Зонд арқылы тамақтандыру




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

«Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы

Зондылау шаралары: ФГДскопия, бронхоскопия.
РН-метрия.

Орындаған: Мұратұлы Қ.
Тобы: В-ЖМҚА-01-18
Қабылдаған: Юнусметов Э.Ш.

Шымкент 2019 ж.
ЖОСПАРЫ

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Зондтық процедуралар
2. Зонд арқылы тамақтандыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Зонд (французша: sonde) – медициналық құрал.
Зондты қолдану арқылы іш қуысын, қуыс органдарды, ішкі
жараны т.б. зерттеп, емдейді. Зонд қай органға қолданылуына
қарай металдан (күміс, болат) не жұмсақ серпімді заттан, әр түрлі
пішінде жасалады. Зондтың өңешке, асқазанға қолданылатын түрі
– диаметрі 10 – 12 мм, ұзындығы 60 – 70 см, резинадан жасалған
түтік. Оны ауыз арқылы қарынға жеткенше жұтып, одан қарын
сөлін алып зерттейді. Сондай-ақ, асқазанды жуып-шаюға да
қолданады. Ұлтабарға қолданылатын зондтың 1 – 1,5 м резина
түтігінің ұшында металдан жасалған сорғышы болады. Зондпен
жараның тереңдігін, көлемін, т.б. анықтап, қарын сөлін алады.
Диагностикалық және емдік дәрілерді жібереді.
Зондтық
процедуралар
Асқазанға сүңгі салу (ФГДС)
Бронхоскопия
Асқазанды жуып шаю
Асқазан сөлін фракциялық әдіспен зерттеу
Он екі елі ішекке сүңгі салу (дуоденальды
зондтау)
Фиброэзофагогастродуоденоскопия
(ФГДС)
Фиброэзофагогастродуоденоскопия (ФГДС) -асқазан
мен он екі елі ішектің кілегейлі қабығын арнайы
оптикалық құрал –гастроскоп арқылы зерттеу
әдісі.ФГДС диогностикалық және емдік
мақсатта,қажеттілігіне байланысты жедел және
жоспарланған болуы мүмкін. Жоспарланған
диогностикалық ФГДС- науқас асқазан мен он екі елі
ішек ауырсынуына шағым жасаса яғни созылмалы
гастрит,асқазан жарасы мен асқазан рак ауруының
алғашқы белгілері көрінгенде қолданылатын әдіс.
Жедел ФГДС-асқазан мен ішектен қан кеткен кезде
қолданылатын әдіс. Емдік ФГДС-әр түрлі мақсатта
қолданылады.Мысалы асқазаннан қан кеткен
жағдайда,қан тоқтататын дәрі енгізу, асқазан стенозы
кезінде қайта қалыпқа келтіруші препарат енгізу
үшін.
ФГДС- ке дайындық:
Зерттеуқарсаңында кешкі тағам сағат 19:00- ден
кеш ішілмеуі тиіс және жеңіл болуы қажет.
Зерттеу
таңертеңгілік ашқарынға жүргізіледі,яғни
шылым шекпей, тіс тазаламай, су ішпей, дәрі-дәрмек
қабылдамау керек.
Тексеріс алдында тіс протезі болса, алу керек.
Науқасқа жүргізілетін шараның тәртібін түсіндіру
керек.
Тексерістен кейін 1-1,5 сағатсыз тағам қабылдауға
болмайды.
Асқазанға сүңгі салу
Бронхоскопия
Бронхоскопия - бронхтың кілегей
қабаттың зақымдануын (бронхит,
бронхоэктаз ауруы), бронхтағы
ісікті анықтау және оның тканінен
қысқыш арқылы бөлшегін алып
биопсияға жіберу,
бактериологиялық және
цитологиялық зерттеулер үшін
бронх жуындысын алып зерттеу.
Брохоскопия арнайы дайындалған
дәрігермен жүргізіледі. Науқасқа
жүргізілетін зерттеу жөнінде
алдын-ала хабарлап және тамақ
ішпеуін ескерту қажет.
Бронхоскопия зерттеуінің алгоритмі.

Зерттеу мақсаты: Бронх ағашының кеңірдектің,көмейдің
қабынуын анықтау.
Құрал-жабдықтар: Бронхоскоп, сүлгі, резеңкелі
қолғап,анестезиялық препарат.
Іс-әрекет алгоритмі:
Емделушіге 30 мин алдын анестезиялық препарат енгіземіз.
Науқас ұйқыға кеткеннен соң,эндоскопты мұрын қуысы арқылы
енгіземіз.
Сол қолмен сүлгіні алып,науқастың мұрын астына қойып,оң
қолмен бронхоскопты ұстаймыз.
Керекті нәтижені қағазға түсіргеннен соң,бронхоскопты аламыз.
Асқазанды жуып шаю
Мақсаты:диагностикалық,емдік,
профилактикалық.
Көрсетілімдер: тағамдық
(саңырауқұлақтар ,
алколь,сапасы нашар тағамдар )
және дәрілік (байқамай ішііп
қою,суицид) жіті уланулар
Қарсы көрсетілімдер: асқазан
ішек жолдарынан қан кету,
өңештің және асқазанның
күйігі,бронхылық астма, миокард
инфарктісі, ми қан айналымының
бұзылыстары.
Қажетті жабдықтар:
Жуан асқазан сүңгісі
Сұйық асқазан майы
Ауыз кергіш, тілқысқаш,саусаққа киетін металл
оймақ
Резеңке қолғап, клеенкалы алжапқыш
Бөлме температурасындағы таза су құйылған
шелек, литрлік кружка, сиымдылығы 1 литр
құйғыш,шайынды сұйықтықтарға арналған
шылапшын
Асқазан сөлін фракциялық әдіспен
зерттеу
Мақсаты: асқазанның
секрециялық және
қозғалғыштық
функцияларын зерттеу.
Қарсы көрсетілімдер:
гипертония ауруы, жүректің
айқын сатылардағы
созылмалы жеткіліксіздігі,
аорта аневризмасы, жіті
улану,өңеш асқазанның
сілемейлі қабықшаларының
күйігі.
Асқазан сөлін фракциялық әдіспен тексеру
барысында екі типтегі тітіркендіруші заттар
пайдаланылады:
1)Энтералдық: 300 мл орамжапырақ қайнатпасы, 300 мл ет
сорпасы, 50г ақ кептірілген нан және 2 стакан су, 300 мл 5% алкоголь
ерітіндісі, кофеин ерітіндісі 0,2 г 300 мл суға.
2) Парентералды: 0,025 % пентагастрин ерітіндісі – науқас
салмағының әр 10 кг-на 0,6 мл ерітінді есебінен, 0,1% гистамин
ерітіндісі – науқас салмағының әр 1 кг-на 0,01 мл ерітінді есебінен

Бұл іс-шараны жүргізген кезде қолжетімді жерде антигистпминді
препарат болуы керек (хлоропирамин,дифенгидрамин және т.б. )
және анафилаксикалық шок кезінде қолданылатын дәрі-дәрмектер
дайын тұруы қажет. Тітіркендіруші заттекке аллергиялық реакциялар
көрініс бере бастаса тыныс алудың қиындауы , дене қызуының
сезілуі,жүрек айнуы , бас айналу , артериялық қысымның төмендеуі ,
жүрек қағу – шұғыл түрде дәрігерді шақырту қажет.
Он екі елі ішекті зондтау
Мақсаты: емдік (өт бөлініп
шығуын
ынталандыру,дәрілік
заттарды енгізу),
диагностикалық (өтқабы
және өт жолдары ауруларын
анықтау).
Қарсы көрсетілімдер: жіті
холецистит, созылмалы
холецистит және өттас
ауруының өршуі, ас қорыту
жүйесінің қатерлі ісіктері,
асқазан-ішек жолдарынан
қан кету.
Іс-шарадан 3 күн бұрын науқасты зондтау іс-
шарасына дайындай бастады:түнге қарай науқасқа бір
стақан жылы тәтті шай ішкізіп,оң жақ қабырға асты
аймағына қыздырғыш қояды.
Науқасты зерттеуге дайындаған кезде ілеспелі
ауруларын ескеру қажет:қантты диабет ауруы болса-
тәтті шай ішкізбейді,лямблиоз ауруына күдік болса-
диагностикалық зондтауға дайындағанда қыздырғыш
пайдалануға болмайды.
Қажетті жабдықтану:
он екі елі ішектік сүңгі;
ынталандырушы заттек;
нөмірленген сынауықтар қойылған
тұрғы(штатив),және шприці,қысқыш;
жұмсақ орам немесе жастықша,орамал, майлық;
резеңке қолғап.
Зонд арқылы
тамақтандыру
Ауыр жағдайда, есінен танып жатқан пациенттерге
мұрынынан жіңішке зонтты өткізіп, асқазанға жібереді.
Құрал жабдықтарды әзірлеу: жіңішке стерилденген зонд
(ішкі диаметрі 0,5 - 0,8 см), вазелин майы, Жане шприці,
30 — 50 мл су, лейкопластырь, бұрынды, резеңке
қолғаптар. Зонд арқылы тамақтандыру үшін арнайлы
тағам қоспалары болады (энпиттар). Бір рет
тамақтандыру үшін 600 — 800 мл сұйық тағам керек
(тәтті шай, морс, шикі жұмыртқа, сүт, сорпа).
Зонд арқылы тамақтандыру
алгоритмі
Асқазанға зонд жіберу үшін мұрыннан
құлаққа, құлақтан асқазанга дейін өлшеңіз;

Зондты жібергеннен кейін бұрандымен
жауып қойыңыз;

Шприціне сұйық тағамды алып, бұрандыны
ашып, жайлап жіберіңіз;

Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз

Құрал —жабдықтарды жуыңыз;

Резеңке қолғапты шешіп қолыңызды
жуыңыз.
Гастростома арқылы
тамақтандыру.
Есінен таңып, бет аузын
бинтпен жауып тастағанда
немесе өңештен тамақ өтпейтін
пациенттерге ішін тіліп,
асқазанды тесіп зондты
кіргізеді. Зондтың сыртына
воронкасын кигізіп сұйық
тағамдарды аз мөлшерде құйып
тұрады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Нурманова, М. Ш. Сборник стандартов сестринских
технологий по дисциплине "Основы сестринского дела" -
Қарағанды: ЖК "Ақнұр", 2013.
2. Пульникова, А. В. Сестринский процесс учебное пособие / А.
В. Пульникова, Б. С. Имашева. - Алматы : Эверо, 2016. - 300 с.-30
экз.
3. Қаныбеков, А. Медбикенің іс-әрекеттері:1-бөлім оқулық
бағдарлама. - Алматы : Эверо, 2016- 228 бет с. 50экз
4. Каркабаева А.Ж. Основы медицинской практики. Часть 1. 208
с., Астана, 2017
5. Обуховец, Т. П. Основы сестринского дела. Часть 1. Теория
сестринского дела. Часть II. Практика сестринского дела: учеб.
пособие. - 16-е изд., стереотип. - Ростов н/Д: Феникс, 2011

Ұқсас жұмыстар
Науқастың тамақтануын ұйымдастыру
Зондтық шаралар
Науқастарды тамақтандыру қағидалары
Клизма көмегімен қоректік ерітінділерді енгізу
Науқасты назогастральді зондпен тамақтандыру
Емдік тамақтанудағы стандартты емдәмдер жүйесі
Анамнез жинау
Қажетті заттар
РАДИОЗОНД ЖАПОНИЯ
Сканирлеуші зондтық микроскопия: туннельдік, атомдық-күштік және магниттік-күштік микроскопия
Пәндер