Бауыр және ұйқы безінің пальпациясымен және перкуссиясы


Slide 1

Бауыр және ұйқы безінің пальпациясымен және перкуссиясы.

Жүрек аускультациясы.

Қабылдаған: Тулежанов Е. Н.

Орындаған: Марипжанова Д. Ш.

Slide 2

Жоспар

Бауырға перкуссия, пальпация жүргізу

Ұйқы безін тексеру, пальпация және перкуссия

Ұйқы безі ауруларының синдромдары

Жүрек аускультациясы

Slide 3

Жалпы қарау

Жалпы қарау барысында зорығуға аса көңіл бөлген жөн, әсіресе асқынған цирроз немесе бауыр ісігі кезінде, бұл кезде болатын жалпы дене салмағының төмендеуі, асцит есебінен болатын іштің ісінуімен жүреді. Ұзақ уақыт бауыр циррозы кезінде әр түрлі себепті саусақ басы фалангтерінің өзгерісі “барабан таяқшалары” байқалады.

Бауыр белгілері үлкен және кіші болып келеді

Кіші белгілері: телеангиэктазиялар мен тамырлық жұлдызшалар, пальмарлы эритрема, теріде парехиялар мен экхимоздардың пайда болуымен жүретін геморрагиялық синдром, мұрын мен ауыз қуысының шырышты қабаттарының қанталауы, ксантомдар мен ксантелазмалар, гинекомастия және бауырдың алкогольды ауруларына тән басқа да белгілер

Үлкен белгілері: оған сарғаю және гепатомегалия жатады, олар үлкен бауыр синдромдары - портальды гипертензия, бауыр-жасушалық жетіспеушілік және бауыр энцефалоспатиясы, гепатореналды синдром, холестаз синдромымен көрінеді.

Slide 4

Тамырлық жұлдызшалар немесе телеангиэктазиялар- қылтамырлар мен ұсақ тамырлардың жергілікті шамадан тыс кеңеюі. Олардың саны бірден бастап, кең көлемде болуы мүмкін.

Бауырлық алақандар немесе пальмарлы эритема - үлкен саусақ пен кіші саусақтың жоғарылаған бөлігіндегі ашық-қызыл эритрема. Аталған белгілер гиперэстрегонемиямен негізделген болуы мүмкін және артерио-венозды анастомоздардың ашылуымен де болады.

Геморрагиялық белгілер - теріде петехиялар мен экхимоздар сипатталатын тері өзгерісінің жиі кездесетін өзгерістерінің бірі, кейде тамырлар өзгерістерінің жерінде кішкентай ойық жаралар болады. Әдетте бұл көрініс созылмалы қарқынды гепатит немесе циррозға тән және бауырдағы қанның ұю факторының синтезінің бұзылысымен немесе тромбоцитопениямен байланысты.

Ксантомдар және ксантеламалар қабақ аймағында орналасқандығы бауырдың біріншілікті билиарлы циррозының көрінісі болып табылады.

Гинекомастия және бауырдың алкогольді зақымдануының басқада белгілері еркектерде омырау бездерінің үлкеюі эстрогендер көбеюінің себептерінен болады, олар зақымдарған бауырдың жергілікті метаболизмге ұшырамайды, жиі геникомастия бауырдың алкогольді ауруының белгісі.

Slide 5

Бауырға перкуссия жасау

Бауыр тығыз ағза. Перкуссия жасағанда одан тұйық перкуторлы дыбыс естіледі. Бауырдың жоғары жағында өкпе орналасады, өкпелік дыбыс ашық, ал төменде ішектер - одан тимпатикалық дыбыс естіледі, сондықтан да бауырдың жоғары және төменгі шекаралары оңай табылады.

Мақсаты : шекарасын, өлшемін және конфигурациясын анықтау.

Жоғарғы шекарасын анықтау үшін тыныш перкуссия, ал төменгі шекарасы үшін тыныштау перкуссия қолданамыз. Шекарасының орын ауысуы: жоғары - рак кезінде, төмен - пневмоторакс, эксудативті плеврит кезінде.

Курлов әдісі бойынша. Біріншіден бұғана орта сызықпен жоғарғы шекарасын анықтаймыз, салыстырмалы ол төртінші қабырға деңгейіне сәйкес келеді. Төменгі шекарасын астынан жәй перкуссиямен тимпаникалық дыбыс шыққанша перкуссия жасайды. Төменгі шекарасы бұғана орта сызығы бойынша қабырға доғасына сәйкес келеді, орталық сызық бойынша семсер тәрізді өсіндісінен 3-6 см төмендеу жерде орналасады.

Образцова әдісі бойынша. Жоғарғы шекарасы оң төс маңы және оң жақ бұғана орта сызығы бойынша төртінші қабырға деңгейіне сәйкес келеді, ал алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша жетінші қабырға деңгейінде. Төменгі шекарасы төс маңы сызығы бойынша қабырға доғасынан екі см төмен деңгейде, ал бұғана ортасызығы бойынша қабырға доғасына сәйкес келеді, алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша оныншы қабырға деңгейіне сәйкес келеді, орталық сызық бойынша семсер тәрізді өсіндісінен 3-6 см төмендеу жерде орналасады.

Slide 6 Slide 7

Бауыр пальпация жасау.

Сау адамда бауыр шеті қабырға доғасының шетіне сәйкес келеді, консистенцисы жұмсақ, шетінің формасы дөңгеленген, ауырсыну жоқ.

Пальпация Образцов- Страженко әдісімен жасайды. Науқас адам төсекке жатып, аяқтарын ішіне бүгіп, қолдарын кеудесіне қояды. Сол қолы қабырға доғасының аймағында орналасады, қабырға доғасының аймағын басу, қабырғалардың дем алуын басып, диафрагманың экскурсиясын жоғарылатып, құрсақ қуысын жоғары қарай жылжытады.

Оң қолдың саусақтары бір сызықта орналасып, бұғана орта сызықпен төмен қарай жылжып, тері қатпарын жылжиды. Науқас дем шығарған кезде саусақтарды қабырға астына қарай енгізеді. Науқас құрсақпен терең дем алған кезде бауырдың төменгі шекарасын оң қол сауқастарымен сезіп байқауға болады.

Slide 8 Slide 9

Ұйқы безі

Негізгі зерттеу әдістері

Негізгі шағымдары: іштің ауруы, диспепсия, тәбеттің төмендеуі, жүдеу, кейде терінің сарғаюы.

Анамнез. Ұйқы безі ауруын тудыратын себептерге( арақ шарапты және майлы тағамды шектен тыс көп қабылдау, өт жолдары аурулары, он екі елі ішектің ойық жарасы, ата анасының ұйқы безі ауруларымен ауруы, ) көңіл аудару қажет.

Қарап тексеру. Науқасты қарау кезінде оның жүдегенің, терінің сарғаюын, теріде қасыған іздерді, геморрагияларды байқауға болады. Жедел панкреатит тұсында тері қабаттары қатты бозарып, көгерген жерлердің көрінуі мүмкін ( Мондор симптомы), бұл ауыр интоксикация мен капилляростаздың белгісі. Жедел панкреатитте іштің кебуі байқалады.

Slide 10

Пальпация. Беткей пальпация кезінде жедел панкреатит ауруы тұсында құрсақ еттерінің ауыруын және қатаюын анықтайды. Ұйқы безін пальпациялау қиын әдіс болып табылады, себебі ол жұмсақ ағза және іш қуысында терең орналасқан. Үлкейген безді ғана сипап көруге болады. Ал қалыпты жағдайда ұйқы безін аш қарынға, теңертеңгілікте сипап зерттейді. Образцов - Стражеско әдісімен терең әдістемелік жылжымалы пальпацияны төрт қимылмен өткізеді. Ол үшін алдын ала табылған асқазанның үлкен иінінен 2-3см жоғары, көлденең түрде оң қол саусақтарын орналастырамыз. Теріні жоғары қарай ығыстырып, оң қолды науқас демін шығарған сайын тереңдете түседі. Ұйқы безінің артқы қабырғасын сезген уақытта, қол жоғарыдан төменге қарай жылжиды.

Қалыпты жағдайда ұйқы безі1, 5-3 см, ауырмайтын, көлденең орналасқан жұмсақ цилиндр тәрізді боп келеді. Созылмалы панкреатитте ол тығыздалып, ауыру сезімі байқалады.

Slide 11

Ауру синдромы

Ұйқы безінің:

басы зақымдалғанда, ауру сезімі оң жақ эпигастральды аймақта ( Шоффар Риве аймағы;

денесі зақымдағанда сол жақ аймақта;

шеткі бөлімі қабынған кезде, ауру сезімі сол жақ қабырғаастында сезіледі (Мейо Робсон аймағы) .

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Бауыр және ұйқы безі
Бауыр үлестері
Жануарлар түрлеріне байланысты көкірек қуысы мүшелерінің топографиясы
Бауыр топографиясы
Ұйқы бездің құрылысы
Асқорыту бездерінің гормондары
Ас қорыту бездерінің физиологиясы
Ұйқы безінің функциялары
Қалқанша без эндокринді жасушалары
Аталық жыныс безі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz