Батыстағы қалалар


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ

ТОБЫ:1705-89

Орындаған:Бейсенбаева. Р

Қабылдаған:Үкібасова. Ғ

Slide 2

ЖОСПАРЫ:

1:Қазақстан қалалары

2:Менің сүйікті қалам

3:Мекен үстеулер, көмекші есім.

Slide 3

.

Қазақстанда 16-дан астам ірі қала бар. Солтүстікте - Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар. Шығыста - Өскемен, Семей қалалары орналасқан. Оңтүстікте - Қызылорда, Талдықорған, Түркістан, Тараз, Шымкент, Алматы. Батыста - Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалалары.

Солтүстік және Шығыстағы қалаларды орман-тоғай қоршаған. Ең әдемі жері - Бурабай көлі. Қазақстанның орталығындағы Қарағанды, Жезқазған, Астана қалалары Сарыарқа даласында орналасқан. Батыстағы қалалар Нарынқұмда, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің бойында тұр.

Оңтүстіктегі қалалар Арал теңізі мен Сырдария, Шу, Іле өзендері мен Алакөл, Балқаш көлдері жанында орналасқан. Шығыстағы қалалар Ертіс өзенінің бойында орналасқан.

Қазақстанның батысында Мұғалжар, шығысында Тарбағатай, оңтүстікте Қаратау, Алатау таулары бар.

Қазақстанның қай қаласына барсаң да қонақжайлы, берекелі қазақ халқы сені құшақ жайып қарсы алады.

Slide 4 Slide 5

Алматы Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Ғылыми, білім беру, мәдени, тарихи, экономикалық, қаржылық, банктік және елдің индустриялық орталығы болып табылады. Қаланың аты, Алматы, «алма қаласы» деп аударылады.

Алматы Іле Алатауының бөктерінде, Тянь-Шаньның солтүстік жотасының етегінде, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында, Еуразия құрлығының орталығында орналасқан. Алматы қалалық аумағында бақтар мен бақшалар, саябақтар мен бульварлар сегіз мыңнан астам гектар жерді алып жатыр. Қаланың жалпы ауданы 340 км2 құрайды. Қала тұрғындары шамамен 2 миллионнан астам. Көптеген діндер мен түрлі ұлт өкілдері бар.

Қазіргі таңда Алматы қаласында 18 театр, 45 мұражай мен сурет галереялары бар. Мұнда музыканың түрлі салаларындағы көптеген фестивальдар өтуде: Джаз, рок фестивальдар, ретро фестивальдар. Алматыда қаланың ерекше мәртебесін көтеретін Қазақстандағы ірі банктердің бөлімшелері, көп ұлтты қаржы институттар және еншілес компаниялар орналасқан. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы, Орталық Азия географиялық қоғамы, «Каменское плато» обсерваториясы, сондай-ақ көптеген жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары бар.

Қаланың шетінде Медеу және Шымбұлақ тау шаңғысы орталығы секілді көптеген спорт кешендері, альпинист туристік лагерлер, шипажайлар, демалыс орталықтары, және кемпингтер салынған.

Алматы «Азия ойындары 2011», бокстан әлем чемпионаты, дзюдодан әлем кубогы мен трамплиннен шаңғымен секіру, воллейболдан «Grand Prix-2013» және профессионалды веложарыс “Tour of Almaty” секілді беделді іс-шаралардың арқасында халықаралық атаққа ие. 2017 жылы Алматыда Бүкіл әлемдік Универсиада өтеді.

Slide 6 Slide 7

Нұр-Сұлтан (бұрынғы атаулары: Ақмолинск, Целиноград, Ақмола, Астана) - 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының елордасы. Акмолинск қала мәртебесін 1862 жылғы 26 қыркүйекте алды. 2020 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қала түрғындар саны 1 136 008 адам, бұл Алматыдан кейінгі Қазақстандағы екінші көрсеткіш. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Миллионер қаласы мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізілді, ол кезде тұрғындар саны 1 002 874 тұрғын болды. Нұр-Сұлтан елдің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Әкімшілік жағынан қала 4 ауданға бөлінген.

Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекеттің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.

2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бұйрық берді.

Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қала төрт ауданнан - «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр»[1] ауданынан тұрады.

Slide 8 Slide 9

Солтүстік-Қазақстан облысының әкімшілік орталығы - Петропавл қаласы, өз шежіресін 1752 жылдан жүргізеді әулие Петр бекінісі Пресно-Горьковск бекінісінің маңызды форпосты болған. Нанға және жем-шөпке деген қажеттілік бекініс айналасына крестьян шаруаларды қоныстандыруға ықпал етті. Солдаттар мен драгундер бекініс сыртында өз үйлерін салуға құқылары болды. Оған ең қолайлы жер Подгора болды. Бұл жерде біртіндеп өзенге қарай ығысып көшелер бой көтерді. Қала маңындағы тұрақ қауіпсіздік мақсатында қоршаумен қоршалды. Одан кіру және шығу жолдары, қақпалары арнайы қарауылмен күзетілді. 1759 жылы бекіністе алғашқы рет солдат балаларына арналып мектеп ашылды. Петропавл уездік қаласының алғашқы елтаңбасы 1842 жылы 7 қыркүйек бекітілді. Онда - күміс алқапта көлденең екі тен артылған түйені жетектеп тұрған керуеншінің суреті бейнеленді. 19 ғасырда өзінің әскери-стратегиялық мағынасын сақтай отырып, қала сауда-экономика байланысының және қазақ, орыс халқының рухани қатынас орталығына айналды. 1849 жылы 2 мамыр 450 үйді құртқан лап еткен өрттен кейін Петропавлда жаңа құрылыс болды. Еуропавлық Ресейден крестьяндарды көшіру және Сібір теміржолының құрылысы қаланың дамуына жағдай жсады. Ауылшаруашылық өнімдері Ресей және Еуропа базарларына жайғастырыла бастады. Петропавл майы Петербургке, Москваға, Ригаға, Одессаға, Самара, Владивостокқа сонымен бірге, Англияға, Германияға және Данияға жіберілді. Ағайынды Зенковтардың швейцар Аккола малөнімдерін өңдеу бойынша тері зауыты, Ірі кәсіпорындар пайда болуда.

Slide 10 Slide 11

Павлодар облысы - электр және жылу өндірісіне, сазды топыраққа, мұнай өңдеу өнімдеріне, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, құрылыс заттарына бағытталған өзіндік көп салалы өнеркәсіптік кешені бар Қазақстанның ірі индустриялды орталығы. Металлургия өнеркәсібінің неғұрлым ірілері “Қазақстан Алюминийі ” АҚ, “Қазақстан электролиз зауыты” АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты - ТНК “Казхром” АҚ филиалы болып табылады. Тау-кен өндірісі келесі кәсіпорындармен көрінеді: “Богатырь Аксес Комір” ЖШС, “Майкубен Вест” ЖАҚ. Облыста мұнай өнімдерін өңдеу бойынша Республикадағы ірі кәсіпорындардың бірі - “Павлодар мұнай өңдеу зауыты” АҚ жұмыс атқарып жатыр. Облыстың көп бөлігі жер шарының ұлы жазық даласы болып табылатын оңтүстік шегіндегі Батыс-Сібір жазығында жатыр. Аймақтың оңтүстік-батыс бөлігінің бедері өте тартымды. Жеткіліксіз өсімдігі бар сары-қоңыр түске боялған жартылай шөл қыр далада үлкен емес таулы - орманды оазисті байқауға болады. Бұл Қазақстандағы сұңғат бұрыштардың, демалыс және туристік орындарының, өңіндегі ертегіге саяхат орындарының бірі болып табылады. Облыс құрамына үш қала кіреді: Павлодар, Екібастұз, Ақсу, төрт поселке мен он ауылдық аудан. Облыс орталығы - республиканың көне, әдемі қалаларының бірі Павлодар қаласы, ол Қазақстандағы ең ірі Ертіс өзенінің жағасында орын алған. Ақындар өлеңдеріне қосып айтқан қала кең даңғылдарымен, көшелерімен, көлеңкелі саябақтарымен, гүлзарларымен, фонтандарымен өзінің қонақтарын сүйсіндіреді, мұнда қай мезгілде болсын таза және жайлы. Павлодар - солтүстік Қазақстанның мәдениет пен өнерімен танылған орталығы. Палодарлықтар өз халқының тарихы мен мәдени ескеркіштерін қасиеттеп қорғайды.

Slide 12 Slide 13

Шымкент - Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б. з. д. II ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан. Көптеген жылдардан бері көне қалада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шетелден келетін туристердің санында шек болмайды. Халық санының көлемі жағынан Шымкент қаласы бүкіл республика бойынша үшінші орында. Алайда, бейресми мәліметтер бойынша, Шымкент қаласында халық саны әлдеқайда көп. Себебі, қалада алыс-жақын шетелден келген, тіркеуден өтпеген мигранттар тұрады. Шымкент қаласы - қазақ елінің сауда, мәдениет, өнеркәсіп орталықтарының бірі. Қалада қазақ, славян, өзбек, татар, неміс, еврей, корей, поляк, башқұрт, әзірбайжан т. с. с. 19 ұлттың мәдениет орталықтары жұмыс істейді. Қаланың көрікті мекендерінің бірі - орталық саябақтар. Үш саябақ 19-ғасырда салынған. Бір саябақ Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония аясында орналасқан. Сондай-ақ, Абай атындағы демалыс және мәдениет саябағы, «Кең-баба» этнография саябағы, Дендро саябақ, зообақ, ипподром, «MegaCenter» ойын-сауық және сауда кешені, «Nimex Land», «Бамзик» ойын-сауық орталықтары қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалысы үшін үздіксіз қызмет көрсетеді.

Slide 14 Slide 15

Түркістан - Қазақстандағы қала, Түркістан облысының әкімшілік орталығы. [4] . Түркістан - V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Түркістанда 20-ға жуық мешіттер, 2 медресе, базар, 22 су диірмені, 5 мыңдай тұрғыны болды. 1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскер¬лері жаулап алды. 1872 жылдан уездік қала аталды. 20 ғасырдың басында Түркістан 1400 гектардай жерді алып жатты. 1903 жылы Түркістанда темір жолы вокзалы салынды. 1908 жылы 3616 үй, 41 мешіт, 2 класты қалалық училище, қыздар училищесі, 1 медресе, 23 мектеп, 2 шіркеу болған. Қала халқы 1910 жылы 15236 адам болды. Өнеркәсіп және сауда орындарынан 1912 жылы мақта тазалайтын, 10 май шайқайтын, 8 сабын қайнататын, кірпіш зауытттары, 15 су диірмені жұмыс істеді. 1918 жылы 6-9 каңтар аралығында Түркістанда Сырдария облысы қазақтарының съезі етті. Съез¬де Сырдария облысының Алаш автономиясына қосылу моселесі каралды. Онда Сырдария қазақтары Алаш автономиясына қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады деген шешім кабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшілік орталығы. Қалада жөндеу-механик, мақта тазалау, жем, кірпіш зауыттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұр¬мыс қажетін өтейтін комбинаттар т. б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Саттар Ерубаев мұражайы қызмет көрсетуде. 1991 жылы "Әзіреті Сұлтан қорық-мұражайы" ашылды. Түркістанда орта білім беретін мектептерден баска, арнаулы білім беретін оқу орындары бар.

Slide 16 Slide 17

Басты бет Жаңалықтар Кеншілер қаласы - Қарағанды Кеншілер қаласы - Қарағанды 27 Қараша 2016 13168 0 Сарыарқаның ұсақ шоқылы, сәл белесті жазығының орта тұсында, Бұқпа өзенінің екі жағалауында орналасқан Қарағанды қаласының іргесі шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды 1934 жылы 10 ақпанда әкімшілік-аумақтық бөлу туралы қаулы жарық көріп Қарағандыға ресми түрде қала статусы берілді. Алайда мұрағатта сақталған құжатқа сүйенсек Қарағандыда 1931 жылдың 21 желтоқсанында Қарағанды қалалық кеңесі құрылған. Бұл ретте қала кеңесі құрылған болса қаланың да бар болғанын меңзейді. Қарағанды тарихын тарихшылардың бір бөлігі көмірмен «Қара+қан+ды» - бұл жердің басты байлығын қазақша дәл осылай атаған. Бұл өз мағынасында «қара қан», «қара (қою) қан», «қара ұйыған қаны бар жер» дегенді білдірген. Яғни осында өндірілетін көмір пласттарын жұрт ұйыған қара қанға ұқсатқан. Қала атауының шығу тегінің екінші бір нұсқасын осы аймақта өсетін өсімдік - қарағанмен байланыстырады. (Қазақша - қарағанды, қараған) . Дегенмен неғұрлым дәл алып қарастыратын болсақ қараған өсімдігінің дәстүрлі басым өсетін жер аумағы қазіргі қала шекарасынан 40 шақырым жерде орналасқан. Бұл жерде Карагандинка өзені ағып жатыр. Зерттеушілер қала атауындағы сәйкессіздіктерді және картадағы қаланың шекарасының өзгеруін көпес Никон Ушаковпен байланыстырады. Жергілікті өлкетанушы-тарихшы Болат Әубәкіровтың айтуына қарағанда 1847 жылғы экспедициялармен көмір және мыс кеніштері ашылған соң, бәсекелестерін адастыру үшін Никон Абрамович Ушаков бұл жерге «Қарағанды- бас» атауын берген.

Slide 18 Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Жоңғар хандығы
Ортағасырлық феодалдық қоғамның дамуы
Батыс Түрік қағанатының әлсіреуі, ыдырауы
НОРВЕГИЯ ЕЛІ
Қазақстан Моңғол шапқыншылығы дәуірінде
Сырдарияның сол жағалауында Ақжар сайында, Отырардан солтүстік батысқа қарай
Махабалипурам өнері
ХV-ХVІІІ ғғ. Қазақ хандығының тарихы
Рыцар мәдениеті
Еуропаның кейбір халықтарының ұлттық-психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz