Еуразиялық Экономикалық Одақ құрылуы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Ветеринариялық санитария кафедрасы Тақырыбы: Еуразиялық Экономикалық Одақ

Жоспар
Кіріспе. Еуразиялық Экономикалық Одақ құрылуы.
Негізгі бөлім. ЕАЭО құрамындағы мемлекеттер.
Одақ органдары.
Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталы.
ЕАЭО Қазақстанға пайдасы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе. Еуразиялық Экономикалық Одақ құрылуы.
Еуразиялық Экономикалық Одақ - халықаралық құқық субъектілігіне ие және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен құрылған өңірлік экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы.
Еуразиялық экономикалық одақ, ЕЭО - Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
ЕАЭО-да тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің қозғалу еркіндігі, сондай-ақ экономика салаларындағы үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясаттың жүргізілуі қамтамасыз етіледі.
ЕАЭО ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау мен олардың бәсекеге қабілеттігін арттыру және мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесінде орнықты даму үшін жағдайлар жасау мақсатында құрылды.

Негізгі бөлім. ЕАЭО құрамындағы мемлекеттер.
АРМЕНИЯ
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
-
Никол Пашинян
БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ - Александр Лукашенко
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ - Қасым-Жомарт Тоқаев
ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ - Сооронбай Жээнбеков
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ - Владимир Путин

БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫ
БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ АЛЕКСАНДР ЛУКАШЕНКО
АСТАНАСЫ - МИНСК АУМАҒЫ - 207, 6 МЫН КМ2 ХАЛҚЫ - 9, 5 МЛН. АДАМ
Беларусь үшін неғұрлым жақын көршілерімен терең, өнімді интеграция жасау дамудың табиғи жолы болды, болып отыр және болады. Екі референдум басым көпшілік дауыспен билікке интеграцияға арналған нақты мандат берді.
Одақтас мемлекет шеңберінде атқарылған интеграциялық жұмыстар оларды неғұрлым кең, көпжақты форматта парасатты да сенімді түрде қолдануға мүмкіндік берді. Одақтас мемлекеттің, Кеден одағының, Бірыңғай экономикалық кеңістіктің бірін-бірі өзара байытып әрі толықтырып отырғаны маңызды.
Қазір біз өмірлік маңызы бар шешімдерді іске асыруға кірісеміз. Интеграцияны табанды түрде тереңдете түсуге деген біздің ниетіміз - кездейсоқтық емес. Бұл өмір талабынан туындап отырған манифест іспеттес.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ
АСТАНАСЫ - НҰР-СҰЛТАН АУМАҒЫ - 2 724, 9 МЫН КМ2 ХАЛҚЫ - 17, 4 МЛН. АДАМ
Қазақстанның, Ресейдің және Беларусьтің Кеден одағы тарихта алғаш рет біздің елдеріміздің халықтарын өзара құрмет, ұлттық біртектілікті сақтау және ортақ болашақтың берік байланысын сезіну негізінде жақындастыра түседі.
Кеден одағының Бірыңғай экономикалық кеңістікке, ал уақыт өте - Еуразиялық экономикалық одаққа дәйекті түрде трансформациялануы халықтарымыздың өркендеуіне қуатты ынталандырушы болады, елдерімізді жаһандық дүниеде жетекші шептерге шығарады.
Біз бәріміз ұлттардың жаңа бірегей еуразиялық қоғамдастығының дүниеге келуінің куәгері болып табыламыз, бұл қоғамдастық бірге өткізген бұрынғы кезеңнің бай тәжірибесімен бірге, болашақтың бөлінбес ортақ тарихына да ие.

ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ
ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ СООРОНБАЙ ЖЭЭНБЕКОВ
АСТАНАСЫ - БІШКЕК АУМАҒЫ - 199, 9 МЫН КМ 2 ХАЛҚЫ - 5, 9 МЛН. АДАМ
Біздің мақсатымыз - қырғыз тілін өмір тәжірибесіне кеңінен енгізу, сонда ол біздің елімізде тұратын барлық ұлттардың шынымен ортақ тіліне айналады.
Тіл саясаты мемлекеттік тілді Қырғызстан халқының бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде кешенді қолдануға негізделген.

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ПУТИН
АСТАНАСЫ - МОСКВА АУМАҒЫ - 17, 1 МЛН КМ 2 ХАЛҚЫ - 146, 3 МЛН. АДАМ
Біз Еуразиялық одаққа қол жеткізудің өршіл міндетін алға қойып отырмыз. Біз қазіргі заманғы әлем полюстерінің бірі бола алатын ұлтүсті қуатты бірлестік моделін ұсынамыз.
Табиғи ресурстардың, капиталдың, күшті адами әлеуеттің қосылуы Еуразиялық одаққа индустриялық және технологиялық сайыста, инвесторлар үшін, жаңа жұмыс орындары мен озық өндірістер құру жолындағы жарыста бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Басқа да негізгі ойыншылармен және өңірлік құрылымдармен қатар жаһандық дамудың орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Біздің елдеріміз бірге болғанда ғана жаһандық өсу мен өркениетті прогрестің көшбасшылары қатарына кіруге, табыс пен өркендеуге қол жеткізуге қабілетті

АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ
АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ НИКОЛ ПАШИНЯН
АСТАНАСЫ - ЕРЕВАН АУМАҒЫ - 29, 7 КМ2 ХАЛҚЫ - 3, 0 МЛН. АДАМ
Біз тауарлардың, қызметтердің, жұмыс күшінің және капиталдың еркін қозғалысына іс-жүзінде қол жеткізу, сондай-ақ Одақтың құқығымен регламенттелген экономикалық ынтымақтастықтың артықшылық режимдерін енгізу мүдделерінде ЕАЭО бойынша серіктестермен белсенді өзара әрекеттесуге ниеттіміз.

2011 жылдың 18 қарашасында Беларусь, Қазақстан, Ресей президенттері Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылға қарай құрылады деген келісімге қол қойған. Бұл келісім болашақ интеграцияның жол картасын қамти отырып, Еуразиялық Экономикалық Комиссияның және 2012 жылдың 1қаңтарынан жұмыс істей бастаған Еуразиялық Экономикалық Кеңістік негізін қалады.

Еуразиялық Одақ мүшелері үшін макроэкономикалық әсерлері:
Қажетті шикізатты тасымалдауға кететін қаржының азаюы тауарлар құнының төмендеуіне алып келеді;
Бәсекелестіктің артуы тауарлар мен қызметтердің сапасын арттырады;
Үлкен халқы бар нарықтың құрылуы.

Одақ органдары.
Жоғары кеңес - құрамына Одаққа мүше мемлекеттердің Президенттері кіретін, ЕАОЭ-тың жоғары органы;
Үкіметаралық кеңес - Комиссия кеңесінде шешімдер қабылдау кезінде консенсуске қол жеткізілмеген, еуразиялық экономикалық ықпалдастықты дамытудың стратегиялық маңызды мәселелерін қарайтын Одақ органы;
ЕАЭО соты - мүше-мемлекеттер мен Одақ органдарымен ЕАЭО туралы шарттың және Одақ шеңберіндегі өзге халықаралық шарттардың қолданылуын қамтамасыз ететін, Одақтың сот органы.
Еуразиялық экономикалық комиссия - Комиссия кеңесі мен Комиссия алқасын қалыптастыратын, Одақтың тұрақты қолданыстағы ұлттықтан жоғары реттеуші органы. Комиссияның негізгі міндеттері Одақтың жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету, сонымен қатар Одақ шеңберіндегі экономикалық ықпалдастық саласындағы ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталы.
Еуразиялық экономикалық одақ
Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайты өзекті ақпаратты қамтиды
Еуразиялық экономикалық комиссия
Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы - Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайты ЕЭК қызметі туралы өзекті ақпаратты қамтиды
Еуразиялық экономикалық одақ Соты
ЕАЭО туралы шарттың біркелкі қолданылуын қамтамасыз ететін ЕАЭО тұрақты жұмыс істейтін сот органының ресми сайты
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz