Цитоплазмалық тұқымқуалау




Презентация қосу
Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық
қазақ-түрік университеті

Тақырыбы: цитоплазмалық тұқымқуалау және ДНҚ
молекуласының репликациялану механизмдер
Дайындаған : Мұстахым Сам
Топ: жм902F
Қабылдаған : Дайраш Нұржігіт
Жоспары
• 1. Кіріспе
• 2.Цитоплазмалық тұқымқуалау
• 3.Митохондриялық тұқымқуалау
• 4.Генетикалық талдау
• 5. Днқ редупликациясы
• Цитоплазмалық тұқымқуалау дегеніміз - жасуша ядросында болатын
хромосомалардан тыс,оның цитоплазмасында орналасқан органоидтердің
құрамындағы гендер арқылы жүретін тұқым қуалау.Генетиканың ғылым
болып қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде,кейбір белгі-қасиеттердің
тұқым қуалауы жасушадағы хромосомалық емес компоненттерге
байланысты екені және оның Мендель заңдарына бағынбайтындағын
көрсететін деректер пайда бола бастады.Сөйтіп,ядродағы хромосомадан
тыс болатын гендер туралы пікір қалыптасты.Кейіннен ол цитоплазмалық
тұқым қуалау деп аталды.

• Зерттелуі Цитоплазмалық тұқым қуалауды зерттеудің
негізін неміс ғалымдары К.Корренс пен Э.Баур салған.К.Корренс түн
аруы өсімдігінің,ал Э.Баур қазтамақ пен намазшамгулдің ала
жапырақтары болуының тұқым қуалауын зерттеді.Нәтижесінде
олар мұндай белгінің тұқым қуалауы цитоплазма құрамындағы
пластидтер арқылы болатындығын анықтады.
Ашылуы
• 1908 жылы К.Корренс цитоплазмалық 12
(пластидтік) тұқым қуалаушылықты, ал
• 1949жылы Б.Эфрусси ашытқы
саңырауқұлағын зерттеп митохондриялық
тұқым қуалаушылықты ашты.
Митохандриялық
тұқымқуалау
• Митохондрия - жасушадағы тыныс алуға тікелей қатысы бар
оргоноид.Жасушаның бөлінуі кезінде олар жаңа түзілген жас жасушаларға,
шамамен бірдей мөлшерде ажырайды.Сол митохондрияның құрамынан ұзындығы
5 мкм-ден(жануарларды), 20 - 32 мкм-ге дейін(өсімдікте) жететін ДНҚ
табылған.Ол өзінің химиялық құрамы жағынан ядролық ДНҚ-дан өзгеше
келеді.Митохондриялық гендер (ДНҚ), негізінен, екі топ белгілірді
анықтайды.Біріншісіне,тыныс алу жүйесінің жұмысына байланысты белгілер
жатса, екіншісіне, антибиотиктер мен жасуша уына қатыстылары
жатады.Генетикалық тұрғыда ашытқыш бактерияның митохондриялары көбірек
зерттелген. Оларда бүкіл жасушадағы ДНҚ-ның 10-20 %-ы болады. Осындай
бактериялардың кейбіреуінде тыныс алу кемістігі анықталған.Ондай кемістік
олардың митохондрияларының тұқым қуалайтын өзгеріске ұшырауына
байланысты.Б.Эфрусси деген ғалым ашытқыш бактерияның мутациялық жолмен
пайда болған тыныс алу кемістігі бар өте ұсақ колония түзетін штамын тапқан.
Ондай мутантты штамдар өте баяу өседі.Олар цитохромоксидаза ферментінің
жетіспеуінен тыныс алу кемістігіне ұшыраған және спора түзу қабілітінен
айырылған.Осындай мутантты бактериялардың митохондрияларындағы ДНҚ-ны
алып зерттегенде,оның құрамының өзгергендегі және соған байланысты
генетикалық ақпарат кодтау қабілетінен айырылғандығы анықталды.
Днқ репликациясы
• 1) хеликаза - ДНҚ молекуласының қос спиралінің ширатылуын ажыратады,
репликативтік айыр пайда болады;
• 2) SSВ ақуыздар - ажыраған ДНҚ жіпшелеріне жабысып, күні бұрын
бірбірімен жанасуын болдырмайды;
• 3) топоизомераза - ДНҚ молекуласындағы тізбектердің ыдырауынан пайда
болатын үлкенді-кішілі түйіндерді жояды;
• 4) ДНҚ - полимераза ДНҚ синтезін, яғни бір-бірімен фосфодиэфирлік
байланыс арқылы жалғасушы фермент;
• 5) праймаза - "РНҚ праймерді" синтездейді;
• 6) 5?-3?-экзонуклеаза - "РНҚ праймерді" жояды, репарацияға қатыспайды;
• 7) 3?-5? –эндонуклеаза - репликация қателіктерін жөндеуге қатынасады;
• 8) ДНҚ-лигаза-Оказаки фрагменттерін бір-біріне 3?-ОH және 5?-РО4,
ұштарымен жалғайды;
• 9) эндонуклеаза - ДНҚ репарациясына қатынасады

Ұқсас жұмыстар
Геномдық мутация
Белгілердің тұқым қуалауы
Клетканың формасы жә не кө лемі
Генетикалық ақпарат - организмдердің ұрпаққа беретін қасиеттері жөніндегі ақпарат
Биомембрана құрылымы, клетка қабырғасының құрылысы
Генетикалық код туралы қазіргі қалыптасқан көзқарасқа 1960 жылы
Саңырауқұлақтардың митохондриялық геномы
Цитоплазмалық мембрана. Липидті би қабат. Мембраналы ақуыздар. Мембрана арқылы заттарды тасымалдау
Митохондриялық тұқым қуалау
Химиялық факторлар
Пәндер