СӨЖ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТАХЕОМЕТР



СӨЖ Тақырыбы: Электрондық тахеометр
Қазақстан Республиканың Білім және Ғылым министірлігі
Алматы қаласының Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Орындаған: Абуова Нұрай
Тобы: ГК 18-11
Тексерген: Джуламанов Т. Д.

ЖОСПАР:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Тахеометр туралы жалпы түсініктеме
Электрондық тахеометр
Аспаптарға сипаттама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Тахеометр (грек. tachyc, tacheos - шапшаң және метр) - тахеометрлік түсіру кезінде қолданылатын
геодезиялық аспап. Тахеометр арқылы белгілі бір нүктенің (пикеттің) бақылаушы тұрған (прибор орналасқан) нүктемен салыстырғандағы горизонталь және вертикаль бұрыштары, қашықтығы және өсімшесі (h) анықталады.
Тахеометрлер дөңгелектік,
номограммалық, авторедукциялық және ішкі базалық болып ажыратылады.
Тахеометр туралы жалпы түсініктеме

Тахеометрлер болмаған кезде тахеометриялық түcipicтi теодолит пен рейканың көмегімен жүргiзуге болады. Мұндай жағдайда әрбiр пикеттiк нүктеге дейiнгi көлбеу ара қашықтықты жiптi қашықтық өлшеуiшпен горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшейдi. Салыстырмалы биiктiктi тригонометриялық нивелирлеумен анықтайды.
В нүктесінің А нүктесімен салыстырғандағы салыстырмалы биiктiгiн (h) анықтау керек болсын делiк . Ол үшін А нүктесінe теодолиттi орнатады да, ал В нүктесінe рейканы қояды. Аспаптың биiктiгiн (i) рулетка мен және сызықтың ұзындығын
АВ лента мен немесе қашықтық өлшеуiшпен өлшейдi. Теодолиттiң вертикаль дөңгелектің көмегімен дүрбiнiң нысаналау оciн рейканың қандай да бiр нүктeciнe бағыттағандағы көлбеулiк бұрышын анықтайды. Осы нүктеден рейканың тақасына дейiнгi қашықтық (υ) нысаналау биiктiгi деп аталады.
h=h1+i- υ. (1)
Бiрақ
hl=dtgv, (2) )
ендеше
h=dtgv+i- υ. (3)
Егер рейкаға аспаптың биiктiгiн (i) белгiлеп, осы нүктесi дүрбiмен нысаналаса, яғни i= υ тең деп алынса, онда салыстырмалы биiктiктi бұлай анықтауға болады:

Электрондық тахеометр
Электрондық тахеометр - жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь арақашықтықты және биікайырымды өлшеуге арналған топографиялық электрондық-оптикалық аспап. Электрондық тахеометрдің құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Арақашыктықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлық таблода көрінеді және бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін. Перфорациялық тіркеудің мәні далалық өлшеу аспабының мамандандырылған электрондық есептеу машинасымен қосылуында, ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша автоматты түрде жергілікті жердің түсіру планын сызады. Электрондық тахеометрдің көмегімен биікайырымды анықтау, көлбеу қашықтықты горизонталь жазықтыққа келтірудің автоматты түрде атқарылуы, сондай- ақ жарықтың ауада таралу жылдамдығы үшін түзету автоматты түрде есепке алынуы мүмкін. Тахеометр жинағына шағылдырғыштар, штативтер, қоректендіру көздері, зарядтау құрылғысы, аспапты жөндеу және күтіп-баптау жабдықтары кіреді. Түнде жұмыс істеуге арналған жабдығы болады. Цифрлық таблоға берілетін жедел ақпараттың және жадыдағы ақпараттық жинағышқа шығарылуына мүмкіндік бар.

Кадастр жұмыстарында электронды тахеомехрлермен жұмыс жасаудың тиімділігі Қазіргі кездегі дәлдігі мен өнімділігі жоғары геодезиялық өлшеу аспаптарына электронды теодолиттер мен тахеометрлер жатады. Олар арқылы барлық өлшеулерді автоматтандырылған режимде орындауға мүмкіндік туды. Бұндай өлшеу аспаптары өлшеу нәтижелерін тіркеу және сақтау, әрі қарай ЭЕМ-ы арқылы өңдеуге мүмкіндік беретін есептеу және ақпараттарды сақтау құралдарымен жабдықталған. Дыбыс арқылы топографиялық-геодезиялық ақпараттарды далалық жағдайда өңдеу еңбек өнімділігін арттырады және есеп алушының қателерін азайтады. Топографиялың түсіріс және басқа инженерлік-геодезиялық жұмыс түрлерін жүргізуде далалық өлшеулерді автоматтандыру үшін жоғары дәлдіктегі электрондық тахеометрлер жасалып шығарылған. Электрондық тахеометр құрылысы кодты теодолиттің негізінде жасалған. Ол бұрыш өлшеу бөлігінен, сәулелі арақашықтық өлшеуіштен және біріктіріп орналастырылған ЭЕМ-нан тұрады. Бұрыш өлшеуіш бөлігімен горизонталь және вертикаль бұрыштар өлшеніп, сәулелі арақашықтық өлшеуіш арқылы ұзындық анықталады, ал ЭЕМ әр түрлі геодезиялық есептерді шығаруды, аспаптың жұмысын басқаруды, өлшеу нәтижелерін бақылауды және оларды сақтауды қамтамасыз етеді.

Аспаптың функционалды кнопкалары өте ыңғайлы əрі қолайлы етіп жасалған. Стандартты комплектіге: аспап, аккумуляторлар BDC25A - 2 дана, зарядты құрылғысы, нұсқаулары, футляр жатады. SOKKIA-ніѕ DT500, 500Д, 600 - теодолиттері DT500/600 электронды теодолиттердің жаңа сериясы болып табылады. DT - бұрыштарды өлшеуге арналған жетік аспап. Аспапты қолдану кезінде есеп алу қателіктері толығымен жойылады (бұрыш нəтижелері дисплейге беріледі) . Аспап пішіні жағынан жұмыс істеуге қолайлы, жаңа дизайн, оптикалық центрлеу жəне қолайлы үлкен дисплеймен қамтылып, 4-кнопкамен жұмыс істеледі. Сенімді екі өсті компенсатор (DT500/LDT50) . Аспап С (R14) типті 2 батарейамен жұмыс істейді. Сыртқы əсерлерден қорғалған, ауа райының өте қолайсыз жағдайларында жұмыс істейді (Қатты шаңды, ылғалды, жаңбырлы жерлерде) .

Электронды тахеометр
Топографиялық түсіріс және басқа инженерлік - геодезиялық жұмыс түрлерін жүргізуде далалық өлшеулерді автоматтандыру үшін жоғары дәлдіктегі электрондық тахеометрлер жасалып шығарылған. Қазіргі заманғы геодезиялық аспапты бұл жоғарғы технологиялардың өнімі деп айтсақ болады. Оның құрамына соңғы жетілген электроника, дəл механика, оптика жəне басқа да ғылымдар кіреді. Ал қазіргі қолданылып отырған электронды тахеметриялық жүйелерді жетекші жасаушыларға SPECTRA (Швеция-Германия), LEICA (Швейцария), SOKKIA, TAPCON, PENTAX (Япония), УОМЗ (Россия) жатқызуға болады.

Nikon ДТМ - 332 тахеометр сипаттамасы: · бұрыштарды өлшеу дəлдігі - 5"; · ара-қашықтық дəлдігі -3мм+2мм/км (бір призма бойынша 2300м) ; · жадына 1 нүкте сияды; · толық сандық - əріпті пернелер тақтасы; · Quick codes тез енгізу жүйесін енгізу; · кеңінен таралған бағдарламамен қамтамасыз ету; · IРx6 ылғалдан қорғауыш; · 27 сағат жұмысындағы батарея сиымдылығы; (бұрыштар мен қашықтықты өлшеу)
. Nikon ДТМ - 332 электронды тахеометры екі жағынан да толық функционалды алфавитті - сандық батырмалармен қамтамасыз етілген. Ол сізге аспаптың негізгі функцияларына тез кіруге жəне кодтар мен нүктелердің аттарын жылдам енгізуге мүмкіндік береді. 10 функционалды батырмалары станцияны бекіту бұрыштарды анықтау, нүктелерді табу, белгісіз биіктік пен арақашықтықтарды анықтау сияқты аспаптың негізгі функцияларына кіруге мүмкіндік береді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz