Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері



Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері.
Индивидуалдылықты зерттеудегі объективті және субъективті әдістер.
Индивидуалдылықты зерттеудегі статистикалық әдістер және тестілеу.

Жоспар: 1. Жаратылыстану ғылымы мәліметтерінің дифференциалды психологияның дамуына тигізген әсері. 2. Статистикалық әдістің дамуы. 3. Тестілеу және оның дифференциалды психологияның дамуына тигізген әсері.
2

3
Дифференциалды психологияның зерттеу әдістеріне бақылау, эксперимент, интроспекция, егіздер әдісі, құжаттарды зерттеу, сұрақтама, биографиялық, статистикалық талдау, тестілеу жатады. Жалпы айтқанда индивидуалдылықты зерттеудегі әдістер объективті және субъективті түрге бөлінеді.
Дифференциалды психологияның негізгі зерттеу әдістеріне статистикалық талдау жатады.
Дифференциалды психологияның негізін қалаушысы ағылшын ғалымы Френсис Гальтон индивидуалды айырмашылықтарды зерттеу үшін статистикалық әдістің техникасын еңгізді. Және көп зерттеулерді өткізу үстінде эксперимент жүргізу үшін бірнеше құралдарды жасады. Оның ішінде бүлшық ет сезімін, есту түйсіктерді бағалауға арналған құралдар.

Зерттеген ғалымдар:
1882 жылы Ф. Гальтон Лондон қаласында бірінші антропометрлік лабораториясын ашты. Сол кездегі ғалымдардың ойынша (бірнеше концепциялар бойынша) дене қасиеттері жан қасиеттеріне қарама қарсы қойылған. Лабораторияда өткізілген Гальтонның зерттеулері бұл теорияларды жоққа шығарды. Антропометрикалық лабораторияда ол сенсорлық, сенсорлық-моторлық процестердің өтілуін өлшеудің пролцедуралары мен түрлі тестерін жасақтады. Сенсорлық мүмкіндіктерді өлшеудің негізінде, ол ол адамның жеке қасиеттерінің айырмашылықтарын түсіндіруге тырысты.
Индивидуалды айырмашылықтарды зерттеуде жинақталынған мәліметтерді өңдеу процедурасы үшін статистикалық әдістің қажеттігі немесе оның осы процедураларға бейімделу қажеттілігі туындады. Осы мақсатта Фрэнсис Гальтон математикалық процедураларды бейімдеді.
Оның бірі корреляция мәселесі. Гальтоннан кейін оның шәкірті Карл Пирсон корреляция теориясының математикалық аппаратын өңдеді.
Өз зерттеулерін сүреттеп дәлелдеу үшін Френсис Гальтон Бельгия ғалымы Адольф Кетленің статистикалық теориясын қолданды.
4

5
Индивидуалдылықты зерттеудегі объективті әдістер.
Индивидуалдылықты зерттеудегі субъективті әдістер
Психологияның объективті әдістері (тесттер, эксперимент) - бұл зерттеу әдістерінің субъективті әдістерден айырмашылығы, зерттелетін объектіні сыртқы бақылаушылар бағалайды, бұл ең сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Психологияның субъективті әдістері (бақылау, сауалнама) - зерттелетін объектіге қатысты жеке сезімдерге негізделген зерттеу әдістері. Психологияны жеке ғылымға бөлгеннен кейін, субъективті зерттеу әдістері басым дамуға ие болды. Қазіргі уақытта бұл әдістер қолдануды жалғастыруда, ал кейбіреулері тіпті жетілдірілген. Субъективті әдістердің бірқатар кемшіліктері бар, олар зерттелетін объектіні біржақты бағалаудың күрделілігінен тұрады.

Зерттеу әдістері:
Бақылау, эксперимент
интроспекция, егіздер әдісі
сұрақтама, биографиялық
статистикалық талдау, тестілеу
құжаттарды зерттеу
6

Статистикалық талдау
Өз зерттеулерін сүреттеп дәлелдеу үшін Френсис Гальтон Бельгия ғалымы Адольф Кетленің статистикалық теориясын қолданды.
Кетленің ойынша алынған нәтижелерді түсіндіру үшін статистикалық заңдар негізінде «орта адам» теориясын алуға болады. Оның негізінде адам табиғаты армандар, идеалдар ретінде бар болады. Сонда адамдар ықтималдыққа сәйкес одан ауысып кетеді.
Егер орта баға тұрақты болса, онда статистикалық заңдар негізінде әртүрлі жағдайларды алдын ала болжауға мүмкін болады.
1869 жылы Френсис Гальтонның «Дарынның тұқым қуалаушылығы» («Наследственность таланта») атты кітабі шықты.
Бұл кітапта Ф. Гальтон бірнеше биографиялық фактілердің статистикалық талдауын жасады. Және қабілеттерді анықтау үшін Кетле заңдарын қолданып тұқым қуалаушылық фактордың маңызын бекітті. Сонымен Ф. Гальтон алғашқы рет психикалық қабілеттердің дамуының генетикалық негіздері мәселесін ұсынды.
Статистикамен бірге дифференциалды психологияның әдістеріне психологиялық тестілеу жатады. Френсис Гальтонның алғашқы тестілері жоғарыда айтылған сенсомоторлық тәжірибелерге жатқан.
7

Тестілеу
Статистикамен бірге дифференциалды психологияның әдістеріне психологиялық тестілеу жатады. Френсис Гальтонның алғашқы тестілері жоғарыда айтылған сенсомоторлық тәжірибелерге жатқан.
Ал психологиялық тестілеудің дамуының келесі кезеңі Джеймс Маккин Кэттеллдың атымен байланысты. Бұл американдық ғалым өз жұмыстарында эксперименталды психологияны және адамдардың индивидуалды айырмашылықтарын зерттейтін психология саласын біріктірді.
1890 жылы Кэттелл өз мақаласында «интеллектуалды тест» ұғымын ұсынды. Бұл тесттер колледж студенттердің интеллектуалды деңгейін анықтауға арналатын. Кеттелл ойынша интеллектуалды функцияларды өлшеу үшін адамның сенсорлық қасиеттерін (бұлшық ет күшін, салмағын, жылжу жылдамдығын, ауруға сезгіштігін, көру және есту өткірлігін, реакция уақытын) тестілеу керек.
Кэттеллден кейін европалық психологтар (Германияда Орн, Креппелин және Эббингауз, Италияда Гуччарди және Феррари) осындай тестелерді құрастырып жинады. Бірақ Бине және Генри 1895 жылы Францияда шыққан мақаласында тестілерде интеллектуалды деңгейді анықтау үшін сенсорлық қасиеттерге көп көңіл аударудың қажеті жоқ деген. Өз көзқарасын дәлелдеу үшін олар жаңа тестілерді ұсынды. Бұл тесттер ес, қиял, зейін қасиеттерін өлшеуге бағытталған болған.

Өзінің ішкі сарайына көз жүгірте білетін әрбір адам - психологияның дап-дайын тұрған курсы. . ” - Константин Дмитриевич Ушинский.
9

Назарларыңызға рақмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz