Қожа Ахмет Яссауи ілімі


Slide 1

Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ. А. Яссауи ғұламаларының саяси көзқарастары

ВТиПО мамандығы

2-курс студенті

Хамилов Анаят

Алматы-2020

Slide 2

Әбу Наср әл-Фарабидың саяси көзқарасы

Slide 3

Саясатты зерттеу

Х ғасырдан бастап исламның саяси iлiмi шеңберiнде мемлекет пен саясатты зерттеу - оны нормативтi-құқықтық және этикалы-философиялық тұрғыда қалыптастырды. Нормативтi-құқықтық бағыт мұсылмандық-құқықтық теорияға сүйендi және басқа iлiмдердiң ықпалын сезiнбедi. Философиялық-этикалық бағытта зерттеушiлер гректiң саяси философиясының дәстүрлерiне сүйендi және оны мұсылман мемлекетi - Араб халифатының ерекшелiктерiне қарай бейiмдеп пайдаланды. Қазақтың бірінші фәлсафашысы, әлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір кешті.

Slide 4

Әл-Фараби еңбектеріндегі саясат

Әбу Насыр әл-Фарабидiң (870-950 жж. ) еңбектерiнде орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билiк пен құқық туралы ойлар жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билiк арасындағы айырмашылықтарға көңiл бөлмеген араб философтары бұл ұғымдарды синонимдер ретiнде бағалап саясат пен саяси iлiмнiң басқа варианттарын (нұсқаларын) ұсынды. Саяси мәселелердi қарастыруда араб-мұсылман философиясы көп жағдайда ежелгi грек философиясына, әсiресе Платон, Аристотельдiң көзқарастарына сүйендi. Саясат, олардың көпшiлiгi үшiн өздерi «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет iстерi туралы ғылым болып саналды. Мұндай қалалар ретiнде олар бiрге тұрған, мақсаттары бiр, бiр басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейiнгi адамдар қауымдастығын түсiндi. Грек дәстүрлерiн мұсылманның саяси өмiрiмен байланыстыру араб-мұсылман философиясының барлық тармағында өз белгiсiн қалдырды.

Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8

Әл-Фараби үшін саясат мақсаты

Бүкiл араб саяси философиясында саясатқа көзқарас оның адамгершiлiк мазмұнымен сипатталады. Осы жағынан алып қарағанда саясат «саяси адамгершiлiк философиясы» ретiнде көрiнедi. Сондықтан әл-Фараби саясаттың басты мақсаты адамдарды бақытқа жеткiзу, игiлiкпен жеткiзу деп санайды.

Slide 9

Әбу Насыр Әл-Фараби

Slide 10

Жүсіп Баласағұнның саяси көзқарасы

Slide 11

Жүсіп Баласағұн

Ойшыл саяси мәселелерге айрықша көңіл бөлген. Мысаы, мемлекетті орталықтандыру және басқару, қоғамда әіл заңдардың, еркіндік пен 13 бостандықтың болуын қалады.

“Құтадғу білік”- халықтың салт санасы, өмірдің мән мағынасы, адам тағдыры, әдет ғұрпы жөніндегі көзқарастар жинақталған құнды шығарма.

Slide 12

“Құтты білік” дастаны

Төрт принципке негізделіп азылған:

Slide 13

“Құтты білік” дастаны

Адамгершілік, имандылықты насихаттайтын саяси-философиялық трактат идеясы әл-Фарабидің «Қайырымды қаланың тұрғындарының көзқарастар жайындағы» ойлармен ұқсас.

Slide 14

“Құтты білік” дастаны

Ж. Баласағұн өз шығармасында заманның бұзылғандығы, достардан жапа шеккендігі туралы баяндайды. Ол адамдардан кісіліктің жоқтығы, ағайын-достық арасындағы қарым-қатынаста жаттан айырмашылығының болмауы, халық арасында иман, сенім мен жақсы қасиеттің қалмағанын өкіне баяндайды. Сонымен бірге, жігіттікке ашынып, өкініп, қарттық туралы да айта келе, ол өзіне ақыл-кеңес беру арқылы, қоғам мүшелеріне ықпал еткісі келеді.

Slide 15

Қожа Ахмет Яссауидің саяси көзқарасы

Slide 16

Қожа Ахмет Яссауи ілімі

Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады.

Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты.

Slide 17

Қожа Ахмет Яссауи ілімі

Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» еңбегі және оның мазмұн-мағынасы, түркі халықтарына соның ішінде қазақ халқына оның ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты тұстары туралы көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің бүгінге дейін жинақталған толайым деректер базасы бар.

Slide 18

Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты - топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”.

Slide 19

Қорытынды

Бүгінгі таңдағы жаһандану дәуірінде мемлекеттің саяси жүйесінің жетілдірілуінде құқықтық дамуының ең негізгі алғышарттарының бірі ресми биліктің мемлекеттің мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануымен тығыз байланысты. Бұл мәселеге қатысты мысалдарды көршілес ТМД елдеріндегі және Еуропаның ішкі қақтығыстарды шешудегі билік ұйымдарының іс-әрекеттерінен көре аламыз. Саяси режим-әр мемлекеттегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген, саяси райды сипаттайды.

Slide 20

Назарыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ
Қожа Ахмет Яссауи - түркістандық ғұлама, әулие
Қожа Ахмет Ясауи - 1093 жылы тулыған түркістандық ғұлама, әулие
Қожа Ахмет Яссау өмірбаяны
ДИУАНИ ХИКМЕТ
Сопылық ілімін қазіргі көзқарас бойынша бағалау
Қожа Ахмет Яссауи сопылық ілімі
Диуани хихмет
Қожа Ахмет Ясауи
Кейін Бұхара қаласында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz