Мотивация процесінің сызбасы


Slide 1

СӨЖ Тақырып:Тұлғаның мотивациялық профилі

Тексерген: Муликова А. С

Орындаған:Қадылбекова А. Ә

Тобы: ҚТ 20-01

Slide 2

Жоспар:

Slide 3

Өмірге деген құлшынысыңызды жоғалттыңыз ба? Ендеше оның қайта пайда болуына жағдай жасаңыз. Өмірдің мәні де сол: әркім өзінің мотивациясын өзі құрайды, өзі жасайды.

Бізге, адамдарға, әрқашан бірнәрсе жетіспей тұрады. Біздің ойымызша, уақыттың жетіспеушілігі, дәл қажетті сәттің болмауы немесе дайындықтың болмауы - бізге әрдайым кедергі болады. Шын мәнінде, біздің әрекетсіздігіміздің басты себебі - жеткілікті дәрежедегі мотивацияның болмауы.

Slide 4

Сіз үшін өмірдегі маңызды нәрсе не?

Мотивацияны табу қиын емес. Ол үшін тек қандай нәтиже қалайтыныңды білуің керек. Егер елестеткен нәтиже көңіліңді аспандатса, мақсатың айқын. Ал егер, нәтиже көңіліңді көншітпесе, бұл мақсат айқын емес, саған мұның қажеті де жоқ.

Мотивация кез келген жерде қажет. Арықтау үшін, ең әдемі болып жүру үшін, жетістікке жету үшін немесе бизнес бастау үшін, оқуға түсу үшін де мотивация керек. Құлшыныстың бар болуы жеткіліксіз, мотивацияны демеу керек, онымен жұмыс істеу керек. Былайша айтқанда, мотивацияңыз өз әсерін, пайдасын жоғалтып алмау үшін оны «қоректендіру» керек.

Slide 5

Мотивацияны қайдан алады?

Мотивация - белгілі бір мақсат үшін өзіңді ояту процесі. Адамдар өмір сүруге деген құлшынысты қоғамнан, қоршаған ортадан алады.

Slide 6

Негізгі түсініктер

Мотив - бұл адамдарды белгілі бір іс-әрекет жасауға итермелейтін себеп.

Стимул - ықпал ету тетіктерінің ролін атқарады немесе жекелеген мотивтерді іс-әрекетке тартатын «ұшықтырудың» тасымалдаушысы болып табылады.

Slide 7

Мотивация процесінің сызбасы

Slide 8

Маслоудың иерархиялық қажеттіліктер теориясы

Негізгі ойлар :

қанағатталмаған қажеттіліктер адамды іс-әрекетке итермелейді, ал қанағатталғандар - адамдарды ынталандырмайды;

иерархияда қажеттіліктер жоғары орын алған сайын, олар аз көлемдегі адамдарға мотиватор болып табылады.

Slide 9

А. Маслоудың иерархиялық қажеттіліктер теориясы

Slide 10

Альдерфердің ERG теориясы

Альдерфер, Маслоу сияқты, иерархиядағы қажеттіліктерді қарастырған, бірақ бір деңгейден екінші деңгейге өту кез келген бағытта жүруі мүмкін деп есептеген.

Тіршілік жасауға деген қажеттіліктер

Байланыс қажеттіліктері

Өсу қажеттіліктері

Альдерфердің ERG теориясы (қажеттіліктер тобы)

Slide 11

Қажеттіліктерді қанағаттандыру процесі - бұл қажеттіліктер деңгейі бойынша жоғары қозғалу.

Фрустрация процесі - бұл қажеттілікті қанағаттандыруға ұмтылғандағы жеңіліс.

Альдерфер теориясы бойынша өрлеу және кері жүрістің сызбасы

Slide 12

Герцбергтің қос факторлы теориясы

Автордың пайымдауы бойынша, адамдарға қажеттіліктерге қанағаттану да, қанағаттанбау да әсер етеді.

Басқарушы алғашқыда қызметкерлерден қанағаттанбаушылықты алып тастауы керек, ал кейіннен барып қанағаттанушылыққа қол жеткізу қажет.

Қажеттіліктер топтары

Мотивациялаушы (тануда, жетістікте, қызмет бойынша өрлеуде және т. б. )

«Гигиеналық» (еңбек жағдайымен байланысты)

Slide 13

Қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін бағалау шкаласы

Қанағаттанушылық - қанағаттанушылықтың болмауы» (ынталандырушы қажеттіліктерді қанағаттандыру еңбек белсенділігін арттырады, ал қанағаттанбаушылық - кері әсер етеді) .

«Қанағаттанушылық - қанағаттанушылықтың болмауы» («гигиеналық» қажеттіліктердің қанағаттанбауы еңбек белсенділігін төмендетеді, ал қанағаттану - оны толықтай белсендірмейді) .

Slide 14

Жанардағы отыңыз сөнбесін. . .

Осыдан біраз жыл бұрын АҚШ университеттерінің бірінде студенттердің бітіру кешіне белгілі бизнесменді сөз сөйлеу үшін шақырған. Сонда кездесуге екі сағат кешігіп келген бизнесмен мінберге шығып, сөз сөйлеудің орнына 3 минуттық сөз айтып, шығып кетіп қалған екен. Ұйымдастырушылар мұндай жағдайдың не себепті орын алғанын түсінбей қалады. Бірнеше сағат бойы бітіруші түлектерге өзінің кеңестерін, ақылын айтады деп ойлаған олар, шын мәнінде, абдырап қалған.

Сондағы бизнесменнің айтқан сөздері мынадай болған: «Сендер, түлектер, бүгін университет бітіріп қолдарыңа диплом алып жатырсыңдар. Сендер үшін барлығы тамаша. Әрқайсысыңның әке-шешелерің алып берген көліктерің бар. Дайын тұрған жұмыстарың бар. Еш уайымдарың жоқ. Бірақ мен сендерге шындықты айтқым келеді. Бұл жұмыс арқылы сендер бар болғаны жылына 100 мың доллар табуларың мүмкін. Ал мен үшін бұл ақша түк емес. Мен - бизнесменмін. Бүгін сендерге қарап ешбіріңнің көздеріңнен жанып тұрған отты көріп тұрған жоқпын. Ал жанардағы отсыз сендер - ешкім емессіңдер!» - деп кетіп қалған екен.


Ұқсас жұмыстар
Менеджменттегі ынталандыру қызметі
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒЫТЫН
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
Интербелсенді сабақтың құрылымы
Мотивация және өзіндік мотивация
Асыл шаруа қожалығы
Мақсатты болжаудың құрылымы және негізгі өлшемдері
Жартылай кокстеу процесі
БАСҚАРУ ПРОЦЕСІНІҢ МАҚСАТЫ
Кәсіпорындағы еңбек мотивациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz