Иондаушы сәуле көздерімен жұмыс істеу кезіндегі медииналық қызметкердің еңбек гигиенасы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ
МИНИСТРЛІГІ

«Гигиена және эпидемиология» кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Иондаушы сәуле көздерімен жұмыс
істеу кезіндегі медииналық қызметкердің еңбек
гигиенасы

Орындаған: Маткерім Б.
Тобы: В-ЖМҚА-01-18
Қабылдаған: Жақсыбаева Ж.Б.

Шымкент 2020 ж.
ЖОСПАР
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Радиациялық бақылау;
2. Радиациялық қауіпсіздік;
3. Алдын алуы және емі;
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Сәулелік ауру-әр түрлі иондаушы сәулелердің
әсерінен пайда болатын қатерлі сырқат. Адам,
жануарлар, микроорганизмдер және өсімдіктерге
жер қыртысынан бөлінетін гамма-сәулелер және
космос сәулелері сырттан, организмде болатын
радиоактивті элементтер (K, Ra, Rn, C т.б.)
сәулелері іштен әсер етеді. Егер бұл сәулелер тірі
организмге артық мөлшерде өтсе клеткалардың,
органдардың тіршілігіне қауіпті ауру туғызады.
Адамда ортаның әсерінен және ішкі органдарға,
әсіресе тыныс алу жолы арқылы теріге, ішек-
қарынға радиоактивті заттардың өтуінен пайда
болады.
Иондық сәулелердің тірі организмге тұтастай
алғанда әсерін, зиянды әрекетін, медицинада, өндірістегі
қолданысы жөнінде жеке тұлғалық қауіпсіздікті білу
иондаушы сәулелердің жасушаларға, тіндерге,
мүшелерге және ағзаға әсері туралы білімдерін нығайту
мақсатында, жасушалардың, мүшелердің және ағзаның
радиосезімталдылығы және радиосезімталдылықты
модификациялау туралы және тіршіліктің қауіпсіздік
нормасы түсініктерін қалыптастыру дәрігерлер үшін
қажет. Радиобиологиялық зерттеулердегі ерекшелікте,
сәулеленіп қалуды арнайы анықтап көз жеткізуге
болатын арнаулы жолдары бар. Оның негізгісі көптеген
айқындалған радиациялық агенттердің табиғи
физикалық сәулелік әсерді әлденеше тексеріп,
реакциялардың шығынындағы жауапты басты
критерияларын нықтайды. Иондық сәулеге жалпы
биологиялық жауап беру заңдылығын көрсетеді, соның
негізінде сәулелік реакциялардың организмге әртүрлі
модификациялық заттармен қандай көмек алу мүмкін
екендігін, радиациялық қауіпсіздік шегін және жіберілу
мөлшерін анықтайды.
Жеке тұлғаның радиациялық қауіпсіздігі тақырыбын оқыту
барысында толық мағлұмат беру, адам организміне және денсаулық
жағдайына әсер ететін негізгі зиянды және қауіпті өндірістік
факторлар қамтылад,ол бағдарламаларға сай болуы керек.
Созылмалы және жедел сәулелену кезіндегі адамдардағы
радиациялық зақымдардың қалыптасуын есепке ала отырып,
радиацияның әсеріне ұшырағандардың арасында емдеу және
профилактикалық шараларды жүргізілу қажет болады.
Халықаралық негізгі қауіпсіздік нормаларын сақтау, иондағыш
сәулелену көздерімен жұмыс істейтін адамдардың және бүкіл
халықтың қауіпсіздігіне сенімді кепілдік беретін дүниежүзілік
ғылымның мәліметтері.
Иондағыш сәулелену көздерін қалыпты пайдалану кезінде
радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі принциптері
басшылыққа алынады: барлық сәулеленудің көздерінен адамдардың
жеке басының сәулеленуге ұшырау дозаларын рұқсат етілген шегінен
асырмау (нормалау принципі);
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Иондағыш сәулеленудің көздерін пайдалану кезіндегі адамның және
қоғамның алған пайдасы оларды қолдану кезіндегі қосымша сәулеленудің
келтіретін зияндылық қатер мүмкіншілігінен аспайтын болса, оларды
пайдалану жөніндегі барлық ісәрекеттерге тыйым салу (негіздеу
принципі);
кез келген сәулелену көздерін пайдалану кезінде, экономикалық және
әлеуметтік факторларды ескеріп жеке бастың (персонал) сәулеленуге
ұшырау дозаларын және сәулеленуге ұшырайтын адамдардың санын
мүмкіншілігінше және қолдан келгенше төменгі деңгейде ұстау.
Бірақ иондағыш сәулеленудің адамға әсері техногеңцік сәулелену
көздерін қалыпты пайдалану жағдайынан басқа радиациялық апат
(авария) нәтижесінде, табиғи сәулелену көздерінен медициналық
сәулеленуге ұшырау кезінде, болуы мүмкін.
Барлық сәулеленуге ұшырау түрлерінен алатын жиынтық доза
радиациялық жағдайды және күтілетін медициналық салдарын бағалау
үшін, сондай-ақ, қорғану шараларын негіздеу және олардың тиімділігін
бағалау үшін қолданылады.
Жасанды және табиғи сәулеленудің барлық әсер етуі
жағдайында адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
радиациялық қауіпсіздік нормаларын қолданады (РҚН-99).
Олар, негізгі доза шектері иондағыш сәулеленудің рұқсат
етілген әсер деңгейлері және адамның сәулеленуге
ұшырауын шектеу жөніндегі басқа да талаптар түріндегі
“Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы” Қазақстан
Республикасының заңы, талаптардың шектейтін негізіне
алынатын құжат. Иондағыш сәулелену қандай да бір
ортадан өткен кезде олармен өзара әрекетеседі. Дегенмен
жоғарыда келтірілген сәулелену түрлерінің затпен әсерлесуі
кезінде әрқайсысының өзінің ерекшеліктері бар.
Альфа бөлшектерінің затпен өзара әсерлесуі кезінде олардың
энергиясы ортаның атомдарын қоздыруға және иондауға
жұмсалады. Бұл үрдістер бөлшектердің атомдардың
орбиталық электрондарымен серпілімді емес соқтығысу
нәтижесінде жүреді.
Рентген (Р) және гамма-сәулеленудің затпен өзара әсерлесуі.Рентген және
гамма-сәулеленулерінің шоғыры әртүрлі ортадан өткен кезде кванттардың
затпен өзара әсерлесуі нәтижесінде оның интенсивтігінің азаюы байқалады, Р
сәулеленуінің өзара әсерлесуі, ол әр жағдайда, әрбір фотонның жеке акті
нәтижесіңде сәулелен шоғырынан шығуымен сипатталады. Нейтроңдардың
затпен әсерлесуі. Нейтрондар шоғырыныңзаттармен әсер етуі кезінде, заттың
ядроларымен екі түрлі өзара әсерлесуі мүмкін. Біріншіден нейтрондардың
ядролармен соқтығысу нәтижесінде нейтрондардың серпімді және серпімді
емес Шашырауы мүмкін және ядролык реакциялар және ауыр ядролардың
бөлінуі пайда болады.
Гамма-сәулеленуі тығыздығы жоғары материалдармен
тиімдірек әлсізденеді. Нейтрондар ағынының енгіштік қаблетін
гамма сәулеленуіне тән енгіштік қаблетімен салыстыруға
болады. Радиациялык қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңды түрде
көптүрлі қорғану шараларының кешенін жүргізуді қажет етеді.
Ол иондандырғыш сәулелену көзімен нақтылы жұмыс істеу
жағдайында және бірінші кезекте иондандырғыш сәулелену
түріне байланысты, яғни иондандырғыш сәулеленудің жабық
көздеріне байланысты болады.
Жабық көздері деп, оларды пайдалануы және олардың
ескіруі алдын ала белгілі жағдайларда қондырғылары
радиоактивті заттарды қоршаған ортаға түсірмейтін, кез-келген
иондағыш сәулелену көздерін айтады. Жабық иондандырғыш
сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде персонал тек сыртқы
сәулеленуге ұшырайтыны белгілі, сондықтан да бұл жағдайда
барлық қорғану шаралары ескеріледі.
Радиациялық бақылау радиациялык қауіпті
нысандарды жобалау сатысынан бастап,жеке тұлғаның
радиациялык кауіпсіздікті қамтамасыз етуде ең маңызды
бөлігі.Оның мақсаты радиациялык, қауіпсіздік
принциптерін және қалыпты жұмыс кезінде орнатылған
негізгі доза шектері мен деңгейлерден аспауын қоса
есептегенде, нормативтер талабының сақталу дәрежесін
анықтау, радиациялық апат (авария), жергілікті жерлердің
және ғимараттардың радионуклидтермен ластануы
жағдайында қорғануды оңтайлы ету және кірісу туралы
шешім қабылдау үшін, сондай-ақ, табиғи сәулеленуге
ұшырау денгейі жоғары аумақтар мен ғимараттардан
қажетті ақпараттар алу үшін керек.
РҚН-99-ға сәйкес радиациялық бақылауды кез-
келген пайдалану жагдайында: 10мкЗв аспайтын
индивидуальдық эффективті доза тудыратын; теріде
50 мЗв және көз бұршағы ауруында 15 мЗв аспайтын
индивидуалдық эквивалент доза
тудыратын1адам/Зв-тен аспайтын ұжымдық
жылдық эффективті доз тудыратын сәулелену
көздерінен басқа, сәулеленудің барлық көздеріне
жүргізіледі. Сондай-ақ, жер бетіндегі космостық
сәулеленуге және табиғи калийден болатын адамның
ішкі сәулеленуге ұшырауына да шара қолдануға
ешқандай мүмкіншілік жоқ.
- сәулелену көздері, ауаға ұшатын қалдықтардың
сұйық және қатты қоқыстардың радиациялык
сынамалары;
- жұмыс орнындағы технологиялық үрдістерде және
қоршаған ортада пайда болатын радиациялық
факторлар;
- ластанғаң аумақтардағы және табиғи сәулеленудің
әсері жоғары,үйлердегі радиациялык факторлар;
РҚН-99 қатысы бар барлық сәулелену көздерінен жеке
тұлғаның және халықтың сәулеленуге ұшырау деңгейі.
Ал бақылауға алынатын негізгі параметрлер: жылдық
эффективті және эквивалентті дозалар;
– радионуклидтердің ағзаға түсуі және жылдық түсуін
бағалау үшін, олардың ағзадағы мөлшері;
– радионуклидтердің ауадағы, судағы, тағамдық
азықтардағы, құрылыс материалындағы көлемдік
және меншікті активтілігі;
-тері қабатының, киімдердің, аяқ киімдердің, жұмыс
столдардың, жабдықтардың т. б. беттерінің
радиоактивті ластануы;
– сыртқы сәулеленудің дозасы және доза куаты;
– бөлшектер мен фотондардың ағын тығыздығы.
Бақылауда тұрған жағдайдағы техногенді
сәулеленулерді гигиеналық нормалау, иондандырғыш
сәулелену көздерін қалыпты пайдалану жағдайында,
сәулеленуге ұшырайтын адамдардың келесі санаттары
(категория) орнатылады:
- персонал (жеке тұлға) — техногенді иондағыш
сәулелену көздерімен жұмыс істейтін адамдар (А тобы)
немесе жұмыс жағдайына байланысты сәулеленудің
әсерінде болатын адамдар (Б тобы);
- бүкіл халық, бұл санатқа өндірістік жұмыс ортасы мен
жағдайынан тыс уақытындағы персонал қатарындағы
адамдар да кіреді. Сәулеленуге ұшырайтын адамдар
санаттары үшін үш нормативтер
класы орнатылады:
Негізгі доза шектерінің туындылары болып келетін
монофакторлық әсердің (бір жолмен ағзаға түскен радионуклид
үшін немесе сыртқы сәулеленудің бір түрі үшін) рұқсат етілген
деңгейлері:

- Жылдық (ағзаға) түсу шегі, рұқсат етілген орташа жылдық
көлемдік активтілік (ОЖКА), рұқсат етілген орташа жылдық
меншікті активтілік (ОЖМА) және баскалар;

- Бақылаудағы тұрған деңгейлер (дозалар, активтіліктер, ағын
тығыздықтары т.б.). Бұлардың мәні, ұйымда қол жеткізген
радиациялык қауіпсіздік деңгейін ескеруі және радиациялық
әсер деңгейі рұқсат етілген деңгейден төмен болатын жағдайды
қамтамасыз етуі қажет.
Сәулеленуге ұшыраудан алатын дозалардың негізгі шектеріне
табиғи және медициналык, сәулеленуге ұшыраудан алатын дозалар,
сондай-ақ, радиациялык, апат (авария) салдарынан алатын дозалар
кірмейді.
Персоналдың жұмыс істейтін кезеңіндегі (50 жыл) эффективті
дозасы — 1000 мЗв, ал халық үшін бүкіл өмір сүретін кезеңінде (70
жыл) – 70 мЗв-тен аспауы қажет. Адамға бір мезгілде ішкі және
сыртқы сәулеленуге ұшырататын кездер әсер еткен кезде жылдык
эффективті доза орнатылған доза шектерінен аспауы қажет.
Адамның тіршілік ету ортасының радиоактивтілігі ол- табиғаттық
радиациялық фон, технологиялық өзгерген табиғи радиациялық
фон, ядролық жарылыстар мен атомдық апаттар өнімдерінің
радиоактивтілігімен сипатталынатын жасанды радиациялық фон
болып бөлінеді.
Табиғи радиациялык фон (ТРФ) жер бетінде космостық және жер бетіндегі
табиғи көздерден адамға әсер ететін иондаушы сәулелер. Технологиялық өзгерген
табиғи радиациялык фон (ТӨТРФ) адамның іс-әрекеті нәтижесінде, белгілі
өзгерістерге ұшыраған, мысалы жер бетінің қойнауларының пайдалы қазбаларының
(әсіресе, минералды тыңайтқыштар) биосфераға түсуі, органикалық жанар майының
жану өнімдерінің қоршаған ортаға түсуі, құрамында табиғи радионуклидтері бар
материалдан алынған бөлмелердегі сәулеленулер нөтижесінде болатын иондаушы
сәулеленулер. Бұларға кейде қазіргі уақыттардағы ұшу кезіндегі қосымша
сәулеленуге ұшырауларды, тұрмыстық сәулеленуге ұшырауды, құрамында табиғи
радионуклидтері бар, тұрақты әсер ететін, циферблатында жазуы бар сағаттарды
тағуды жатқызады.
Ядролық қару сынақтарының кеңінен жүргізілуімен биосфераның
жасанды радионуклидтермен жаһандық ластануы өршіді. Соңғы
жылдары бұдан аса көп емес, бірақ үнемі өсіп отыратын, ядролық
энергетика кәсіпорындарының қалдықтары мен ғылыми мақсатта,
медицинада, халық шаруашылығында иондаушы сәуле көздерінің
қолданылуын сипаттайтын жергілікті және аймақты, сонымен қатар
жаһандық тұрғыда ластану да қосылады. Қоршаған ортаның едәуір
ластануы АЭС-дағы апаттар нәтижесінде болады. Биосферада
шашыраңқы жасанды радионуклидтермен сәулелену жасанды
радиациялык фонын құрайды (ЖРФ), ол қазіргі уақытта жер бетіндегі
ТРФ-ның 1-3 пайызы ғана. Радиациялык фонның өлшемі- жұтылған
доза қуаттылығы болып табылады. Сәулеге ұшырудың әр түрінің,
соның ішінде біркелкі емес жағдайларының оқшауланган салдарының
биологиялық тиімділігін және пайда болу қаупін салыстыруға қолайлы
болу үшін, радиациялык фон есебінен, дозаларды, бүкіл дененің біркелкі
сыртқы сәулеленуін, белгілі мүшедегі стохастикалық салдардың пайда
болу қаупі бойынша шынайы жұтылған дозаны есептеумен
сипатталынатын шартты түсінікпен эффективті, эквивалент доза деп
аталатын көрсеткіштермен анықтайды.
Алдын алу
ССА алдын алу шараларына қатаң түрде жұмыс ережелері мен
нормативтерді сақтау жатады. иондаушы сәулелер көзімен жұмыс
істейтін адамдар міндетті түрде дәрігерлік бақылауында болады.
Дұрыс дем алу және тамақтану, рационалды еңбек ету және
сәулелену мөлшерлерінің қалыпты нормадан аспауы алдын алу
шаралардың міндетті бір бөлімі болып табылады.
Иондаушы радиация тудыратын тіндік және жүйелік сәулеленулер негізінде ағзадағы
тіндер мен сұйық ортадағы құрылымдық компоненеттердің клеткалық және
молекулярлық деңгейінде біріншілік радиациялық процесс жүреді. Ағзаның бүтіндігі
кезіндегі радиациялық зақымданулардың қалыптасулары бірнеше жолмен жүзеге асады,
зақымдайтын агенттің клеткаға тура әсерінің нәтижесінде, ағзадағы тінаралық
қатынастармен нейро регуляторлы механизмдердің бұзылуы салдарынан пайда болады.
Иондаушы радияцияның әсерінене туатын радиобиология мен радиациялық медицинаның
қазіргі кездегі теориялары бойынша, үш топқа бөлінуі мүмкін:
- соматикалық (жедел және сүлелі сәулелі аурулар, жергілікті сәулелі зақымданулар –
катаракта, терінің және т.б қатерсіз зақымданулары);
- соматикалық-стохастикалық (өмір сүру ұзақтығының қысқаруы, лейкоз, әртүрлі ағзалар
мен тіндердің ісіктері);
- генетикалық доминантты және рецессивті гендік мутация, хромосомды аберация).
Үздіксіз сәулеленуге ұшыраған адамдарда соматикалық нәтиже дамиды, ал оның
тұқымында генетикалық (тұқым қуалайтын өзгерістер).Жалпы қысқа уақыттық
сәулеленулер әртүрлі деңгейдегі айқындылықтағы радиациялық зақымдануларды
тудыруы мүмкін.1,5 Гр және одан жоғары сәулеленулер кезінде сүлелі сәулелі ауру дамуы
мүмкін екгндігі бекітілген. Сәулелену аймағының орналасуы сәулеленудің біркелкі емес
таралауына байланысты болады.
ЕМІ
Жүргізілетін шаралардың үш этапын ажыратады: 1) міндетті түрдегі
жұмыс орнындағы шаралар; 2) шұғыл емдік және диагностикалық
шаралар; 3) поликлиника мен стационардағы толық диагностика мен емдік
шаралар.
Нуклидтердің сипатына байланысты радиоактивті заттардың шығуын
тездететін заттар тңдалынады. Сонымен қатар сұйықтықтардың
айналымын жеделдету арқылы(потогонды және зәр айдағыш препараттар)
нуклидтердің шығуын тездетуге болады, механикалық шығару(тазартатын
клизмалар, адсорбенттер) қолданылады.
Қазіргі кездегі кеңінен қолданылатын заттарға
этилендиаминотетрауксус және пентауксус қышқылдары және олардың
туындылары қолданылады: ферроцин, унитиол және оксатиол.
Трансуранды радионуклеидтермен және жер бетінде сирек кездесетін
элементтерді шығару үшін пентацинді қолданады. Препаратты көк тамырға
баяу енгізеді, 5% ертіндіні 10 мл тәулігіне 2 реттен (20-40 иньекция) жалпы
және радиометриялық зәр анализінің бақылауымен енгізеді.
• Ағзаға радии, стронции түскен кезде ұсақ дисперсті барии сульфатын 50,0 г,
натрии алгинатын 10-12 г/тәу. 200 мл сумен ішке қабылдайды. Радиоактивті
йодтағы сәуленің күшін азайту үшін үлкен адамға 7-14 күн бойы 250-300 мг
тұрақты йод немесе калий йодидті қолдану керек.
• Полонии ағзаға түскен кезде анықталған тізбек бойынша шұғыл 5% ертінді
түрінде оксатиолды тағайындаймыз. Алғашқы 4 тәулікте препаратты 50 мг/кг
есебімен 2 рет, содан соң 2 күн үзілістен кейін дозасын 40 мг/кг төмендетемізде 3
күн қатар алады, ал 12 күннен бастап осындай үзілістен соң — 35 мг/кг дейін
төмендетеміз(3 күн). Препаратты баяу, тамшылатып енгіземіз. Жанама
әсерлеріне жүрек айну, қан қысымының төмендеуі жатады, осы кезде кофеин,
супрастин, пипольфен тағайындалады.
• Сәулелі аурулар кезіндегі жұмыс қабілетінің сараптамасы. Дәрігерлік еңбек
сараптамасының сұрақтары жалпы статусымен, бұрынғы және қазіргі кездегі
жұмыс қабілетіне, сонымен қатар жалпы соматикалық және кәсіптік аурулар
кезіндегі тексерілулерге және медидициналық қарауларға байланысты. ССА
бойынша мүгедектікке ауыстыру көрсеткіштері өте шектелген.
• Аурудың қалыптасуы кезіндегі тексерілулер кезінде уақытша еңбекке
жарамсыздық парағы беріледі, ал қорытындысында уақытша (3-6 ай) басқа
жұмысқа ауыстыру шешіледі. Шешімді стационарлық немесе поликлиникалық
емдеу орындарындағы ДБК қабылдайды.
- Барлық жағдайларда 4 ай емнен кейін және еңбек
қабілетін төмендететін сәулелі зақымданулардың
айқын белгілері болған кезде науқасты ДЕСК
жолдайды.
- Жұмыс қабілетін тұрақты төмендетеді: 1) тіндер
мен ағзалардағы терең трофикалық және
склеротикалық жергілікті өзгерістер, көру қабілетінің
төмендеулерімен катаракта, ампутациялық дефектілір
және контрактура: 2) айқын астенизация, орталық
жүйке жүйесімен тамырлардың органикалық
зақымданулары: 3) анемия, қан түзудің
компенсирленбеген гипоплазиясы.
- Мамандығы бойынша жұмыс істеу қабілеті
сақталған кезде 3 топтың мүгедектігі беріледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі өркениетті елдерде, ірі мемлекеттерде
заманауи басты мәселелердің бірі – адам факторы.
Өйткені адам — мемлекеттің баға жетпес байлығы.
Сондықтан да адам денсаулығын сақтау қоғамның
тұтастай макрожүйесінің басты, негізгі және
жүйеқұраушы факторы болып табылады. Қоршаған
орта мен өндіріске тәуелді болып отырған адам
денсаулығының жағдайы туралы ақпараттың үнемі
және жүйелі беріліп тұруы, қоғамдық макрожүйенің
жұмыс тиімділігін арттыру мен еліміздің аймақтық
әлеуметтік-экономикалық жоспарының басты
қағидаларының бірі болуға тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер
Негізгі:
1. Тоқанова Ш.Е. Жалпы гигиена: оқу құралы – Алматы: Эверо, 2013.
2. Большаков, А. М. Жалпы гигиена : кітап - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014.

Қосымша:
3. Жалпы гигиена бойынша тапсырмалар жинағы: оқу-әдістемелік құрал. -
М. : "Литтерра", 2016. - 208 бет.
4. Ауа гигиенасы : оқу құралы, Жаксыбаева Ж.Б - Шымкент 2015.-59 бет.

Электронды басылымдар:
5. Жалпы гигиена (Электронды басылым): медициналық колледждерге
арналған электронды оқу құралы/ ҚР денсаулық сақтау министрлігі,
Техникалық және кәсіптік білім беру; Медициналық мамандықтарға
арналған.

Ұқсас жұмыстар
ИОНДАУШЫ СӘУЛЕЛЕР КӨЗДЕРІМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕ ҚОРҒАНУ
РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚОРҒАНЫШ
Өндірістік гигиена және санитария
Қараюдың тығыздығы сәуле шығарудың жұтылған энергиясына пропорционал
Еңбек гигиенасы
Иондаушы сәулелер және радиактивті заттармен жұмыс істеу қауіпсіздігі
ЖҚҚ беру
Дозиметриялық аспаптар
Радиациялық қорғау
Иондаушы сәулелердің биологиялық әсерлері
Пәндер