Жүйке жүйесінің гистогенезі


Slide 1

Кіріспе

Ағзадағы мүшелер мен мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттеп, үйлестіріп, басқарып, сыртқы ортамен байланыстырып отыратын арнаулы жүйе жүйке жүйесі деп аталады

Slide 2 Slide 3

Жүйке жүйесінің гистогенезі

Эмбриогенез нәтижесінде эктодерманың дорсальді қалыңдауынан - жүйке табақшасы дамиды, ол иіліп науашық түзіп, жүйке түтікшесіне айналады. Жүйке түтікшесінен жоғары орналасқан жасушалар ганглиозды табақша мен жүйке айдаршасын түзеді

Slide 4

Балалардағы ОЖЖ-нің негізгі ерекшелігі дамуының толық жетілмеуімен сипатталады. 7 жасқа дейін ми қабы және ми асты қабының клеткалық құрамы қарқынды дифференцияланады. Әсіресе алғашқы екі жылда бас миының көлемі ұлғайып, организм қызметінің артуы байқалады. Жалпы жүйке жүйесінің үдемелі өзгерісі 20-25 жасқа дейін жүреді.

Балалардағы жүйке жүйесінің ерекшелігі

Slide 5

Бас миы

Бас ми қыртысы

Аралық ми

Ортаңғы ми

Артқы ми

Сопақша ми

Slide 6

Мидың жастық ерекшеліктері

Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390г, ересек адамдарда 1400-1450г. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Адамның ақыл-ойы миының салмағымымен тікелей байланысты емес. Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті оның салмағы 900 граммнан төмендегенде және 2100 граммнан асқанда бұзылады.

Slide 7 Slide 8

Балалардың ми қыртысында нейрондардың дамуы

1 - нәрестеде

2-3 айлык балада

3-15 айлык балада

4-2 жастағы балада

Slide 9 Slide 10

Жүйке жүйесі мүшелерінің пренатальды дамуы

Жүйке жүйесінің негізгі нерв түтігі мен нерв қырқашығынан (ганглиозды пластинка) бастау алады. Нерв түтігінің алдыңғы бөлігі мен ганглиозды пластинкадан бас миы мен нерв түйіндері, ал нерв түтігінің каудальды бөлігінен жұлын дамиды. Нерв қырқашығы немесе ганглиозды пластинкадан вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары, жұлын түйіндерінің нейроглиясы мен нерв түтігі дамиды.

Slide 11

Жүйке жүйесі мүшелерінің постнатальді дамуы

Балалардағы ОЖЖ-нің негізгі ерекшелігі дамуының толық жетілмеуімен сипатталады. 7 жасқа дейін ми қабы және ми асты қабының клеткалық құрамы қарқынды дифференцияланады. Әсіресе алғашқы екі жылда бас миының көлемі ұлғайып, организм қызметінің артуы байқалады. Жалпы жүйке жүйесінің үдемелі өзгерісі 20-25 жасқа дейін жүреді.

Slide 12

Ерте постнатальды кезендегі жүйке жүйесінің өзгерістері оның жетілуімен байланысты өтеді. Нәрестенің ми қыртысында орналасқан нейрондарының ядро мен цитоплазмасының ара-қатынасы өте жоғары болады. Бала өскен сайын бұл көрсеткіш төмендей бастайды, өйткені жасушаларда цитоплазманың үлесі артады. Өзгерістер бipiншi болып қыртыстың екінші және төртінші қабаттарында орныққан пирамидалық нейрондарда байқалады. Түйіршік-жасушаларда, Kiші пирамидалық нейрондарда аталған өзгерістер баяу дамиды. Уақыт алға озған сайын синаптикалық байланыстардың саны да өседі.

Slide 13

Нәрестеде бас миы қыртысының кейбір алаңдарында, мысалы маңдай және самай иірімдері аймағында, аксондардың миелинді кабаттары болмайды. Олар бала туғаннан кейін бipaз уакыттан соң пайда болады. Жүйкелік талшықтар мен глияның мөлшері балаларда бipтe-бipтe арта бастайды.

Slide 14

Үлкен мидың қыртысының дамуы барысында ересек адамдарда, нәрестемен салыстырғанда, нейрондар сиректеу орналасады, бipaқ, жасушалардың жалпы саны өзгермейді. Адамның өміpi ұзарған сайын нейрондардың саны біртіндеп азая бастайды. Жүйкелік жасушалардың санының азаюы егде тартқан және қартайған адамдарда қарқынды жүреді. Жүйке жүйесінің адамның егде тартқан шақтағы өзгерісі негізінен мидағы қан тамырларының склеротикалық өзгерістерімен тығыз байланысты.

Slide 15

Бұл кезеңде мидың жұмсақ және қан тамырлы қабықтары қалыңдап, қатаяды. Бас миының маңдай және төбе бөліктерінде атрофиялық өзгерістер байқалады. Нейрондарының саны азаяды, көлемі кішірейеді, базофильді заты жойылады, ядросы тығыздалып, пішіні өзгереді. Бас миының кыртысында зиянды әсерлердің салдарынан тез зақымдалатын жасушаларға үлкен көлемді пирамида тәрізді, ал мишықта алмұрт тәрізді нейрондар жатады. Дифференциялану барысында жүйке жасушалары көбею қабілетінен айырылады.

Slide 16

Постнатальдық дамудың үш «критикалық периоды» немесе «жастық кризисін» ажыратады

Жасы

Өзгеретін фактор

Салдары

2-4 жасқа дейін

Ішкі әлеммен қатнасы сферасының дамуы,

Сөйлеу формасының дамуы,

Санасының дамуы.

Тәрбие талабының жоғарлауы,

Қимыл әрекетінің жоғарлауы.

6-8 жасқа дейін

Жаңа адамдар,

Жаңа достар,

Жаңа жауапкершілік

Қимыл әрекетінің төмендеуі.

11-15 жасқа дейін

Ішкі секреция бездерінің құрылысы мен қызметінің артуына байланысты гормоналдық баланс бұзылады.

Қарым-қатынас кеңістігі ұлғаяды

Жанұясы және мектеппен Конфликт,

Ашушаңдық мінез.

Slide 17

Қорытынды

Қорытындылай келгенде, жүйке жүйесі адам денесіндегі барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін басқарып, оның әр -түрлі өзгерістерге бейімделуіне, тіршіліктің қалыпты жүруін қамтамасыз ететін аса маңызды жүйе болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Нерв талшықтарының регенерациясы
Нерв тіні
Қатерлі және қатерсіз ісіктер
Жүйке жүйесінің ерекшеліктері
Аналық безінің ісіктері
Нерв тінінің регенерациясы
Эндокриндік мүшенің қатерлі және қатерсіз ісіктер
Бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері
Зат алмасудың типтік бұзылу патологиясы
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz