Эмбриональды кезеңде қан айналым жүйесінің даму сатылары



СӨЖ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ
«Педиатрия-1» кафедрасы
Орындаған: Мұратұлы Қ.
Тобы: В-ЖМҚА-01-18
Қабылдаған: Маймаков А. А.
Шымкент 2020 ж.
Тақырыбы: Эмбриональды кезеңде қан айналым жүйесінің даму сатылары. Ұрықтың және нәрестенің гемодинамикасы

Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
А) Жүрек-қан жүйесінің эмбрионалдық дамуы;
Б) Бала жүрегінің, тамырлары мен гемодинамикасының ерекшеліктері;
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Қан өзіне тән физиологиялық қызметтерді бір ғана жағдайда - тоқтаусыз айналымда болғанда атқарады. Ал оның қан тамырларымен толассыз ағуы қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне байланысты. Сондықтан барлық мүшелер мен жалпы организмнің әрекеті қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне тікелей байланысты.
Кіріспе

Тамырлар жүйесі мезодермада, содан кейін сарыуыз бен ұрық бағанасында пайда болады. Тамырлар эмбрион ішінде қалыптасады, және сонымен бірге екі сыртқы тамырлық жүйе дамиды.


Жүрек-қантамыр жүйесінің органогенезі
Жүректің дамуы жатырішілік дамудың 2-аптасында басталады;
3-аптада түтік S әрпіне ұқсап иіле бастайды;
4-аптада жүрек екі камералы болады (балықтікі сияқты) ;
5-аптада жүрек аралық қатпар пайда бола бастайды және жүрек 3 камералы болады (амфибидағыдай) ;
6-7-аптада жалпы артерия сабауының өкпелік артерияға және қолқаға бөлінуі жүреді, ал қарыншалар - оң жақ және сол жақ болып бөлінеді.

Қан тек бір бағытта - оң жүрекшеден солға ағады.
Біріншілік аралық пердемен қатар, Екіншілік аралық перде түзіледі

Туылғасын, сол жақтың қысымының жоғарылауы екі аралық пердені тығыз қысып, біріктіріп жібергендіктен, сопақша терезе жабылып, соңғы жүрекшеаралық перде қалыптасады. Қарынша аралық перденің өсуі де 4-ші аптаның аяғында жүреді. Ол жалпы жүрекше-қарыншалық канал бағытында жүріп, эндокардиальды төмпешіктердің екеуімен де бірігеді. Қарынша аралық перде басында тұтас болмайды - жоғарғы жағында, кейінірек эндохондриалды төмпешіктердегі пролиферацияланған тінмен жабылады да, оның орнында дәнекер тінді жарғақ пайда болады, немесе қарыншааралық перденің жарғақтық бөлігі.

Шамамен осы уақытта артериалды бағанада, қалыңдаған эндокардтың екі білтесі түзіледі, олар бір-біріне қарама-қарсы өсіп, аорта мен өкпелік бағаналарды түзей отырып, аортаөкпелік перделерге бірігеді. Осы перде қарыншаның ішіне қарай өсіп, қарыншааралық перделермен бірігіп, толығымен ұрықтың оң және сол жүректерін бөледі.
7-ші аптада митралды және үшқақпақшалы клапандардың қақпақшалары қалыптасады.
8-10-апталарда жүректің барлық бөліктері қалыптасып бітеді және бұл газ алмасумен барлық нутриентті қамтамасыз ететін плаценттің дамып, плаценталық қанайналымның пайда болу уақытымен сай келеді.

Ұрықтың қанайналым жүйесінің схемасы:
1 - плацента;
2 - кіндік артериясы;
3 - кіндік венасы;
4 - қақпа венасы;
5 - веналық жол;
6 - төменгі қуыс вена;
7 - сопақ тесік;
8 - жоғарғы қуыс вена;
9 - артериялық жол;
10 - аорта;
11 - құрсақасты артериясы.
Күлгін түс - артериялық қан;
көк - веналық; қызыл көк.

Ұрықтың жүрегі: жүректің екі жартысы паралеллді жалғанған; өкпелік тамырлы арналар оқшауланған.
Туылғаннан кейін оң және сол жақ жүрек байланыстары тізбекті болады, оған себеп, өкпелік қанайналымының дамуы және қолқа мен өкпелік артерияны жалғайтын, жүрекше аралық қалқадағы сопақша тесіктік және артериялық өзектік «шунттардың» жабылуы.

Жаңа туған баланың қанайналымы
Бала туылғанда кіндігін кескеннен кейін, өте белсенді түрде қан өкпеде оттегіге қаныға бастайды, «физиологиялық катастрофа» деңгейінде, барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қайта құрылудан өтіп, қанайналу жүйесіне адаптацияланады. Осы уақыттары екі кішірек кезеңдерді бөледі: бастапқы, ұзақтығы 4-8 сағат және келесісі ұзақтығы 12-14 күн. Маңыздылығы:
• Плацентарлы қ. a. тоқтайды;
• Басты тамырлық феталдық коммуникациялардың жабылуы;
• Өзінің жоғары қарама-қарсылығымен және вазоконстрикцияға бейімділігімен, кіші қ. a. Толығымен тамырлық руслоға қосылуы;
• Оттегіге мұқтаждықтың артуы.
Осы «катастрофа» бала организміне, адам болып қалыптасатын өте бағалы сыйлық - орасан зор дамудың потенциалдық мүмкіндіктеріне әкеледі.

Бала дүниеге келгеннен кейін, өкпе тынысы басталған кезінен, өкпедегі қан ағымы 5 есе көбейеді, ал кіші қанайналымдағы тамырдың қарсылығы 5-10 есеге азаяды. Өкпе тамырларының қарсылығы мен төменгі қуыс венасының қысымы азайғасын және сол жүрекшеге қан құйылу көбейгесін, жүрекшелер арасындағы сопақ тесік жабылады.
Бірінші дем алғаннан кейін, оттегінің кернеуі, биологиялық белсенді артериалды (Боталлов) өзек алғашқы кезде түйіледі, кейін 2-3 айдың ішінде анатомиялық түрде толық бітіп қалады. Бірақ, өкпелік гипертензияларда бұл шунт сақталуы, немесе қайта пайда болуы мүмкін.

Ұрықтың жүрегінің қызметі
Ең алғашқы даму кезеңінде ұрықтың жүрегі баяу соғады, себебі жүрек қызыметінің реттелуіне шеткі иннервация қатыспайды;
Симпатикалық және парасимпатикалық иннервация қалыптасқаннан кейін, жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) ұлғаяды;
Акушер стетоскобының көмегімен жүктіліктің 18-20-ы аптасында ұрықтың жүрек қызыметін анықтауға болады.

Туылғаннан кейінгі қанайналымның өзгерісі
Жаңа туған нәресте бірінші рет тыныс алғанда, оның өкпесі жайылады, ондағы тамырлық қарсыласу бірден төмендейді, содан артериялық өзектің орнына, қан өкпеге келе бастайды, артериялық өзек қызметін тоқтатып, кейін 8-10 күннің ішінде ligamentum arteriosum-ға айнала бастайды.
Бірінші тыныс алған соң, қанның көптеп құйылуынан, сол жақ жүрекшенің қысымы артады, сопақша тесік қызметін тоқтатады және бітіп кетеді, сонымен қатар веналық өзек те, кіндіктік вена да, кіндіктік венаның соңғы бөлімдері де бітіп кетеді.
Қанайналымы ересек адамдікіндей болады

БАЛАЛАРДАҒЫ ТАМЫРЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тамырлардың саңылауы кең, күретамыр көктамырмен тең.
Күретамыр қабырғалары барынша икемді және сол себепті АҚ төмен.
Көктамыр барынша қарқынды өседі.
Балаларда қылтамырлардың өткізгіштігі жоғары.
2 жасқа дейін қанмен қамтамасыз етудің шашыранды түрі, 5-7 жасқа дейін - төмендеген және 7 жастан кейін - магистральдық.

5 жасқа дейін бұлшық ет қабаты тез өседі, 5-8 жасында тамырлардың қабықтары біркелкі дамыған, 12 жасында балалардың тамырларының құрылымы ересектердікі сияқты болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz