Жоғары мектеп педагогикасының жалпы негіздері


Slide 1

Семинар 1 Жоғары мектеп педагогикасының жалпы негіздері

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ

Орындаған: Турлиева Әсемгул, Маулен Фариза,

Узембаева Фариза, Ғабиден Роза

М01101 - Педагогика және психология

Тексерген: к. п. н., проф. Калиева К. М.

Slide 2

Семинар сұрақтары

Жоғары мектеп педагогикасы ғылым ретінде, оның пәні мен негізгі категориялары

Жоғары білім педагогикасының басқа ғылыми білім салаларымен пәнаралық және пәнішілік байланыстары

Жоғары білім берудің даму тарихы

Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздері

Slide 3

Педагогика дегеніміз. . .

Педагогика бұл - адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Ежелгі грек философтары Гераклит, Демокрит, Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т. б. ғалымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса, ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі.

Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие.

Slide 4

Жоғары мектеп педагогикасы өз алдына ғылыми білім болуы жоғары мектептің қазіргі өндіріс саласына мамандар даярлауды жетілдіруде және тиімділігін арттырудың қажеттілігінен туындап отыр. Оның басты міндеті - мамандарды кәсіби іс-әрекетке қазіргі ғылым мен тәрбиенің қол жеткен негізінде даярлау.

Slide 5

Жоғары мектеп педагогикасының объектісі - жоғары оқу орындарын басқару жүйесі, жоғары оқу орындарындағы білім саласы, педагогикалық жүйелер. Аталған жүйелерге академиялық топтар, курстар, факультеттер, жоғары оқу орындары, қоғамдық ұйымдар мен қалыптасулар, студенттер, оқытушылар, білім министрлігі мен бөлімдері, т. б. жатады.

Slide 6

Жоғары мектеп педагогикасында қалыптасқан негізгі ұғымдар (категориялар) оқытушыларға педагогикалық жеке құбылыстардың мәнін ашып, ең бастысы, олардың өзара байланысын, бірі-біріне ықпалының қандай деңгейде екендігін көрсетеді. Жоғары мектеп педагогикасы ғылымының даму деңгейі үнемі оның ұғымдарының мазмұнының өзгеруіне әкеледі.

Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары: тәрбие, білім беру, оқыту, педагогикалық процесс, тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру, заңдылықтар, әдіснама.

Slide 7

Жоғары мектеп педагогикасының

негізгі категориялары

Slide 8

Жоғары білім педагогикасының басқа ғылыми білім салаларымен пәнаралық және пәнішілік байланысы

Slide 9

Жоғарғы білім берудің даму тарихы

Орта ғасыр кезеңінде Қытай және Үндістанда, Таяу Шығыс пен Еуропада үлкендер мен балаларды оқыту шіркеу қарамағында болғандықтан діни сипат алды. VIII ғ. арабтар Пириней түбегін жаулап алғаннан кейін Батыс Еуропада мұсылман мектептері ашыла бастады. Кордорф халифаты арқылы Пириней және Батыс Еуропаға ежелгі Шығыс мәдениеті еніп, тарай бастады. Араб философы Ибн-Рошданның түсініктемелері арқылы Аворроес есімімен танымал Аристотельдің еңбектері етек алды. IV ғ. Рим империясы Батыс және Шығыс болып бөлінді.

Slide 10

Византия. Территориясы: Балқан түбегі, Кіші Азия, Жерорта теңізінің оңтүстік шығысы. Батыс империясы бірнеше кіші мемлекеттерге бөлінді. Ал Византия атымен сақталып келген шығыс империясы 1000 жыл өмір сүрген. Византия мәдениеті діни сипатта болғанымен ежелгі Шығыс мәдениетінің бірқатар элементтері сақталған.

Шіркеулер қарамағындағы мектептер, кейбір мемлекеттерде тіпті жоғары мектептер болған. Бұл оқу орындарында діни әдебиеттер, философтардың, ежелгі Шығыс ақындарының еңбектері оқытылды. Мектеп пен білім беру әлемдік Рим мәдениетінен бастау алған. Мәдениет әртүрлі халықтардың құрамына байланысты этникалық негізде қалыптасқанымен, грек тілі сақталды. Византия мәдениетінің даму тенденциясында білім беру мен білімділік әлеуметтік жоғарғы статусты айқындаған. Дәстүрлі әдеби-гуманистік білімін православия-христиандық дүниетаныммен ұштастырған және классикалық білім алған адам Византияда білімді жеке адам идеясы бар болып саналған. .

Slide 11

Орта ғасырлар кезеңінде шіркеу қоғамның рухани өмірін монополиялады, тәрбиеге діни бағыт енгізілді. Діни дүниетаным жеке және қоғамдық өмірдің барлық аумақтарына енді. Тәрбиелеу мен оқыту конфессионалды сипатта болды. Антикалық кезеңде көтерілген тұлғаның жан-жақты дамуы туралы идея естен шығарылды. Ортағасырлық дүниетанымның негізгі бағытына сай адам жанын «құтқаруға» тәрбиелеуде ең бірінші жоспарға діни аскеттік идея қойылды, яғни тұлғаның тәні мен рухани жоғарылауын жансыздандыру, құдайлық тақуалықты ұстану амалы ретінде жүрді

5-7 жастан, 2-3 жыл оқитын балалар білім беру жүйесінің элементарлы білім беретін мектептерінде оқытылды. Ал грамматикалық мектептер орта білім беруді қамтамасыз етті. Аристократ және діни элитаның балаларының барлығы осы саты арқылы оқытылды. Бұл мектептер жеке, мемлекеттік және діни сипатта болды. Оқытудың мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, жалпы мәдениеті мен шешендікке баулу болып табылады.

Аудиторизм - (константинопльдік мектеп, IX ғ. ортасында Магнарва деп аталған) - жоғарғы мектеп. Бұл кезеңдерде жоғарғы заңгер, медицина, философия т. б. мектептер болған. Олардың Батыс университеттерінен айырмашылығы императорға тәуелді болуында. VII ғ. дейін грек және латын тілдерінде оқытылды. Кейінірек мектеп оқушыларын философия консулы, «шешендер» деп атаған және олар жабық корпорациялы жоғары дәрежедегі мемлекет қызметкерлері болды, оқытушылар киім кию ерекшелігімен ажыратылды. Оқытудың мақсаты - мемлекеттік энциклопедиялық білімді адамдарды немесе шіркеу қызметкерлерін даярлау.

Slide 12

XII ғасырдың аяғында университеттер құрылған. Ортағасырлық университеттерін: дайындық, құдай сөзі, заңгер және медицина факультеттері құраған. Қала және ауыл балаларын оқытуда өзгешелік болды. Қалаларда гильдей және цех мектептері болды. Кейінірек бұл мектептер алғашқы қала мектептеріне айналды. Ауылды жерлерде приходтық мектептер болды, онда ертедегі еңбекке баулу көрініс алды.

Slide 13

Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негіздері

Педагогика әдіснамасы кең мағынасында - оның пәнін зерттеудің жалпы ғылыми және арнаулы әдістері мен теориясын

ал тар мағынасында - жаңа ғылыми-педагогикалық ақпараттарды алу, оны талдау мен түсіндіру әдістері жүйесін қамтитын жаңа педагогикалық білімдерді алудың тәсілдері туралы жүйе

Slide 14

Парадигма

оқу іс-әрекетінің әр түрлі түрлеріндегі мұғалімнің нақты іс-әрекетін, оны іс-әрекет моделі ретінде басқаратын алғышарттарды анықтайтын теориялық және әдістемелік алғышарттардың жиынтығы.

Когнитивті парадигма


Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектеп педагогикасының қызметтері
Педагогика ғылымның әдіснамасы
Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты
Жоғары мектеп педагогикасы кәсіби мамандарды даярлау туралы ғылым
Бастауыш білім беру педагогикасының пәні және оның негізгі ұғымдары
Педагогика ғылымындағы әдіснамалық амал тұғырларының плюрализмі
Педагогика әдіснамасы
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері мен әдіснамасы
Жоғары мектеп тарихы және жоғары мектептің қалыптасу мәселелері мен оны шешу жолдары
Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz