МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТУБЕРКУЛЕЗ


Slide 1

СӨЖ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ

«Гигиена және эпидемиология» кафедрасы

Орындаған: Мұратұлы Қ.

Тобы: В-ЖМҚА-01-18

Қабылдаған: Жақсыбаева Ж. Б.

Шымкент 2020 ж.

Тақырыбы: ЕПҰ медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайының ерекшелігі және жеке бас гигиенасы

Slide 2

ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. ЕПҰ қызметкерлерінің еңбек жағдайларының ерекшелігі;

2. ЕПМ медицина қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын сақтау ережелері;

3. ЕПҰ медициналық қызметкердің жеке қорғанысына қажетті құралдар;

III. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

КІРІСПЕ

Емдеу-алдын алу мекемелерінің гигиенасы (аурухана гигиенасы), аурухана ішілік орта факторларының науқастар мен медицина қызметкерлеріне әсерін зерттеп, науқастардың ауруханада болу жағдайын жақсартуға, емдеу үрдістерін нәтижелі жүргізуге, медицина қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайын жасауға бағытталған гигиеналық нормативтер, талаптар, ережелер дайындайды.

Slide 4

Науқастар үшін аурухана, тек қана ем қабылдайтын мекеме емес, сонымен қатар олардың уақытша болатын орны. Үйде қалыптасқан үйреншікті стереотиптің ауруханадағы басқа тәртіпке ауысуы, сырқатына байланысты хал-жағдайының нашар немесе ауыр болуы, әр түрлі мүшелері мен жүйелерінің функционалдық жағдайының бұзылуы, гипоксия және гиподинамия жағдайлары науқастардың көптеген тітіркендіргіштерге сезімталдығының жоғары болуына ықпал етеді. Олардың қоршаған орта факторларының әсеріне, оның ішінде, жұқпалы ауруларға қарсы тұру мүмкіндігі төмендейді, бұл аурухана ішілік инфекцияның дамуы мен аурулардың асқыну қаупін жоғарылатады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Slide 5

Сондықтан, науқастарды стационарлық емдеудің жетістігі, көбінесе олардың ауруханада болу жағдайымен байланысты. Жарық, кең, таза палаталар, бөлмедегі таза ауа, тыныштық, құнды және дәмді тамақтану, жеткілікті ұйықтау, күнделікті душ және ванна қабылдау, ағаш, талдардың арасында серуендеу мүмкіншілігі емдеу үрдісінің өзінен емдік маңыздылығы кем емес факторлар болып табылады. Белгілі орыс терапевті В. А. Манассеин (1841-1901) : «терапия -бұл, біріншіден, ауру адамның гигиенасы, егер науқасқа қажетті гигиеналық жағдайлар жасалмаса, онда ол дәрменсіз»-деген.

Slide 6

Аурухана мекемелерін жоспарлау, науқастарды орналастыру, ауруханаларды жабдықтау және күтіп ұстау жөніндегі гигиеналық талаптардың сақталуы да, қазіргі кездегі әлемнің көптеген елдеріндегі өзекті мәселе болып отырған аурухана ішілік инфекциялардың алдын алудың қажетті шарттары болып табылады. Және де бұл мәселе, бұрыннан емдеу үрдісімен қатар келе жатқан фактор ретінде, тек қана жұқпалы аурулар, хирургиялық және босану бөлімшелерінде ғана емес, басқа да барлық бөлімдерге қатысты.

Медициналық көмек көрсету деңгейі медицинаға ғылымның жаңа жетістіктерін енгізумен түйіндес болып келеді. Бірақ, көптеген жаңа емдеу мен диагностика әдістері және оларды аспаптармен қамтамасыз ету, гигиеналық талаптарға сай келетін жағдайлар жасауды талап етеді. Мысалы, лазерлерді медицина практикасына енгізу, олармен жұмыс істеу үшін бөлек бөлмелердің болуын және қорғаныс шараларының сақталуын талап етті, магниттік-резонанстық диагностиканы қолдану - құрылыстық-жоспарлау шешімдерін және т. б. қажет етті.

Slide 7

Сонымен, ауруханаларды жоспарлау, құрылысын салу және жұмыс істеу кезінде, ауруханаларды гигиеналық тұрғыдан аббаттандыру сұрақтарын тиімді шешу үшін, келесі қағидаларды іске асыру керек:

Slide 8

Бұл қағидалардың бәрін орындау үшін, ауруханаларды жоспарлау мен салудың бірінші кезеңдерінде-ақ негіз қаланады: ауруханаларды орналастыратын жерін, жер телімін таңдау, құрылыс жүйелерін таңдау, аурухана мекемелерін жобалау кезеңдерінде. Қағидалардың жүзеге асырылуы келесі кезеңдерінде де жүргізіледі - бөлімшелерді орналастыруда, ішкі жоспарлау және қайта құру шешімдерінде, керек - жарақтармен жабдықтауда, санитарлық-техникалық безендірілуінде, ғимаратты жабдықтауда және жұмыс істеп тұрған аурухана мекемесін санитарлық жағынан күтіп ұстауда.

Slide 9

Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасын зерттеу мәселесі өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бері кең ауқым алып келе жатыр. Содан бері жүрзілген зерттеулер дәрігерлер еңбегіне әсер ететін әртүрлі қолайсыз факторларды анықтады. Сол себепті медицина қызметкерлерінің жұмыс күнін қысқартуға, қосымша демалыстарды бекітуге, жекелеген категориялардың жалақысын жоғарылатуға негізделген заңды актілер дайындалды.

Slide 10

Сол жылдардан бері дәрігерлер еңбегінің сипатында бірқатар өзгерістер туындады. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың саны жаңа емдеу-профилактикалық жабдықтардың (рентген қондырғылары, электронды, электрлімедициналық, лазерлі, ультрадыбысты және жоғары жиілікті қондырғылар, емдік барокамералар) шығуына байланысты.

Сонымен қатар, жанаспалы дерматиттер, ингаляциялық уланулар шақыратын дәрілік заттардың, радиоактивті заттардың көптеген түрлері шығарылды. Науқастан дәрігерге жеңіл берілетін жұқпалы аурулардың жиілігі күрт өзгерді. Оларға ЖИТС жұқпасы, туберкулез, В және С гепатиттері және басқа да бірқатар аса қауіпті жұқпалармен шақырылатын аурулар жатады.

Slide 11

Сонымен бірге, қолайсыз гигиеналық факторлар щағын климат жағдайлары (температура, ылғалдылық және ауаның қозғалыс жылдамдығы) өз маңыздылығын жоғалтпады. Көбінесе, қолайсыз метеорологиялық жағдайларға еңбегі ұзақ уақыт физикалық жүктемелермен жүретін хирургтар мен стоматологтар шағымданады, сондықтан да организмнің ісініп кету қаупі жоғары.

Егу, манипуляциялық және стоматологиялық кабинеттерде аллергиялық реакциялар шақыратын химиялық заттармен қатынаста болу мәселесі күн тәртібінен шықпайды.

Slide 12

1984 ж. Ереванда «Медицина қызметкерлерінің денсаулығы және еңбегі» атты тақырыбындағы Бүкілодақтық конференцияда келесі мәселелер қарастырылған:

- медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен еңбек жағдайын кешенді бағалау бағдарламасын дайындау;

- жалпы және кәсіптік аурушылдық;

- мүгедектікке шығу себептері;

- әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің өлімшілдігі;

- негізгі дәрігерлік мамандықтарға кәсіптік және медициналық таңдау критерийлерін дайындау;

Slide 13

- кәсіптік еңбектің медицина қызметкерлерінің жүрек қан тамыр жүйесінің патологиясына әсері;

- әртүрлі мамандықтағы дәрігер-әйелдердің гинекологиялық аурушылдығы және жүктілік кезіндегі бұзылыстар сипаты;

- медицина қызметкерлері арасындағы түрлі токсикомания себептері мен жиілігі;

- онкологияда жұмыс істейтін, патологоанатомдардың, микрохирургия саласындағы мамандардың және еңбегі жүйкелік-эмоционалды күштенумен байланысты дәрігерлердің еңбек жағдайы;

- қазіргі заманғы диагностика және емдеу әдістерін қолданатын персоналдың еңбек жағдайын гигиеналық бағалау;

- қазіргі кезде жүргізілетін емдік мекемелерді паспортизациялау нәтижелерін ғылыми талдау.

Slide 14

Бүгінгі күнде мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің жоқтығынан, дәрігерлердің төмен сапалы өмірінің мәселелеріне жеткіліксіз көңіл аударылу салдарынан, дәрігер мамандығы өз маңыздылығын жоғалтып отыр. Сонымен бірге, олардың еңбегі адам іс әрекетінің ішіндегі ең қиын және жауапты түрлерінің бірі. Медицина қызметкерлерінің еңбегі маңызды интеллектуальды жүктемемен сипатталады, ал жекелеген жағдайда жоғары физикалық күштенуді, шыдамдылықты, зейінді және шұғыл жағдайларда жоғары еңбек қабілеттілігін талап етеді.

Slide 15

Хирургиялық профильдегі дәрігерлер (хирургтар, анестезиологтар, реаниматологтар) қолайсыз өндірістік факторлардың әсерінің айқындылық дәрежесі бойынша аса маңызды орынға ие. Операциялық бригада мүшелерінің тыныс алу зонасындағы ингаляциялық анестетиктердің мөлшері шекті рұқсат етілген деңгейден жоғары болады. Хирургиялық профильдегі мамандардың еңбегі наркотикалық заттардың әсерімен және жоғары эмоционалды күштенумен, дискомфортты шағын климат жағдайымен, ыңғайсыз жұмыс қалпымен, рационалды ұйымдастырылмаған еңбек және демалыс тәртібімен, түнгі және ауысымды кезектермен бірге жүреді. Жиі осы факторлар жүрек қан тамыр жүйесінің және асқазан ішек жолдарының ауруларының, сонымен қатар вегетативті бұзылыстардың, аллергиялық реакциялардың дамуына ықпалын тигізеді.

Slide 16

Хирург - әйелдер мен анестезиологтарда еңбек үрдістерінің факторлары овариалды-менструальды циклдың бұзылыстарына, жүктілік кезеңінің бұзылыстарына, балалардың төмен өмірқабілеттілігіне алып келуі мүмкін. Жүктілік басталғаннан бастап хирургиялық профильдегі дәрігерлер қаупі жоғары топқа жатқызылуы тиіс.

Slide 17

Медицина қызметкерлерінің туберкулез аурушылдығының өсу қарқыны соңғы 5 жылда халық арасындағы аурушылдық көрсеткіштерінен асып түсуде. Соңғы жылдары туберкулезге қарсы мекемелердің медицина қызметкерлерінің туберкулезбен аурушылдық көрсеткіштері халық арасындағы аурушылдық көрсеткіштерінен 8 есе жоғары болып, рекордты көрсеткіштерге жетті, бұл аурулардың негізгі саны шығу тегі бойынша ауруханаішілік (кәсіптік) екенін көрсетеді. Бұл жағдайға халық арасындағы туберкулезбен аурушылдықтың қолайсыз эпидемиялық жағдайы ықпалын тигізуде, нәтижесінде кәсіптік әрекетті жүргізу барысында туберкулезбен ауыратын науқаспен жиі кездесу, ауруханаларда қолданылатын емге тұрақты, дақылды қасиеттері бойынша жаңа, әртүрлі микобактерия штаммдарының санының өсуі байқалады.

Slide 18

Әртүрлі профильдегі медицина қызметкерлерінің қанмен қатынаста болу дәрежесіне байланысты вирусты В гепатитімен инфицирлену дәрежесін анықтау, медициналық персоналда бақылау тобына қарағанда 2-3 есе жоғары екенін көрсетті, ал жұқпалы стационарлардың, биохимиялық және клиникалық зертханалардың, гемодиализ орталықтарының, қан құю станцияларының қызметкерлері, сонымен қатар қан препараттарын дайындау жұмысшылары жалпы халық популяциясымен салыстырғанда, вирусты В гепатитімен 5-10 есе жиі инфицирленеді. Қан құю станциясының қызметкерлерінің инфицирленуі 50%-ды құрады.

Slide 19

Микробиологиялық зертханада немесе стационарда жұмыс істейтін медициналық персоналдың кәсіптік әрекеті барысында антибиотиктермен және басқа да химиялық препараттармен шұғыл профилактика жүргізу қажеттігі туындауы мүмкін. Ол апаттық жағдайлармен және жұқпалы материалдың жұқпа көзіне түсуімен, жұмыс тәртібінің кездейсоқ бұзылуы немесе науқастарды күнделікті қарау, оларға медициналық көмек көрсету кезінде жұқтыру қаупімен байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда жұқпалы үрдісті ерте кезеңде жою мақсатымен шұғыл алдын алу ұсынылады.

Slide 20

Персоналдың инфицирленген науқастармен тұрақты қарым-қатынаста болуы кәсіптік жұғу мүмкіншілігін жоғарылатып қана қоймай, жұмысшының иммунологиялық статусының және реактивтілігінің өзгерістерін шақырады. Персоналдың жұқпалы және туберкулезді науқастарға серологиялық және бактериологиялық зерттеулер жүргізуі қанда ішек және респираторлы жұқпалардың, В гепатитінің қоздырғыш антигендері мен антиденелердің жоғары кездесу жиілігін анықтайды, бұл жұқпалы аурумен ауырғандығының, вирус тасымалдаушылықтың, жұқпалы үрдістің азманифесті түрінің айғағы болып табылады.

Slide 21

Ультрадыбысты аппаратура медицинада кеңінен қолданылуда. Терапияда жоғары жиілікті ультрадыбысты қолдану өткен ғасырдың 40-50 жылдарынан басталды. Емдік үрдісте ультрадыбысты қолданатын жаңа бағыт - ультрадыбысты хирургия, ол хирургиялық әдістерден операция кезінде тіндердің аз ғана жарақатталуымен ерекшеленеді. Алайда, жоғары ақпараттылығымен, ауру сезімімен және зерттеуге қойылатын қарсы көрсеткіштерінің жоқтығымен сипатталатын ультрадыбысты диагностика әдістерінің маңызы аса жоғары және олар кеңінен қолданылуда.

Slide 22

Медицина қызметкерлері ультрадыбысты аппаратурамен жұмыс істеу барысында бірқатар факторлар кешенінің әсеріне ұшырайды, олардың ішінде жетекші орынды интенсивтілігі төмен, төмен және жоғары жиілікті жанаспалы ультрадыбыс алады. Сонымен қатар, осы факторлар кешенінің қатарына ауалы ультрадыбыс, білек және жоғары иық белдеуі бұлшықеттерінің күштенуі, қолдың тері қабатын ластайтын жанаспалы жағындылар, жүйкелік-эмоционалды күштену және т. б. кіреді.

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Туберкулез тақырыбына көрме
Стоматологияда кездесетін аурухана ішілік инфекциялар
Медициналық қараулар
Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер
Дезинфекциялық ерітінділерді қолданғанда медицина қызметкерлерінің қорғану ережелері
Аурухана ішілік инфекция
Медициналық этика
Дәрігерлік міндет және құпия
Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалау мен сапасын бақылаудың негізгі бағыттары
ЖИТС - жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz