Бауыр өтінің тығызд


Slide 1

Өт қабы мен өт шығару жолдарының гистологиялық сипаттамасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ

«Патологиялық анатомия және гистология» кафедрасы

Орындаған: Мұратұлы Қ.

Тобы: В-ЖМҚА-01-18

Қабылдаған: Тоймбетова Қ. А.

Шымкент 2019 ж.

Slide 2

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Өт; 2. 2. Өт шығару жолдары мен құрылысы; 2. 3. Бауырдан тыс өт өзекшелері қабығының тіндік құрамы; 2. 4. Өт қабы қабығының функциялық сипаттамалары ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Өт(bіlіs, fel) - адам мен омыртқалы жануарлардың бауырындағы безді клеткалардан бөлінетін сарғыш-қоңыр түсті сұйықтық. Өт тәулік бойы үздіксіз бөлінгенмен, оның бөліну жылдамдығы, көлемі әр түрлі өзгеріп отырады, ол ас қабылдау мерзіміне сәйкес келеді. Организмдегі өт, бауыр өті және қапшық өті болып бөлінеді. Ас қорытудан тыс уақытта бауыр өті өт қапшығына жиналып, судың, әр түрлі тұздардың (электролиттердің) кері сорылуына байланысты қоюланып сақталады. Бауыр өтінің тығыздығы - 1, 010 - 1, 015, ақшыл-сары түсті.

Кіріспе

Slide 4

Өт қапшығы сыртқы пішіні алмұрт тәрізді, бауырдың өтқуығы шұңқырында орналасқан өттің қоймасы болып табылады. Өтқуық түбі fundus vesicae fellae, денесі corpus vesicae fellae, мойыны collum vesicae follae, және түтігі, ductus cysticus ажыратылады.

Сыйымдылығы 40-70мл, ұзындығы 8-12см, ені30-50мм қабырғасы 1, 5-2мм болып келген қапшық.

Slide 5 Slide 6

Гистофункционалды сипаттамасы

Қабырғасы 3 қабықтан тұрады:

Кілегейлі қабық

Бұлшық етті қабығы

Адвентициальды қабық

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13

Бауыр ішілік өт шығару жолдарының тіндік құрамы

Бөлікше аралық өт өзектері қақпалық көктамырдың және бауыр артериясының тармақтарымен бірігіп бауырда үштіктер құрайды. Бөлікше аралық өзектердің қабырғасы бірқабатты куб тәрізді, ал ірілеу өзектерде жиекшелі цилиндр тәрізді эпителийден және борпылдақ дәнекер тінінің жұқа қабатынан құралады. Өзектердің эпителийлік жасушаларының апикальдық бөліктерінде дән немесе тамшылар түрінде өттің құрамдық бөліктері жиі анықталады. Осының негізінде бөлікше аралық өт өзектерін секреторлық қызмет атқарады деп топшылайды.

Slide 14

Бауырдан тыс өт шығару жолдарының тіндік құрамы

Бауырдың, өт қабының, жалпы өт өзегінің құрылыстары шамамен бірдей. Олар диаметрі 3, 5-5 мм шамасындағы, қабырғасы үш қабықшадан тұратын жіңішке түтікшелер. Шырышты қабықша бірқабатты биік призмалық эпителийден және жақсы дамып жетілген дәнекер тіннен(меншікті табақша) тұрады. Бұл өзектердің эпителиіне оның жасушаларында лизосомалардың және өт пигменттерінің болуы тән, ал бұл өзек эпителийлерінің резорбциялық, яғни сіңіру қызметінің белгісі болып табылады. Эпителийдің құрамында эндокринді және бокал тәрізді жасушалар кездеседі. Ақырғылардың саны өт жолдарының аурулары жағдайында күрт артады.

Slide 15

Ас қорытудан тыс уақытта бауыр өті өт қапшығына жиналып, судың, әр түрлі тұздардың (электролиттердің) кері сорылуына байланысты қоюланып сақталады. Бауыр өтінің тығызд. - 1, 010 - 1, 015, рН - 7, 4 - 8, 0, ақшыл-сары түсті

Slide 16 Slide 17

Бауырдан жасалып, өтке келіп түсетін сұйықтық “Өт сұйықтығы” деп аталады.

Оның түсі сарғыш-қоңыр немесе жасылдау болып келеді.

Дәмі ашы.

Өт сұйықтығын бауыр ұлпалары жасайды.

Өт сұйықтығының құрамында өт қышқылы, ақуыздар, билирубин пигменті, холестерин, фосфолипидтер, бикарбонаттар, натрий, калий, кальций, және физиологиялық белсенді заттар - гормондар мен дәрумендер

Slide 18

Өт ішектегі өт майларының ыдырауына, бөлшектенуі мен сорылуына қажет.

Ас қабылдаған соң өт ішекке құйылады, яғни, алдымен өт өзегіндегі өт, одан соң өт қапшығы өті, соңында бауыр өті түседі. Ішекке қапшық өтінің түсуі гормондық заттармен (секретин, холецистокинин) реттеледі, одан басқа, майлы заттар өт қапшығының жиырылуы мен босаңсуына себепші болады.

Ересек адамдардың бауыры тәулігіне 500 - 700 мл өт бөледі

Slide 19 Slide 20

Өтке қатысты мынадай ауру түрлері бар:

- Өттас ауруы (холелитиаз)

- Холецистит ауруы

- Өттің полипы (өттің ісіп қабынуы)

- Өт жолының тарылуы

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Бауырдың потологиялық физиологиясы
Өт қабы мен өт шығару жолдарының гистологиясы
Бауыр топографиясы
МАЙЛАРДЫҢ ҚОРЫТЫЛУЫ
Өт
Өт шығару жолдарының сипаттамасы мен құрылысы бауырішілік және бауырдан тыс. Бауырдан тыс өт өзекшелері қабығының тіндік құрамы
Өт қапшығы мен өт шығару жолдарының гистофункциялық сипаттамасы
Өт қабы мен өт шығару жолдарының гистологиясы туралы
Органикалық қосылыстар
Балалардың асқорту мүшелері зақымдануларының семиотикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz