Тұлғалар құқығы


Slide 1

Сабақтың тақырыбы : Тұлғалар құқығы

Орындаған : Серікбол Балжан

Құқықтану 102 топ

Slide 2

Жоспар :

Құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі ұғымы

Capitis deminutio және азаматтық құрмет

Құқықтық жағдайы рим азаматтары, латиндар, перегриндер, колондар

Рим жеке құқықтағы заңды тұлға ұғымы.

Рим азаматтарының құқықтық жағдайы .

Slide 3

Тұлға түсінігі

Slide 4

Құқықтардың жиыны тұлғалардың мәртебесін анықтайды. Мәртебе жоғары болған сайын құқық қаблеттіліктің көлемі кең болады. Құқық қаблеттілік бұл құқықтың субьектісі болу үшін мүмкүндік береді. Құқықтарға ие болу қабілеттілігі құқыққабілеттілік деп аталған. Құқыққабілеттілік адам туған кезден бастап пайда болады да өлген кезде тоқтатылады. Бірақ бұл ережеден ауытқитын жағдайлар да болған. Мысалы, егер анасының жатырында жатқан бала мұрагерлік субъектісі болған жағдайда немесе баланың пайдасына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда.

Құқыққабілеттілік

Slide 5

Ерте Римде толық құқыққабілеттілік үш элементтен тұрған:

Slide 6 Slide 7

Еріктілік жағдайы тұлғаларды еріктілер және құлдар деп бөлді. Ал, азаматтық жағдайы рим азаматтары және басқа ерікті азаматтар деп бөлді. Отбасылық жағдайы бойынша отбасы басшысы және оған бағыныштылар деп бөлінді.

Тұлға үшін тек құқыққабілеттілік мәнді болды, бірақ ол өзінің мәнін жоғалтар еді, егер де сыртқа шықпаса. Бұл сыртқа шығару әрекетқабілеттілік арқылы түсіндіріледі.

Әрекетқабілеттілік- бұл тұлғаның өз әрекеттерімен өзіне құқықтар мен міндеттерді туғызу қабілеттілігі.

Рим құқығы тек ерікті азаматтардың құқыққабілеттілігін таныды. Бірақ кез келген ерікті азаматты құқыққабілетті деп танымайтын. Ерте кезде толық құқыққабілеттілік тек рим азаматтарында танылды.

Slide 8 Slide 9

Сонымен қатар рим азаматтығы құлдықтан босату арқылы, бала асырап алу арқылы, жекелеген тұлғаларға, қауымға, провинцияларға ерекше акт арқылы рим азаматтығын беру арқылы алынатын. Құқыққабілеттілік жария құқық аясында мыналарды қамтыды: тұрақты әскерде қызмет ету құқығы, халық жиналыстарына қатысу және сайлау құқығы; магистрде лауазым алу. Өзінің құқықтық жағдайына байланысты рим азаматтары ерікті туылғандар және рим азаматымен құлдықтан босатылғандар деп бөлінді.

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Құлдардың құқықтық жағдайы құқықтың объектісі ретінде танылды. Құлдық күң-анадан туу, қамауда болу, құлдыққа сату немесе өлім жазасына кесу немесе кен орындарына жұмысқа жіберуге жазаланса орнады.

Құлдық құлды бостандыққа жіберумен тоқтатылды. Уақыт өте келе құлдың мәртебесі жақсара бастады. Империя кезеңінде құлдар құлиеленушінің мүлкінің бір бөлігін басқару және пайдалану құқықтарын ала бастады, яғни кейбір мүліктік құқықтарға ие болды. Қабілетті құл өзіне мүлік жинау және сол мүлік арқылы қожайынынан еркіндігін алуға мүмкіндігі болды.

Егер құл, тек преторлық құқыққа тиесілі қожайыннан латын еркіндігін алса, онда ол квириттік құқыққа сол қожайынның ерігін (еркін) қажет етеді. Немесе, құл квириттік және преторлық құқыққа тиесілі қожайыннан латын еркіндігін алса, сол еркіндікке жіберген қожайынының азаматтығын ала алатын, яғни латын болатын және квирит құқығына ие бола алатын. (Гаи Институциясы) .

Slide 13

Принципат кезінен бастап құлдықтан босатудың басқа да жағдайлары болды. Мысалы, қожайынын өлтірген адамды тапқан құл құлдықтан босатылатын, 20 жыл ерікті адам секілді жүрген кұл құлдықтан босатылатын. Бірақ Іех Аеlіа Sепtіа заңдарды құлдарды босатудың келесідей талаптарын орнатты:

Slide 14

Рим құқығы бойынша құқықтың субъектісі ретінде жеке тұлғамен қатар заңды тұлға да өмір сүрді, бірақ рим құқығы заңды тұлға ұғымын анықтаған жоқ. Бірақ, 12 кесте заңдарында әртүрлі діни және кәсіби сипаттағы корпорациялар туралы айтылған. Рим құқығы заңды тұлғалардың үш түрін таныды:

жеке корпорациялар;

муниципиилар;

қазына.

Корпорациялар діни және кәсіби қағида бойынша құрылды. Бастапқыда корпорацияларды құрудың толық еркіндігі берілді. Монархияға көшуге байланысты корпорациялар өкіметте сенімсіздік туғызуына байланысты таратылды. Бұдан кейін оларды құру үшін арнайы рұқсатты қажет ететін заң шығарылды. Олар діни және кәсіби қағида бойынша құрылды.

Slide 15

Назар аударғаныңызға рахмет !


Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқық
Табиғатты пайдалану құқығы
Табиғат объектілеріне меншік құқығы және табиғи ресурстарды пайдалану құқығы
Табиғатты пайдалану құқығы туралы
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
Құқық және мәжбүрлеу
МЕНШІКТІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Авторлық құқықтың ауысуы
Экологиялық құқықтың ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz