Манту сынамасы


Slide 1

Вакцина және түрлері

Дайындаған: Байбатыр А.

Айдарлы Д.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе.

Вакцина және вакцина түрлері

Профилактикалық екпелерді өткізу мерзімдері және енгізу тәсілдері

Манту сынамасы

Slide 3

Кіріспе

Вакцина (лат. vacca -сиыр, vaccіnus- сиырдікі) -микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т. б. ) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.

1796 жылы ағылшын дәрігері Э. Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды.

Slide 4

Вакцина түрлері

Тірі вакцина

Тірі вакцина -микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады.

Тірі вакциналар

шешек,

құтыру,

оба,

туляремия, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады.

Slide 5 Slide 6

Химиялық вакцина

Химиялық вакцина-микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден

алынады.

Бұл вакциналар

паратиф,

іш сүзегі, т. б. ауруларға қарсы пайдаланылады.

Slide 7

Анатоксиндер-улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар.

Анатоксиндер

дифтерия (күл),

ботулизм,

сіреспе, т. б. ауруларға қарсы қолданылады.

Slide 8

Ассоциацияланған Вакцина

Ассоциацияланған Вакцина -2-3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар.

Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді.

Slide 9

Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді.

шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап),

полиомиелитке қарсы ауыздан,

гриптікін танау қуысынан құяды.

Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасын тері астына,

қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді.

Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 -3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.

Slide 10

Профилактикалық екпелерді өткізу мерзімдері және енгізу тәсілдері

БЦЖ - туберкулезге қарсы вакцина. Бұл вакцина қатаң түрде иықтың жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөліктерінің шекарасына тері ішіне енгізіледі.

БЦЖ вакцинациясы перезентханада бала өмірінің алғашқы 4 күнінде, екпе бөлмесінде, анасының қатысуымен және жазбаша рұқсатынан кейін жүргізіледі.

Егер балаларға перезентханада қандайда бір қарсы көрсеткішке байланысты БЦЖ жасалмаса, Манту сынамасынсыз 2 айға дейін жасалады, егер бала жасы 2 айдан асқан болса, Манту сынамасының нәтижесі теріс болса ғана БЦЖ жасау керек.

Slide 11 Slide 12

Ревакцинация БЦЖ.

БЦЖ ревакцинациясы ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес 6 жаста (1 сынып) жүргізіледі. Оқу жылының алғашқы айында (қыркүйек) барлық 6 жастағы балаларға Манту сынамасы БЦЖ ревакцинациясына іріктеу мақсатында жүргізіледі.

Ревакцинацияға тек инфицирленбеген, Манту сынамасы теріс сау балаларға жүргізіледі.

Манту сынамасы мен БЦЖ ревакцинациясы арасында интервал 3 күннен кем емес және 2 аптадан аспауы керек.

Егер ревакцинацияға уақытша қарсы көрсеткіш болса, медициналық шегеру уақыты аяқталысымен екпе жүргізілуі керек.

Slide 13

Ұлттық егу кестесіне сәйкес балаларға 2 рет жүргізіледі (өмірінің 12-15 айларында және ревакцинация - 6 жаста.

Иықтың жоғарғы бөлігінің дельта бұлшық еті аймағына тері астына енгізіледі. Бұлшық етке де енгізуге болады. Көк тамырға енгізуге рұқсат жоқ!!!

Превенар 13- бірнеше вакцинация жүргізу схемасы бар, біздің Республикада вакцинация

2 рет: баланың 2 және 4 айында;

ревакцинация 12-15 айында жүргізіледі.

Сонымен, вакцина санның жоғарғы бөлігінің беткі бүйір жағына бұлшық етке 3 рет жүргізіледі.

Slide 14 Slide 15

Манту сынамасы - екпе емес!!!, бұл диагностикалық туберкулиндік сынақ, ол туберкулезге қарсы иммунитеттің немесе осы инфекцияның бар - жоғын анықтайды.

Ол білектің ішкі бетіне тері ішіне енгізіледі.

Құрамында 2 ТБ (туберкулиндік бірлік) болады. Манту сынамасының енгізілу орнында туберкулинге жергілікті қабыну реакциясы болып табылатын папула түзіледі.

Осы папуланың диаметрін сынамадан кейін 72 сағат өткен соң, миллиметрмен бөлінген мөлдір сызғышпен өлшейді.

Slide 16

Манту сынамасы реакциясы саналады:

теріс - папула мен гиперемия жоқ (0-1мм) ;

күмәнді - егер папула размері 2-4 мм немесе папуласыз тек гиперемия;

оң -папула диаметрі 5 мм және жоғары; гиперергиялық - балаларда папула диаметрі 15 мм және жоғары, жасөспірімдерде - 17 мм және жоғары.

Манту сынамасы реакциясының нәтижесі папула түрінде размері (миллиметр), егер папула болмаса гиперемия размері -

профилактикалық егу картасына (ф 063/у),

баланың даму тарихына ф112/у,

баланың медициналық картасына (ф № 026/у) тіркеледі

Slide 17

Манту сынамасы жасауға тұрақты қарсы көрсеткіштер:

Тері аурулары, өршу кезіндегі созылмалы инфекциялық және соматикалық аурулар. Барлық клиникалық симптомдар жоғалғаннан 2 айдан кейін Манту сынамасына рұқсат беріледі;

Манту сынамасына жасауға қарсы көрсеткіштерді анықтау үшін дәрігер немесе мейірбике медициналық құжатты қарап шығуы керек, сонымен қатар, сынама жүргізілетін адамға сұрастыру және қарау жүргізу керек.

Манту сынамасы балалар аурулары бойынша карантині бар балалар мекемесінде жүргізілмейді (карантин алынғаннан соң жүргізіледі) .

Slide 18

Егуге қарсы көрсеткіштер, асқынулары

Егуден кейінгі (поствакциналық) реакциялар - бұл вакцинаға организмнің қалыпты реакциялары және олар салдар қалдырмайды.

Вакцинадан кейінгі реакция ұзаққа созылмайды (бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін) .

Тірі емес вакцина енгізілгеннен кейін 3 күнге дейін, ал тірі вакцина қолданғанда- орташа 3-5 күнге созылады. Вакцинадан кейінгі жергілікті реакциялар вакцина енгізу орнында (жергілікті поствакциналық реакция) көрініс беруі мүмкін немесе жалпы ағзалық (жалпы поствакциналық реакция) көрініс беруі мүмкін.

Slide 19

Вакцинадан кейінгі жалпы реакциялар

дене температурасың жоғарылауымен, әлсіздікпен немесе жылай берумен көрінуі мүмкін.

Жалпы реакциялардың қарқындылық дәрежесін бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады:

Әлсіз реакция - дене температурасы 37, 5˚С дейін көтеріледі, интоксикация симптомдары болмайды;

Орташа реакция - дене температурасы 37, 6˚С -38, 5˚С дейін көтеріледі, интоксикация симптомдары шамалы;


Ұқсас жұмыстар
Ревакцинация БЦЖ
Манту сынамасының нәтижелері
БЦЖ вакцинасына көрсеткіштер
Диспансерлік топтар
Егу күнтізбесі
ТУБЕРКУЛЕЗ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ананың ТМБ балаға жұқтыру мүмкіншілігі
Өкпенің цирротикалық туберкулезі
Несептегі индиканды, ацетон, анытау
ПАРОДОНТОЗ. Клиникасы. Диагностикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz