Жыныс жүйесінің эмбрионалдық даму көздері мен даму жолдары


Slide 1

СӨЖ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ

Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Шымкент 2020 ж.

Тақырыбы: Жыныс жүйесінің эмбрионалдық даму көздері мен даму жолдары

Slide 2

Жоспар

-Эмбриологиға кіріспе

-Эмбриогенездің даму сатылары

-Прогенез

-Аталық жыныс жасушалары

Аналық жыныс жасушалары

-Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Эмбриология (грекше embryon -ұрық, logos - ілім) ұрықтың даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Яғни ұрықтану кезеңінен бастап туу мерзіміне дейін, ал жұмыртқадағы ұрықтың дамып, жарып шығуына дейінгі мезгілді зерттейтін ғылым.

Ұрықтың дамуын -эмбриогенез дейді. Ол онтогенездің алғашқы кезеңі. Жеке эмбриологияның негізігі бөлігінің бірі-адам эмбриологиясы.

Медициналық эмбриология адам ұрығының даму заңдылығын зерттесе, гистологиялық эмбриология бөлімінде тіндердің дамуы мен шығу тегіне, ана- плацента- ұрық жүйесінің метоболистік және функциональдық ерекшеліктеріне баса назар аударған.

Slide 4 Slide 5

Эмбриогенездің сатылары:

І- ұрықтанудың нәтижесінде зиготаның пайда болуы

ІІ- пайда болған зиготаның бөлшектенуі, соның нәтижесінде бластоцистаның пайда болуы.

ІІІ- гаструляция ұрық жапырақшаларының түзіліп, одан ұрықтың біліктік мүшелерінің дамуы.

ІV- гистогенез бен органогенез немесе ұрықтың тіндері мен мүшелерінің дамуы бұлармен қоса ұрықты қоршаған, ұрықтан тыс мүшелердің қалыптасуы

V- жүйелердің дамуы -cистемогенез

Slide 6

Прогенез:

Адам ұрығының эмбриогнезі мен прогенезі тығыз байланысты. Прогенез -жыныстық жасушалардың дамуы мен пісіп жетілуі постэмбриональдық кезеңде де жүреді. Сондықтан эмбриогенездік даму эмбриональдық және постэмбриональдық болып жіктеледі. Прогенез- аналық жыныс пен аталық жыныс жасушаларының дамуы мен пісіп жетілуі болып табылады. Осының нәтижесінде құрамында гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар ұрықтануға қабілетті, жыныстық жасушалар пайда болады.

Slide 7

Аталық жыныс жасушалары:

Сперматозоидтардың саны адамда өте көп. Сперматогониядан пісіп жетіліп, түрлену мерзімі 72 тәуліктей. Сперматозоидтардың ұзындығы шамамен 70мкм, құрамында басы, мойны және құйрығы бар. Қозғалысы құйрығының көмегімен жүзеге асады. Адамда орташа жылдамдығы 30-50мкм/сек. Бұл қозғалысы хемотаксис және реотаксис(сұйыққа және химиялық қоздырғышқа қарсы қимыл жасау) қасиеттеріне байланысты өтеді. Сперматозоидтар жатырға30-60 минутта, ал 1, 5 және 2 сағатта жатыр түтігінің дистальды бөлігіне өтіп аналық жасушасын ұрықтандырады. Ұрықтандыру қасиеті 2-тәулікке дейін сақталады.

Slide 8 Slide 9

Аналық жыныс жасушалары:

Овоцит (ovum-жұмыртқа) -пісіп жетілгендердің саны сперматозоидтарға қарағанда аз. Әйелдерде жыныстық циклі 24-28 тәулікте, жыныс жасушасы пісіп жетіліп отырады. Бұл процесті овуляция деп атайды. Аналық безден жарылып шыққан овоцит жатыр түтігінің дистальды бөлігіне өтіп, әрі қарай пісіп жетілу кезеңін аяқтайды. Овоциттің диаметрі =130мкм. Цитоплазмасы мөлдір және фолликулярлы қабықтармен қоршалған. Ядросында гаплоидты хромосомасы бар, ядрошығы жақсы көрінетін жасуша. Овоциттердің сары уыздың мөлшеріне байланысты бірнеше түрлері болады. Оларға: цитоплазмасында сары уызы жоқ- алецитальді, сары уызы аз олиголецитальді, сары уызы орташа мезолецитальды, сары уызы көп полилецитальды жатады.

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Эмбриогенез

Омыртқалы жануарлардың эмбриогенезінің жалпы даму заңдары сияқты, адам ұрығының дамуы да соған ұқсас кезеңдерден өтеді. Бірақ адам ұрығының дамуының өзіне тән бірқатар ерекшеліктер бай

Адам ұрығының құрсақта дамуы орта есеппен тәулікке 280 10 созылады да бұл үш кезеңнен тұрады:

-бірінші немесе бастапқы кезі (бірінші апта)

-екінші немесе ұрықтық кезеңі (2-8 апта аралығында )

-үшінші немесе нәрестелік (9 аптадан туу мерзіміне дейін) кезеңі.

Slide 13 Slide 14

Эмбриогенездің ұрықтық кезеңінің соңында ұрықтың денесінде тіндер мен мүшелердің бастамалары да пайда болады және оның адамға тән белгілері білінеді. Бұл кезеңде адамның ұрығының ұзындығы 40мм, массасы 5г болады.

Адам эмбриологиясы саласында көбінесе оның бастапқы кезеңі мен ұрықтық кезеңіне назар аударады. Бұл мерзімде ұрықтанудан зигота пайда болып, содан соң бөлшектену, гаструляция, гистогенез, органогенез, системогенез процестері өтеді. Ана мен нәресте арасында плацента арқылы өзара байланыс қалыптасады.

Slide 15 Slide 16

Ұрықтану жолдары:

Ұрықтану аналық және аталық жасушалардың қосылу нәтижесінде дипоидты хромосом жиынтығы бар жаңа жасуша зиготаның пайда болуы. Ұрықтану жатыр түтігінің ампула тәрізді кеңейгенбөлігінде жүреді. Ұрықтану процесінің үш сатысын ажыратуға болады: 1) Гаметалардың жақындасып дистантты түрде әрекеттесуі 2) Жұмыртқа жасушасының белсенділігінің артуы 3) Жұмыртқа жасушасына сперматозоидтың енуі сингамия(қосылуы) . Осы айтылғандардың нәтижесінде жаңа бір жасушалы зигота пайда болады. Зигота бір тәуліктің ішінде дамудың келесі кезеңі бөлшектенуге ауысады.

Slide 17

Бөлшектену (fissio) зиготаның митоз жолымен жүйелі түрде бөлініп бластомерлердің пайда болуы. Зигота митоз сатыларынан өтіп, ең соңында екі бластомерге айналады. Бластомерлер бөлінген сайын кішірейе береді. Адам зиготасының бөлшектенуі бір тәуліктің аяғында толық бірақ тең емес, асинхронды түрде жүреді. Пайда болған бластомердің саны екеу, сырты ұрықтанудан пайда болған қабықпен қоршалған. Үшінші және төртінші тәулікте ұрықтан 7-12 бластомерлер, ал 50-60 сағаттан соң морула түзіледі. Морула жұмыр келген шар тәрізді, құрамында 105-107 бластомерлері бар-ұрық.

Slide 18

Ұрықтың төртінші тәуліктік дамуында іші сұйыққа толы көпіршік түріндегі бластоцита қалыптасады. Бластоциста жатыр түтігі бойымен жылжып жатырға түседі. Бесінші және алтыншы тәуліктерде ұрық бос бластоциста түрінде жатыр секреті мен қоректеніп жатырда еркін жүреді. Содан соң, эмбриобласт түйін түрінде трофобласттың бір полюсіне ығысады. Осыдан бастап ұрықтың дамуының келесі сатысы имплантация басталады.

Slide 19

Имплантация-(ену, бекіну) ұрықтың жатырдың кілегейлі қабығына жабысып енуі. Имплантацияның екі сатысын ажыратады: адгезия(жабысу) және инвазия(ену) жеті тәуліктен бастап трофобласт пен эмбриобласттың инплантацияға дайындығы жүреді. Тофобласт жасушаларында құрамында ферменттері бар лизосомалары көбейіп, жатырдың кілегейлі қабығын бұзады да, ұрық оның астындағы дәнекер тініне енеді. Сөйтіп, ұрық ана қанымен тікелей байланысады. Ұрықтың айналасында қан толы шұңқырлар(лакуналар) түзіледі. Гаструляцияның бірінші сатысында ұрық түйіні ұрық қалқаншасына айналады. Имплантация 40 сағатқа созылады. Имплантациямен қоса ұрық жапырақшаларының түзілуі жүреді.

Slide 20 Slide 21

Гаструляция

Гаструляция (gaster-асқазан) ұрық денесінде күрделі химиялық және морфогенетикалық өзгерістермен қатар, жасушалары көбейіп, өсіп орындарын ауыстырып, дифференцияланады. Осының нәтижесінде ұрық жапырақшалары пайда болады; эктодерма, мезодерма және энтодерма. Ал, бұлар болса ұрықтың тіндері мен мүшелері дамитын ең негізгі биіктік бастамалар болып табылады.

Адам ұрығының гаструляциясы екі жолмен жүреді: біріншісі ұрық түйінінің деляминациясы немесе ыдырауы (ажырауы, 7 тәулікте жүреді) екіншісі имиграция (жасушалардың көшуі, 14-15тәуліктерде жүреді) немесе орын ауыстыруы.

.

Slide 22 Slide 23

Гаструляциядан соң гистогенез бен органогенез процессі яғни тіндер мен мүшелердің дамуы жүреді. Соның ішінде жыныс жүйелерінің дамуына тоқталып өтсек, яғни аталық және аналық жыныс жүйесінің дифференциялануына:

Slide 24

Жыныс жүйелері:

Жыныс жүйелері (гонадалар) ағзада репродуктивті қызмет атқаратын мүшелердің жиынтығы. Жүйенің құрамына жыныс жасушаларын түзетін, гормондар бөлетін жыныс бездері немесе гонадалар мен қосымша мүшелер жатады. Аталықжыныс жүйесіне: ен, тұқым немесе ұрық жүретін жолдар, көпіршікті бездер, қуық безі т. б. жатса ал, аналық жыныс жүйесіне: аналық жыныс безі мен қосымша мүшелері: жатыр, жатыр түтігі мен қынап жатады. Әйел адамдарда сүт безі жыныс жүйесімен тығыз байланысты. Жыныс жүйесінің ерекшілігі жыныстық хромосомаларында; ер адамдарда XY болса, ал әйел адамдарда XX болады. Аталық жыныс жасушаларының дамуы сперматогенез, төрт сатыдан тұрады, ал аналық бездерінде аналық жасушаларының дамуы овогенез үш сатыдан тұрады.

Slide 25

Дамуы. Жыныс жүйелерінің дамуы зәр шығару жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Алғашқы пайда болған жыныстық жасушалар гонобласттар ұрықтың 3-аптасында сарыуыз қапшығының қабырғасында білінеді де, ізінше соңғы бөлігінің қабырғасындағы қан тамырлары арқыры қанмен жыныс бездерінің бастау алатын жеріне келіп қоныстанады. Аналық жыныс безінің бастамасында алғашқыда фолликулярлы жасушалары, ал аталық безе тіректік жасушалары немесе сустентоциттер дамиды. Жыныс бездеріндегі тіректік жасушалары жыныстық жасушалардың пісіп жетілуіне демеуші болып табылады. Ал, эндокринді немесе интерстициальді жасушалары гормональді қызмет атқарады. Мезенхимадан пайда болған жыныс безінің бастамасы біртіндеп жыныс жіпшелері түрінде, ал одан кейін эпителиальді жасушалар тізбегіне айналады. Жыныс жасушаларының адам ұрығындағы жіктелуі эмбриогенездің 6-аптасынан басталады.

Slide 26

Аталық жыныс жүйесі:


Ұқсас жұмыстар
Жұмыртқа жасушасы
Жыныс жүйесі. Эмбриональдық даму кезеңдері
Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің туа біткен ақаулықтары
Аналық жыныс гормоны
Адам эмбриогенезі. Дамудың қауіпті кезеңдері туралы
БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ
Дамудың қауіпті кезеңдері
ТУА БІТКЕН АУРУЛАР
Былқылдақденелілер типі
Жүктілікпен байланнысты гипартензиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz