Тыныс алудың зақымдану синдромы


Slide 1

Экзогенді уланулар кезіндегі диагностика және дәрігерге дейінгі көмек

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

«Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасы

Орындаған: Мұратұлы Қ.

Тобы: В-ЖМҚА-01-18

Қабылдаған: Юнусметов Э. Ш.

Шымкент 2019 ж.

Slide 2

Уланулар - бұл эндо- және экзогенді улы заттардың организмге жалпы әсер етуінен болатын патологиялық жағдай.

Улану жедел және созылмалы болып екіге бөлінеді.

Жедел уланулар- улы заттардың организмге бір рет, кейде бірнеше рет әсер етуі нәтижесінен дамиды. Уланудың клиникасы жылдам айқын көрініс береді. Уланудың белгілері мен ауырлығы улы заттардың түріне, улылығына, және дозасына байланысты.

Slide 3

Созылмалы уланулар - органдар мен жүйелерде тұрақты патологиялық өзгерістер тудыратын улы заттардың аз мөлшерде организмге көп рет түсу салдарынан дамиды.

Slide 4

Қазақстан Республикасы бойынша жедел уланулардан болатын өлімнің негізгі себептері:

алкоголь - (62, 2%) ;

көміртек тотығы (15, 4%) ;

сірке суы - (6, 3%) ;

медикаменттер - (4%) ;

Slide 5

Дәрілік уланулар ішінде психотропты препараттардан: бензодиазепин (35%), антидепрессанттар, оның ішінді амитриптилин (19, 6%), нейролептиктер, клонидин (клофелин) улану жиі кездеседі.

Жасөспірімдер арасында антигистаминдерден, паркинсонизмге қарсы және антихолинергиялық препараттардан, галлюциногендерден уланулар жиі болады.

Дәрілік улану

Slide 6

Аспирин мен парацетамолдан улану дәрілік уланудың 1, 0-1, 4% құрайды.

Қазақстанда алкоголь және оның суррогаттарымен улану әліде өзекті мәселе болып келеді.

Метанол және этиленгликольмен улану тұрақты түрде кездеседі. Бұл ауруханаға уланумен жатқызылған науқастардың 0, 5% жуығын құрайды.

Slide 7

Реанимация мен қарқынды ем

Асқазан жолымен уланғанда 1% танин немесе калий перманганаты(1:1000) ерітіндісімен түтікті майлап алып асқазанды жуады. Жемістермен уланғанда құсық шақыру керек.

Тері астына 1 мл 0, 05% прозерин ерітіндісін қозу басталса, бұлшық етке 1-2 мл 2, 5% аминазин ерітіндісін; тырыспа кезінде тиопентал-натрийді 1% ерітінді күйінде тамшылатып құяды немесе седуксен енгізеді, тыныс алуын бақылап отырады.

Тыныс алу бұзылғанда көрсеткіштер бойынша ЖӨЖ жасайды.

Кристаллойдты, коллоидты ерітінділерді көк тамырға құйып, жеделдеткен диурез жасайды. Фуросемид, маннит тағайындалады.

Беллоид, белласпонмен уланғанда балаларға гемосорбция жасау үлкен жетістіктермен қолданылады.

Slide 8

Алкогольдың адам қанындағы мөлшері 0, 04-0, 05 пайыз болғанда мидың қыртысты қабатындағы импульсты беру қабілеті тежеледі, адам өзін - өзі басқара алмайды, дұрыс ойлап жауап қайтаруы қиындайды. Алкогольдың қандағы мөлшері 0, 1 пайыздан жоғары болса, бас миының терең бөліктеріндегі орталықтар тежеледі. Адамның жүріс - тұрысы өзгереді, теңселеді және шексіз қанағаттанарлықты сезінеді, уайым - қайғыны бір сәтке ұмытады.

Алкогольмен улану

Slide 9

Алкогольдың мөлшері 0, 2 пайыз болса, бас миының бөліктеріне әсер етеді. Бұл сәтте тез пайда болатын ашушаңдық мінез пайда болады.

Алкогольдың мөлшері қандағы 0, 3 пайыз, адам есін анық білмейді, бірақ не көргені не естігені санасында жок. Бұл жағдайды алкогольды ессіздік деп атайды. .

Алкогольдың мөлшері қандағы 0, 4 пайыз кезінде адам есін мүлде жоғалтады. Ұйқыға кетеді, тыныс алуы бұзылады.

Алкогольдың мөлшері қандағы 0, 6-0, 7 пайызға жеткенде көп жағдайда адамдар өлімге ұшырайды.

Slide 10

Алкогольден жіті уыттанудың (арақтан мас болудың) ауыр дəрежелі түрін емдеудің алгоритмі:

- асқазанды жуу; - аналептиктер жəне психотониктер (дигоксин, строфантин инъекция түрінде, кордиамин) ; - детоксикация (уытты қайтару) − полиионды қоспалар, физиологиялық ерітінді, глюкозаның 5% ерітіндісі, натрий тиосульфаты венаға) ;

- ноотроптар (пирацетам 20% ерітінді 5-15 мл бұлшықетке немесе венаға) ;

- гепатопротекторлар (эссенциале ерітіндісі) .

Slide 11

Қөміртегі газымен улану

Көміртегі газымен улану тұрмыстағы ингаляциялық уланулардың арасында бірінші орынды алады. Улану 3 топқа бөлінеді:

Көліктердің газынан болатын улану;

Үйде көмір жаққаннан кейін болатын улану;

Өрт болған жабық жерлерде улану;

Slide 12 Slide 13

Жеңіл дәрежесі: басының маңдай және самай бөліктерінің белдеме тәрізді ауырсынуы, («сақина» синдромы), бас айналу, лоқсу, құсу, аздап көрудің нашарлауы. Тыныс алуы нашарлаған, құрғақ жөтел, жүрек тұсының ауырсынуы. Қанда карбоксигемоглобиннің мөлшері - 15-30%.

Орташа дәрежесі: лоқсу, тыныс алуының қиындауы, ентікпе. Науқастың қозуы немесе есеңгіреуі, команың болуы. Патологиялық рефлекстер, миоз, анизокория. Беттің қызаруы. Қысқа уақытқа -1-2 минуттун -20 минутқа дейін есінен тануы. Қанда карбоксигемоглобиннің мөлшері - 30-40%.

Ауыр дәрежесі: бірнеше сағаттан 1 тәулікке дейін, кейде бірнеше күнге созылған кома, тырысулар, патологиялық рефлекстер, парездер, параличтер. Терісі қызарған. Тынысы алуы бұзылған, тыныс алуының тоқтауы мүмкін. Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік. Қанда карбоксигемоглобиннің мөлшері - 50-60%.

Slide 14

Интенсивті терапия

ТАЗА АУАҒА ШЫҒАРУ, ДҰРЫС ТЫНЫС АЛУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ. ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛДЫРУ.

МИ МЕН ӨКПЕ ІСІГІ ПАЙДА БОЛҒАНДА : ФУРОСЕМИД, МАННИТОЛ, СОРБИТОЛ; ЖҰЛЫН ПУНКЦИЯСЫ

АУЫР УЛАНУДА ОРЫНБАСУШЫ ҚАН ҚҰЮ.

ТІНГЕ ЗАҚЫМ КЕЛТІРУ ӘСЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ГИПОКСИЯНЫҢ ДӘРЕЖЕСІН ТӨМЕНДЕТУ: ОЛ ҮШІН КАРБОКСИГЕМОГЛОБИННІҢ ЫДЫРАУЫН ЖЫЛДАМДАТАТЫН ҚАННЫҢ УЛЬТРАКҮЛГІН СӘУЛЕЛЕНУІН ТАҒАЙЫНДАЙДЫ.

Slide 15 Slide 16

Уланудың клиникасы.

Көптеген уланулардың ағымында жасырын кезең болады, бірақ өте улы заттарды тамыр ішіне егуден болған улануларда жасырын кезең болмайды.

Уланудың клиникалық көрінісі тұрақсыз, өйткені организмдегі удың мөлшері уақыт өткен сайын өзгереді.

Slide 17

Удың әсер ету уақыты мен мөлшеріне байланысты улану токсигендік және соматогендік фазаларға бөлінеді.

Токсигендік фазасында улану дәрежесі улы заттың белгілі бір ағзаға немесе жүйеге әсер етуінен болады.

Соматогенді фазасында удың әсерінен патологиялық процесс жайылмалы, организмнің көптеген жүйелеріне тарайды.

Slide 18

Уланулар кезіндегі негізгі синдромдар:

Жүйке жүйесінің зақымдану синдромы

Тыныс алудың зақымдану синдромы

Жүрек-қан тамыр жүйесігің зақымдану синдромы

Аллергиялық синдром

Жедел гастроэнтерит

Терінің зақымдану, көздің тітіркену синдромы

Slide 19

Ауырсыну синдромы

Бауырдың жетіспеушілік синдромы (улы гепатопатия, гепатореналды синдром)

Бүйректің жетіспеушілік синдромы (улы нефропатия, жедел бүйрек жетіспеушілігі, нефротикалық синдром, уремия, гепаторенальды синдром) Барбитураттармен улану (фенобарбитал, барбитал, бромитал және т. б )

Slide 20

Улану стадиялары:

1-ші стадиясы - «науқастың ұйқыға кету» стадиясы: ұйқышылдық, апатия, сыртқы тітіркендіргіштерге әсер етуінің төмендеуі, бұл кезеңде науқаспен сөйлесу мүмкін.

2-ші стадиясы- «жеңіл дәрежедегі кома» стадиясы: есінен тану. Ауырсыну тітіркендіргіштеріне әсер етуі төмендеген, қысқа уақытқа көз қарашықтары кеңейген. Жұтынуы қиындаған, жөтелу рефлексі төмендеген, тілінің артқа кетуінен тыныс алуы нашарлаған, дене қызуы 39 -40°С.

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Симптомдар мен синдромдар жөнінде түсінік
Эндемиялық зоб
Дисфагия синдромы
Шылым шегу, есірткі мен ішімдіктің адам ұрығының дамуына тигізетін әсері
Балалар мен нәрестелердегі респираторлық дистресс синдромы
Ақтық жағдайлардың кезеңдері мен олардың клиникалық көріністері
Инфекция көздері - науқас адамдар
КУРСАК КУЫСЫНЫН ХИРУРГИЯЛЫК АУРУЛАРЫМЕН ЗАКЫМДАРЫ
Балалардың тыныс алу жолдарының бұзылысының семиотикасы және синдромдары
Дәрілік заттардан улану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz