Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы


Slide 1

СӨЖ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасы

Орындаған: Мұратұлы Қ.

Тобы: В-ЖМҚА-01-18

Қабылдаған: Бейсембаева З. И.

Шымкент 2020 ж.

Тақырыбы: Медициналық әлеуметтік сараптамалық комиссияны ұйымдастыру. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру

Slide 2

ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Медициналық әлеуметтік сараптамалық комиссияны ұйымдастыру

2. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру

III. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуді, сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындауды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық медициналық-әлеуметтік сараптама жолымен жүргізеді.

Ауру мен мүгедектiктiң деңгейiне, құрылымына қарай МӘС бөлімдері жалпы бейіндегі, мамандандырылған бейіндегі (кәсіптік ауруы бар, туберкулезбен ауыратын, психикалық ауытқулары бар науқастар үшін) және педиатриялық бейіндегі МӘС бөлімдері болып бөлінеді.

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу құрылымы

Slide 4

МӘС жүргізу үшін негіздер

Медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының жолдамасы:

1) организм функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру;

2) қайталап куәландыру (қайта куәландыру) ;

3) медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсету мақсатында МӘС жүргізу үшін негіздеме болып табылады.

4) Медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері немесе организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, уақытша еңбекке жарамсыз болған адамдарды, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.

Slide 5

Нормативтік-құқықтық база

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі

12-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ САРАПТАМА ТҮРЛЕРІ

57-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы сараптаманың мынадай түрлері: 1) медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама; 2) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама; 3) әскери-дәрігерлік сараптама; 4) сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар; 5) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама; 6) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама; 7) ғылыми-медициналық сараптама; 8) аурудың қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауымен байланысына сараптама жүзеге асырылады.

Slide 6

«Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақатау және әлеуметтік қорғау министрінің 2015 жылғы 31 наурызындағы №183 бұйрығы

Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) еңбекке уақытша жарамсыздық - адам организмінің сырқаттанумен немесе жарақаттанумен негізделетін жай-күйі, мұндай кезде функциялардың бұзылуы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру немесе мүгедектікті белгілеу үшін қажетті уақыт бойы кәсіптік еңбекті орындаудың мүмкін болмауымен ілесе жүреді;

2) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы - мақсаты жеке адамның еңбекке жарамсыздығын және оның сырқаттану кезеңінде еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босатылуын ресми тану болып табылатын денсаулық саласындағы сараптаманың түрі;

Slide 7

3) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) - оңалтуды қоса алғанда, организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау;

4) дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі - ДКК) - медициналық ұйым ұйымдастыратын комиссия;

5) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы - еңбекке уақытша жарамсыздықты куәландыратын және жұмыстан уақытша босатуға және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжат;

6) еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы - жәрдемақы алмай жұмыстан (оқудан) босату үшін негіз болып табылатын, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыратын құжат.

Slide 8

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мына жағдайларда:

1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған;

2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттанған және уланған;

3) жүктілікті жасанды үзген;

4) науқас балаға күтім жасаған;

5) жүкті болған және босанған;

6) жаңа туған ұл/қыз баланы асырап алған;

7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;

8) карантин;

9) протездеген кезде беріледі.

Slide 9

Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы мына жағдайларда:

1) ауырған, жарақаттанған және уланған;

2) алкогольге немесе есірткіге мас күйінде жарақаттанған, сондай-ақ алкогольге немесе есірткіге жіті уыттанған;

3) өзге бұзылулармен және аурулармен асқынбаған созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты емдеген;

4) науқас балаға күтім жасаған;

5) инвазивтік тексеру әдістерін жүргізу кезеңінде консультациялық-диагностикалық ұйымдарда зерттеп-қараудан өткен;

6) жүктілікті жасанды үзген;

7) жүкті болған және босанған;

8) жаңа туған ұл/қыз баланы асырап алған;

9) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;

10) карантин;

11) протездеген кезде береді;

12) ауысымның соңына дейін еңбекке жарамсыз болған кезде кәсіпорындардың және ұйымдардың медициналық пункттерінің медицина қызметкерлері береді.

Slide 10

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын:

1) мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын дәрігерлер (бұдан әрі - денсаулық сақтау субъектілері) өздерінде еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау жүргізуді қамтитын медициналық қызметтің түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда береді;

2) ауылдық жерде дәрігер болмаған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын фельдшердің беруіне рұқсат беріледі.

Slide 11

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы:

1) еңбекке уақытша жарамсыздық белгілері анықталмаған жағдайда медициналық ұйымға медициналық көмек сұрап, өтініш білдірген;

2) әскери басқару органдарының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден өтетін немесе емделетін;

3) қамаудағы немесе әкімшілік қамаудағы;

4) амбулаториялық-емханалық жағдайларда әртүрлі ем-шаралар мен манипуляциялар қабылдайтын, тексеруден өтетін, асқынудан (нашарлаудан) тыс созылмалы аурулары бар адамдарға берілмейді.

Көрсетілген жағдайларда амбулаториялық (стационарлық) науқастың медициналық картасынан көшірме беріледі.

Slide 12

Мынадай медициналық ұйымдарда:

1) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда;

2) сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда;

3) травматологиялық пункттерде және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде;

4) санаторийлік-курорттық ұйымдарда;

5) апаттар медицинасы ұйымдарында;

6) саламатты өмір салтын қалыптастыру және құнарлы тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда;

7) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінде;

8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда;

9) жедел медициналық көмек ұйымдарында еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілмейді.

Slide 13

Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу,

еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және

анықтамасын беру тәртібі

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы жеке басын куәландыратын құжатын, 16 жасқа дейінгі балалар туу туралы куәлігін ұсынған кезде беріледі.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруді және ұзартуды медицина қызметкері адамды тексеріп-қарағаннан және науқастың амбулаториялық (стационарлық) медициналық картасына оны жұмыстан уақытша босату қажеттігін негіздейтін денсаулық жағдайы туралы деректерді жазғаннан кейін жүзеге асырады.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасы еңбекке уақытша жарамсыздығы белгіленген күнінен бастап мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, еңбекке жарамдылығын қалпына келтірудің бүкіл кезеңі бойына беріледі.

Slide 14

Аурулар мен жарақаттар кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері күнтізбелік үш күнге (халықтың тұмаумен қатты сырқаттанушылығы кезеңінде алты күнге дейін) және жалпы ұзақтығы күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге жеке өзі және бір мезгілде береді.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын алты күннен артық ұзарту медициналық ұйымның бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, жалпы ұзақтығы күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзімге жүргізіледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағынан көрсетілген мерзімнен артық ұзарту ДКК-ның қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге береді.

Жұмыс (ауысым, оқу) уақыты аяқталғаннан кейін медициналық көмекке өтініш білдірген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағында және анықтамасында келесі күннен бастап жұмыстан босату күні көрсетіледі.

Slide 15

Мүгедектік мынадай мерзімдерге:

Slide 16

Мүгедектікті белгілеу критерийлері

Адамды мүгедек деп тану үшін мынадай бірнеше міндетті шарттардың бір мезгілде болуы:

1) организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулықтың бұзылуы;

2) тіршілік-тынысының шектелуі (адамның өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы) ;

3) әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігі негіздеме болып табылады.

Жас мөлшеріне қарай организмде пайда болатын өзгерістер мүгедектік тобын белгілеу үшін негіздеме болып табылмайды.

Slide 17

Тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің:

1) үшінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;

2) үшінші дәрежедегі жүріп-тұруға;

3) үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті) ;

4) үшінші дәрежедегі оқуға;

5) үшінші дәрежедегі бағдарлай білуге;

6) үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;

7) үшінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға қабілетінің өте айқын білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылуы бірінші топ мүгедектігін белгілеу үшін критерий болып табылады.

Slide 18

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметi - органдар мен мекемелердiң бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi, олардың басты мiндетi қоршаған ортаның қолайсыз факторларының халықтың денсаулық жағдайына зиянды әсерiн болдырмау, анықтап, жойып отыру, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға бақылау жасау және кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың санитариялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi, санитариялық заңдарды және

Қазақстан Республикасы заңдарының адамның денсаулығын сақтауға қатысты бөлiгiн орындауын қадағалау арқылы жұқпалы және кәсiптiк аурулардың алдын алу болып табылады.

Slide 19

* Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиолоaгиялық қызметтiң құрылымы

Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң құрылымына мыналар кiредi:

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Санитариялық-эпидемиологиялық бас басқармасы;

- Қазақстан Республикасының тиiстi аумақтарында мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын органдар мен мекемелер: - Қазақ республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясы - Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станциялар - Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциялар - Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциялар; - Темiр жол көлiгiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын органдар мен мекемелер: - Жол санитариялық-эпидемиологиялық станциялары -Бөлiмшелiк станциялық-эпидемиологиялық станциялар - Желiлiк санитариялық-эпидемиологиялық станциялар; - Әуе көлiгiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен мекемелер: - Орталық санитариялық-эпидемиологиялық станция - Бiрлескен авиаотрядтардың санитариялық-эпидемиологиялық станциялары; - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне iссапарға жiберiлiп, оның объектiлерiнде мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын органдар мен мекемелер

Slide 20

Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметке, оның органдары мен мекемелерiне басшылық жасау


Ұқсас жұмыстар
КАДРЛЫҚ ЕСЕП ЖӘНЕ ЖАЛАҚЫ ЕСЕПТЕУІ
Кешенді медициналық ақпараттық жүйе (КМИС)
Аурушаңдық көрсеткіштері
Мейіргер Жұмысындағы пациент күйін клиникалық тұрғыдан бағалаудың маңызы
Еңбек қорғау жөнінде нұсқаулар беру және іс-жүргізу
Қызметкерлерге еңбекақы төлеу туралы құжаттар
Созылмалы аурулары бар науқастар диспансеризациясы
Міндеттемелер мен капиталдардың аудиті
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР
Педагог - сарапшы санаты Бірінші санатты басшы санаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz