Антигендік құрылымы



СӨЖ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ
«Микробиология» кафедрасы
Орындаған: Маткерім Б.
Тобы: В-ЖМҚА-01-18
Қабылдаған: Курманбекова Ш. Ж.
Шымкент 2020 ж.
Тақырыбы: Тогавирустар. Рабдовирустар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тогавирустар
2. Рабдовирустар
III. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
ЖОСПАР

Тогавирустар.
Таговирустар лат. (toga-плащ-жамылғы) - буынаяқтылар арқылы жұғатын, адамдарда жүйелі дене қызбасын және вирустық энцефалиттер қоздыратын арбовирустардың (arthropod borne -буынаяқтылармен берілетін) бір тобына жатады.

Таксономиясы.

Альфавирустар.
Құрылымы, Химиялық құрамы. Альфавирустардың құрылымы күрделі, мөлшері бойынша гетерогенді липидті сыртқы қабаты (суперкапсиді) бар, симметриясы куб (икосаэдр тәрізді) типті. Вирустың сыртқы құрамында гемагглютинині болады, гликопротейнді «тікенекшелермен» ұзындығы 10 нм қоршалған. Вириондары сфера пішінді, диаметрі 45-75 нм. Біржіпшелі (+) РНҚ молекуласынан тұратын геномы симметриясы куб типтес, капсидте орналасқан вирустық (+) РНҚ ақпараттық и РНҚ ның қызметін атқарады.

Антигендік құрылымы.
Бұл вирустардың екі антигені бар.

Дақылдандыру. Кез келген вирустар сияқты оларды дақылдандыру үшін бірнеше тәсілдер бар:

Таговирустардың репрадукциялануы жасуша цитоплазмасында атқарылады. Репродукциялану циклы 4-8 сағатқа созылады. Вирус жасушаға адсорбцияланғаннан кейін оның ішіне виропексис (эндоцитоз) жолымен енеді. Вирустық (+) РНҚ цитоплазмада босанып шығады. Вирустық (+) РНҚ иРНҚ-ның молекуласының симметриясына ұқсас болғандықтан, (+) РНҚ рибосомалар танып алады және тасымалданады (трансляция) . Өте үлкен полипротейнді молекула пайда болады.

Төзімділігі.
Липидқұрамды сыртқы қабықшасы болтындықтан олар эфирдің, детергенттердің әсеріне сезімтал келеді, және де 56 С температурада сақтайды. Бұл вирустар УК сәулесінің, формалиннің, хлор құрамды дезинфектанттардың әсеріне өте сезімтал.

Эпидемиологисы.
Альфавирустар табиғатта кең таралған, оңтүстік ендікте орналасқан елдерде жиірек кездеседі. Тасымалдаушы жәндіктердің белседілігінің арту мерзіміне байланысты індеттің маусымдылығы байқалады. Арбовирусты инфекциялар табиғи - ошақты ауруларға жатады және кең таралған тасымалданушылықпен сиатталады. Жәндіктерден басқа олардың, негізгі иесі омыртқалы жануарлар болып табылады (ұзақ мерзімді вирусемия болуына байланысты) . Арбовирустар жәндіктердің сілекей бездерінде шоғырланады және сілекеймен бірге шығады. Вирустар кенелерде трансовариальды жолмен ұрпақтарына беріледі, яғни негізгі берілу механизмі болып табылады. Адамдаға әдетте масалар, кенелер, шіркейлер шаққанда жұғады (трансмиссивті жолмен берілу) .

Патогенезі және клиникалық көріністері.
Вирустар буынаяқтылардың тіндері мен ағзаларында, соның ішінде сілекей бездерінде, көбейеді. Адамдардың немесе жануарлардың қанын сорған кезде вирус қанға түсіп, ішкі ағзаларға тарайды. Қоздырғыштың ағашқы репродукциялануы қан тамырларының, лимфалы түйіндердің, фагоциттердің эндотелиялық жасушаларында ақарылады. Содан кейін көбеиген вирустар қайтадан қанға түседі, нәтижесінде осындай екіншілік вирусемия дене қызбасын көтеруге себепкер болады. Ал нейротропты вирустар ОЖЖ - өтіп, жасушаларының бұзылуын туғызады (энцефалиттердің ауыр түрін қоздырады) . Альфавирустар және де дене қызбасы дамитын әртүрлі аурулар, тері беткейлерінде бөртпелер қоздыруы мүмкін, кейде артриттер, қан кету туғызуы ықтимал.

Иммунитеті.
Ауырып тұрғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. антиденелер 1 жылға дейін сақталады, олардың жоғарғы титрде табылуы инфекцияға жақын арада шалдыққанын көрсетеді. Вирусбейтараптаушы антиденелер және антигемагглютининдер бірнеше жыл бойы сақталады.

Микробиологиялық диагноз қою.
Зерттеуге алынатын заттар:
Вирусты бөліп алып(индукциялау) :
қан(вирусемия кезінде), жұлын сұйықтығы (меингоэнцефалит кезінде), несеп, секциялық материялдар.
біріншілік және ауыспалы жасша дақылдарына (ЦПӘ, түйіндақтар түзілу) және жаңа туылған ақ тышқандарға (сал болу, өлім туғызу) жұқтыру.

Емдеуі.
Антивирустық преператтар - рибавирин, интерферон, реаферон т. б. қолданылады.
Алдын алуы.
Спецификалық профилактика мақсатында инактивацияланған өлі вакцина қолданылады.

Рабдовирустар.
Рабдовирустар (грекше; rhabdos - шыбық, таяқ деген мағына береді) - сүтқоректілерде, балықтарда, жәндіктерде, қарапайымдыларда және өсімдіктерде әртүрлі зақымдану туғызатын, РНҚ - құрамды вирустар, олардың 80-нен астам түрлері белгілі. Rhabdoviridae тұқымдастығы өкілдерінің табиғи иесі кең ауқымды олар әртүрлі омыртқалы және омыртқасыз жануарларға патогенді. Адамдарға везикулярлы стоматит және құтыру вирустары патогенді болып табылады.

Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Rhabdoviridae
Туыстастығы: Vesicolovirus - везикулярлы Индиана стоматит вирусы.
Lyssavirus - құтыру вирусы.
Ephemerovirus - сиырдың біркүндік қызба вирусы.
Cytorhabdoviru - салатта сарғшнекер қоздырытын вирус.
Nucleorhabdovirus - картопта сарғыш ергежейлік қоздыратын вирус. .
Novirhabdovius - Гематопоэздің жұқпалы некрозын қоздыратын вирус

Құрылымы.
Вириондары оқ (пуля) тәрізді немесе таяқша пішінд, мөлшері 170*70 нм. Сыртында екі қабатты липидқұрамды қабықшасы (суперкапсид) болады, одан гликопротеинді тікенешелер (ұзындығы 5-10 нм, диаметрі - 3 нм) шығып тұрады. Вирионның ортасында сыртқы қабатпен матристік ақуызбен( М) бөлініп тұратын, симметриясы спираль типті нуклеокапсид (РНП) . Геномы біржіпшелі сызықшалы фрагменттелмеген (-) РНҚ. Вириондарының құрамында біренеше ақуыздар болады: капсидтік және матристік ақуыздар, РНҚ полимераза және басқа да ферменттер, және де сыртқы қабықшаның тікенек тәрізді өсінділерінің құрамына кіретін гликопротеин.

Антигендері.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz