Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер



ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ
Жер-су реформасының мақсаты


Жаңа экономикалық саясат - XX ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 - 1924) жүргізілді. И. В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан XX ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.

Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат.
Адамзат өзінің тарихи эволюциялық даму барысында мәжбүрлеудің тек екі балама жүйесін қалыптастырды. Біріншісі - адам еркіне әкімшілік ықпал ету және екіншісі - өндірушінің құқықтық еркіндігіне кепілдік бере отырып экономикалық мәжбүрлеу жүйесі. Олардың қатар өмір сүруі іс жүзінде мүмкін емес, өйткені әкімшілік жүйе мәжбүрлеудің экономикалық мүддесінің әсерін әлсіретіп шектейді, және керісінше оған экономикалық құралдарды енгізу әкімшілік жүйені билігіне нұқсан келтіреді.
«Әскери коммунизм үшін» саясаты өзінің меншік қатынастары құрылымдарын мемлекет қарауына орталықтандыру және экономиканы іс жүзінде, тіпті, милитарланған директивалық басқару сияқты негізгі принциптері арқылы мәжбүрлеулін басты үлгісін ұстанғанын білдірді. Мұны мемлекеттің бүкіл саясатының арқауына айналдыру халық шаруашылығының босансуы мен тоқырауына әкеп соқтырды.

Дағдарысты жағдайда большевиктер революциялық рухтағы романтиканың утопиялық догмаларынан амалсыз бас тартты. Ленин, партия басшыларының едәуір бөлігінің қарсы тұруына қарамастан, тарихи келісімге барды. Оның астарында меншіктін әр түрлі нысандарына қатысты барынша шыдамды саясат және тауар-ақша, нарықтық қатынастар факторлары мен басқа да экономикалық стимулдарды одан әрі мойындамаудын мүмкін еместігін сезіну бар еді. Қазақстандағы орын алған жағдай бүкіл елді қамтыған экономикалық және саяси дағдарыстың сыңайын танытты. Барлық жердегі сияқты Қазақстанда да халық шаруашылығын жүргізу саясатының мүлдем жаңа принципіне көшу қажеттігі айқын байқалды. Оның негізгі арқауы - «тауарсыздық» утопиясынан - нарықтық-экономикалық, тауарлық-ақшалай қатынасқа көшу идеясы еді.


Ашаршылыққа бір қадам
1921 жыл. Азаматтық соғыс аяқталған. Большевизм жеңді. Бірақ құрлықтың бір бөлігінде жағдай нашар еді. Қанды шайқасты бастан кешіп, әбден титықтаған, түрлі жұқпалы індеттер өршіп, өнеркәсіп құлдыраған, ұры-қары қаптап, аштық жайлаған ел күйреудің алдында тұрды. Бұл жайында «Ресейдің ахуалы - өзі өлімші болып таяқ жеген, әрі балдаққа сүйеніп қалған шарасыз адамды еске түсіреді», - деп жазды Ленин. «Қазір кез-келген сауданы «алыпсатарлыққа» жатқызады және оны заңсыз деп таниды». Жазушы Герберт Уэллс 20-жылдардағы Ресей жайлы осылай деді. Бұл - ұлан-ғайыр үлкен елдің орталық қалаларындағы жағдай еді.
Ал Қазақ ауылдары аштан қырылып жатты. Толық емес мәліметтер бойынша, 1922 жылы Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында халықтың саны үштен біріне дейін кеміді. Еділден Түркістанға ағылған аш адамдар жағдайды одан сайын ушықтырып жіберді.



Ленин шаруаларды қыспаққа алуды тоқтатып, енді олармен татуласатын уақыт туғанын түсінді. Бірақ мәңгілікке емес, алдағы 5-10 жылға ғана деп жоспарлады. Партияшылардың көпшілігі ЖЭС-ті (Жаңа экономикалық саясат) нан дайындайтын бір ғана мезгілде пайдаланып, шаруаларды алдаусырататын шара деп ұқты. Барлығы солай ойлады. Маусымда Орынборда ұйымдастырылған облыстық Бірінші конференцияда 28 мың коммунист ЖЭС-ке өтуді бірауыздан қолдады.

Жаңа экономикалық саясат белгілі бір шамада капитализмге уақытша жол беру арқылы мемлекет қолында халық шаруашылығының өміршіл тұтқаларын сақтап қалуға есептелген пролетарлық мемлекеттің ерекше саясаты болуға тиіс еді. В. И. Лениннің пікірінше, ЖЭС-тің (жаңа экономикалык саясаттың) негізгі мәні - елдің экономикалық жағынан артта қалу проблемасын шеше алатын жұмысшылар мен шаруалардың одағын жасау болды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының бір-біріне көмектесуі мен бір мезгілде қатар дамуы мына жүйе бойынша жүруге тиіс еді: ауыл шаруашылығын өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге бейімделген ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіру, селолық ұсак тауар өндірушілерді көтермелеу; ауыл шаруашылық техникасын Кеңес өкіметі өңдей алмай отырған шикізатқа айырбастау жолымен сырттан алу. ЖЭС марксистік экономикалық теориядан қалыпты нарықтық қатынастарға қайта оралуды білдірді.



Жаңа экономикалық саясат аз уақыт әрекет етіп, барлық саланы біртутас қамтыган жүйе болып қалыптасып үлгермеді. Ол ауыл шаруашылығының соғыс пен революциядан кейінгі өлсіреуі мен үкіметтің ЖЭС жылдарындағы ішкі саясатта жіберген елеулі қателіктеріне байланысты толық жүзеге аспады. Алайда осы кездің өзінде үкіметтің нарықтық қатынастарды кең қолдану арқылы елдің барлық өндіргіш күштерін жаңдандырып, жалпы шаруашылыктың өркендеуін қамтамасыз ете алатын қабілеті айқын керінді. Жаңа экономикалық саясат тарихка Кеңес өкіметінің орнауы мен Азамат соғысынан кейінгі мәдени, идеологиялық, әлеуметтік және экономикалық жандану кезеңі ретінде енді.
Барлық қарама-қайшылықтарына қарамастан жаңа экономикалық саясат қысқа мерзімде халықтың тұрмыс дәрежесін арттырып, халық шаруашылығын калпына келтіруге, елдін, саяси өмірін жандандыруға және мәдени өмірін сауықтыруға мүмкіндік жасады. Жаңа экономикалық саясаттың тежелу себебін партия мен мемлекет басшыларының бұл саясатты түсіну мен іске асырылу мүмкіндіктерін бағалаудағы жіберген елеулі қателіктерімен түсіндіруге болады. Осындай жете түсінбеушіліктің нәтижесінде жеке меншік капиталға қарсы мерзімінен бұрын шабуыл науқаны басталды. Оның нөтижесі - деревнядағы шаруалар мен каладағы жұмысшылар наразылығымен қатар жүрген рынок айналымы берекесінің кетуі болды. 20-жылдардың соңында жаңа экономикалық саясаттың бәсеңдеуі байқалды. Осының бәрі Ленин есімімен іске асырылса да, іс жүзінде партия мен бүкіл елдің тарихында келесі кезең басталды. 20-жылдардың соңында партиялық (мемлекеттік) басшылықтың күрамы түбірімен өзгеріп, Сталин мен оның жақтастары шектеусіз жеңіске жеткен шақта жаңа экономикалық саясаттың соңғы сәті туды.

Сталиннің төңдрегіндегілердің белсенділігімен «әскери коммунизм» жылдары қалыптасқан басшылықтың өміршіл-өкімшілдік тәсілдері, әсіресе өнеркәсіпте, тіпті нарықтық қатынастардың неғұрлым еркіндік алған жылдарында (1925-1927) да толық жойылған жоқ. Жаңа экономикалық саясат бүкіл шаруашылық пен басқару жүйесін толығынан қайта құру, біртұтас өрі барлық саланы қамтыған жүйені қалыптастыру мақсатын көздеп, өте қысқа мерзім ішінде әрекет етті. Ол іс жүзінде елді дағдарыстан, аштық жағдайынан алып шықты. Алайда ол өзінің барлық мүмкіндіктерін толық пайдалана алмады, мемлекеттің экономикалық монополиясын, бизнес саласындағы бюрократия мен асыра сілтеушілікті, қатал бәсекелестікті, таптық күрес пен барынша идеологияландырылған түсінікті бағындыра алатын төсіл, еркін шаруашылық жүргізу тәсілін қалыптастыра алмады.



Өнеркәсіптегі өзгерістер:
Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды.
Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді.
Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді.
Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді.
Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті.
Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды.
Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер:
Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда)
Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді.
Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2, 5 есе аз болды.
1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.
Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.
Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.
Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.
Жерді жалға беруге рұқсат берілді.
Несие берілетін болды.
«Қосшы Одағы» құрылды.
1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады.
Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды.

Қазақстандағы жер-су реформасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz