Вакцинация және егу күнтізбесі


Slide 1

Вакцинация және егу күнтізбесі

ЖМ-16-021-01 Үсен Аида

Slide 2

Вакцина

Вакцина (лат. vacca - сиыр, vaccіnus - сиырдікі) - микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т. б. ) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.

Slide 3

Вакцинация

Егу, вакцинация - адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс.

Slide 4

Түрлері

Жұқпалы ауруларға қарсы егудің бірнеше түрі бар:

міндетті егу - балаларға (туберкулез, қызылша, күл, сіреспе, көкжөтел, гепатит, т. б. ауруларға қарсы), нәрестелі бола алатын әйелдер және қыздарға қызамыққа қарсы;

жоспарлы-кәсіби егу - мал шаруашылығымен айналысатын немесе олардың өнімін өңдейтін адамдарға күйдіргіге қарсы;

эпидемиялық көрсеткіш бойынша егу - нақты аймақтағы тұрғындар арасында індет қаупі төнген кезде жүргізіледі. Егу көбінесе инфекциялық тәсілмен (тері астына, бұлшық етке) атқарылады.

Slide 5

ҚР қолданылатын вакциналық препараттар. Егу күнтізбесі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 2295 қаулысына сәйкес балаларға келесі екпелер жүргізіледі:

БЦЖ

ОПВ, ИПВ

ВГВ

АКДС

АДС

АД-М

АДС-М

Акт-ХИБ

ҚҚП

Превенар 13

Slide 6

АДС-М

Құрамында антигендері төмендетілген адсорбирленген дифтерия-сіреспелік анатоксин. АД-М-анатоксин (құрамында антигені төмендетілген адсорбирленген дифтериялық анатоксин) тиімділігі жоғары препарат, дифтерияға қарсы егудің толық курсын алған 95% балаларда 7-10 жыл ішінде тұрақты иммунитет қалыптасады.

Slide 7

Акт-ХИБ (Act-HIB)

Гемофильді инфекция бала денсаулығы үшін қауіп төндіретін ауру. Эпидемиологиялық зерттеулер бойынша, гемофильді таяқша (Haemophilus influenzae b типті, ХИБ) 5 жасқа дейінгі балаларда іріңді менингиттің себебі болып табылады.

Slide 8

Акт-ХИБ бір реттік қолданбалы түрде, арнайы шприц дозада шығарылады және оның инесі ауырсынуды басатын арнайы құраммен өңделген. Соңғы уақытта шетелдерде комбинирленген 4-5-6- компоненттік препараттар қолданылады, оның құрамында бірнеше вакцина кіреді:

«Тетраксим»- АКДС+ ИПВ

«Пентаксим» - АКДС+ ИПВ+ Хиб

«Гексавак» немесе «Инфанрикс Гекса» - АКДС+ИПВ+ гепатит В+ Хиб

«Тринтатрикс Геп В» - АКДС+ гепатит В.

«Тетракок» -АКДС+ ИПВ

«ТетрАкт-Хиб» -АКДС+Хиб

«ПентАкт-Хиб» -АКДС+ ИПВ+Хи.

Бірнеше жыл көлемінде Қазақстанда мына препарат жиі қолданлылады - «Тринтатрикс Геп В».

Slide 9

ҚҚП және ҚПҚ

Қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық вирустарының әлсіреген тірі вакциналық штаммаларынан тұратын қабаттастырылған препарат. Сонымен қатар, олар бөлек өсіріледі: қызылша вирусы және паротит тауық эмбрионы культурасында, ал қызамық вирусы адам диплоидты жасушасында.

Slide 10

ПКВ 13 (Превенар -13)

Пневмококк (Streptococcus pneumonia) - грамм оң диплококк, полисахаридті капсуламен қапталған. Пневмококтың 90 серологиялық типі белгілі, соның ішінде 20-сы кең тараған және адам үшін қауіпті. Пневмококк әртүрлі бала ауруларының қоздырғышы болып табылады, соның ішінде менингит, пневмония, бронхит, ортаңғы отит, синусит және т. б.

Slide 11 Slide 12

Пневмокк инфекциясы ауа - тамшылы жолымен және ауру адамдар мен сау тасымалдаушылардан қарым-қатынас арқылы жұғады. Пневмоккты этиологиялы аурулар тыныс алу жүйесі ауруларының құрылымында маңызды рөл атқарады және қатаң медико-әлеуметтік мәселе болып табылады. Сонымен Казақстан Республикасының ұлттық егу күнтізбесіне 2010 жылдың соңында қосылған соңғы вакцина - пневмококк вакцинасы. Қазакстанда осы вакцинаның үш түрі тіркелген: ПКВ 7, ПКВ 10 және ПКВ13.

Қазіргі кезде ПКВ13 (Превенар-13) қолданылады.

Slide 13

Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесі

Slide 14

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Балалар инфекциялық ауруларының иммунопрофилактикасы
БЦЖ вакцинасы
Вакциналардың түрлері
Вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар
Егу күнтізбесі
Балалар инфекциясының эпидемиологиясы және алдын алу
Иммунология даму тарихы
Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау
ТҰМАУ ЖӘНЕ ЖРВИ
Манту сынамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz