Балалар ауруларының пропедевтикасы


Slide 1

СӨЖ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ

«Педиатрия-1» кафедрасы

Орындаған: Мұратұлы Қ.

Тобы: В-ЖМҚА-01-18

Қабылдаған: Балтабаева Б. С.

Шымкент 2020 ж.

Тақырыбы: Ұрықтың респираторлы трактісінің құрсақ ішілік дамуының этаптары

Slide 2

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

А) Ұрықтың құрсақ ішілік дамуы;

Б) Бірінші рет тыныс алу механизмі;

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Эмбрионалды дамудың 3-ші 4-ші апталығында алдыңғы ішектің қабырғасы томпаяды, одан көмей, кеңірдек, бронхтар және өкпе пайда болады. Бұл томпақ тез өсіп, каудалда соңы колба тәрізді кеңейіп, 4-ші аптада оңға және солға бөлінеді.

Slide 4

Жақын арада кеңірдек өңештен мезенхимальды қабық түрінде бөлектенеді, содан соң терең қырындағы сала пайда болады, тыныс және ас түтіктері бір-бірінен мүлдем бөлектеніп екіге айырылады. Аз уақыттан соң кеңірдектің эндодермасы кеңірдек пен бронхтың эпителиальды қабығына айналады. Кеңірдек түтігі төменнен тез өсіп, екі эндодермальды бұтақша бере бастайды. Басты бронхтардың мезенхимада орналасқан негізі құралады. Даму барысында одан шеміршек, тін жалғастырушы элементтер, тыныс жүйесінің тамырлары өсіп шығады.

Тыныс мүшелері алдыңғы ішектің каудальді үзігінің ішкі томпағы ретінде пайда болады. Ол алғашқы өңеш пен кеңірдектен тұрады.

Slide 5

Тыныс ағзаларының дамуы

6 апталықта бөліктік, 8-10-шы аптада сегментарлы бронхтар қалыптаса бастайды. 16 аптадан респираторлы бронхтар, сөйтіп 16 аптада бронх ағашы бұтақтарының негізі құрылады.

24-ші аптада келешек ацинустар, альвеоларлы сатысы түзіле бастайды. Кеңірдекпен бронхтың шеміршектік каркасы 10-шы, 13-ші аптада бронхтардың ішінде саңылауларын кеңітетін бездер түзіледі.

20-шы аптада мезенхимадан қан тамырлары түзіледі, ал маторлы нейрондар 15-ші аптада.

26-28 аптада өкпе тез тамырланады. Лимфа тамырлары 9-10 аптада түзіледі.

Slide 6

Ацинустардың түзілуі бала туғаннан кейінгі постнаталды кезеңде де жалғаса береді. Бала туыларда тыныс ағзаларының жолдары көмей, кеңірдек, бронхтар мен ацинустар жасушалардың секрециялары - сұйықтыққа толы, құрамы протеин, жабысқақ, туылғасын бірінші тыныстаумен тез сіңіп кетеді.

Slide 7

Жасушалардың көбеюінің тоқтауы немесе баяулауы ағзалардың аплазиясына және гипоплазиясына соқтырады.

Мысалы: автор(Monaldi, 1959), өкпенің эмбрионалды дамуының 4 сатысын келесі жоба түрінде ұсынған .

Slide 8

Бірінші сатысына біріншілік бронхиалды бүршіктің жоқтығынан болған өкпе агенезиясы.

Екінші сатысында біріншілік басты бронхты бүршіктің жоқтығынан болған басты бронхтың дамымауы және өкпе аплазиясы. Бұл ақаулар эмбрионалды кезеңнің 3 - 4 апталығында пайда болады.

Бұзылудың үшінші сатысы жатырішілік дамудың 30 - 40-ші күндерінде болады және өкпенің гипоплазиларымен сипатталады.

Төртінші саты(жатырішілік кезеңнің 2-5 айлығында болады) Өкпенің поликистоздарына әкелетін майда бронхтардың дамуының бұзылуымен анықталады.

Slide 9

Респираторлы дистресс - синдромның негізіне сурфактант жүйесінің кемістігі жатады, көптеген шала туылғандарда осы жүйе дамып үлгермеген болады.

Өкпенің тума кисталарының да себебі - бронхтардың даму ақаулары және альвеолаларда сектерттердің жиналуы.

Өкпе пайда болған алдыңғы ішектің бір бөлігі, әрі қарай өңешке айналады. Эмбригенез сатылары бұзылғанда біріншілік ішек түтігі мен өңеш науалы желобок томпаюдың кеңірдек арасында қатынас - өңеш-кеңірлекті жыланкөзі қалады. Бұл аурулары бар бала қалыпты туылады, бірақ бірінші емізгенде бірден асфиксия, көгеру, өкпесінде көптеген сырылдар пайда болып, сосын инфекция қосылады. Емдеу - тек оперативті.

Тыныс ағзаларын жоғарғы мұрын, жұтқыншақ, орта - көмей, кеңірдек, бөліктік, сегментарлы бронхтар және төменгі брохтолдар мен альвеолдар деп бөлінеді.

Slide 10

Бірінші рет тыныс алу механизмі

Ұрықтың бірінші тыныс қимылдары жатырішілік кезеңнің 13-і жұмасында, жабық дауыс саңылауында пайда болады-апнезис. Туу кезінде бала жолдасымен кіндік қанайналымы бұзылады немесе кіндік қысылғанда - бала жолдасы арқылы жүретін қан ағымы тіпті тоқтайды. Осыған байланысты гиперкапния, гипоксия, зат алмасушылық ацидозы пайда болады, аорта рецепторларынан және ұйқы артериясынан тыныс орталығына импульс-серпін жетеді.

Slide 11

Оған қосымша, баланың жатырішілік ортадан, сыртқы ортаға көшкені де себеп. Осыған байланысты, диафрагма жиырылады, бала өкпелері жазылады, кеуде ішінде теріс қысым пайда болады да - тыныс мүшелеріне ауа кіреді. Осымен қатар тері рецепторларын тітіркендірудің де (жатыр ішінен бірден сыртқы атмосфераға шығу, тыныс орталығының қосымша импульсі) маңызы бар.

Slide 12

Перифериялық хемо және барорецепторлар, әсіресе каротидты және аорта рецепторлары оттегі мен көмірсуы құрамдарының өзгерісіне сезімтал. Олардың функционалдық белсенділігі бала туарда күшті. Бірақ тыныс орталығының пневмотоксикалық бөлігі жыл бойына дамиды, сондықтан бір жас бойы баланың тыныстауы аритмиялы. Шала туылғандарда апноэ жиі, әрі ұзақ, тағы да неғұрлым массасы азболған сайын соншалықты апноэ жиірек, әрі ұзағырақ. Осыданмаңыздысы, егер де туылған, бірінші минуттарда апноэ жиірек болса, бұл тыныс орталығының апноэлық бөлігінің нашар дамығандығының дәлелдейді.

Slide 13

Өкпе

Өкпе негізгі құрылысы-функционалдық бірлік-ацинус болып табылыды, ол 20-25 альвеолалардан, I-ші, II-ші, III-ші қатарлы респираторлы бронхиолалардан тұрады. Өкпенің салмағы туғанда 50-60г болады, 6 айда - екі, 12 айда - үш, 12-13 жаста он есе көбейеді. Жаңа туылған нәпестелерде өкпе тіндерінің қантамырлары көп дамыған, ацинустың перделері-дәнекер тіндер борпылдақ, эластикалық тіндердің әлсіздігі, әртүрлі ауруларда эмфиземаның жеңіл пайда болуын тездетеді. Туылуға дейін өкпенің тыныстау бөлігі ацинус - ауа мен қанның арасында газ алмасу үдерісі жүретін орын жақсы дамымаған, сондықтан жаңа туылғандарда гипоксемия өте айқын. Альвеолдардың қалыптасуы өмірінің 4-6 апталықтарында басталып, бірінші жылдары сандары өте тез көбейіп, 8 жасқа дейін өседі одан кейін өкпенің үлкеюі альвеола өлшемдерінің ұзындықтарына қарай дамуымен жүреді. Әрине альвеолалар өсіп-кеңейген сайын, тыныстау беткейі де кеңейеді.

Шеткі-соңғы-терминалды-респтраторлы бронх кеңейіп альвеоламен аяқталады. Балада альвеола ересек адамдағыдай жүзімнің үзіндісі тәрізді емес, аузы буылған дорбашық саккулус тәрізді болады. Осы дорбашық шеттері нәзік, тоқылған шілтер кружева сияқты иректеліп келеді, бұдан келекшекте жаңа, саны, сапасы, диаметрі жылдан жылға көбейетін альсеолалар дамиды. Өкпеде серпінділік және дәнекер тінінің дамуы нашар.

Slide 14

Тыныс орталығы 3 бөліктен тұрады: медуллярлы, дем алу мен шығарудың кезектілігін қолдайды; апноэлық, ұзақ инспираторлы спазм шақырады; пневмотаксикалық (мидың жоғарғы бөлігінде орналасқан), апноэлық бөлікті тежейді. Тынысты реттеу орталық және перифериялық хеморецепторлармен жүреді, соның орталық хеморецепторлары тынысты реттеудегі бастысы және ол CO2 мен pH концентрациясының өзгерістеріне өте сезімтал.

Slide 15

Өкпедегі сұйықтық лимфа және қантамырларымен тез сорылып кетеді. Тыныстауды тыныс орталығы реттеп, жүзеге асырады. Тыныс орталығының регуляциясы сопақша мидың IV қарыншалығының түбіндегі ретикулярлы формациясында орналасқан.

Slide 16

Жоғарғы тыныс жолдары

3-4 жасқа дейінгі сәбидің мұрын қуыстары шала дамыған және қуыс жолдары тар. Төменгі мұрын қуысы жоқ. Мұрын шеміршектері жұмсақ. Мұрынның шырышты қабығы өте нәзік, қантамырларына бай. Төменгі мұрын жолы 4 жасында ғана пайда болады. Мұрын жолдарының тарлығымен қантамырларға байлығы, қабыну үдерісі пайда болған кезде мұрын жолдарының тарылып, баланы мұрын арқылы деи ала алмайтын потологияларына әкеліп соқтырады.


Ұқсас жұмыстар
Эмбриональды кезеңде қан айналым жүйесінің даму сатылары
Тыныс жетіспеушілігінің формалары
Ұрықтың және нәрестенің гемодинамикасы
Балалардағы ЭКГ ерекшелегі Жүрек дыбысының (тон) пайда болу механизм
Перифериялық лимфа түйіндерінің туберкулезі
Гинекологиялық УДЗ
Асқорыту жүйесінің ауруларымен ауыратын науқас балаларды аспаптық және зертханалық тексеру әдістері
Тексеру әдістері
Балалар аурулары
Тыныс жүйкелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz