Науқас және оның туысқандарымен коммуникация негізі


Slide 1

Науқас және оның туысқандарымен коммуникация негізі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

«Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы

Орындаған: Мұратұлы Қ.

Тобы: В-ЖМҚА-01-18

Қабылдаған: Юнусметов Э. Ш.

Шымкент 2019 ж.

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Дәрігердің науқас пен және оның туыстарымен қарым-қатынас жасауы

ІІІ. Қорытынды

Iv. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Медициналық мамандықтың көптеген күрделі ерекшелік-

терінің ішінде сырқатпен қарым -қатынас және тілектес-

тік көзқарастың маңызы зор. Емдеудің нәтижелі болуы дәрігердің сырқат жүрегіне жол табуына, оның сенімінен шығуына байланысты. Дәрігердің жоғары біліктілігі, оның шеберлігі аурудың дөрекі қылығына өзін ұстамды болып, сырқаттың көңіл-күйін дұрыс түсінетіндігінен байқалады.

Осыған орай белгілі совет хирург-онкологы Н. Н. Петров “Дәрігерлерді - өз ісіне және жүрегінде деген сырқатқа өшпейтін махаббат оты бар адамдардың ішінен таңдап алу керек”- деп пайымдаған.

Slide 4

Көп жағдайда науқас дәрігердің алдына келгенде өз басындағы ауыртпалықтарды, ауруы туралы айтуды қаламайды. Оған көбінесе өз сырқаты жайлы қате пікірлер немесе өз дәрігеріне деген сенімсіздік әсер етуі мүмкін. Мысалы өз сырқаты жайлы, «Еш нәрсе жасауға болмайды, дәрігер маған ешбір көмегін тигізе алмайды деп ойласа».

Бұл жағдайда Авицена айтпақшы: «Дәрігер деген-қыран көзді, мамық қолды, жыландай сабырлы, арыстан жүректі болуы керек».

Slide 5

Науқасты танитын болсаңыз, олардың атымен, яғни есімімен сәлемдескен жөн.

Алдыңызға бірінші рет келген науқаспен формальді түрде сәлемдескен дұрыс.

Жас жеткіншек немесе жас бала алдыңызға келсе олармен өз тілінде немесе сәлемдесу арқылы қатынасқа түсуге болады.

14 жастан жоғары науқастар мен сөзді формальді түрде сәлемдесіп және фамилиясымен атаған жөн.

Slide 6

Науқас сөзін жайлап бөліңіз.

Науқас ең кемі 90 секунд сөйлеуі мүмкін, егер де олардың сөзін бөлсеңіз, тек қана 18 секундтан кейін одан бұрын бөлу сіздің тарапыңыздан сыпайылықты білдірмейді. Науқастың сөзін аяқтатпай бөлу бұл аса әдепсіздік.

Әңгімені науқас аздап тоқтап, үзіліс жасағанда, әдеппен сұрақ қою арқылы үзуге болады, мәселен:”Бұл алғашқы рет болып отырған жағдай ма? -деу арқылы айтуға болады. Науқасты өз сөзін аяқтатпай бөлу бұл сыпайсыздық.

Slide 7

Науқастың отбасына қайғылы ақпаратты жеткізу

Ауруханаға түскен науқас пен оның туыстарын ауру диагнозы да, оның болжамы да қызықтырады. Науқастың диагнозы толығымен анық болғаннан кейін бірден науқастың ауыратыны жайлы оның отбасына жеткізу керек. Науқастың отбасын алдын-ала дайындау керек. Қайғылы ақпаратты телефон арқылы жеткізуге болмайды. Отбасы мүшелері сырқат жайлы толық білгілері келуі мүмкін, сол

кезде шындықты жасырмай барлығын толығымен айту керек.

Slide 8

Дәрігер сөйлесер алдында ешкім кедергі жасамайтындай бөлме таңдауы керек және сөйлесер барысында телефонды сөндіріп қойған жөн. Науқастың отбасы мүшелері қайғылы ақпаратты естіген кезде қызушылық мінез көрсетуі мүмкін. Сондықтан дәрігер өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Бөлменің есігін ашық қалдырған жөн және бөлмеде дәрігердің әріптестерінің болғаны жөн. Әңгімелесу барысында науқастың отбасы мүшелерін аты-жөнімен атаған дұрыс болады. Ақпаратты жеткізген кезде медициналық терминдерді сирек қолданып, қарапайым сөздерді қолдннуға тырысу керек. Өйткені науқастың отбасы мүшелеріне медициналық терминдер түсініксіз болуы мүмкін. Бар ақпаратты жасырмай шындықты айту керек

Slide 9

Қайғылы ақпаратты жеткізіп отырған адамның көзіне қарап сөйлеу керек және тек қана бір адаммен сөйлеспей жанында отырған басқа да адамдармен қарым-қатынаста болу керек. Дәрігер әңгімені отырып жүргізу керек. Дәрігер қарым-қатынаста отырған адамның вербальді емес тактикасына көңіл бөліп, оны өз үлесіне пайдалануына болады. Сөйлесу барысында науқастың отбасына қолдау көрсетіп иығынан ұстауға болады. Егер науқастың туысқандарынан агрессия пайда болатын болса оны дәрігер байыппен қабылдауға тырысу керек. Кейбір кезде науқастың отбасы мүшелері жағдайды мүлдем түсінбейтіндей жағдайда болады. Ол кезде дәрігер әңгімені бірден үзіп, кейінге қалдыру керек.

Slide 10

Қайғылы ақпаратты жеткізгеннен кейін дәрігер бірден науқастың отбасы мүшелерін жалғыз тастап кетпеуі керек. Жанында біраз отырып қолдау көрсетуі тиіс. Туысқандарының жанында отырған кезде міндетті түрде сөйлеудің қажеті жоқ. Жанында отырғанның да өзі жеткілікті. Науқастың отбасы мүшелеріне сіз қолдау көрсете аласыз, бірақ оны өз жүрегінізге жақын қабылдамауға тырысыңыз. Егер науқастың отбасы мүшелері жылап отырса, оған жеңілдеуіне мүмкіндік беріңіз, оны мұқият тыңдап сөзін бөлмеңіз. Дәрігер өзінің қобалжып тұрғанын көрсетпеуге тырысу керек. Өйткені ол науқастың отбасына кері әсер етуі мүмкін

Slide 11 Slide 12

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Паллиативті көмек пен мейірбикелік күтім этика және деонтология
ПАЦИЕНТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА КОММУНИКАЦИЯ НЕГІЗДЕРІ
НАУҚАСТАР ОЛАРДЫҢ ТУЫСҚАНДАРЫМЕН ЖӘНЕ МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ ТҮРЛІ МАМАНДАРМЕН ТИІМДІ ҚАТЫНАСУДЫҢ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ
Отбасымен жұмыс істеу кезінде қарым-қатынастың негіздері. Отбасымен таныстырудан алынған əсердің сипаттамасы
Емделушінің ауру тарихымен танысу
Геморрагиялық инсульт кезіндегі мейірбикелік күтім
Негізгі хабарламалар
ҚАТЫНАСТЫ ОРНАТУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
Паравербалды коммуникация
Емделушіден сұрастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz