Қан ұюына қарсы жүйе
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ
МИНИСТРЛІГІ
«Биология және биохимия» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Қан ұю процесі. Фибринолиз жүйесі.
Қан ұюына қарсы жүйе
Орындаған: Мұратұлы Қ.
Тобы: В-ЖМҚА-01-18
Қабылдаған: Кенжебеков П.К.
Шымкент 2020 ж.
ЖОСПАР
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қан ұю процесі;
2. Фибринолиз жүйесі;
3. Қан ұюына қарсы жүйе;
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қан(гр. haemo; лат. sanguis — қан) — организмдегі
ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының
тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін
атқарады. Қан барлық мүшелердің клеткаларына
қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік
әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне
тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл
заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның
қатысуымен іске асады. Қан организмнің
инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз
етеді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қанның ұюы
Қан ұю организмде биохимиялық каскад
түрінде жүреді. Коагуляция үрдісі қанда өте
белсенді ферменттердің пайда болуымен,
олардың бір-бірімен байланысты әрекеттері
нәтижесінде плазмалық протромбиназаның
(Хф) әсерлеуінен басталады.
Қан ұю үрдісіне плазмалық факторлар,
жасушалық факторлар, тіндік факторлар
қатысады.
Тамырлар жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі
жасайтын іркілдек зат — тромб түзеді. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып
тамырдың зақымданған жерін бітейді де, аққан қанды тоқтатады. Біраз
уақыт өткен соң тамыр жарақаты жазылып, тромб жойылады.
Тромб негізінен ерімейтін талшықты белок — фибриннен құралады.
Фибрин плазмада еріген белок — фибирногеннен түзіледі. Фибрин түзілуі
үшін қанда және қан пластинкалары, тамырлар мен оларды қоршап
жатқан тканьдер бұзылғанда пайда болатын ерекше заттар қажет. Қан
ұйығанда кальции тұздарының маңызы зор. Егер кальций тұздарын бөліп
алса, қан ұйымайтын болады. Фибрин жіпшелерінің аралығына қан
клеткалары тұтылып, іркілдек зат қызыл түске боялады. Қанның іркілдек
заты үш-сегіз минутта түзіледі.
Лимфада да фибриноген болады. Ол қан ұйитын жағдайда, бірақ қаннан
гөрі баяуырақ ұйиды.
Кейбір адамдар іштен туа қаны ұйымайтын ауруға тап болады. Мұндай
адамдар болмашы жарақаттанудан-ақ қаннан айырылып, қаза табуы
мүмкін.
Қанның ұйуы дегеніміз организмді қан кетуден сақтандыратын, оны
қорғанышты бейімділігі болып табылады.
Қанның физикалық қасиеттерінің өзгеріп, сұйык күйден
қойыртпақтанып қатқылдануын ұю деп атайды. Қанның ұюы
оның маңызды қорғаныш қасиеттерінің бірі. Ол организмді
қансыраудан сақтайды. Қансырауды тоқтатуға (гемостаз) қан
тамырларынын қабырғасы, тамыр маңындағы ұлпалар, қан
плазмасы құрамындағы ұю факторлары, барлық қан торшалары
қатысады. Бұл процесте биологиялық белсенді заттар да маңызды
роль атқарады. Олар физиологиялық әсеріне қарай қанның ұюын
жеңілдететін, қанның ұюына кедергі жасайтын және ұйықты
ерітетін заттар болып бөлінеді.
Қанның ұюы тізбектелген реакциялардан тұратын күрделі
процесс. Оның мәні қан құрамындағы фибриноген белогының
физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруінде. Ұю процесі
барысында фибриноген белогынан қышқыл пептид бөлінеді де,
ол ерімейтін белок -фибринге айналады.
Қазіргі деректер бойынша қанның ұю
үрдісі төмендегі 4 кезеңнен тұрады.
1) Белсенді тромбопластиннің пайда болуы;
2) Тромбопластин кальций әсерінде протромбиннен
тромбиннің пайда болуы;
3) Тромбин әсерінде фибриногеннің фибрин-
мономерге айналуы;
4) Фибрин-мономердің фибринді белсендіретін
заттардың әрекетімен фибрин полимерге айналуы.
Қанның ұю процесі механизмінің негізіне 1871 ж. А.Шмидт
ұсынған ферменттік теория алынған. Бұл теорияға сәйкес ұю
процесі үш кезеңде өтеді де, плазма құрамындағы 13 фактор
мен тромбоцит факторларының (10-нан астам) қатысуымен
жүреді. Плазма факторлары ашылу ретіне қарай нөмірленіп,
рим цифрларымен, ал тромбоцит факторлары араб
цифрларымен белгіленеді. Егер плазма құрамындағы
факторлардың біреуі жетіспесе, онда қан ұю қабілетінен
айырылады (мысалы, VIII-фактор жетіспегенде гемофилия
дерті байқалады).
Қанның ұю процесі үш кезеңде өрбиді. Бірінші кезең
тромбоциттердің белсенділігінің күшеюімен сипатталады.
Екінші кезеңде плазма құрамындағы факторлардың
белсенділігі артып, үш сатылы тізбектелген ферменттік
процесс жүреді. Ұюдың соңғы үшініші кезеңінде ұйық
ретракциясы (фибрин талшықтарының тығыздалуы) жүреді.
Тромбоциттер
Тромбоциттердің басты қызметі — қанның ұюына қатысуы. Қан
тамырлары жарақаттанғанда әдетте жараның бетін т р о м б деп
аталатын қойылған қап түйіршігі тез жабады. Біраздан соң ол
тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мұндай қасиеті болмаса,
кішкентай жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам әлсіреп, тіпті өліп гс кетер
еді. Қанның ұюы күрделі ферментативті құбылыс оны шамамен 3
кезеңге бөлуге болады: 1 — қанда және ұлпада тромбопластиннің пайда
болуы; 2 тромбопластиннің тромбинге айналуы; 3 – тромбиннің
әсерінен плазмадағы фибриноген белогының ерімейтін ф и б р и н
жіпшелеріне айналып, жараның бетінде тор құруы. Осы торға
эритроциттер мен лейкоциттер тұрып қалады да, т р о м б пайда болады.
Тромб сығылып, сарысудан арылады. Жараның беті қабыршақтанып
қатым, жараланған тамыр бүтінделеді. Кейіннен қатқан қан қабыршағы
түсіп қалады. Қанның ұюына эритроциттердің құрамындағы және қан
плазмасындағы бірнеше ферменттер мен кальций иондары, бауырда
түзілетін К витамині қатысады
Плазмалық қан ұйытатын факторлар.
Қан үю мәселесі жөнін-дегі халықаралық комитет кан ұйытушы
плазмалық факторлар-ды рим сапымен белгілеу қажет деп тапты.
I фактор — ' фибриноген — үлкен молекулалы глобулин, м. с. —
340000. Плазмада 0,3—0,4% фибриноген бар.
Қан ұйырда фибрішоген зольден гелге айналып, ұйыған қан-ның
негізін қүрады.
II фактор — протромбин — гликопротеид (гексоза, ацетил-
гексозаминнің қосындысы). «К» витаминінің катысуымен бауыр
клеткаларында түзіледі. Бұл — пассивті фермент, қан ұюы кезін-
де белсенді тромбинге айналады.
III фактор — тканьдік тромбопластин мсн қан тромбопласти-
ні (екеуі де фосфолипид) — клетка мембранасының қүрамына
кіреді. Тромбопластиндер протромбиназа түзілуіне қажет.
IV фактор — кальций ионы — коагуляциялық, гемостаздык
кезсңдердің үшеуіне де қатысады.
V—VI факторлар — проакцелерин жэне акцелерин — глобу-лин.
Екеуін қосып акцелератор глобулин (белсенді) дсйді. Екі фак-
тордың біреуі (V) белсенді, екіншісі — (V) пассивті болғандык-
тан соңғысы көбінесе қолданылмайды.
VII фактор — проконвертин — «К» витаминнің қатысуымен
бауырда жасалады, тканьдік протромбиназа түзілуіне кажет зат.
VIII фактор — антигемофилдік (гемофилияға қарсы) глобу-лин
«А». АГГ жеткіліксіз болса, гемофилия «А» ауруы пайда бо-
лады. АГГ IX және X факторлардың әсерін күшейтеді.
IX фактор — Кристмас факторы. (аурудын. аты) — антигемо-
филдік глобулин «В». Бүл да «К» витаминнің қатысуымен бау-
ырда түзіледі. IX фактордың жеткіліксіздігі гемофилия «В»
ауруына океліп соғады.
X фактор — Стюарт-Проуэр факторы (аурудың аты), «К»
витаминінің қатысуымен бауырда жасалады, ткапьдік протром-
биназа мен қан протромбиназасы түзілуіне керек.
XI фактор — тромбопластинніқ плазмадағы негізі (РТА) —
(ріазта іготһоріазііп апіесесіепі) — глобулин бауырда түзілсді, ол
жеткіліксіз болса, гемофилия «С» ауруына әкеліп соғады.
XII фактор — Хагеман факторы қан тамыры, клеткалары
жарақаттанғанда әрекет етеді, ол үшін қан бұзылған клетканың
бетімен түйісуі қажет. Сондықтан оны жанасу факторы дейді.
Белсенді ХІІ фактор XI факторды белсендіріп, екеуі бірігіп
комплекс қүрады (жанасу комплексі). XII фактор, сондай-ақ кал-
лекрсин жүйесі мен фибринолизді де күшейтеді.
XIII фактор — фибринді түрак,ты ететін фактор (фибрина-
за) — плазмада, тканьде және қан клеткаларында кездеседі, срі-
мейтін фибрин түзілуіне қажетті зат. Бүл фактор жеткіліксіз бол-
са, хнрургиялық және жарақаттанудан болған жаралар көпке
дейін жазылмайды.
Фибринолиз
Фибринолиз (Fibrinolysis - фибриннің ыдырауы) -
Ферментативтік реакциялар нәтижесінде фибрин
ұйығының еруі. Тромбозда фибринолиз тромб ішінде
канал (өзек) пайда болуын тудырады.
Қан ұюына қарсы жүйе
Антикоагулянттар. Қан плазмасында көптеген үйытатын
зат-тар болса да, сау адамның қан тамырында әдетте қан
ұйымайды, сұйық күйінде сақталады. Мұның себебі қанда
онын. ұюына жол бермейтін табиғи заттар —
антикоагулянттар болады.
Табцри антикоагулянттар: 1) әрдайым қанда болатын
бастап-қы антикоагулянттар; 2) қан ұюы кезінде пайда
болатын қосым-ша антикоагулянттар болып 2 топқа
бөлінеді.
Бастапқы антикоагулянттар қатарына
антитромбопластиндер, яғни протромбиназалардың пайда
болуын тоқтататын, тежейтін, антитромбиндер (I, II, III,
IV) және гепарин жатады. Гепарин қанның базофиль
клеткасында, майлы дәнекер тканьде түзіле-ді.
Ол гемокоагуляцияның бірден 3 кезеңін,
плазмалық және тромбоциттік факторлардық
белсенділігін тежейді, аз мөлшерде фибринолиз
әсерін күшейтеді. Гепарин гиалуронидазаға әсер
етіп, заттың капиллярлардан өтуін күшейтеді,
антиген мен антиде-ненің қосылу реакциясына
қарсы әрекет жасайды (ингибитор), ісіну, қабыну
процестерін бәсеңдетеді. Сондықтан да гепарин
ме-дицинада кеңінен қолданылады.
Қосымша антикоагулянттар қатарына фибрин
(тромбиннің 90%-ін адсорбциялайды), пептидтер,
X, XI факторлар (бұл фак-торлар XII фактордың
әсерін әлсіретеді) жатады.
Әдеттеадам қаны 5 минут ішінде үйып болады.
Қан ұюының шапшаңдауы не баяулауы мүмкін.
Алғашқысы гиперкоагуляция бүл ұйытатын
заттардың шектен тыс көбеюіне
(гиперкоагулемия-ға) байланысты, ал екіншісі
гипокоагуляция — қан ұйытатын фак-торлардын.
азаюынан (гипокоагулемиядан) болады.
Гипержәне гипокоагулемия жүйке жүйесі мен қан
арқылы (гуморальдық) реттеледі. Қатты қобалжу
(стресс), шаттану, ренжу (эмоция) нәтижесінде
симпатикалық жүйке жүйесі шектен тыс козады
да қанда адреналин көбейеді. Адреналин кан клет-
калары жарылған кезде де көбейеді.
Гепарин — сульфатталған мукопротеид.
Қанның ұюын тежейді. Анафилаксия
реакциялары кезінде пайда болады. Адамнан
және әр түрлі жануарлардан қан алған кезде,
оның ұйып қалмауы үшін қолданылады
ҚОРЫТЫНДЫ
Қан - тірі организмдегі ең маңызды жүйелерінің бірі
болып табылады. Ол қантамырларының тұйық
жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады.
Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік
заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің
өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды.
Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың
гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске
асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш
реякциясын қамтамасыз етеді.
Пайдаланған әдебиеттер
Негізгі:
1) «Биохимия» Е.С. Севериннің ред.
Басшылығымен, «ГЭОТАР, Медиа», 2014 ж.
2) Тапбергенов С.О. «Медициналық биохимия» -
Алматы, 2011 ж.
3) Сейтембетов Т.С. «Биологиялық химия» -
Алматы, 2011 ж.
4) Сеитов З.C. «Биохимия» - Алматы, 2012 ж.
5) Мэри К. Және т.б., «Биохимия», оқулық (I том)
Алматы, 2005 ж.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz