинкада орналасады. Көмір, түсті металдар шығару. Ауыл шаруашылығы. 1932 жылы құрылады.

Кеңгір лагері.

Қызылорда лагері.

Көкшетау лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.

Красноводск лагері (Түркіменстан) . Құрылыста, химзауытта жұмыс істеу.

Қостанай лагері.

Ленинабад лагері (Тəжікстан) . Канал құрылысы.

Луглагерь. Арнайы лагерь.

Песчанлаг. Арнайы лагерь. Марганец пен мыс шығару. Бұрынғы Жезқазған облысында орналасқан.

Петропавл лагері.

Семей лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.

Степлаг. Арнайы лагерь. Лагерь басшылары Жезқазғанда орналасады.

Ташкент лагері (Өзбекстан) .

Түркістан лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.

Орал лагері. Нақты орналасқан жері белгісіз.

Өскемен лагері. Қорғасын шахтасында жұмыс, полиметалл өндіру.

Фергана лагері (Өзбекстан) . Құрылыс жұмыстары. Химиялық жəне цемент зауытында жұмыс. Темірбетон өндіру.

Фрунзе лагері (Қырғызстан) .

Чарджоу лагері (Түркіменстан) .

Шымкент лагері.

Екібастұз лагері. Құрылыс жұмыстары. Химиялық жəне цемент зауыттарында жұмыс.

Slide 7

Қорытынды

Қазақ даласын атақты жəне адал азаматтарынан айырған сталиндік геноцид Ақпан жəне Қазан төңкерісітер кезеңінде 2-ге бөлінген қазақ интеллигенциясын жойып жібергендігі тарихи ақиқат. Сондықтан, бүгінгі күнде саяси репрессия тақырыбын əлі де болса тереңірек зерттеп, жаңа ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алғаннан кейін, 1997 жылы «31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми түрде жарияланды.

Бұл жас ұрпақ бойына отаншылдық сезімін ұялатуға, тарихтың «ақтаңдақ беттерін» зерделей отырып, өшкенді жаңғырту, қоғамдық жүйені парасаттылық тұрғысынан пайымдау үлгілерін танытуға мүмкіндік береді.

Slide 8

Әдебиеттер тізімі

Политические репрессии в Казахстане 1937-1938 гг. История Казахстана: исследования и документы. - Алматы: Қазақстан, 1998.

Кульбаев Т. Жертвы сталинизма // Евразийское сообщество: общество, политика, культура, - 2000. - № 2. -С. 112, 113.

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) . Бес томдық. 4-том. - Алматы: «Атамұра», 2010.


Ұқсас жұмыстар
1868-1917 жж. Қазақстандағы ресейлік патша әкімшілігінің қоныс аудару және жер саясаты: себептері, кезеңдері және салдары
Қазақстандағы ұжымдастыру және 1930-1933 жылғы аштық: саяси, әлеуметтік және экономикалық салдары
Қазақстандағы ашаршылықтар: 1921-1922 және 1930-1933 жылдардағы себептері мен салдары
1925-1933 жж. Қазақстандағы Кіші Қазан идеясының мәні мен зардаптары
1920-1930 жж. Қазақстанында Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы: ұжымдастыру, индустрияландыру және саяси репрессиялар
1924-1933 жылдардағы Голощекиннің Кіші Қазан саясаты: ұжымдастыру, аштық және қазаққа қарсы геноцидтік репрессия
1930-1933 жылдардағы қазақ ашаршылығы: 12 кітаптың шолуы
1916-1933 жж. Қазақстандағы Кіші Қазан саясаты: отырықтандыру, байларды тәркілеу және ұлт-азаттық қозғалысты қудалау
1900-1930 жж. қазақ әдебиетінің тарихы: әдебиет, өркениет және мәдениет
1924-1933 жж. Голощекин саясаты: қазақ халқы мен интеллигенцияға қарсы репрессиялар мен ашаршылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz