Фонетика және оның салалары



Фонетика және оның салалары

Фонетика (гр. phone - дыбыс, phonetikos - дыбыстық) - тілдің дыбыстық жүйесін
зерттейтін тіл білімінің бір саласы
.
Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар:
тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі және бір - біріне әсері, буын,
екпін, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т. б.
Фонтиканың салалары
Сипаттамалы фонетика
Салыстырмалы фонетика
Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика)
Физиологиялық фонетика
Эксперименттік фонетика
Фонология немесе функционалдық фонетика

Сипаттамалы фонетика. Тілдің өмір сүріп тұрған дәуірдегі дыбыстық жүйесін
қарастырады. Мәселен, қазіргі кездегі мектептер мен жоғарғы оқу орындарында
оқытылатын фонетика сипаттамалы фонетикаға жатады.
Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) тілдің дыбыстық жүйесін тарихи
тұрғыдан қарастырып, олардың даму тарихын өзгерістен айқындайды.
Салыстырмалы фонетика белгілі бір тілдің дыбыс құбылыстарын өзге тілдердің
дыбыс жүйесімен салыстыра зерттейді. Мысалы, М. Томановтың «Түркі тілдерінің
салыстырмпалы фонетикасы» (1981), «Түркі тілдерінің салыстырмпалы тарихи
фонетикасы» (Л., 1984) деп аталатын еңбектер.

Физиологиялық фонетика. Тілдегі дыбыстардың артикуляциялық, акустикалық
қасиеттерін зерттейді.
Фонология немесе функционалдық фонетика. Тілдегі дыбыс құбылыстарын
фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала.
Эксперименттік фонетика белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық құралдар
мен аспаптардың (спектрограф, осциллограф. Палатограф, рентгенограф т. б. ) көмегімен
зерттеп, тіл дыбыстары туралы нақтылы, дәл тұжырымдар жасайды.

Дыбыс - сөздердің мағыналары мен тұлғаларын ажырататын ең кіші тілдік бірлік.
Дыбыс сөздің өмір сүруінің формасы.
Фонема - сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір -бірінен мағына және
форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене бөлшегі. Фонема туралы
ілімнің алғаш негізін салған орыс және поляк тілін зерттеуші И. А. Бодуэн де Куртенэ.
Фонема - тілдің мағына ажыратқыш ең кіші бірлігі.
Дыбыстар сияқты фонемаларға түрленіс (варирования) пен алмасып (чередования)
тән. Яғни фонемалардың әр түрлі типтері болады. Оның негізгі типін архифонема деп
атаса, ал қосымша типтерін (варианттарын, оттенкілерін) аллофон деп атайды.
Әріп - дыбысқа берілген шартты таңба. Әріпті жазамыз, көреміз.
Дыбыстау мүшелері мыналар: өкпе, тамқ, көмей, дуыс шымылдығы, тамақ қуысы,
ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, таңдай, тіс, ерін т. б. Дыбыстау
мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты (речевой аппарат) деп аталады.
Дыбыстарды айтуда, әсіресе, дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет атқарады.
Дауыс шымылдығы көмейде болады. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл
пайда болады да, үн шығады. Дыбыстардың басым көпшілігінің жасалуында, әсіресе,
ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып
екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл, қозғалыс жасайды. Олар тіл,
ерін жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т. б.

Дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады да салдырдың қатысуы елеусіз болады. Ал,
дауыссыздар, керісінше, салдырдан жасалады. Тон қатысуы да, қатыспауы да мүмкін.
Айтылған кезде өкпеден ауа ешқандай кедергісіз шығатын дыбыстарды дауысты
дыбыстар дейміз.
Қазақ тілінде 12 Дауысты дыбыс бар. Оның ішінде 9 біздің тілімізге
тән дыбыстар. Олар: а, ә, о, ұ, ү, ы, і, е. Бұдан басқа екі қосынды дауыстылар
(дивтонгоид) бар: и, у, э - орыс тілінен кірген сөздерде қолданылады.
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар үш жақты тіркелкеді.
І. Тілдің қатысына қарай (жасалу жолына) жуан және жіңішке болып бөлінеді
1. Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы.
2. Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, ү, і бірде жуан, бірде жіңішке и, у.
ІІ. Жақтың қатысына қарай:
Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е, (э) .
Қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у.
ІІІ. Ерін қатысына:
Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и, (э) .
Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.

Дауыссыз дыбыстар - айтылған кезде өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап
шығуынан болған дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдан немесе тек
салдырдан тұрады. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар мыналар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz