Эмоция және мотивация




Презентация қосу
Эмоция және мотивация
Орындаған:
Тексерген:
Жоспар:

1 Эмоция

2 Эмоцияның негізгі көрінісі

3 Эмоцияның түрлері

4 Мотивация

5 Мотивация түрлері
Эмоция
• Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам
мен жануарлардың сыртқы және
ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған
ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын
көңіл-күй.
• Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге
қанағаттануына немесе қанағаттанбауына
байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік
қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты
змоция.
• Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді
болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш,
сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз
эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян
келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу,
үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
Көңіл
• Көңіл — адамның бойын билеп алатын
эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның
іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына
байланысты. Адамның эмоциясын,
оның мимикасынан, пантомимикасынан д
а байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің
пайда болуы вегетативтік жүйке
жүйесінің қызметіне байланысты.
Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі
итермелеуші эмоциялық кемелденген екі
бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа
қарай ығыстырылып, индивид мінез-
құлқына санадан тыс әсер етеді.[
Эмоциняның негізгі көрінісіне келесілерді жатқызуға болады:

жест (сөйлеу кезінде қолды қозғалту)
мимика (бет бұлшық еттерінің қозғалуы)
пантомимика (барлық дененің қозғалуы)
тілдің эмоционалды компоненттері (дауыс
қаттылығы, тембр, сөйлеу кезіндегі интонация )
вегетативті өзгерулер (бетінің қызаруы,
түссіздену, терлеу).
ЭМОЦИЯ САЛДАРЫНАН
ПАЙДА БОЛАТЫН
РЕФЛЕКСТЕР
• жүрек соғысының жиілігі;
• Қан айналым мен қан қысымы
(бозару, қызару)
• Тыныс алу ( тұншығу, демігу);
• Бұлшық ет өзгерісі
(моториканың бұзылуы);
• пиломоторлы реакция
(«гусиная кожа»);
• Джемес пен Лангеге дейінгі психологтардың
эмоция жайындағы түсініктері мынандай
сипатта болған еді: оның бірінші бөлімі
сыртқы не ішкі оқиға , қауіпті жағдайда
туғанда оны қабылдап, эмоция тудырады,
содан кейін бұл эмоцияны бастан кешіреді сол
тітіркендіргіштерге әсерленуі. Бұрын
мұндай нүктелерді психологтар мынандай
ретпен көрсететін еді: қабылдау, сезім, оның
сыртқы көрінісі. Ал Джемс пен Ланге мұндай
сезім нүктелерін бастан кешіруді өзгеше
ретпен көрсетеді. Белгілі бір оқиғаны
қабылдағанда оған әсерлену рефлекторлық
түрде органикалық өзгерістерге ұшыратады.
Адам органдары сыртқы қауіптің әсерінен
жанданып, оларды қабылдауда біздің
басталымызда эмоция пайда болады дейді.
Эмоциялық күйзелiстердiң
негiзгi қасиеттерi
• Адамның эмоциялық өмiрi бiрiнен соң бiрi келетiн күйлердiң
әр-алуандығымен және қайталанбайтындығымен
ерекшеленедi. Бiрақ та эмоциялар әр-алуандығына
қарамастан мынадай ортақ қасиеттермен сипатталады:
сапалы белгi, интенсивтiлiгi мен ұзақтығы. Олардың
қасиеттерiмен арақатынасына байланысты эмоцияның
түрлерi мен формаларын ажыратуға болады.
• Эмоцияның көрiнiсi – бұл әрбiр күйзелiске өзгешелiк пен
қайталанбастық беретiн сапалы сипаттама. Ол эмоцияның
негiзiнде жатқан қажеттiлiктiң сипатымен анықталады.
Әрбiр қажеттiлiк жеке, тек соған ғана тән эмоциялық
бояумен бiрге жүредi. Мысалы, тамаққа деген қажеттiлiк
эмоциялық бояудың бiр типiн, танымдық — екiншiсiн
тудырады. Сәйкесiнше боялуына байланысты эмоцияларда
қажеттiлiк қанша болса, қажеттiлiк соншама болады.
• Эмоциялық көрiнiстi сөзбен жеткiзу мүмкiн емес. Оны
тiкелей бастан өткiзу керек.
• Эмоцияның белгiсi эмоция қандай болса да
субъективтi жағымды және жағымсыздығына
сәйкес келедi. Ол сәйкес эмоциогендi
жағдаяттың пайдалы-зияндығының
субъективтi көрсеткiшi болып табылады.
Белгiсiне байланысты жағымды, жағымсыз
және екi жақты (амбиваленттi) эмоцияларды
атайды.
• Жағымды эмоциялар ситуацияны және
оқиғаның адам үшiн пайдалы екендiгiн
көрсетедi. Олар қажеттiлiктер
қанағаттанғанда немесе осыған септiгiн
тигiзетiн жағдаяттарда пайда болады.
Жағымды эмоциялар адамға пайдалы.
• Эмоцияның күштiлiгi- бұл олардың сандық сипаттамасы. Ол екi
фактормен анықталады: сәйкес қажеттiлiктiң
қанағаттанбағандық деңгейiмен және оның қанағаттануына
әсер еткен жағдайлардың күтпеген жерден болғандығымен.
• Бұл жердегi заңдылық мынада: қажеттiлiк және субъект үшiн
оның қанағаттануына кедергi келтiрген жағдайлардың
ойламаған жерден болуы қандай күштi болса бұл жердегi
эмоцияның күйзелiсте сондай күштi болады. Осы факторлар
арқылы адамның эмоциялық реакцияларын басқаруға болады,
яғни олардың күшеюi немесе әлсiреуiне әсер етуге болады.
Күштiлiгiне байланысты эмоциялардың көп түрiн бөлуге
болады. Аз көрiнетiн және нашар сезiлетiн түйсiнудiң
эмоциялық жағынан бастап, күштi, қысқа уақыттық,
бақылауға және басқаруға келмейтiн аффектермен аяқтауға
болады.
ЭМОЦИЯ

ІС-ӘРЕКЕТКЕ ЫҚПАЛ ЖАСАУ ТҰРҒЫСЫНАН

СТЕНИКАЛЫҚ АСТЕНИКАЛЫҚ

Уайым
Жауапкершілік
Енжарлық
Жолдастық
Көңілсіздік
Достық
Айбаттылық
Жағымды, Жоғарғы,
жағымсыз төменгі
•,

Аффек
т,
Эмоцияның фрустраци
түрлері я
стресс

Астеникалы
Қарапайы
қ,
м, күрделі
стеникалық
• Фрустрация - [ лат. frustratio – алдау, сәтсіздік, ақталмаған үміт ] -
алға қойған мақсаттарына жете алмаған, жоспарлары күл-талқан
болып күйреген адам басынан өткеретін уайым, үрей билеген
психологиялық жай-күй.

Стеникалық сезім дегеніміз - адамның белсенділігі арттыратын,
күші мен қуатын еселейтін, адамды жігерлендіретін сергектікке
бағыттайтын сезім.

Астеникалық сезім («астенос» - грек сөзі, қазақшалағанда
әлсіздік мағынасында қолданылады), мысалы, нәзіктік,
қайғықасірет, қорқыныш сезімдерін жатқызуға болады.
Мотивация
• Мотивация (ағылш. motіvation) –
қолданылу ыңғайына қарай қазақша
"ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену",
"ынталану" сөздерінің мағынасына
жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті
мен гуманитарлық ғылымдарында кең
қолданылатын ұғым.

Бұл ұғымды алғаш рет немістің
иррационалды волюнтаризм философы
А.Шопенгауэр өзінің философиялық
шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі
ретінде қарастырған. Moveo латынша сөз
болып, "қозғалу, әрекет ету" мағынасын
береді, демек motіvation сөзбе сөз
мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру"
мағынасын береді.
Мотивация түрлері

Ішкі және Сыртқы мотивация
• Ішкі мотивация - сыртқы орта қалай болуына
қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен
оянады және мақсат атаулы субъективті болады. Онда
міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады.
Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі
болады. Ішкі мотивацияның артықшылығы, міндетке
қарата ішкі құштарлық оянған жағдайда адамның өз
артықшылықтары түгел іске қосылады және міндетті
орындауға қажетті қабілет пен өнерді өздігінен
үйренеді. Ішкі мотивация XXғ. 70 жылдары әлеуметтік
психология мен педагогикалық психологияның назарын
аударған болатын.
• Сыртқы мотивация - мотивация тұрақты талпындырушы
ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады.
Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің
талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі
мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз
талпынысын соншылық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік
үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады. Сыртқы
мотивация жекенің сыртынан келеді. Әрекет өз табысынан
рахаттану үшін емес, ақша табу, мансапқа жету, мүдде, балл
алу, мәжбүрлену, жазалану секілділер сыртқы мотивацияға
ілік болады. Ондағы шабыттандыру әлдебір сыртқы
талаптардан тууы мүмкін. Жалданып істеу, біреуге тәуелді
болу, тұрмыс жағдайының нашарлығы, қорқу, ұялу дегендер
осы түрдегі мотивацияға себеп болады. Кейбіреулердің
айтуынша сыйлық алу мен медаль тағу да сыртқы
мотивацияға жатады екен. Дегенмен, бұл енді сол адамның
соны мәнді іс көріп өз мақсаты тұту-тұтпауына қатысты
болса керек.
• Оң және теріс мотивация
• Адам еркін шабыттандырып, жігерлендіріп, белсенді етіп,
үміткер етіп, қайтпас қайсар етіп сомдаған мотивация оң
мотивация деп аталады. Ал, адам еркін салғырттандырып,
енжар етіп, үмітсіз етіп, босбелбеу етіп, шегіншектетіп
сомдаған мотивация теріс мотивация делінеді.
• Тұрақты және тұрақсыз мотивация
• Мотивацияның тұрақты-тұрақсыздығы, яғни оның адам
әрекетіндегі ықпалының сақталу ұзақтығы адамның ішкі
ұстанымының берік-әлсіздігіне, ниеттің шын-жалғандығына,
кедергілердің сипатына, ортаның жол қою дәрежесіне
байланысты болады.
• Жекелік және топтық мотивация
• Жекелік: Ашығу мен шөлдеуден, тоңудан сақтану, азаптан
құтылу т.б. үшін қажетті мотивациялар. Топтық: Ұрпақ өсіру,
отбасылық, әулеттік, ұлттық, мемлекеттік тұрмысқа мүмкіндік
қарастыру, өзі тәуелді топтың (отбасы, әулет, ұлт, мемлекет)
тұрақтылығын сақтауға тырысу қатарлылар.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Эмоционалды интеллект
Тұлғаның мотивациялық сферасының иерархиялық құрылымы
БАСҚАРУ ШЕШІМІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Тұлға психологиясы
Басқару мәдениеті мен этикасы
Эмоция және эмоционалдық интеллект
Эмоциялар және эмоционалдық интеллект
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНДА ОРЫН АЛАТЫН АУЫТҚУЛАР
Эмоциялар мен сезімдердің қызметтері
Сананы жетілдіру құралы ретіндегі тілдің пайда болуындағы еңбектің рөлі
Пәндер