Ежелгі замандағы әрбір халықтың ұзындық өлшем бірліктері



Ұзындық өлшем бірліктерінің шығу тарихы және пайда болуы
Орындаған: Әбдікәрім Айсана
Қали Гүлзира
Сыдық Сымбат
Оқу тобы: М-17-1

Жоспар
Кіріспе. Ежелгі замандағы әрбір халықтың ұзындық өлшем бірліктері.
Қазақтың ескі ұзындық өлшемдерінің мазмұны
Қорытынды

Кіріспе. Ежелгі замандағы әрбір халықтың өлшем бірліктері.
Ежелгі заманда адамның тек есептеу өнерін ғана емес, сонымен бірге өлшем өнерін үйренуіне тура келді. Әлдеқашан ойлай білетін ежелгі адам өзі үшін үңгір табуға талпынған кезде ол өзінің болашақ баспанасының ұзындығын, енін және биіктігін өзінің бойына шақтауына тура келді. Ал бұның өзі өлшем.
Еңбектің қарапайым құралдарын дайындай отырып, үйлер сала отырып, азықты таба отырып, арақашықтықты, содан соң аудандарды, сыйымдылықты, салмақты, уақытты өлшеу қажеттілігі туындайды. Сондықтан біздің бабамыз өз бойын, аяқтары мен қолдарының ұзындығын пайдалануына тура келген. Егер есептеу кезінде адам қолы мен аяғының бармақтарын пайдаланса, онда арақашықтықты өлшеу барысында аяқ пен қол қолданылды.

Өз өлшем бірліктерін ойлап таппаған халық болған жоқ. Египет пирамидасын салушылар ұзындық эталоны ретінде білекті (білектен ортаңғы саусаққа дейінгі арақашықтық), ежелгі арабтар - есектің тұмсығынан алынған жалды есептесе, ал ағылшындар осы күнге дейін корольдік футты пайдаланады екен (ағылшын тілінен аударғанда “foot” - “аяқ”) . Ол корольдің табанының ұзындығына тең футтың ұзындығы шток тәрізді өлшемнің енгізілуімен нақтыланды. .
Фут адымның бестен бір бөлігіне және адам бойының алтыдан бір бөлігіне тең болған.

Ағылшынның ярды да адам денесінің мөлшерлерімен байланысты
Бұл ұзындық өлшемін король Эдгар енгізді де ол оның мәртебесінің мұрнының ұшының және жанына қарай созған қолының ортаңғы саусағының ұшының арасындағы арақашықтыққа теңестірілді.
Король Эдгар

Король ауыса салысымен ярд ұзарды, себебі жаңа монархтың дене бітімі әлдеқайда ірілеу болды. Ұзындықтың мұндай өзгерістері үлкен шатасуға әкеп соқтырды да, Генрих І тұрақты ярдты заңдастырып, вяздан эталон жасауды бұйырды. Бұл ярдты Англияда осы күнге дейін пайдалануда (оның ұзындығы 0, 9144 м) . Шағын арақашықтықтарды өлшеу үшін үлкен саусақтың буынының ұзындығы қолданылды.

Англиядағы дюйм ұзындығы нақтыланды да арпа дәні масағының ортаңғы бөлігінен жұлынып алынып, бір-біріне өздерінің шеттерімен қойылған үшеуіне тең бола бастады. Ағылшын повестері мен әңгімелерінен білетініміздей, шаруалар жылқының бойы биіктігін алақанмен өлшеген (Голланд тілінен аударғанда “дюйм” - “үлкен саусақ” деген мағынаны береді.

Сонымен қатар Славяндарда “тастың лақтырылған жері” (вержение камня) деген ұзындық өлшем болды, “атылған жер” (перестрел) - садақтан атылған оқ жеткен арақашықтық. Осы тәріздес өлшемдер өзге халықтарда да болды, мысалы, “өгіздің өкіруі” (бычий рев) - өгіздің өкіргені естілетін арақашықтық, “сиырдың айқайы” (коровий крик), “әтештің айқайы” (петушиный крик) . “Пушканың оқ атуы” (пушечный выстрел) да өлшем бірлігі. Жапонияда атқа таға кигізуді білмеген кезде оларға “қамыс кебіс” кигізілді. “Қамыс кебіс” өлшемі - бұл кебістің тозғанша жүріп өткен арақашықтығы. Испанияда “сигара” арақашықтық өлшемі белгілі - бұл адамның сигара тарта отырып жүріп өтетін жолы. Сібірде ескі заманда “бука” атты арақашықтық өлшемі қолданылды - бұл адамның бұқа мүйіздерін екеу емес, біреу етіп көретін арақашықтық.

Ежелгі Русь
Ежелгі Русьтің өз өлшемдері болды. Ұзындықтың ежелгі өлшемдеріне локоть (білек) пен сажень (сажын) жатады. “Локоть” дегеніміз - білектен бастап ортаңғы саусақтың алдыңғы буынына дейінгі арақашықтық, ол ағылшын ярдының жартысына теңестірілді.
Содан соң “сажындар” маховая (керу), косая (қисық), казеная (қазыналы), мерная (өлшемдік), большая (үлкен), греческая (гректік), церковная (шіркеулік), царская (патшалық), морская (теңіздік), трубная (құбырлық) деп бөлек-бөлек ажыратыла бастады.

Қарапайым сажын (152см) - адамның екі жаққа сермеген қолдарының біріндегі үлкен саусақ пен екіншісіндегі үлкен саусақтың арақашықтығы.
Қерілген немесе өлшемдік сажын - екі жаққа сермелген қолдардың созылған саусақтарының арасындағы арақашықтық (176см)
Қисық сажын (248 см) - сол аяқтың табаны мен жоғарыға созылған оң қолдың ортаңғы саусағының арасындағы арақашықтық.

Русьтегі шағын арақашықтықтар “четверть” (ширек), “пядь” (қарыс) және “аршин” аршын деген бірліктермен өлшенді. Четверть - екеуі екі жаққа қарай созылған үлкен саусақ пен сұқ саусақтың арақашықтығы, пядь - ең ұзын етіп созған кездегі үлкен саусақтың ұшы мен ең кішкентай саусақ арасындағы арақашықтық. Төрт четверть аршынды құрады, ал ол өз кезегінде қисық сажынға сиды. 0, 1 дюймге тең ұзындық өлшемі линия (сызық) деп аталды (оны сызғыштың көмегімен сызуға болатын болғандықтан болар) . Неғұрлым ұсақ-түйек орыс ұзындық өлшемдеріне точка (нүкте) жатады, ол 0, 1 линияға тең. “Точность”-“дәлдік” сөзі осыдан келіп пайда болса керек

Қазақтың ескі ұзындық өлшемдерінің мазмұны
Тіліміздің сөздік құрамында ұзындықтың көптеген бірліктері қолданыста болған. Олардың көбі әлі күнге дейін қолданыстан түскен емес. Мысалы: елі, қарыс, сүйем, құлаш, арқан бойы, шақырым және т. б.

Бір елі - бұл шамамен ересек адамның сұқ саусағының диаметріне тең ұзындық бірлігі. Шамалап алғанда1, 5 - 1, 8 см.
Сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақ аралығындағы өлшем. 17 - 20 см

Қарыс сүйем - бас бармақ пен ортан саусақтың аралық мөлшері. 21 - 22 см
Қарыс - бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері. 19 - 20 см

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz