Қазақ архитектурасы


Slide 1

18-19 ғасырлардағы Қазақ Архитектурасы

Орындаған:

Тексерген:

Slide 2

18-19 ғ. Қазақ архитектурасы

19 ғ-дың 80-жылдарының орта шенінде ірі ғимараттар: губернатор үйі, офицерлер үйі, қоғамдық жиналыс ғимараты (қазіргі Қазақконцерттің әкімш. ғимараты), гимназия және архиерей үйлері орналасты. Олардың кейбіреулері орыстың классик. архитектурасы стилімен салынды.

Одан бергі кезде шағын үйлер күйдірілген кірпіштен қаланған аласа тұғыр қабатының үстіне ағаштан тұрғызылды. Қаланың ірі ғимараттары ағаштан қиюластырылды. 1911 жылғы күшті жер сілкінісінен қирамай қалған үйлердің бірсыпырасы бүгінгі күнге дейін сақталған. Қазақстанда қалалар санының өсуіне байланысты жұмысшы поселкелері мен сауда-қолөнер орт. да көбейді. Табиғат байлықтарын пайдалану негізінде Қарағандыда, Успенскіде, Жезқазғанда, Риддерде, Зыряновта, Шахта қ. маңында, Доссор, Мақат және басқа мұнай кәсіпшіліктерінде кенттер пайда болды.

Slide 3

Ғимараттар мен құрылыстардың жаңа түрлері тұрғызылды, қалаларды жоспарлау мен салудың тәсілдері белгіленді, өткен кезеңдердегі монументтік сәулет өнерінің дәстүрлері қайта жанданды, жаңа материалдар мен құрылымдар, ғимараттарды көркемдеп, сәндеудің архит. пішіндері мен құралдары пайда болды.

1927 - 29 ж. Респ. жоспарлау к-тінің арнаулы комиссиясы ауылға арналған тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың, басқа да ш. -тұрмыстық үйлердің бірсыпыра типтік бас жоспарларын жасады.

30-жылдардың басынан сан. -тех. жағынан жақсы жабдықталған көп пәтерлі тұрғын үйлер салу қолға алынды. Тұрғын үйлердің сыртқы көрінісіне үйлесімді, көбінесе, біраз геом. пішіндер - терең ойылған терезелер, балкондар, т. б. басты белгілерге айналды. Бұл көбінесе, архитектурада осы жылдары үйлердің қаңқалы негізге құрылғанына және “конструктивизм” идеяларының үстемдік еткеніне байланысты болды. Алматыда Гоголь көшесі мен Достық даңғылы бұрышындағы екі қонақ үй (1931 - 32), зоотех. -малдәрігерлік ин-тының жатақханасы (1934 - 36), Д. Қонаев пен Қабанбай батыр көшелерінің бұрышындағы көп пәтерлі тұрғын үй (арх. А. Стременев, С. Шевырев) осындай архит. тәсілдермен салынды.

Slide 4

40-жылдардың бас кезінде тұрғын үй құрылысы қанат жайды. Олар қала композициясының басты құрылымдық бөлігіне айналды. Бұл кезеңдегі Қ. а-ның қала салу бағыты көше бойындағы тұрғын үйлердің сыртқы көрінісін жаңарту бағытында дамыды. Пәтерлердің неғұрлым қолайлы және қазіргі заманға лайық түрлерін салу жөнінде қыруар жұмыс істелді. Республиканың жобалау ұйымдарында бір отбасын орналастыруға арналған көлемі шағын секциялардың жоспары жасалды. Қазақстанның сейсмик. аймақтары үшін секциялар жоспары қабылданды. Балқаш қаласында белгіленген 2, 3 және 4 бөлмелі, екі пәтерлі секциялардың төрт түрі пайдаланылды. 30-жылдардың 2-жартысынан ғимараттар архитектурасында олардың қоғамдық мәнін айқын көрсету мақсатымен классик. архитектураның пішіндері мен бөлшектерін пайдаланудың маңызы артты.

1937 - 39 ж. салынған тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, қаржы, сыртқы істер мин-тері ғимараттары архитектурасының, сондай-ақ, қалалық атқару к-ті, 2-Алматы т. ж. ст-ның вокзалы, консерватория және Қарағандыдағы кеңестердің облысы үйі ғимараттары архитектурасының орны бөлек.

Slide 5

1945 ж. жобалау жұмыстарын ретке келтіру және оның сапасын жақсарту мақсатымен Қазақ КСР Халкомкеңесі жанынан Архитектура істері жөніндегі басқарма құрылды, Қазақстандағы жобалау-жоспарлау жұмыстарын реттеп отырған жергілікті жобалау ұйымдарының жүйесі кеңейтілді. Сонымен бір мезгілде ҚР ҒА жанынан архитектура секторы құрылды. Бұл сектор қазақ халқының архит. мәдениетін зерттеу жөнінде игі жұмыстар атқарды, Қ. а-нда халық өнерінің өзіндік белгілерін пайдалануға көмектесті. 2-дүниежүз. соғыстан кейінгі кезеңде сериялық жоба бойынша негізінен аз қабатты үйлер салынды. Сонымен қатар типті жобалар сериясы көбірек тарады.

Арх. : Б. Р. Рубаненко мен Г. А. Симоновтың жобасы бойынша Қазақ КСР Үкімет үйі ғимараты (1957) - сол кезеңдегі ең ірі әкімш. -қоғамдық құрылыс болып табылады. 1954 ж. Теміртауда тәжірибелік тұңғыш ықшамаудан салынды. Қазақ қала құрылысын жобалау ин-ты 1958 жылдан Алматы қаласының батыс ауданын жобалауға кірісті. Жаңа тұрғын аудандардың архит. -жоспарлау құрылымының негізі ықшамаудандар (халқы шамамен 6 - 8 мың адам, олар тұтас алғанда 20 - 30 мың халқы бар тұрғын аудан құрады) болды; қ. Қала құрылысы. 50 жылдардың 2-жартысында Қ. а-ның жаңа архит. -көркемдік принциптері, ең алдымен, қоғамдық ғимараттардың көпшілік типтерінде: мектептерде, балалар мекемелерінде, ықшам аудандардың қоғамдық-сауда орт-тарында, т. б. жүзеге асырылды. “Жетісу” қонақ үйінің (бұрынғы “Қазақстан” қонақ үйі, Алматы, 1960; арх. Ким До Сен, Е. К. Дятлов; инж. Ю. Скринский) архит. құрылымының көркемдігімен ерекше көзге түседі.

Slide 6

Мейманхана - жер қатты сілкінетін аймақта рамалар кірігетін қаңқаларды пайдалану арқылы салынған еліміздегі алғашқы тұтас жиналмалы ғимарат. Оның сыртқы қабырғалары жеңіл материалдардан жасалған. Бұл жаңалықтар республиканың жер сілкінісі қаупі бар аймақтарында, ғимараттар салмағын жеңілдету маңызды шартқа айналған жерлерде салынатын құрылыстарға өте тиімді. Құрылыстардың сыртқы жағын қоршау ісі де өзгеше сипат алды. Сыртқы қабырғаларды қалыңдығы көзге байқалмайтын жеңіл қоршау-мембраналарға айналдыруға байланысты пластик. сипат беру тәсілдері де жойылды. Бұған дейін тас қабырғаларды көрнекі ету үшін оның салмағын арттыру және материалды мол пайдалану қажет болса, енді бұл мәселе, керісінше қабырғалардың салмағын жеңілдету және оларды неғұрлым жұқа жасау жолымен шешілді . Темір-бетон қаңқасының құрылымы сыртқы қабырғаларды толық көрсетіп, ғимаратты айналдыра белдеулеп алатындай көлемде жаппай әйнектен жасауға мүмкіндік берді. Ғимараттың ішкі бейнесі жаңа архит. -көркем құралдар негізінде қалыптасты. 60-жылдардың 2-жартысы Қ. а-ның маңызды бетбұрыс кезеңі болды. Архитектура міндеттері жергілікті жағдайларды ескере отырып, ұлттық бейне және ұлттық этногр. ерекшелік негізінде шешілді.

Slide 7

“Арман” кинотеатрының құрылысында (арх. А. И. Коржемпо, И. Р. Слонов; инж. В. Гарвард; Алматы, 1968) архитектура мен мүсінді ұштастыру жолымен қабырғалардың бетін бедерлеп өңдеу тәсілі пайдаланылды, бедерлік композиция енгізілді, табиғи тасты нақты көрсету арқылы ғимараттың сезімдік әсерлілігін көрсетуге (суретші В. И. Константинов) мүмкіндік туды. Ортада ашық алаң-фойе жасау, қабырғаларында жапсырма бедерлер арқылы қазақ халқы тұрмысындағы текеметтің түрінен туындайтын өрнектер пайдаланылды. Бұл саладағы өзіндік ерекшеліктері бар архит. құрылыстардың бірі Семей қаласындағы 500 орынды мейманхана (1970 - 75, архитекторлар Ю. Г. Ратушный, О. Балықбаев; конструкторлар: В. Д. Сушинцев, Г. Клочковская) болды.


Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік деңгейдегі интерфейсі
Домалақ ана кесенесі
Кәсіпорынның архитектерасы
Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы және құрылымы
ЭЕМ
ЭЕМ сәулеті
Өнеркәсіптік роботтар
Джон фон Нейманның архитектурасы
Дербес электронды есептеу машинасының архитектурасы
Қосымшалар архитектурасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz