БӨЖ ЖҮЙЕ


Slide 1

Тақырыбы:Саяси жүйе

Орындаған:Әмір Сымбат

Қабылдаға:Қуандық Назгүл

Топ:1508-10

БӨЖ

Slide 2

Саяси билік

Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі. Саясибилік принциптері легитимдік

принципі, қорғау принципі, ұтымдылық принципі, сыр бермеу принципі.

Саяси билік әдістері - саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері. Құқық, бедел, сендіру, дәстүр, алдап-арбау, зорлау, күштеу арқылы жүзеге асырылады.

Саяси биліктің легальдылығы - басқару түрінің зандық негізі, яғни оның құқықтығының барлық тұрғындармен мойындалуы. Кейбір саяси жүйелерде билік легальды болғанымен, легитимді болмауы мүмкін. Мысалы, отар мемлекеттердегі метрополия билігі. Ал, тұрғындардың басым көпшілігінің қолдауымен жүзеге асқан революциялық төңкерістен кейінгі жағдайда билік легитимді, бірақ легальды емес.

Slide 3

Саяси биліктің легитимділігі - халықтың келісіміне негізделген, әрі заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет:

Slide 4

Саяси жүйелер теориясы ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдарында пайдаболды. Осы теорияның негізін қалағандар болып американдық саясаттанушылаар Д. Истон мен Г. Алмонд табылады.

Д. Истон. «Саяси жүйелер» (1953), «Саяси өмірді жүйелік талдау» (1965)

еңбектерінде саяси жүйелер теориясының негізін қалады. Оның түсіндіруінше,

саяси жүйе сырттан келетін əсерге жауап беретін, дамушы жəне өзін өзі реттеп

отыратын ағзаға ұқсас. Бұл жүйе бір бүтінді түзетін көптеген бөлшектерден

тұрады, оны қоршаған ортадан бөліп тұратын белгілі бір шекаралары болады.

Г. Алмонд «Салыстырмалы саяси жүйелер» атты мақаласында (1956) саяси

жүйе мемлекеттікпен қатар мемлекеттік емес саяси мінез-құлықтың алуан

түрлілігін білдіреді, оларды талдау негізінде екі деңгей - институционалды

жəне бағдарлаушы - бөлініп шығады.

Slide 5

Институционалды қоғамның саяси институттарын зерттеуге, ал бағдарлаушы шынайы саяси құрылымды, саясимəдениетті зерттеуге баса назар аударады. Қазіргі заманғы саясаттануда саяси жүйе ұғымы екі мəнге ие:

Slide 6

Нақты қоғамның саяси жүйесін анықтайтын факторлар қандай?

Slide 7

Саяси жүйе қоғамның саяси кеңістігінде өмір сүреді, ол территориялық (мемлекет шекарасы) жəне қоғамның саяси ұйымдарының түрлі деңгейлеріндегі саяси жүйенің құраушы бөліктері мен оның əрекет саласымен анықталатын функционалдық өлшемдерге ие.

Саяси жүйе жалпы қоғамның жүйешелерінің бірі бола тұра, өзіне тəн

ерекшеліктерімен сипатталады:

Саяси жүйелердің қызметтері жəне типологиясы Саяси жүйенің міндеттері:

Slide 8

Саяси жүйенің деңгейлері. Қоғамның саяси жүйесі саяси қатынастар мен биліктің үш деңгейінің жүйешелерінен құралады: екі институционалдық - жоғарғы (мегадеңгей), орта немесе аралық (мезадеңгей) жəне институционалдық емес-төменгі, бұқаралық (микродеңгей) .

Slide 9

Қорытынды

Қазіргі кездегі саясаттануда «саяси тəртіп» категориясы саяси жүйенің

қызмет етуінің механизмін ашуда базалық болып табылады. Саяси тəртіп саяси

мəдениет жағдайының, əлеуметтік жəне кластық өзара қарым-қатынастардың,

үстемдік етуші идеология формаларының, мемлекеттік билік пен қоғамның

арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың, билік қолданатын құралдар мен

əдістердің, белгілі бір мемлекетке тəн саяси қатынастардың жиынтығы ретінде

анықталады. Кейбір зерттеулерде саяси тəртіпті мемлекеттік билікті жүзеге

асыру сипаты ретінде ғана қолданады, мемлекеттің саяси жүйенің басқа да

компоненттерімен, азаматтық қоғаммен (əлеуметтік қабаттар, топтар, саяси

партиялар жəне т. б. ) өзара əрекетінің динамикасын назардан тыс қалдырады.

«Мемлекеттік тəртіп» жəне «саяси тəртіп» ұғымдарының арақатынасы.

Олар бірдей сияқты болғанымен, түрлі мағынада. Біріншісі мемлекеттік билікті

жүзеге асыру əдістерін сипаттайды, екіншісі қоғамның саяси өмірінің жағдайы

мен билігінің сипатын ашады.


Ұқсас жұмыстар
Электродинамикалық жүйенің аспаптардың құрылысы және ондағы бөлшектердің қызметі
Социализм - қоғам немесе үкімет өндіріс құралдарын баршаның игілігі үшін қолданатын экономикалық жүйе
Параличтер - бұлшықет күші жойылу салдарынан ерікті қимылдарды орындай алмау
Жасушалар мен тіндердің
Елдімекенді көгалдандырудың негізгі жұмыстары
Ірі қара малының гигиенасы
Талдағыштардың морфологиялық ерекшеліктері
Құқықтық норма
Қабыну туралы
Тіндердің жүйе қалыптастырушы факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz