Қалың мал
Презентация қосу
Дәстүр. Дәстүрлі
дүниетаным дағдарысы
Орындаған:
Тексерген:
Жоспар:
1 Дәстүр түсінігі
2 Дәстүрлі қоғам
3 Салт-дәстүрлер туралы
4 Салт-дәстүрлердің түрлері
5 Қолданылған әдебиеттер
• Дәстүр - (лат. traditio - сабақтастық) -
әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт
бойына адамдар атадан балаға
қалдыратын, әдетке айналған, сол
қоғамның немесе әлеуметтік топтың
құндылықтар жүйесі мен ережелеріне
ұласқан бөлігі. Дәстүр тек мұраның
нысандарын ғана емес, сонымен қатар,
әлеуметтік мұрагерлік процесі мен оның
әдіс-тәсілдерін де қосып алады. Олар
қоғамның барлық салаларынан көрініс
табуы мүмкін, олардың діндегі, ғылымдағы
, өнердегі, әдебиеттегі және басқа да
салалардағы алар орны ерекше. Қоғамдағы
даму салдарынан Дәстүр рөлі біршама
төмендейді. Олардың қоғамдық қызметтері
индустриалды қоғамға қарағанда,
индустрияландыруға дейінгі қоғамда едәуір
кең болды.
• Дәстүр - әдет-ғұрыпқа қарағанда ауқымды құбылыс. Дәстүр
рөлін әлеуметтік тұрғыда бағалау нақты түрде жүргізілуі керек.
Дәстүрді елемеуге болмайды, ойткені ол қоғамның тарихи
дамуының сабақтастығының бұзылуына әкеп соқтырады.
Сондай-ақ дәстүрді мүлде шексіздендіруге де болмайды, өйткені
ол қоғамның ескірген тұстарын сол қалпында сақтап, оны
тұралатып, тоқырауға ұшыратады. Саясаттың ғылымы мен
өнері дәстүр мен жаңалықты үйлестіріп, оңтайлы жолын
табуда жатыр.
•Дәстүрлі қоғам - көбінесе ауылдық қоғам,
индустриалды емес, бүгінгі индустриалдық
қоғамға қарсы, өндіру мен мәдени мұраларды
сақтайтын қоғам.
•Дәстүрлі қоғам - саяси, әлеуметтік және мәдени
дамуы дәстүрлі құндылықтарға, салт-санаға, ата-
баба мұраларына негізделетіндігімен
ерекшеленетін әлеуметтік орта.
•Дәстүрлі қоғам адами қызметтің дағдыларын,
қарым-қатынас жасаудың, тұрмыс кешудің,
мәдени өнегенің пішімдерін кайталап отыруға
негізделеді. Мұндай қоғамда дәстүр өмірлік
тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жалғаудың,
индивидтердің жеке дамуын өзіне бағындыратын
әлеуметтік сабақтастықтың басты құралына
айналдырады.
•Дәстүрлі қоғамда әлеуметтік жаңалықтар
эволюциялық жолмен біртіндеп жүзеге асады.
• Ұрпақтар сабақтастығы, олардың арасында қарама-қарсы себеп-
салдарлардың болмауы, сан ғасырлық мәдени құндылықтарды ардақ
тұтып, рухани-имандық қасиеттерді қастерлеу дәстүрлі қоғамның
жағымды қырлары болып табылады.
• Дәстүрлі қоғам қазіргі бүкіл әлемдік жаһандану жағдайында,
әмбебап құндылықтардың, қарым- қатынас пішімдерінің, техника
мен технологиялардың өрістеп, қанат жаюына орай өзінің
томаға тұйықтығын жоғалта бастады.
• Бірқатар елдер (мысалы, Жапония) өздерінің Дәстүрлі
қоғамындағы әлеуметтік-мәдени құндылықтарды қазіргі заманғы
өркениет үрдістерімен оңтайлы ұштастыра білді. Ал, Азия,
Африка мен Латын Америкасының кейбір елдері бұрынғы дәстүрлі
даму жолдарын сол қалпында ұстануға тырысып келеді. Қазақ
халқының Дәстүрлі қоғамында да өзіндік дәстүрлі мәдениет,
Дәстүрлі саяси жүйе, дәстүрлі құқықтык сана, т.б. болған.
• Ұзақ Жылға созынған отарлық езгі барысында қазақтардың
Дәстүрлі қоғамына тән өзіндік болмысын жоюға бағытталған
қыруар әкімшілік Шараларға қарамастан, халқымыз өзінің
әлеуметтік-мәдени Құндылықтарының негізін сақтап қала
алды.
• Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен
сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым
ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,
өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым
мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері.
Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен
айыратын және бейресми жолмен реттейтін
қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік
әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.
• Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы
болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие,
тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани
байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл
талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай
орындаумен бірге оны құрметтемеген,
сақтамаған адамдарды сол заң негізінде
жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ
қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң
рөлін атқарды.
ТОЙ
• Мысалы, той, наурыз көже,
қыз ұзату, қонағасы, шашу, салты
болып саналады. Салт-дәстүрдің
ел арасындағы тәлімдік,
тәрбиелік, халықтық мәні зор.
Халықтың атадан балаға көшіп,
дамып отыратын тарихи
әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық,
кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық,
тәлім-тәрбие және рухани іс-
әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы
танылады.
НАУРЫЗ КӨЖЕ
Қыз ұзату
Шашу
Қонақ асы
Ат тергеу
Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша
әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін
қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды.
Асату
Оны С.Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» деген кітабында кең
насихаттап жазған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар
тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен
қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары
ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүретін-ді.
Қалың мал
«Мен ат тон айыбымен қалың мал
қайтартпақшы болдым ғой»
(С.Көбеев).
Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша
күеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. Бұл қазақ, қазақ
болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері
құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты екі
жақ келісе отырып шешеді.
Әрине «қалың мал» құдалардың дәулетіне
байланысты болған. Бұл істе әркім өз шама шарқына
қарай белгілеген. Бұрынғы заманда «қалың мал»
байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін
көріністің айғағы болғаны шындық. ХІХ ғасырдың
алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта
жүзде Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың
қызының «қалың малы» бес жүз жылқы болған. Үш
жүз жылқы қара малы, жүз жылқы үйге кіргізер, жүз
жылқы той малына кетіпті (М.Ж.Көпеев).
Қолданылған әдебиеттер:
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану
бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар:
«ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.
2. Қазақ энциклопедиясы, 7 – том
3. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006.
- 384 бет.
4.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы:
Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
5. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
6. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”
ЖШС, 2005
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz