Витаминдерге жалпы сипаттама
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Әль-фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университеті
Тақырыбы: Витаминдерге жалпы сипаттама. Суда және
майда еритін витаминдер және олардың авитоминозы мен
гипервитаминозы
Орындаған: Алиакбарова І.
Қабылдаған: А.Е.Ережепов
Алматы 2019
Жоспар:
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
А) суда және майда еритін витаминдер
В) витаминдердің адам ағзасына әсері
С) Авитоминоз және гипервитаминоз
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Витаминдердің жалпы сипаттамасы
Витаминдер – тiршiлiк үшiн өте
маңызды төмен молекулалы
биологиялық белсенді заттар, адам мен
жануарлар организмi бiр қалыпта
тiршiлiк ету үшiн қажетті заттар.
Витаминдер – ферменттердiң
простетикалық топтардың,
коферменттер құрамына кіріп, аса
маңызды рөл атқарады.
Витаминдер
Витамин
Суда Майда
тәрізді
еритін еритін
заттар
Барлық витаминдер өздерiнiң физикалық-
химиялық қасиеттерiне қарай үш топқа
бөлiнедi: майларда еритiн витаминдер, суда
еритiн витаминдер, витамин тәрізді заттар.
Әрбiр топтың витаминдерi осы топқа тән
ерекше жалпы қасиеттерге ие болады.
Мысалы, майларда еритiн витаминдер
тамақтың құрамындағы липидтермен бiрге
iшекке сiңедi. Стеатореа деген ауруларда
майларда еритiн витаминнiң жетiспеушілігi
пайда болады. Майларда еритiн
витаминдердiң бiрталай мөлшерi бауырда
сақталады.
Суда еритiн витаминдердiң қоры адамның
организмiнде көп болмайды, сондықтан
суда еритiн витаминдi организмге жиi
енгiзу керек, ал майларда еритiн витаминдi
бiрнеше жұманың iшiнде бiр мәрте ғана
енгiзуге болады.
Майларда еритiн витаминдердiң тобына
А, D, Е, К және F витаминдерi жатады. Бұл
класқа жататын витаминдер органикалық
ерiтiндiлерде еридi. Олар ортаның рН
мәнінің өзгеруiне, жоғары температураға
тұрақты, пластикалық қызмет атқарады.
Бұл топқа жататын витаминдер – изопреннiң
полимерлiк қосылыстары. Олар тек
өсiмдiктердiң организмінде синтезделеді.
Суда еритiн витаминдердің
тобына С витамині
(аскорбин қышқылы), В
тобының витаминдерi, Р
тобының витаминдерi,
пантотен қышқылы, биотин,
фоль қышқылы, инозит
жатады.
Майларда еритiн витаминдер:
А витамині (ретинол) – балық бауыр майының
құрамында кездеседі, антиксерофтальмиялық
қасиетi бар.
Биологиялық қызметi:
1. терi қабатында, тыныс және ас қорыту
жолдарында эпителий клеткаларының
өсіп, көбеюін қамтамасыз етеді;
2. қорғаныш белоктар (антиденелер) мен
лизоцим ферментiнiң түзiлуiне қатысады;
3. көру процесiнде А витаминiнiң тотыққан
түрi – ретиналь белсендi қызмет атқарады;
4. А витамині мембрананың өткiзгiштiгiн
реттейдi,
5. Гликопротеиндер синтезiне қатысады;
6. Моносахаридтердi тасымалдайды;
7. тамақтағы белоктың сiңуiне және оның
алмасуына, липидтердің, солардың iшiнде
убихинон, сквален, холестериннiң
алмасуына қатысады;
8. Витамин А тотығу-тотықсыздану
реакциясына қатысады деген болжам бар.
(құрамында көптеген қос байланыс
болғандықтан, пероксидтер түзе алады, ал
басқа қосылыстардың тотығу
қарқындылығын арттырады).
А витаминінің тотыққан түрi – ретиналь цис-
изомер түрiнде опсин деген көз белогымен
байланысып, родопсин түзедi. Родопсиндi
көз жанары деп атайды.
D витаминi (кальцийферол,
антирахиттік витамин)
D витаминi - антира-
хиттік витамин
кальцийферол,.
D тобының витаминдерi
стероидтердің
туындысы,
ең маңыздысы – D2
витаминi –
кальцийферол және
D3 витаминi –
холокальцийферол.
Биологиялық қызметi:
Негізгі қызметі– кальцийдің алмасуын реттеу.
D витаминінің биологиялық белсенділiгi
гидроксильдi өнiмдермен байланысу
нәтижесiнде пайда болады.
Е витаминi (токоферолдар) - химиялық құрылымының
негiзiне токол спиртiне жалғасқан көмiртегi
атомының ұзын тiзбегi жатады, ол қаныққан изопрен
қалдықтарынан тұрады. Биологиялық қызметi -
токоферолдар қанықпаған липидтердi асқын тотыққа
айналудан қорғайтын ең жақсы антиоксиданттар.
К витаминi (антигеморрагиялық витамин) - табиғатта кең
таралған хинон қосылыстарының екi тобы
түрiнде: филлохинондар (витамин К1 тобы) және
менахинондар (витамин К2 тобы) кездеседі. К витамині
молекуласыныњ негiзi – 1,4-нафтохинон. Биологиялық
қызметi – қанның ұюына қатысуы. Бiрақ оның өзi
тiкелей қан ұю жүйесiне кiрмейдi.
Е дәруменінің гиподәруменозы
адамдарда тіпті байқалмайды,тек қана
жетілмей туылған балаларда гемолиттік
анемияға әкеліп соқтыратын
гиподәруменоздың белгілері кездеседі.
Тәуліктік мөлшері ересек адамдарға
20-50мг.Өсімдік текті
өнімдер:күнбағыс,жүгері,мақта,оливка
майы токоферолдың негізгі көзі болып табылады.
Суда еритiн витаминдер:
С витамині (аскорбин қышқылы) -
моносахаридтердiң туындысы деп қарастыруға
болады.
Организмде аскорбин қышқылы D-глюкурон
қышқылынан түзiледi. Адамдарда және кейбiр
жануарларда аскорбин қышқылы түзiлмейдi.
Аскорбин қышқылы организмдегі әр түрлi
биологиялық тотығу процестерi үшiн керек зат.
С витамині гексокиназа, фосфоглюкомутаза, амилаза,
аргиназаның белсенділігін арттырады,
фенилаланиннiң, тирозиннiң, липидтердiң тотығу
процесiне қатысады, ферритин деген белоктан темiр
атомының шығуын тездетедi.
Витамин С
В тобының витаминдерi - В1, В2, В3, В5 (РР),
В6, В12, Вс, В15 витаминдерi кiреді.
В1 витаминi (тиамин) - екi компоненттен
тұрады:
1) пиримидин туындысы; 2) тиозол туындысы.
Жануар ұлпаларында В1 фосфорланған
тиаминпирофосфат күйiнде болады. В1
витамині коферменттiк қызмет атқарады.
Тиаминпирофосфат пируват-дегидрогеназа,
-кетоглутаратдегидрогеназа және транске-
толаза ферменттерiнiң простетикалық тобы
болып табылады. Бұл ферменттер
кетоқышқылдардың декарбоксилдену
реакцияларын катализдейдi.
Витамин В1
В2 витаминi - молекуласы күрделi, құрылымының
негiзiне изоаллоксазин сақинасы.
Рибофлавин флавинадениндинуклеотид (ФАД) және
флавинаденинмононуклеотид (ФМН) деген
коферменттердiң активті бөлiгi болып табылады.
Бұл коферменттер тотығу-тотықсыздану
реакцияларын катализдейдi, олар – флавиндiк
дегидрогеназалар деген ферменттердiң маңызды
бөлiгi.
В5 витамині (пантотен қышқылы) - А коферменті
мен ацил тасымалдаушы белогының (АТБ)
құрамына кiредi. А коферментi май қышқылдарын
активтендiруге және тотықтыруға қатысады.
Пантотен қышқылы кофермент ретiнде 70-тен
астам ферменттiң құрамына кiредi. Осы
ферменттердің қызмет атқаруы үшiн олардың
маңызды бөлiгi болып табылады.
Аминотрансферазаның коферментi болып табылады.
Витамин В2
В3 витаминi (никотин қышқылы) - молекуласы
карбоксил тобы бар пиридин сақинасынан
құрылады. В5 витаминi екi түрде кездеседi:
биологиялық тұрғыдан белсенді және ферменттiң
құрылымына кiретiн никотин қышқылы мен оның
амидi – никотинамид.
В3 витаминнің қызметi - оның НАД және НАДФ
коферменттерiнiң құрамына кiруiмен
байланысты.
Бұл коферменттер – пиридин дегидрогеназалар
деген ферменттердiң активті бөлiгi. Пиридин
дегидрогеназалар – күрделi оксидредуктаза
класына жататын анаэробты ферменттер, сутегiн,
электрондар мен протондарды бөлiп шығару
жолымен субстраттың тотығуын катализдейдi.
В6 витамин - үш түрi белгiлi - пиридоксол, пиридоксаль,
пиридоксамин, молекуласы пиридин сақинасынан тұрады.
Пиридиннiң сақинасында сутегiнiң үш атомының орнын
метилдiк топ, гидроксилдiк топ және гидроксиметилдiк топ
басқан, азот атомының пара жағдайында пиридоксолда –
алғашқы спирт тобы, пиридоксальда – альдегид тобы,
пиридоксаминде метиламин тобы бар.
Организмде В6 витаминi көбiнесе аминқышқылының
алмасуына қатысады. В6 витаминiнiң негiзгi қызметi оның
коферменттiк рөлi деп саналады. Азот алмасуының көптеген
ферменттерi түзiлу үшiн пиридоксаминдiк коферменттер
қажет. Бұл ферменттер амин тобын -кетоқышқылға беру
жолымен қайта аминдену реакциясын, аминқышқылдарының
декарбоксилдену процесiн, гликогеннiң ыдырауын
катализдейдi, май қышқылдарының алмасуына қатысады.
Пиридоксальфосфат аминқышқылдарының қайта аминдену
реакцияларын катализдейді.
Адамда витаминнің жетіспеуі гиповитаминоз деп
аталады.
Авитаминоз дегеніміз – тағамда витаминнің мүлде
жетіспеуіне байланысты патологиялық күй.
Бір мезгілде адам организміне бірнеше витамин
түспесе, полиавитаминоз деп аталады.
Гипервитаминоз – витаминдердің организмге артық
мөлшерде түсуіне байланысты патологиялық жағдай.
Белгілі витаминдер жетіспеген
жағдайда болатын қауіпті аурулар
Майда еритін витаминдер
Суда еритін витаминдер
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе, дәрумендер дегеніміз-азық-түлік өнімдерінде,жем-
шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар
организімінде бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі
молекулалы заттар. Қазіргі кезде витаминдік қасиеті бар отыздан
астам зат белгілі. Олардың едәуір бөлігінің құрамында
амин тобы да, азот та болмайды. Осыған қарамастан, мұндай
ауыстырылмайтын тіршілік факторлары үшін “витамин” деген
тарихи термин сақталып қалды. Аталған дәрумендердің бәрі ағзаға
үлкен әсер ететінін білдік. Олар денеде бір-бірімен тығыз
байланыста. Біреуі жетіспесе, екіншісі орнын басуы да ықтимал.
Қазір бірнеше дәрумендер қосылған поливитамин препараты өте
танымал. Оны көктем, қыс кезінде пайдаланған дұрыс.
Пайдаланылған
әдебиеттер
• Сеитов З.С. Биохимия. Алматы, Агроуниверситет, 2010.
• Сағатов К. Биохимия. Оқулық. Алматы, «Білім», 2007.
• Мэри К.Кэмпбелл, Шон О.Фаррелл. Биохимия, 2 том (қазақ тіліне
аударғандар А.Е.Ережепов, Д.А.Ережепов). Алматы, 2014
• “Витамины и минералы”Лифляндский В.Г. 2014 ( некоторые рисунки)
• Интернет порталдары: https://glikoliz.app.goo.gl/3HcP3mLuNnpbSsZJA
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz