Тістің органикалық заттары


Slide 1

СӨЖ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ

«Биология және биохимия» кафедрасы

Орындаған: Мұратұлы Қ.

Тобы: В-ЖМҚА-01-18

Қабылдаған: Кенжебеков П. К.

Шымкент 2020 ж.

Тақырыбы: Дәнекер, сүйек және тіс тіндеріндегі заттар алмасуы. Сүйек және тіс тіндерінің ақуыздары және басқа органикалық қосылыстары

Slide 2

ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Дәнекер, сүйек және тіс тіндеріндегі заттар алмасуы

2. Сүйек тінінің құрылымдық ұйымдастығы

3. Тістің биохимиясы

III. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

КІРІСПЕ

Сүйек ұлпасы механикалық қызметтері жақсы жетілген дәнекер ұлпасының бір түрі. Организмдегі минералды заттардың алмасуын реттейді. Сүйектің негізгі заттарының құрамында кальцийдің, магнийдің, фтордың, фосфор қышқылы тұздары кездеседі. Cүйек ұлпасы тығыз ұлпалардың бірі. Сүйектен омыртқалылардың қаңқасы құрылады. Шеміршек пен сүйек дененің беріктігін қамтамасыз ететін және формасын белгілейді. Сүйектің аралық заты аморфты заттан және коллаген талшықтарынан тұрып, біркелкі болмайды. Солардың орналасуына сәйкес торлы талшықты және пластинкалы құрылысы сүйектер деп ажыратылады.

Slide 4

Атқаратын қызметі:

1. Қорғаныштық - сүйек организмнің негізгі қаңқасы болып саналады, оған бұшықет пен ішкі мүшелер байланысады.

2. Сүйек бұлшықет, буын және байламдармен бірігіп тірек-қимыл қызметін атқарады.

3. Метоболиттік - сүйек тіні заттар алмасуына, әсіресе минералды заттардың алмасуына қатысады.

Slide 5

4. Минералды заттардың қоры - сүйек тінінде кальцийдің 99%, фосфордың 87%, магнийдің 50%, натрийдің 46% және т. б. заттар қорға жиналады.

5. Реттеуші - ішкі ортаның гомеостазын(иондық құрамын, қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті) (қанның pH-ын) ) сақтайды.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Сүйек тінінің белоктары

Коллаген - сүйектің минералдық компоненттерімен бірігіп сүйектің механикалық қасиеттерін анықтайды. Сүйек коллогеніне лизинді және оксилизинді қалдықтардың бос топтарының көп мөлшері, сонымен қатар молекулаға теріс заряд беретін моноаминодикарбонды аминқышқылдарының көп мөлшерде болуы тән. Басқа дәнекер тканінің коллагенімен салыстырғанда, сүйек коллагенінде органикалық фосфаттар болады және метаболитикалық белсенділігімен ерекшеленеді. Минерализация процесінде коллаген кальцификацияның ұйытқысы қызметін атқара отырып, біріншілік кристалдардың түзілуіне қатысады. Минералды заттардың жинақталуы тек коллагенді талшықтардың арасында ғана емес, тікелей оның өзінде де жүреді де, гидроксилапатиттер кристалдарын түзеді және сол арқылы коллаген сүйектің механикалық қасиеттерін анықтайды.

Slide 9

Сүйек тканінің альбуминдері коллагенді емес белоктардың негізгі бөлігін құрайды және иммунологиялық қасиеттері бойынша қан сары суының альбуминдеріне ұқсас болады. Сүйектің альбуминдері гормондардың, минералды және басқа да заттардың қан ағымына сүйекке жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Slide 10

Сүйек тініндегі белок синтезі

Slide 11

Гликопротеидтер (сиалопротеидтер)

Атқаратын қызметі - сүйектің

минералдануына, өсуімен дамуына қатысу. Құрамының ерекшеліктері:

1. Құрамында аспарагин және глутамин қышқылдары көп.

2. Құрамында фосфатпен байланысқан серин қалдығы көп.

3. Құрамында галактозамин, сиал қышқылдары және пентозалар сияқты көмірсулар көп.

Slide 12

Сүйек тінінің ферменттері

1. Арнайы - сүйек тініне тән қызметтерді жүзеге асырады.

Сілтілік фосфатаза (СФ)

Қышқылдық фосфатаза (ҚФ)

Пирофосфатаза (ПФ)

2. Арнайы емес - көптеген тіндерде кездеседі, мысалы альфа-амилаза, альдолаза және т. б.

Slide 13

Сүйек ұлпасының ферменттері

Сүйек ұлпасында басқа ұлпалар сияқты ферменттік жүйелер кездеседі. Кребс циклі ферменттері, көмірсулар, ақуыздар, энергия алмасуына қатысатын ферменттер. Альфа-амилаза анықталған, альдолаза мен белсенділігі жоғары. Сүйек тканінде гликогеннің ыдырауының негізгі жолы - бұл альфа-амилазаның қатысуымен жүретін гидролиз реакциялары.

Сілтілік фосфатаза -сүйек ұлпасынан табылған. Остеобласттарды остеоциттерге қарағанда белсенді. Остеокласттарда жоқ. Сілтілі фосфатаза эфирден фосфат ионды акцепторға- сүйек тканінің органикалық негізіне тасымалдау процестерінде маңызды роль атқарады, яғни сүйектің кристализация ядросының түзілуіне қатысады. Қан плазмасында және сүйек тканінде сілтілі фосфатазаның мөлшері остеобластардың белсенділігіне байланысты болады. Сүйек сынығы жазылғанда, рахитте, гиперпаратиреоз кезінде белсенділігін жоғарылайды, сондықтан диагностикалық рөлі бар.

Slide 14

Қышқылдық фосфатаза - остеокласттарды кездеседі. Сүйек резорбциясына қатысады, қышқылдық ортада белсенді. Пирофосфатаза -минералдану процесіне қатысады. Пирофосфат - минералдануды баяулатады, ал пирофосфатаза оны ыдыратады.

Slide 15

Ересек адамның сүйек тканінде шамамен 120г кальций, 530г фосфор, 11г магний бар. Бұлардан басқа сүйекте шашамен 30 микроэлементтер анықталған. Өте төмен концентрациясына (0, 001%төмен) қарамастан бұл заттар сүйек тканінің функционалдық және құрылымдық үлестеріне үлкен әсер етеді. Сүйек тканінің негізгі минералдық бөлігі гидроксилапатит кристалдары Ca10(PO4) 6(OH) 2 түрінді болады. Ағзаға түсетін микроэлементтердің мөлшері тағам мен суға тікелей байланысты. Ағзаға келіп түсетін магнийдың жартысы сүйектерде жинақталып, сілтілі фосфатазаға және пирофосфазаға белсендіруші әсер етеді. Стронций мен ванадий сүйектің қатаюына ықпал етеді, ал галлий, цинк және барий сүйектің декальцинациясына қатысады. Стронций артық мөлшері сүйектің деструкциясына әкеледі де, стронцийлы рахит дамиды.

Алюминий асқазанда фосфаттармен ерімейтін қосылыстар түзеді, соның салдарынан ағзада фосфордың жетіспеушілігі дамиды. Ағзада мыстың жетіспеушілігі сүйектің майысуы мен сынуына әкеледі.

Slide 16

Сүйек ткані құрылымының қалыптасуы және сақталуы

Сүйек тканінің қайта түзілу процесі үшін органикалық негізгі субстанция, коллагенді фибриллалар синтезделуі және олаСр минерализациялануы қажет. Осы процестердің барлығында остеобластар негізгі роль атқарады. Олар коллагенді, гликозамингликандарды және гликопротеидтерді . Коллаген синтезі үшін С витамині болуы қажет. С витаминінің жетіспеушілігі остеобластар пролиферациясының бәсеңдеуіне, коллаген синтезінің тоқтауына алып келеді. Сүйек ткані минерализациясын тиреокальцитонин, кальцитриол іске қосады және мынадай процестердің өзара байланысымен сипатталады:

- РН-тің сілтілі жаққа ауысуы;

- сілтілі фосфатазаның белсендірілуі;

- фофат иондары концентрациясының жергілікті артуы;

- Са++ иондарының жинақталуы.

Slide 17

Сүйек түзілу процесі мынадай кезеңдердің нәтижесі болып табылады:

-коллаген мен глюкопротеиндердің түзілуі;

- көмегімен Са+ иондарының жинақталуы.

- фосфат иондардыңлокалбды бөлінуі;

- кальций фосфатының біріншілік жинақталуы.

- біріншілік фосфаттың гидроксилапитит түрінді жинақталуы.

Сүйек тканінің ыдырау процестерін паратгормон іске қосады, остеокластармен жүзеге асады және сүт қышқылы мен лимон қышқылының синтезінің артуымен, қанда кальций деңгейінің төмендеуімен қатар жүреді. Органикалық қышқылдар рН-ты қышқыл жақа ығыстыру арқылы қышқыл фосфатазаның белсенділігін арттырады, сүйек тканінде гидроксилапатиттер кристалдарының еруіне және деполимеразациясына себепкер болады.

Slide 18

Сүйек тініндегі минерализация және деминерализация үрдістерінің жасқа байланысты ерекшеліктері:

Ұрықтың қаңқасының минерплизациясы жүктіліктің 8-аптасында басталады.

Туғаннан бастап екі жасқа дейін сүйек түзілуі мен резорбциясы қарқынды өтеді.

2-18 жас аралығында сүйек түзілуі қарқыны оның резорбциясынан басым болады.

18-40 ж. а. Сүйектің түзілуі мен резобциясы теңеседі. 140-45 жастан асқан соң резорбция үрдістері түзілуінен басым болады. Сүйек сынғыш және травмаға жеңіл ұшырайтын болады.

70 жастан асқан соң остеопороз арта түседі.

Slide 19

Тістің биохимиясы

Тістер дегеніміз - тағамды ұнтақтауға арналған өте қатты құрылым болып табылады. Адамда тістердің рет алмасуы жүреді. Алғашында онда сүт тістері 20 тіс пайда болады, біртіндеп олар тұрақты тістермен алмасады. 32 тұрақты тіс. Тістердің көрініп тұрған бөлігі коронка деп аталады, ол эмальмен қоршалған. Эмальдың астында дентин орналасқан, ол тістің негізгі бөлігін құрайды.

Slide 20

Тістің органикалық заттары

Тістің органикалық заттары белоктар, нуклеин қышқылдары, липидтер, көмірсулар, органикалық қышқылдар және витаминдер түрінде болады.

Тістің тканінің белоктары коллаген, протеогликандар, гликопротеидтер, фосфопротеидтер, остеокальцин, альбуминдер және глобулиндер түрінде болады. Тістің жіне сүйектің негізгі белогы- коллаген болып табылады. Коллаген өзінің табиғаты бойынша гликопротеид болып табылады.

Slide 21

Эмаль

Эмаль - ағзаның ең қатты, қан тамырсыз ткані болып табылады. Эмальды өндіруші клеткалар- амелобластар, эмальды мүшенің ішкі клеткаларынан дифференцияланады. Ол дентинді, пульпаны кез-келген әсерден сақтайды. Эмальда бейорганикалық субстанция - 93, 7%, су -2, 3%, органикалық заттар -4% болады. Эмальды сұйықтық гидроксиапатиттың өте қаныққан ерітіндісі түрінде болады, бұл оптимальды рН кезінде онда эмальдың еруіне кедіргі келтіреді және ресминерализацияны қамтамасыз ететін кальций, фосфат иондарының және басқа иондардың эмальға түсуін қамтамасыз етеді.

Slide 22

Эмальдың минералдық заттары 41 элементтерден тұрады. Эмальдың сыртқы қабатында фтор, қорғасын, темір, цинк концентрациясы едәуір жоғары, ал натрий, магний, карбонаттар мөлшері азырақ болады. Стронций, мыс, алюминий, калий болса қабаттар бойынша біркелкі таралған. Эмальға заттардың тасымалдану процесіне ортаның рН-ы, витаминдер, гормондар, ферменттердің белсенділігі және эмальдің жетілу деңгейі әсер етеді. Тістің өсуі кезінде кальций мен фосфордың жинақталу процесі қарқынды өтеді. Эмальдың өткізгіштігі жас ұлғайған сайын төмендейді.

А витамині, тирекальцитонин, каротиндер электрофорез, қышқыл өнімдер эмальдың өткізгіштігін арттырады.

Slide 23

Дентин

Дентин көптеген дентинді түтікшелерден тұрады, түтікшелердің құрамында дентинді өндіруші клеткалар - одонтобластардың цитоплазматикалық тармақтары бар. Дентин - тістің негізгі бөлігін құрайды. Бұл қан тамырсыз, остеобластардың тармақтары - өскіндерден тартылған ткань. Дентин түтікшелерінде дентинді сұйық ағынды болады, оның құрамында дентиннің жаңаруына қажетті органикалық және минералды заттар бар. Дентин эмальға қарағанда аз кальцинацияланған.

Slide 24

Дентиннің органикалық матриксы коллаген және коллаген емес белоктар түрінде болады, құрамында глюкозаминдер, галактозаминдер, урон қыщқылдары, нейрамин және сиал қышқылы болады. Коллагенді емес белоктар минералданған тканьдердің түрлік, тканьдық, функционалдық, мүшелік және жас ерекшеліктердің қалыптасуына қатысады. Кариес кезінде ең бірінші кезекте коллагенді емес белоктардың құрылымы өзгереді.

Slide 25

Пульпа

Пульпа. Бұл ерекше дәнекер ұлпа, эмбрионның дәнекер ұлпасына ұқсас. Пульпа біршама метаболиттік активті болғандықтан, онда ферменттер көп болады. Фибробластардан басқа, пульпада май жасушалары да кездеседі. Жасушаралық затта - гликопротеиндер, глюкозаминогликандар болады. Пульпаның талшықтық құрылымы - бұл жіңішке коллагендік талшықтар. Пульпаның қызметі: дентинді қалыптастыру және дентинде метаболиттік процестерді қамтамассыз ету.

Slide 26

Тістің қалыпты дамуы мен қызметтері үшін А, Д, Е, К, С, Р витаминдері қажет.

А витамині - кристаллизация және минерализация орталықтарының қалыптасуына қатысатын тістің полимеризация және деполимеризация процестеріне әсер етеді.

А витамині жетіспесе, терінің және ауыздың шырышты қабығының құрғауы байқалады, эмальдың кальцинациясы бұзылады, тістің өсуі тежеледі, альвеолярлы сүйек дұрыс орналаспайды Және жете дамымайды. Дентин жете қалыптаспайды

Slide 27

Д витамині - тістің қатты тканьдерінің минерализация және түзілу процестеріне үлкен әсер етеді. Белсенді Д витамині емес, оның туындысы 1, 25- дигирокальциферол болып табылады.

Е витамині оксидант ретінде клеткалық мембраналардың құрамына кіретін жоғары май қышқылдарының асқын тотығуын тежейді. Е витаминін парадонтозды емдеу үшін және ауыздың шырышты қабатының аурулары кезінде жараларға, эрозияларға апликация жасау үщін қолданылады.

Slide 28

С витамині проколлагеннің коллагенге айналуы үшін қажет. Бұл айанлу пролин және лизиннің гидроксильдену процестерімен байланысты. С витаминінің жетіспеушілігінен остеобластардың пролиферациясының толық тоқтауына және сол себепті тістің органикалық матриксінің түзілуін төмендеуіне әкеледі, реминерализация және тістің түзілуі тежеледі. Ұзақ гиповитаминаз кезінде жаралы гингивит, соматити дамиды, ағзаның жалпы реактивтігі төмендейді.

Slide 29

Тістің минералды заттары және олардың биологиялық мәні


Ұқсас жұмыстар
Түбір белгісі
Майда еритін витаминдер. А, D,E,K витаминдері
Тіс бетін кептіру
Пародонт ауруының құрылысы мен қызметі. Пародонт ауруының қабынуының даму механизмі
Композиттердің адгезивті жүйелері
Тіс алмасуы
Ауыз қуысының микрофлорасы
Пневмо - кинетикалық әдіс
Тісжегі қуысын егеп - тазалау
Тіс жегі қуыстарын реставрациялау ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz